Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет53/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
-98- 


ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ
 
 
Жұма —
тазалық күні. Бір күні мектептің барлық оқушылары сияқты үшінші «в» сыныбы да 
соңғы сабақтан соң түгелдей қалып, өздеріне тиесілі жұмысты атқаруға кірісті. Үшінші 
сыныптықтар еншілеген жүмыс ауқымы аз да емес, көп
те емес, өздеріне жетерлік. Сыныптың 
есік
-
терезелерін, парталарды, тақтаны тап
-
таза етіп жуып, сүрту, аулада өздеріне
бөлінген жерді, 
гүлзарды мұнтаздай қып сыпырып, жайнатып қою —
оңай шаруа емес. Бірақ көптің аты көп, 
сынып болып кірісіп кеп кеткенде, бір сәтте
-
ақ бітіріп тастайды.
Бөлісте ішінде Бауыржан бар бес баланың еншісіне шеткі қатардағы парталарды жуу тиген. 
Бұл дегенің осы бес бала жыл бойы тазалық күнінде алты партаны айнадай етіп жарқыратып жуып 
тұруы керек. Ал Бауыржан болса, парта жууды жек
көреді. Әне бір күні парта жуамын деп пора
-
пора болып терлеп, былғамаған жері қалмай, рәсуасы шыққаны бар. Сонда партаға қайтып 
жуымасқа бекінген. Міне, енді парта жуу тағы алдан шығып отыр. Қайтпек? Қараптан
-
қарап бас 
тарта алмайсың, бір амалын табу керек.
Бауыржан соңғы сабақ
бойы парта жуудан құтылудың 
жолын ойлаумен болды. Сабақ бітуге жақындаған сайын бір орында отыра алмай, тыпырши берді. 
Біресе екі шекесін ұстап, біресе ішін басып көрді. Бәрі орнында, ауырмайды.
Рахима апай Бауыржанның мазасызданғанын байқап отырған:

Смағұлов, саған не болған, тынышың кетіп отыр ғой, 

деді.

Апай, ішім ауырып отыр.
Бауыржан осылай деуге бекініп пе еді, жоқ па, білмей де қалды. Әйтеуір, аузына түскен сөз 
осы болды.

Ішің ауырса, бара ғой.
Өзі
әрең шыдап отырған адам мына сөзден кейін бір минут аял қылсын ба, Бауыржан лып 
беріп сыныптан шыға жөнелді. Шынымен ауырмаған соң қиын екен, жалғыздан
-
жалғыз сопайып 
қалай бармақ үй жаққа? Танитын біреу
-
міреу кездесіп қалып: «Басқа балалар оқуда, сен неғып 
жүрсің мұнда?» десе қайтеді? Қой, үй жаққа баруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет