Сабақ бітуге жақындағанда әңгіме адалдық жөніне ойысты.
-
Апай, адал адам қандай болады?
-
деді Қаламқас.
-
Иә, бәсе, өздерің айтыңдаршы, балалар, адал адам қаңдай болады?
-
деді апай.
-
Балалар шулап қоя берді.
-
Адал адам ақылды болады.
-
Адал адам ешкімді алдамайды.
-
Адал адам —
жақсы адам.
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Осы айтқандарыңды кішкене бір қорытындылап, ой түйейік.
Осы сәт Талғат орнынан атып тұрды. Үстіңгі ерні дүрдиіп, көзі жасаурап кеткен.
-
Апай, біз, жоқ мен жаңа үзілісте бірінші қабаттағы терезенің бір көзін сындырып алдым. Енді
қайтем
?
-
Міне, бұл —
адалдық. Бірдеңені бүлдірген екенсің, қателігіңді мойыңда, түзе.
Адал адам сөйтеді,
шындықпен, мейлі ол ащы болсын, бетпе
-
бет келуден қашпайды. Талғат, сен де сөйтіп отырсың.
Адал адам...
Енді Бауыржан орнынан атып тұрды.
-
Апай, Талғат —
адал емес, өтірікші.
Барлық сынып Бауыржанға қарап қалған. Талғат бұға
түсті.
-
Бауыржан, не дедің? Қайталап айтшы.
Талғат
-
өтірікші. Терезені біз екеуіміз сындырдық.
Бұл жаңа қашып кетіп еді, енді келіп адал
бола қалыпты.
-
Солай ма? Рас па, Талғат? Талғат үн қата алмады.
-
Ой, бұл болмаған
екен! Қателігіңді мойындағаның жақсы,
бірақ шындықты жасырмай дер
кезінде айту бәрінен де артық. Қап, әттеген
-
ай! Мұны қалай түсінеміз?
Талғат жерге кірермен болды. Бауыржан бір қалыптан айныған жоқ, жүзі жарқын.
Достарыңызбен бөлісу: