С дыбысының артикуляциялық күйіне мінездеме және С дыбысын қою.
|
-Ерін күлген кейіпте, тістер бір-біріне жақындаған, тілдің ұшы төменгі тістерге тиеді, тіл ортасынан шығады, дыбыс қосылмайды.
С дыбысы дауыссыз, қатаң, тіл ортасы, көк түспен боялады.
-Қане балалар шар үрлейік.
-Ал енді шарда кішкентай ғана тесік пайда болыпты, сол тесіктен жел қандай дыбыспен шығады: с-с-с
-Балалар самауыр қайнады да, ысқырды: с-с-с
|
С дыбысының артикуляциялық кескінің көрсету
Балалар шар үрлеу ассоцияцисын көрсетеді
|
С дыбысын автоматизациялау
|
C дыбысын буында автоматизациялау:
С дыбысы жабық буында айтылады:
Ас-ос-ус-ыс
Ос-ас-ыс-ус
Ус-ыс-ас-ос
Ыс-ус-ас-ос
С дыбысы ашық буында айтылады:
Са-со-су-сы
Со-са-су-сы
Сы-са-со-су
Су-со-са-сы
Асо-асу-осы-уса
С дыбысы тұйық буында айтылады:
Сто-сту-ста-сты
Ост-аст-уст-ыст
|
С дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау
|
Сергіту сәті:
|
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса- жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
|
Оқушылар орнынан тұрып аяқ-қол арқылы жаттығу көрсетеді
|
Фонематикалық дұрыс есту қабілетін жетілдіру:
|
-С дыбысын естісеңдер С әрпін көтеріңдер:
Қ, р, п, с, я, д, т, с, в, ж, э, с.
-С дыбысы бар сөздерді естісеңдер шапалақ соқ: бидай, сабын, тана, қосу, балта, сырға, қоян, бас.
|
|
Дәптермен жұмыс
|
1)Суреттерді ата, дәптерге жаз. С әріпі кездескен сөзде, С әріптің астын сыз:
-Қандай сөзде С әріпі кездескен жоқ? (Ит)
-Қай сөзде С әріпі 2 рет кездеседі? (саусақ)
2) С дыбысы бар сөздермен дыбыстық талдау жасау:
-Жұмбақ шешу:
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)
Сағат деген сөзге текшелер арқылы сөздің дыбыстық талдауын жасау.
С
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.
Бұл не? (Сандық)
Сандық деген сөзге текшелер арқылы сөздің дыбыстық талдауын жасау.
С
|
|
Қорытынды:
|
Ойын: «Дыбысты қос не ауыстыр»
Шарты: балалар сөздерге бірінші дыбыстарды С дыбысымен ауыстырып айтады.
Қыбат, жабын, тоқты, тана, тары.
Үйге тапсырма: жаңылпашты жаттау.
1.Асан массаж жасар,
Массаж жасап шаршар.
2.Биыл жазда маса аз,
Маса аз да, маза аз.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |