Әкесі
қабағын шытып, даусын көтерді:
-
Жоқ, болмайды, мынадай үйде қоян асыраған деген не сұмдық? Естіген елден ұят.
Қашан
да Бауыржанның ең әуелгі мияты —
екі қарындасы. Соларды алға тартты.
-
Раушан мен Ләйләға
да керек.
Раушан мен Ләйлә не дерін білмей,
әкелерінің қабағына
қарады. Әкелері енді кесіп айтты:
-
Қажеті
жоқ, апарып тастаңдар! Осы қазір әкетіңдер!
Осылай деуін деді, бірақ көңіл жықпас бір сезім қылаң
берген.
Бауыржан
ерні салбырап,
танауы қусырылып
жүдеп тұр. Апасы мен әжесі Бауыржаңды аяп кетіпті, жарыса ара түсті.
-
Көкесі, қой енді.
Не болса соған шектей бермейік баланы. Жан
-
жануар асырап, араласып
өскен бала мейірімді болады. Асырасын.
-
Сөйтсін. Баланың меселін қайтара бермеңдер, түге.
Апасы да, әжесі де —
жақсы адам. Ол жағы Бауыржанға әлдеқашан белгілі. Енді бірдеңе десе,
Бауыржанға әкесінен жаман адам жоқ. Әкесі
Бауыржанның көңіліне қарады, келісті.
-
Мейлі, асырай ғой.
Бірақ жақсылап күтетін бол, балам.
-
Мақұл, көке.
Бауыржан екі көжектің қамына мықтап тұрып
кірісті. Бір қарасаң, даладан шөп жұлып әкеле
жатады, енді бір көзің түсіп кетсе, су құйып, жем беріп жүреді.
-
Жарайсың, Бауыржан!
-
Мен жақсылап бақсам, көжектерім тез үлкен болады.
Шындығында, көжектер тез үлкейді. Әне
-
міне дегенше, бұрын шай салған үлкен жәшіктің
әжептеуір биік ернеуінен
құлақтары ербиіп көрініп еді, едірейіп шыға келді. Сол сол
-
ақ екен,
шоқиып отырып сыртқа сығалап қарағанды шығарды. Содан жәшікті бұйым
құрлы көрмей,
қарғып шығып, лоджияда еркін жортаққа басты.
Енді екеуі де талыстай
-
талыстай қоян болды.
Дұрыс
-
ақ дедік. Бірақ Бауыржан қояндарға қарауды қойып бара жатты.
-
Раушан, шөпті бүгін сен жұлып әкелші.
-95-
-
Ләйлә, бүгін сенің кезегің. Бар, даладан шөп жұлып әкел
,
—
деп қарындастарын кезек
-
кезек
жұмсауға көшті.
Несі бар, адамның үлкені
кішісін жұмсағаны жарасады. Көп болып қолға алған
іс оңады қашаңда.
Сөйтсе, Бауыржан қояндардан мүлде жериін деген екен, қол
ұшын тигізгенді
қойды. Қашанғы шыдасын, екі қыз қыңқыл
-
сыңқыл шығара бастады. «Кеше шөпті мен әкелгем,
бүгін
сен әкелге» көшті.
Осындай бір егесте Ләйлә тоқ етерін бір
-
ақ айтты:
-
Көжектердің Бауыржанға керегі жоқ болса, бізге түкке қажеті жоқ.
Раушан да зорға шыдап
жүр екен, Ләйләнің сөзін іліп әкетті:
-
Шынында, бұлар неге керек? Апарып тастандар
.
Бауыржан да айтатын сөзін жұптап апты:
-
Бұлар көжек емес, қоян.
Қоян құрысын, сасық. Маған овчарка күшік керек. Әперіңдер.
Көп қабатты үйде үй жануарларын ұстау —
болмаған тірлік. Бұрын жайнап тұратын
лоджияның әлдеқашан әлек
-
шәлегі шығып, екі қоянның қорасына айнала бастаған.
Бұл жай, әсіресе, апасына батады екен, бірден келісті:
-
Көкесі, сөйт. Күшік тауып бер. Ит —
адамның досы. Бала мейірімді болып өседі.
Әжесі
де ығыр боп жүреді екен, қуана құптады:
-
О, баста
-
ақ айтып
ем, қояны құрысын деп. Болдыңдар ма? Енді таптың нені асырауды, балам.
Ит асырау керек. Ит —
жеті қазынаның бірі, ырыс.
Раушан мен Ләйлә мұндайда қарап тұрған ба, жарыса қостады:
-
О
-
о, күшік! Күшік жақсы.
-
Ура! Біздің итіміз болады.
Бәрі өстіп қаумалап тұрғанда көкесі
қайда барсын, келісті. Күшік те табылды.
Ғажап
болды. Бұрын сәске түске дейін пырыддап үйықтап жататын Бауыржан таң алагеуімнен
күшігі қыбыр етсе, бірге атып тұрып, далаға атқып шығып бара жатады. Содан ұзақты күнге
күшігінен бір
елі ажырамай, аулада асыр салып ойнайды да жүреді. Жаз бойы сөйтті.
Күз келіп, мектепте оқу басталғанда көк күшік көкшулан
арлан болды. Бұрынғыдай емес,
Бауыржан ертеңгісін
Достарыңызбен бөлісу: