теуіп, аузы бұртиып, көзі қызарып кетіпті.
Белдігін шешіп алыпты. Әбілді ұрмақ ойы бар.
Қайтер
екен деп, Әбіл ашулы кейіппен көзінен айбар шаша қарады. Марат сескеніп қалт тоқтады.
-
Ұрам, ұрам. Неге итеріп жібересіз?
-
Сенің мұғалімің Нұрғайша апай ғой. «Үлкеннің тілін алма. Белдігіңмен кісіні ұр» деп үйретіп
пе еді? Ертең ол кісіге осыныңды айтып барамын. Сыныбыңның талқысына саламын. Ал қазір бар,
—
деп, Әбіл зекіп тастады.
Бұл Әбілдің жай жасқайын дегені. Әйтпесе осы күнге дейін Жібек апай ренжіп қалар деп,
Марат пен Шолпанға қатты сөйлеп те көрген емес.
Апайынан жасқанды ма, жоқ, шынымен ұрар деді ме, Марат не істерін білмей,
жүні жығылып
состиып тұрып қалды. Сөйтті де
:
-
Апама айтам. Үйден шығарып жібереміз, —
деп долдана бақырып жылап, үйден шығып кетті.
Жібек апай алты жасар Шолпан екеуі дүкенге кеткен. Әбіл бір түрлі ыңғайсызданып, ол кісі
келгенше жұбатып қоймақшы боп далаға шықса, есік алдында Марат шешесіне:
-
Әбіл
аға ұрды, —
деп шімірікпестен соғып тұр екен. Апай сеніп қалған ба, Әбілді көре салып:
-
Әбіл
шырағым, оның не, кішкене баламен бала боп, —
деді.
Әбілдің
екі беті ду етіп, қызарып кетті.
-
Марат, мен ұрдым ба сені? Сөйтіп өтірік айтуға бола ма екен
?
—
деуге ғана шамасы келді.
Онан әрі аузына сөз түспей, булығып қалды.
Марат үндей алмай төмен қарап, аяғының басымен
жер шұқи
берді.
Жібек апай іс мәніне дереу түсіне қойды:
-
Қара, мұның өтірік айтуын, —
ден Маратқа тұра ұмтылды. Марат зыта жөнелді.
Әй, осыдан
үйге
келмей кеткеніңді көремін. Айтпады деме, мойныңды жұлам, —
деп, апасы бұлқан
-
талқан боп
ұрысып қала берді.
-
Маратқа тимей
-
ақ
қойыңыз, апа. Өзіміз
-
ақ татуласып кетеміз. Білместік жасаған шығар, бір
жолға кешіріңіз
, -
деді Әбіл басу айтып
.
Кешкі астан кейін:
Достарыңызбен бөлісу: