Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет52/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-97- 


тып қою керек. Су ішіне оттегі жіберетін кондиционер қажет. Ойдан
-
қырдан
дегендей, 
осылардың бәрі табылды. Аквариум сурет болды да шыға келді.
Бауыржан қашан көрсең, аквариум маңында жүреді. Әңгімесі —
балықтардың
қызық 
қылығы. Бәсе, Бауыржан —
жан
-
жануарды жақсы көретін бала.
Бірақ үй ішінің бұл қуанышы
да алысқа бармады. Көп ұзамай
-
ақ ол:

Раушан, мен ойнауға барам. Теледидар көріп болған соң ажыратқышқа кондиционерді 
жалғай сал. Күнде сөйтесің, —
деп тете қарыңдасын жұмсап жатты.
Келесі кезек Ләйләнікі, әрине. Бауыржан ертесіне дәл солай етті:

Ләйлә, балықтарға жемді енді сен шашып тұрасың. Ертеңгілік бір, кешкілік бір азғантайдан 
шаш. Балық аштықтан емес, тоқтықтан өледі. Шын, кітапта солай жазылған.
Бауыржан өстіп аквариум айналасындағы барлық тірлікті екі қарындасына бөліп берді де, өзі 
жай сырттай бақылаушы болып шыға келді. Мейлі, тағы бір өнерді бастамай, тыныш жүрсе 
бопты, әйтеуір. Балық дегеніңіз қоян да, ит те емес, азабы жоқ жануар екен. Ал аквариум болса,
үйге жарастықты болып орнын тауып тұр.

Көке, мен аквариумды Раушан мен Ләйләға бердім, —
деді Бауыржан бағана.

Өте
дұрыс істегенсің. Неге өйттің?

Балық, торғай асырау —
қыздардың жұмысы. Маған фотоаппарат әпер. Фотограф болам.

Балам, әрненің басын бір шалған болмайды.
Апасы мен әжесі көкесін жақтырмай қалды.

Қой, папасы. Әпер сұрағанын. Болсын фотограф.

Сөйт. Суретке түсіру де үлкен өнер. «Өнерді үйрен де, жирен» деген. Үйренсін.
Раушан мен Ләйлә қуанып тұр
:

О
-
о, Бауыржан фотограф болады.

Ол мені күңде
-
күңде суретке түсіреді.
Көкесі енді бұдан әрі қыңырайса, үлкендердің көңілі қалып, балалардың меселі қайтады, 
көңді.
Ал Бауыржан, шынымен, фотограф бола ма, жоқ па, оны кейін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет