КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты ж. Ш.Е. Есеновке Алматы қ.,
Қазақ ССР Ғылым Академиясы
3 ақпан 1972 ж. СССР Түсті металлургия Министрлігі КСРО Жоғарғы Кеңесінің сегізінші шақырылған Үшінші Сессиясында Сіздің сөзіңізде келтірілген ескертулер мен ұсыныстарды қарастырып, сала кәсіпорындары жұмысындағы кемшіліктерді түзету бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлайды.
Қазақстан түсті металлургиясының шикізаттық базасын дамыту туралы.
Іс-әрекеттегі бірқатар Қазақстан кәсіпорындарының шикізаттық базасының қанағаттанарлықсыз жағдайын және пайдаланудағы кен орындарындағы геологиялық-барлау жұмыстарын едәуір күшейту қажеттілігін ескере отырып КСРО Түсті металлургия министрлігі «Қазтүстімет» Министрлігін осы мақсатта ассигнациялауды жыл сайын арттырып келеді. 1966-1970 жылары игерілген 40,1 млн. соммен салыстырғанда 1971-1975 ж.ж. геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін «Қазтүстімет» Министрлігіне 67,7 млн. сом қарастырылған, соның ішінде 1971-1975 ж.ж. Лениногор полиметалл комбинатын қаржыландыру сомасы бұрын 5,38 млн. сом болса, енді 8,2 млн. сом, құрады. Зырян қорғасын комбинатына бұрынғы 4,58 млн. сом орнына 6,59 млн. сом қаржы бөлінуі көзделіп отыр.
Сонымен бірге КСРО «Түстімет» министрлігі СССР Геология министрлігіне Қазақстанның іс-әрекеттегі кәсіпорындары орналасқан аудандарда геологиялық-барлау жұмыстарын күшейту туралы өтінішті бірнеше рет жолдаған болатын.
Нәтижесінде СССР Геология министрлігі ағымдағы бесжылдыққа Лениногор, Зырян, Балқаш және Жезқазған аудандарында геологиялық-барлау жұмыстарының көлемін арттыруды көздеуде.
1971-1975 ж.ж. кезеңінде СССР «Түстіметминде» Жәйрем кен орны базасында рудник құрылысын бастауды қарастырып отыр. Күрделі салымдардың шектеулігіне байланысты Бестөбе, Ұзынкөл, Алайғыр, Ақжол және басқада бірқатар кен орындарын игеруді бастау жұмыстары кейінге қалдырылды. Көрсетілген кен орындарын пайдалануға берудің кезегі мен мерзімдері 1976-1980ж.ж. сала дамуының негізгі бағыттарын талдап жасау кезінде қарастырылатын болады. Қазақстанмыс рудаларынан сирек және ілеспе элементтерді алу проблемасы туралы Министрліктің институттары Жезқазған және Балқаш кен орындарының мыс рудаларын өңдеу кезінде сирек және ілеспе элемнттерді бөліп алу деңгейін жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізуде. Айталық, 1971-1972 ж.ж. «Гинцветмет» және «Казмеханобр» институттары ілеспе ренийді бөліп алу проблемасын зерттеді.
Зерттеулер көрсеткеніндей Балқаш комбинатында ренийді алуда сорбциондық үрдісті енгізу есебінен, Жезқазған комбинатында иондық флотация арқылы шығару мүмкіндіктері дәлелденді. Жезқазған комбинатында мыс қорыту заводын іске қосқаннан соң Қазақстанның мыс қорыту кәсіпорындарында ренийді өндіру 1971 ж. деңгейімен салыстырғанда 2-3 рет артатын болады, сондай-ақ, Жезқазған кен орындарынан қорғасынды шығарып алу 70% -ға дейін өседі. Кен орындарын п айдалану және шикізатты өңдеу кезінде пайдалы қазбалар шығынын қысқарту туралы 1971 жылдың бірінші жартысындағы Жезқазған және Мырғалымсай рудниктеріндегі жерасты өндіру кезінде руданың шығындары 25%-ті құрады. Мұның өзі кен орындарын камералық тіреуіш жүйе бойынша пайдаланудың орнықтырылған нормасы шектерінен шықпайды?. Қазақстанның басқа ірі кен орындарының көбінде өндіру барысында руданың шығыны 10%-тік шектерде? болды. Министрлік шығындарды қысқарту мақсатында кен орындарын пайдалану жүйесін жетілдірге бағытталған жұмыстарын жалғастыра бермек.
Тоғызыншы бесжылдық жоспары бойынша руданы ұсақтауды, фиотациялауды ретке келтіру, тиімділігі жоғары реагенттерді қолдану, сондай-ақ, ауыр суспензияларда байытуды алдын-ала пайдалану арқылы руда даярлығын жақсарту есебінен алынатын руданы байыту технологиясын одан әрі жетілдіре түсетін боламыз. Белгіленген шараларды іске асыру нәтижесінде металды бөліп алу деңгейі бесжылдық барысында фабрикалардың көпшілігінде 2-2,5%-ға жоғарылайтын болады.
Балқаш комбинатында жаңа техниканы енгізу, тозаң ұстағышты жетілдіру шаралары есебінен және Жезқазған комбинатында 1975 жылға қарай жетілдірілген жаңа технологиялы жаңа мыс қорыту зауытын іске қосу мысты рудадан бөліп алуды 97,5-98%-ға дейін арттырады деп күтілуде. Бұл көрсеткіштер отандық практикадағы ең үздік көрссеткіштер қатарынан орын алып озат шетелдік кәсіпорындардың деңгейіне дейін жоғарылайтын болады. «Казминцветмет» министрлігінің 6-тамыз 1971 жылғы «Кен байыту фабрикалары мен металлургиялық кәсіпорындарда металдарды бөліп алуды жоғарылатудың жағдайы және шаралары туралы» №293 бұйрығында Қазақстан кәсіпорындарында металды бөліп алуды жоғарылату бойынша шаралар жүйесін қолданудың көлемдері мен енгізу мерзімдері анықталған.
Салалық ғылыми-зерттеу институттары сорбциялау, экстракциялау, флотациялау технологиялық үдерістерін пайдалану бойынша жаңа бағыттарды ұдайы жалғастырып келеді, мұның өзі негізгі және ілеспе металдарды толықтай бөліп алуды қамтамасыздандыратын болады.