Шағын жинақталған мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктері. 1. Шағын жинақталған мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктері.
Шағын жинақталған мектепте мұғалім сабақты 2 немесе 4 сыныпта қатарынан жүргізеді.Бір сабақтың барысында балалардың мұғаліммен және өз беттерінше орындайтын жұмыстары бірнеше рет алмасып отырады: бір сыныптың оқушылары тікелей мұғалімнің басшылығымен жұмыс жасағанда, басқа сыныптың оқушылары өз беттерімен жұмыс жасайды.
2 немесе 4
Мұғалім,өздік жұмыс
Мұғалім басшылығы
Өздік жұмыс
Бірнеше сыныппен жұмысты тиімді өткізу үшін сабақ кестесінің дұрыс жасалуының мәні зор. Жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғандай , ең дұрысы сабақ кестесін барлық сыныптарда математика сабақтары бір мезгілде өткізілетіндей етіп жасау. Бұл жағдайда мұғалімге бір сыныптан екінші сыныпқа ауысқан кезде жұмыс жасау оңайырақ болады ,сабақ барысында оқушылар тек математикалық ұғымдарды естіп- көріп басқаға назарлары бөлінбейді.Сонымен бірге барлық оқушылардың ортақ жұмысұйымдастыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Жұмысты тиімді өткізу
Сабақ кестесінің дұрыс жасалуы
Жұмыс жасау оңайырақ болады
Математикалық ұғымдарды қабылдайды
Математика сабақтарын бір мезгілде өтетіндей жасау
Ортақ жұмысын ұйымдастыру
Мысалы, ауызша жаттығулар жүргізгенде тақтаға жазылған сандарды бірнеше бірлікке арттыруды (2-сынып), бірнеше есе арттыруды (3-сынып ) ,10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейтуді (4-сынып) ұсынуға болады.
Ауызша жаттығу
Санды бірнеше бірлікке арттыру .(2-с)
Бірнеше есе арттыру (3-с
10-ға, 100-ге,1000-ға көбейту(4-с)
Өлшеулер жүргізгенде әр оқушының қолында бар тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін өлшеу жөніндегі тапсырма ортақ бола алады, содан кейін 1 - сынып оқушылары айырмалық салыстыруға есеп құрастырып,оны шығарады(тік төртбұрштың ұзындығы оның енінен неше см артық ), 2 –сынып оқушылары тік төртбұрыштың ауданын есептеп шығарады
Өлшеулер жүргізу кезінде
Айырмалық салыстыруға есеп құрастыру
1 - сынып
Тік төртбұрыштың периметрін табу
2 - сынып
Тік төртбұрыштың ауданын табу
3 -сынып
Математикада оқыту тиімді болуы үшін жұмысты жоспарлаудың мәні зор.
Мұғалім күнделікті жұмысында тақырыптық (бір тоқсанға немесе жарты жылға) толық жоспар жасаудың көмегі үлкен, ол жоспар әр сыныпқа жеке жасалмай барлық сыныптар үшін жасалуы керек, әр сабақтың тақырыбы көрсетіліп қайталауғ арналған және келесі тақырыптарды оқып үйрену үшін дайындық жасауға арналған материалдар,тексеру және бақылау жұмыстарының мазмұны көрсетіледі. Мұнда жоспарды бір сыныпта жаңа материалды өткізіп, екінші сыныпта басқа сыныптарда өткенді пысықтаумен үйлесіп отыратындай етіп жасау ұсынылады.Мұғалім материалды өткізуге және сабақтың әр кезеңінде әр сыныптың оқушыларымен тікелей сабақ жүргізуге қажетті уақытын белгілейді. Әр сынып үшін өзіндік жұмысқа берілетін тапсырманың мазмұны мен сипатын және оны тексеру формасын анықтайды. Уақытты дұрыс бөлу үшін,балалардың дайындық деңгейін,зө бетімен жұмыс жасай білуін,оқушыларға оқытылатын материалдың қиындық дәрежесін,сондай – ақ әр сыныптағы сбақтың дидактикалыұ маұсатын ескерип отыру керек ( бірі – жаңа материал үйрету,екіншісінде - меңгергендігін пысықтау,үшіншісі – білімдерін тексеру ).
Математиканы оқыту тиімділігі
Сабақты жоспарлау
Барлық сыныптар үшін жасау
Тақырыбын көрсету