Шахмардан есенов


Ш. Есенов, Қазақ ССР-ы Ғ.А. жоғарғы Кеңесінің депутаты



бет16/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,66 Mb.
#306
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Ш. Есенов,

Қазақ ССР-ы Ғ.А. жоғарғы Кеңесінің депутаты
С. Құрманов,

Геология-минералогия ғылымдарының докторы
«--Мұнай, мұнай бизнесі және онымен шұғылданатындардың білгірлігі туралы

Мұнай және газ өнеркәсібі едәуір дәрежеде елдің әл-ауқаттылығына әсер ететін сала болып табылады.

Үкімет экономикалық тоқырауды мұнай бағасының құлдаруымен, одан кейін оны шығарудың құлдырауымен түсіндірді. Шындығында, мұнай өндірісі апатты жағдайда төмендеуде, мұнай экспорты да кеми түсуде. Болжам бойынша ағымдағы жылы 1988 жылмен салыстырғанда 130-140 млн. тоннаға кем өндірілетін тәрізді. Мұндай жағдайда мұнай мен газдың едәуір әлеуетті ресурстары бар Қазақстанның олардың өндірісін арттыра түсіп, басқа өңірлердің тапшылығын толтыру бағытында шешуші рөл атқаруға мол мүмкіндігі бар. Сонымен бірге өзінің жеке валюталық қорын молайта түсер еді. Бірақ мұнда көптеген проблемалар өз шешімін күтуде.

«Ғасыр тонауы» соңғы уақыттарға дейін мұнай шығару саласы орталықтың құзырында болып келеді. Мұнайгаз өнеркәсібі министрлігі мұнайды шығаруға да пайдалануға да монопольды құқыққа ие бола отырып бірінші кезекте өзінің ведомстволық мүдделеріне басымдық берді. Саланы кешенді дамыту жұмыстарына көңіл аударылмады, барлық шешуші мәселелер республикадан тыс орталықта қарастырылып, шешімдер қабылданып жатты. Мұнай мен газдың анықталған және болжамдық ресурстары бойынша алдыңғы қатардан тым алыста келеді.

Аса ірі кендердің (әңгіме Теңіз бен Қаршығанақ туралы ) игеріле бастауы бізге аса бір пайдалы болмайтын тәрізді. Аса зор Қарашығанақ мұнай және газ конденсаты кен орынынан алынған газ Орынбор газ кешеніне жеткізіліп, компоненттерден тазартылып тұтынушыларға жіберіледі, сөйтіп ол «Газиром» Концернінің үлесін құрайды. Қарашығанақ өзінің пайдалы қоры бойынша теңдесі жоқ Теңізден кейінгі екінші орында тұр. Сондықтан бұл кен орындарының мұнайға қатысты мәселелерін жан-жақты қарастырып мемлекеттік деңгей шешу қажет. Байқасақ қазір ол кен орындары туралы ешкім де бас қатырып жатқан жоқ сияқты.

Теңізді бірлесіп игеру туралы американдық «Шеврон» компаниясымен келіссөздер туралы орталық басылымдардан оқысаң да сескенесің.

Газеттер көрсетіп жатқан олқылықтар кесірінен еліміз қаншалықты зиян шегеді десеңізші! Зер салып қарасақ болашақ келісім шарттарының тең құқылы болмауынан табиғи қорлардан болашақ ұрпақтарға бұл құс жолындай «қара тесік» қалатын түрі бар. Мүмкін біз мәселенің жай-жансарын білмйтін де шығармыз, дегенмен мұнайгаз өнеркәсібі министрлігі қоғамдағы алаңдаушылыққа толық бағалай алмайтын сияқты. Мұнда республикалық ғана емес елдің де мүдделері бар ғой.

Казахстанская правда (№175 1991ж.) жазғандай бұл мәселе туралы Қазақ ССР-ы министрлер кабинетінің де көзқарасы белгісіз, бұлыңғыр. Айта кететіні Ресей президенттігіне үміткер Н.И. Ритков «Кто есть кто» телекөрсетілімінде «Шевронмен» келіссөздер тағдыры туралы мәселені қазақстандық басшылар құзіретіне итеріп тастады.

Осыған байланысты Республикалық газет көтерген мәселе бойынша біздің үкіметтің үнсіздігі заңды түсініксіздік туындатары анық. Московские повесты газеті (22, 28, 1991) күмәнданғандай мұның өзі жауапкершілік пен біліктіліктің жоқтығы ма, жоқ әлде тонаушылық шарттарға келісе кеткен құпия мәміле ме. Бұл жерде «Аргументы и факты» (№25, 1991) жазғандай «Келіссөздер жүргізіп, мәмілені қол қоюға даярлаған кеңестік шенеуніктер кімнің мүддесін қорғап жүр». 9-тамызда болған пресс-конференцияда Президент Н.Ә. Назарбаев Теңіз бойынша шетелдік сараптама жүргізіледі, соның нәтижесін күту қажеттігі туралы хабарлады. 16-қыркүйек күні Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкердің келуіне байланысты пресс-конференцияда да ол Тәуелсіз сараптама туралы тағы да қайталады. Бірақ, ол қашан жүргізіледі, кім тапсырыс береді, кім атқарады және қанша уақыт алады деген сұрақтарға нақты жауап болған жоқ. Осыған байланысты «Теңіз-шевройл» мәселелерінің орталықтан Қазақстанға ойысуын және басылымдардағы мәселелердің үлкен қоғамдық қызығушылық тудырғанын ескере келе республикалық газеттерде басталған сараптамаларды қисынды соңына дейін жеткізіп, оның қорытындыларын шығарып

Концернінің үлесін құрайды. Қарашығанақ өзінің пайдалы қоры бойынша теңдесі жоқ Теңізден кейінгі екінші орында тұр. Сондықтан бұл кен орындарының мұнайға қатысты мәселелерін жан-жақты қарастырып мемлекеттік деңгей шешу қажет. Байқасақ қазір ол кен орындары туралы ешкім де бас қатырып жатқан жоқ сияқты.

Теңізді бірлесіп игеру туралы американдық «Шеврон» компаниясымен келіссөздер туралы орталық басылымдардан оқысаң да сескенесің.

Газеттер көрсетіп жатқан олқылықтар кесірінен еліміз қаншалықты зиян шегеді десеңізші! Зер салып қарасақ болашақ келісім шарттарының тең құқылы болмауынан табиғи қорлардан болашақ ұрпақтарға бұл құс жолындай «қара тесік» қалатын түрі бар. Мүмкін біз мәселенің жай-жапсарын білмйтін де шығармыз, дегенмен мұнайгаз өнеркәсібі министрлігі қоғамдағы алаңдаушылыққа толық бағалай алмайтын сияқты. Мұнда республикалық ғана емес елдің де мүдделері бар ғой.

Казахстанская правда (№175 1991ж.) жазғандай бұл мәселе туралы Қазақ ССР-ы министрлер кабинетінің де көзқарасы белгісіз, бұлыңғыр. Айта кететіні Ресей президенттігіне үміткер Н.И. Ритков «Кто есть кто» телекөрсетілімінде «Шевронмен» келіссөздер тағдыры туралы мәселені қазақстандық басшылар құзіретіне итеріп тастады.

Осыған байланысты Республикалық газет көтерген мәселе бойынша біздің үкіметтің үнсіздігі заңды түсініксіздік туындатары анық. «Московские новесты» газеті (22, 28, 1991) күмәнданғандай мұның өзі жауапкершілік пен біліктіліктің жоқтығы ма, жоқ әлде тонаушылық шарттарға келісе кеткен құпия мәміле ме. Бұл жерде «Аргументы и факты» (№25, 1991) жазғандай «Келіссөздер жүргізіп, мәмілені қол қоюға даярлаған кеңестік шенеуніктер кімнің мүддесін қорғап жүр». 9-тамызда болған пресс-конференцияда Президент Н.Ә. Назарбаев Теңіз бойынша шетелдік сараптама жүргізіледі, соның нәтижесін күту қажеттігі туралы хабарлады. 16-қыркүйек күні Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкердің келуіне байланысты пресс-конференцияда да ол «Тәуелсіз сараптама» туралы тағы да қайталады. Бірақ, ол қашан жүргізіледі, кім тапсырыс береді, кім атқарады және қанша уақыт алады деген сұрақтарға нақты жауап болған жоқ. Осыған байланысты «Теңіз-шевройл» мәселелерінің Орталықтан Қазақстанға ойысуын және басылымдардағы мәселелердің үлкен қоғамдық қызығушылық тудырғанын ескере келе республикалық газеттерде басталған сараптамаларды қисынды соңына дейін жеткізіп, оның қорытындыларын шығарып, сезініп, Республикалық ұйымдар басшыларының есігін «теуіп ашатындай» қауқарға ие болған. Соңғылары олар талап еткен кез келген қағазға қол қояды, ал бұл әрекетке шын мәніндегі мүдделілер қатыстырылмайды да. Мысалы, американдық «Керри-Макги» фирмасының делдалы сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен, әрине, принципсіз шенеуніктердің көмегімен, қалаған хаттамасына қол жеткізетіндігі жөнінде бірнеше рет мақтаныш сезіммен жариялады. Біздің тәжірибемізден белгілі болғандай бұрындары мұнай-газ саласының маңызды проблемаларын шешу ісіне қай жерде, қандай қызметте жүргеніне қарамастан кәсібилерді шақыратын. Мәселеге мұндай келіс қате шешімдерден аулақ болудың кепілі болар еді. Ал, қазір болса сала мүдделерін былай қойғанда миллиондаған еңбекшілер үшін өмірлік маңызды мәселелерді маман еместер ымырыласу арқылы шешетін халге жеттік. Республикадағы мұнай-газ саласының өзекті мәселелері туралы біз республикалық газеттерде бұдан бұрын да жазғанбыз. Айталық, тек қана Теңіз бен Қарашығанақ проблемаларын біліктілікпен шешу (Казахстанская правда № 300, 1989ж.) астанада Республикалық мұнай-газ органын мұнай ғылыми-зерттеу институтын құру бойынша барлық шығындарды өтеп алар еді. Өкінішке орай, біздің пікірімізді тыңдар құлақ болған жоқ!».
***

СССР Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте лауреаты Б.М.Зубарев:



«--Өткен жүзжылдықты геологияның алтын ғасыры деп атап жүр. Бұл мерген сөз 50-60 ж.ж. өз елінің жер қойнауын зерттеуде, кенді және бейкенді шикізаттың, мұнай мен газдың қуатты минералды-шикізаттық базасын қалыптастыруда орасан зор жетістіктерге жеткен Қазақстан туралы да айтылса керек.

Бұл кезеңді мен геологиядағы Шахмардан Есеновтің де алтын ғасыры деп атар едім. Оны біз Қ.И. Сәтбаев сынды дейміз және менің ойымша бұл әділетті- ол Қ. Сәтбаев ісінің абыройлы жалғастырушысы ретінде өз елінің байлықтарын игеруге едәуір үлес қосқан адам.

Тек қана Қазақстанның емес, сонымен бірге Одақтың экономикалық әлеуетін күрт көтерген бұл орасан еңбекте Шахмардан Есеновтің рөлі аса зор.

Ол менің досым және әріптесім еді. Ол екеуіміз мемлекеттік қызметке бірге, бір уақытта келген едік. Ол Қазақстан геологиялық министрі қызметінде 8 жыл болды және басқа Республикалық министрлерден өзгеше, бөлекше көрінетін, ірі, қуатты басшы болатын. Мен оны біздің П.Я. Антропов және И.И. Малышев сияқты министрлермен қатар қояр едім.

Шахмардан Есенұлы менің досым және әріптесім болып қана қойған жоқ. Менің одан жасым үлкен, ұзақ уақыт бойы КСРО геология министрінің орынбасары болғаныма қарамастан мен одан үйренуші едім, оның кеңестеріне жүгінуші едім.

Біздің таныстығымыз ертеден студенттік жылдардан басталған және осы көп уақыт бойына біздің мейірімге толы қатынасымызға ешбір кірбің түсіргеніміз жоқ.

Біздердің кездесулеріміз есте қаларлықтай болды, мен оның үйінде, Алматыда болғамын, отбасын білемін, зайыбы тамаша әйел – Камиля оның сенімді серігі, мықты тірегі бола білді.

Мәскеуде, Одақтың басқа да өлкелерінде оның таныстары, достары, әріптестері, жолдастары көп еді, олардың баршасы оны құрметтейтін, мен айтар едім, сүйіспеншілікпен қарайтын. Қазақстанның және Одақтың геологтары ішінде Шахмардан жартас еді, оның Қазақ Республикасындағы Содай-ақ Кеңестер Одағындағы қайраткерлігіне әрдайым басымызды иеміз.
***

Селифонов Е.М.
«--Ш.Е. Есенов – Қазақстан геологиясындағы тұтас бір дәуірі. Ол туралы әңгімені ұзақ-ұзақ айта береуге болады.

Зымыраған уақыт ты қайтерсің, осы жақында ғана біз Шахмардан Есенұлымен кездесіп, әртүрлі өндірістік мәселелерді қызу таласты талқылайтын едік. Одан бері біраз жылдар өтіп кетіпті, дегенмен мен онымен бірге қызметтес болған жылдарды ғана емес, сонымен бірге қазіргілер айтатын «бейформальды жағдайдағы» кездесулеріміз де бүгінгідей есімде. Ондай адамдармен кездесулер ұмытылмайды.

Біздің таныстығымыз Шахмардан Есенұлы Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясының бас инженері қызметінде жүргенде басталған. Біз әртүрлі жиналыстарда, министрліктің алқа мәжілісінде жиі кездесіп жүрдік. Ол өзінің рухани және физикалық қуаттылығымен, адами болмысымен бір көргеннен-ақ күшті әсер ететін. Менің есімде ол мәңгілік сондай болып қала бермек-биік, шымыр, өте сезімтал ғажайып сұхбаттас. Бұған мейірімді жымиысып, байқағыштығын қосыңыз-міне Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының аса көрнекті ұйымдастырушысының портреті.

Ол Қазақ ССР-ы геология және жер қойнауын қорғау министрі қызметіне тағайындалғаннан кейін жақынырақ таныстық. 1963 жыл шахмардан Есенұлы Қаныш Имантайұлымен бірге бізге Лениногорге келгенде мен Лениногор геологиялық-барлау экспедициясының бастығы қызметінде едім. Экспедиция ұжымымен болған кездесу, комбинатта, резинкте өткен жиналыс, одан кейінгі Ленингор комбинаты мен толықтай өңірдің минералды-шикізаттық базасының жағдайы мәселелерін тәптіштеп зерделеу шаралары есімде қалыпты. Кейінірек Қазақ ССР-ы министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде Лениногорға КСРО түсті мелаллургия министрі П.Ф. Ломакомен бірге келгенінде,қыруар шаруамен жүргенінің өзінде Лениногор экспедициясына келу үшін мүмкіндік пен уақыт тапқан еді келе сала жазу столында карталар пайда болып, экспедиция геологтарының қатысуымен тау-кен кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз етудің мәселелері қызу талқыланған болаты. Оның өндірісіт жыға білетін бай тәжірибесі, ғылыми білімі, шалқар дүниетанымы біздің ісімізге жаңа серпін беріп, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде оң ықпалын тигізді. Бұдан да басқа оның қатысуымен өткен жиналыс-жиындардың бәрі қатардағы геологтар үшін үлкен бір мектептен өткендей еді. Шахмардан Есенов әлеуметтік мәселелерді шешуге, дала жағдайындағы геологтардың тұрмысын жақсартуға, жалақысын молайтуға едәуір көңіл бөліп, назар аударатын.

Менің Ш.Есеновпен кездесуім менің тағдырыма едәуір әсерін тигізді. Ойламаған жерден мен 1974 жылы Алматыға шақырылған соң дереу геологиялық материалдарымды жинастырып, қалың папкаларым мен шиыршықталып оралған сызбаларымды алып астанаға жеттім. Мұнда маған Қазақс ССР Геология министрінің бірінші орынбасары қызметін ұсынды.Міне, осылайша Есеновтің қолдау-қолпаштауымен менің өмірімінің жаңа кезеңі басталды.

Шахмардан Есенұлы шығармашыл, мақсаткер, бастамашыл адам еді. Әрқашан оза шауып, төске озғанды ұнататын, баяу, сылбыр жүргенді жаны қаламайтын. Ол министр қызметіне тағайындалысымен министрліктің жұмыс стилі өзгерді.Переспективалық жоспар жасалынып, соның ішінде көміртек шикізаты, қорғасын-мырыш, мыс, алтын, және көптеген пайдалы қазбалардың ілгері мерзімге алыну мен пайдалану, байыту үрдістері көрсетілді. Орынбасарардың міндетті жұмысына араласпайтын, сеніммен, талап қоя отырып атқаратын. Мұндай стиь министрлік аппаратының іскерлігін артырып, жұмысқа құлшындырды, қарапайым геологтардың қызығушылығын тудырды. Қысқасы, Есенов кең көлемде ойлай алатын қабілетін, мемлекет ісін атқара алатын, ұйымдастырушылық зор қабілетінің барлығын көрсете және басқаларға таныта білді.

Ш.Есенов ешқашан пісіп-жетілмеген, жеңіл-желпі шешімдер қабылдаған емес. Мынадай бір оқиға есте қалыпты, Төралқа отырысының біріне дал экспедиция жұмыскерлерінің отбасылары тұрып жатқан , тозығы жетіп ескірген үйлерді бұзу және далалық геолог-барлаушылар үшін толық инфра құрылым—қалалық пиптегі елді мекендер салу туралы мәселе қойды. Бұл мәселе бойынша түрлі пікірлер туып, егер экспедиция отбасылары қалаларға қоныстанса жетекші басшылар жұмысты нашарлатып алад деген де пікірлер айтылып, ақырында бір шешімге келе алмады. Өзінің шешімді сөзінде Ш.Есенов бұл мәселеге біраз зерттеу жүргізіп, қайта оралатынын айтты.

Ол Лениногор геологтарының қалада тұратын отбасыларының жағдайымен танысты, салынған мектеп, балабақшаны көрді, вахтамен істеп жатқан геологтар өмірімен танысты. Сөйтіп, бұл мәселені қайта көтеріп, министрліктің төралқа мәжілісіне Қазақстандық экспедициялардың әлеметтік дамуы және әлеуметтік мәселелері туралы бағдарламаны қайта қарауды ұсынды. Төралқада Қазақстан геолог-барлаушыларының тұрмысын жақсарту жөніндегі бағдарламалық құжат қабылданды.

Төралқа отырысы аяқталып, оңаша отырғанда ол маған былай деді: «Сен экспедицияда жұмысты қалай атқардың, мұнда да солай жаса, тек енді бүкіл министрліктің мүддесінен шыға біл!»

Мұндай шешімдерді стратегиялық ойлай білетін адамдар ғана қабылдай алады. Сонымен, жұмыс «дөңгеленді». Геологтар мен олардың отбасылары үшін жайлы тұрған үй құрылысы басталып кетті. Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай және көптеген қалалар мен аудан орталықтарынан қызу құрылыс қарқын алды. Кұрделі құрылыс қанат жайылып, базалық елді мекендерді абаттандыру істері мұнайшылар экспедицияларын да жалғасты. Нйтижесінде, геологтардың едәуір бөлігі уақытша барақтардан ірі қалаларға, аудан орталықтарына қоныс аударды.

Геология-барлау саласындағы жұмыскерлердің, әлеуметтік мәселелерін шешудің қазақстандық тәжірибесі КСРОГеология министрлігіне қозғау салып, оның Төралқа отырысында біздің республиканың тәжірибесі арнайы күн тәртібіне қойылды».

Естеліктерге анықтама беріп, түсініктем жазу артық. Қазақстандықтардың тәжірибесі СССР Министрлігінде күн тәртібіне қойылып, Одақ көлеміне үлгі етіліп, іс жүзіне асырылп жатса, бұны Ш.Есеновтің іскерлігі,ғұлама ғалымдығы, халық үшін жаны күйетін нағыз қайраткер демегенде не дерсің?!

***

Абайша айтқанда адамның өмірде мәңгілік боларлық іс көп. Соның бірі—адам ұрпағымен мәңгі. Жезқазғанда дүниеге келген балалрдың бәрі бұл күнде ер жетіп, бір-бір шаңырақтың иесі болған. «Жалғызбын» деп жабырқап жүретін Шахмардан от басы бүгінде «Есеновтер әулеті» атанып, ордалы жанұяға айналған. Келіндер түсіп, немерелер келіп, үй-іші ақар-шақар шаттыққа бөленгелі біраз.



Мамандық таңдауда да олар— балалары әке жолынан алшақ кетпеді. Қыздары Шәйза биология факультетін бітіріп, ғылым кандидаты атанды. Үй болды, ана атанды, Ержан мен Ғалымжаннан: Сара, Мағи, Әлен атты немерелерін сүйіп отыр.

Мақсұтбек Мәскеудің Металл және қорыту институтын бітіріп, ол да ғылым қандидаты, білікті инженер атанды. Қызық бір жағдай, әуелгіде Мақсұтбек Қазақ Политехника институтының тау-кен факультетіне түседі. Өте жақсыға оқиды. Бір күні әкесі Шахмарданға келіп:

-Папа мен Мәскеуге барып оқығым келеді. Сіздің беделіңіз менің «бестіктерімнің» беделін түсіріп тұр..,--деді. Әкеге ойын әзілмен жеткізгенмен Мақсұтбектің шыны еді бұл. Өз білімімен алған бестік бағасын көре алмаған кейбір студенттер «президент әкесінің беделі ғой» деп, намысына тие берген соң осы шешімге келіп еді. Баласының әзілі де, шешімі де Шахмарданға ұнады да, бір сөзге келген жоқ:

-Дұрыс балам, әркім өз беделін өзі жинауы керек. Қазақ оны «әкенің малы балаға мал болмайды» дейді. Жолың болсын,-деді. Бір ғана әрекеттен, аз ғана сөзінен баласының болашағын болжағандай, жек өмірінің қабырғасын өзі қалағыс келетін ынтасына іштей шын қуанды.



Сол Мақсұтбек қазір Есеновтер әулетінің көш бастаушысы. Жары Гүлнармен ынтымағы жарасқан жанұя. Қазақ тегін айтпаған ғой, «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» деп. Сондай-ақ, Гүлнардың әкесі, өскен ұясы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұқтасым Ықсановтың от басы. Анасы Сайда да көргенді, өскен жердің қызы болатын. Сол ана мен әке Гүлнарға зиялы от басының тәрбиесін, білімін бере білді. Мақсұтбек пен Гүлнардың ұлдары Тайыржан Бостанда білім алып, еңбекке енді араласып жатыр. Бұл күнде Мақсұтбек әке туралы былаша сыр толғайды:

--Менің әкем, Шахмардан Есенов ең әуелі үлгілі әке. Біздер бала кезімізден өз әкемізге ұқсағымыз келді, үлгіні, тірбиені әкеміз бен анамыздан, әкемнің анасы әжеміз Шарипадан алдық. Әрине, әкеміз біззге алдына отырғызып қойып сендер ондай болыңдар, мұндай болыңдар немесе жақсы деген немене жаман деген немене дегеннен лекция оқып тәрбиелеген емес. Ол өз әрекетімен, жүріс-тұрысымен, қарым-қатынасымен бізге үлгі бола білді. Біздер-- балалары оған қарап бойымызды да, ойымызды да түзедік.

Менің анам Кәмила мектепті де, жоғары оқу орнын да үздік бітірген. Жезқазғанда мектепте мұғалім, кейіннен ЖенПи-де біраз сабақ берді. Себебі, төрт баланы тәрбиелеу, қарт әжемізге қарау, әкеміздің қонақтарын күтіп, шығарып салу бәрі анамыздың мойынына түсті де, қызметті қойып, өмірін бізге арнады. Ол үшін біз анамызға өмір бойы қарыздармыз. Анамыз біздің тәрбиемізге аса жауапкершілкпен қарады. Бір-ақ мысал, кебір балалардың ата-анасын мектептен жылына бір рет көрмейсің. Ал менің анам мектепке жиі келіп, жиналыстарына қатысып, ата-аналар комитетінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстар атқарып жүретін. Бұл бізді тәртіпті блуға тәрбиеледі. Ойлаймын әрбір ата мен ана өз баласына осындай жауапкершлікпен қараса еш бала жаман жолға түспес еді деп.

Әжеміз аса мейрімді адам еді. Біздің әкеміз--жалғыз ұлының өсіп-өнгеніне риза болып, жаратушыға жалбарынып, құранына қосып отыратын.

Және біздің от басының жақсы дәстүрі болды, жаз кезінде бәрімзі бірге курорттарда дем аламыз. Бізді әкеміз бен анамыз бір рет те тастап кеткен емес, қайда барса да төртеумізді ала жүретін. Үлкен тәрбие деп ойлаймын. Бала кезімізден ел көрдік, жер көрдік, барған жерден әкемді танитындар табыла кететін, олардың оған деген құрметін көріп өстік. Барған жеріміздің тарихынан әкеміз бізге түсінікті етіп айтып отыратын. Суға түсеміз, футбол ойнаймыз...басқа уақытта қолы тимейтін әкеміз демалысын бізге арнайтын. Өскен кезде бізді Мәскеу мен Ленинградқа апарды, Третьяков пен Эрмитажды аралатты, өзі біздің гидіміз болып, ой-өрісімізді кеңейтті. Мұны мен ешқашанда да ұмытқан емеспін.

Әкеміздің ұстазы, қазақ халқының мақтанышы Қаныш Сәтбаевты үйіміздің төрінен талай көрдік. Бойы биік, өзі әдемі адам болатын. Жиналғандардың бәрі жапырылып сол кісіге құрмет көрсетіп жататын, өскен соң түсіндік қой бәрін де. Мүмкін сол кісінің шапағаты бізге де тиген шығар, кім білсін. Әкем қалай құмет тұтса, қазір біздер Қаныш ағаны мақтаныш етеміз.

Үлкен апам Шайзада биолог болды да, біздер: Ескендірбек, Сұлтан , мен сол Қаныш аға мен әкеміздің жолын қуып геолог болып кеттік. Өкінішке орай Ескендірбек өмірден ерте кетіп қалды...

Менің әкем шет елдерде өткен түрлі геологиялық конференция, симпозюмдарға көп қатысқан адам. Содан, бір жылдары іссапармен Канадаға бардым. Білсеңіз, мені әкемнің рухы жетектеп жүргендей, әсіресе, Торонтодағы геологиялық музейге барғанда осыны қатты сезіндім, тура бала кезімде көрген көріністер көз алдыма келе қалды. Ойыма түсіп тұр, шет елге шыққан бірінші геологтардың делегациясын әкем—Шахмардан Есенов бастап Индияға барған-ды. Ол кезде шет елге шығу деген үлкен оқиға болатын, біздің де жадымызда қалуы сондықтан болар.

Өмір деген өте қызық құрылым екенін енді түсініп жүрміз. Өйткені біз де ұлғайдық, біраз өмір көрдік. Әкемнің өмір жолын кейде ой сарабынан өткізіп отырамын. Бағы өсіп биікте де болды, көреалмаушылар, қызғаншақтар етегіне жармасып төменге де түсірді. Оларды мен әлсіз, бейшара адамдар деп есептеймін. Әкем қанша әділетсіздіктерді көрсе де бізге білдіріп, от басының шырқын бұзған емес. Ол «Мықты бол, геолог!» деген бір әннің сөзі бар емес пе, соны жиі айтатын және оны өмірінің өзегі етіп алды-да. Әріптестер ортасына түскенде: «мен геологияның бар саласында еңбек еткен адамын!» деп, қалжың айтып, ортасын күлкіге көміп отыратын. Өзі қарапайым геологтарды жақсы көретін, Балхашқа барғанда клең жастар ортасына түсті, маған тіптен сол кезде әкем жасарып кеткендей көрінді. Үлкен ортаның өсек-аяңы әбден шараштқан болуы керек, өзінің маң даласына, Сарыарқаның самал желіне асығып тұратын.

Әкем дарынды адам болды, геологиядан басқа да нәрселерге қабілеті зор еді. Қазір өзім таң қалмын, Пушкин мен Абайды, екі тілде —орысша да , қазақша да жатқа сағаттар бойы оқи беретін. Әкемнің әкесі Жорабек атам, оның әкесі Есен, оның әкесі Деріпсал, бабамыз Маңдай ел ортасында беделді, бетті, әділ адмдар болған екен. Тәтіқара ақын бір өлеңінде Маңдай мен Деріпсал бабаларымыз туралы айтып өтіпті. Қуанып қалдым, адамның жақсы, жаман болуы тегіне де байланысты ғой, оны бүгінгі медицина әбден дәлелдеп отыр. Біздің де балаларымыз осал болмауы керек деп ойлаймын...

Әкем өмірден ертелеу өтіп кетті, ол ойыма түссе жүрегім сыздайды, әрине. Біздің адам болғанмызды, немерелерін көрмеді-ау деп өкінемін» .

***

«Амансың ба, мама!

Денсаулығың қалай?

Мен бәрін де Макстан (Мақсұтбек) естідім, папам екуіңіз қатты күйзеліп жүрген көрінесіздер, менімше бәрі дұрыс болады, тек сабыр сақтап, өздеріңізді күтіңіздер.

Жақында мен Мәскеуге келемін, сосын үйге қайтамын...

Ескендірбек ».

Бұл Ескендірбектің Совет Армиясы қатарындағы борышын өтеп елге қайтып келе жатқандағы анасына жазған тілдей хаты. Әкенің басындағы шырғалаң оқиға балалардың да жүрегіне салмақ салып тұр. Тіптен Ескендірбекті ерте есейткен бе дерсің: «тек сабыр сақтап, өздеріңді күтіңдер!» дейді. Өмідің ащысы мен тәттісін татып үлгерген адамның айтатыны ғой бұл. Бұл от басы басқаларға үлгі боларлықтай татулықта тұрды. Дүниені сол ғана тіреп тұрғандай, әке лауазым соңында кетіп, әке мен бала, ана мен қыз бір шаңырақтың астында тұрып-ақ бір-бірінен «адасып» жүргендер аз ба?! Жоқ, бұл отбасында Сейтмұратова айтқанда «адам қызығарлық сыйластық болды». Ал, әлгіндей әке басына түскен шырғалаң, қысастық балалардың жас кезінен әділетсіздікке қарсы тұрып, шындықты қорғай білу керектігін үйретіп кеткендей еді. Әке басына түскен ауыртпалықтан әлі бала болса да олар өмірде кітаптағыдай «жаман» кейіпкерлердің болатынын түсініп, түйсініп өсті. Қарапайым ғана қағида–адам басын қадірлеуді, сыйлауды, өзгенің қуанышына да, қайғысына да ортақтаса білуді үйренді, қиянат жасаудың күнә екенін ұқты. Дос пен дұшпанды ажырата білудің маңызды екенін түсінді. Не керек, әке басына түскен әділетсіздіктің, қиянаттың балаларына берген өмір сабағы аз болған жоқ...

***

Мақсұтбектің әрекетінен сабақ алған Шахмардан мен Кәмила Ескендірбекті бірден Мәскеудің атақты МГУ-іне оқуға жіберді. Ол да әке жолын қуып гиофизик мамандығын таңдады. Сол салада көп жылдар қызмет етті. Жары Ғалиямен бірге екі қыз: Динара және әжелерінің құрметіне кішісінің атын Кәмила деп қойып, тәрбиелеп өсірді. Бәрі де ойламаған жерден басталды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдар басында адамзат тарихында болмаған қайғылы жағдай-- Чернобыл атом электор станциясы кенеттен жарылды. Жан-жақтан, әсіресе, туысқан республикалардан көмекке адамдар келе бастады. Солардың қатарында Қазақстаннан барған Ескендірбек те бар еді. Талай адамның тағдырын алып кеткен бұл апаттың соңы да жаман болды, көмекке барғанның көбі сәулеге ұшырап, айықпас ауруға шалдықты. «Айналдырған ауру алмай қоймас» деген, ақырында, 2004 жылы Ескендірбектің жас өмірін қиды. Артында қалған екі қызы әке өмірін жалғастырып, орындай алмай кеткен армандарын іске асыру үшін талаптануда. Екеуі де шет елдің дәрежесі жоғары оқу орнынан білім алды, тәрбие көрді.



Шахмардан мен Камила кенже ұлдары Сұлтанды еркелетіп өсірді, сондықтан да болар оны алысқа шығарғылары келмей Қазақ Политехникалық институтының геология факультетіне оқуға түскенін қалады. Солай болды да. Мамандығы бойынша талай жылдар еңбек етті, қазір жаңа заманның талабына қарай ойысып бизнеспен айналысады. Сұлтан мен жары Баян екеуі: Салтанат, Ким, Әсел, Дархан, Ахан деген балаларды оқытып, өсіріп келеді.

Кәмила апай айтады: «Іздеп табар жалғаннан, Бала берген пенде едім...» деп Абай айтқандай төрт баланы өсіріп, ер жетірдік. Балалардың бәрі де мектепті жақсы оқыды, мамандықтарын өздері таңдап, тағдырларын өздері шешті. Еш уақытта Шахаң балаларына ондай болмаңдар, мұндай болыңдар деп уағыз айтып өсірген емес, ол ата-бабалары секілді өзінің іс-әрекетімен, қылығымен, қарым-қатынасымен тәрбиеледі. Балалрға да ана иинститутқа бар, онда барма деген әңгіме айтқан емес. Таңдауды балаларына тастап, сырттан бақылап отыратын.

Жазғы демалысымызда балаларды алып Қырым мен Кавказға кететінбіз. Алғашқы жылдары ғой, төрт бала және екуміз, алты адамның билетін екі күнге бөліп әкеп тұр, мен:

-Батыр, билет болмады ма? Неге бәрімізге бір рейске алмадың,--дедім, түкке түсінбей.

-Батыр-ау, әдейі осылай алдым. Сақтықта қорлық жоқ. Техниканың аты техника...Бастысы- аман барып, сау қайтсақ болды емес пе? Бір күннің әрісі мен берісі не етер дейсің,-- деді, Шахаң.

Сонда ғана түсіндім. Алғашқы күні екі баласы: Шәйза мен Ескендірбекті алып ол ұшып кетеді, жетісімен телефон соғып хабарласады. Әрине, ол кезде сотка деген жоқ қой, кәдімгі қара телефон ғой байланыстыратын. Келесі күні мен ұшамын Мақсұтбек пен Сұлтанды алып. Өте балажан еді, айналып-толғанып отырмағанмен бар жағдайын ойластырып, сабағын сұрап, «Батыр, балалардың сабағын қадағала, дүние білімге ауып бара жатқанын түсінесің ғой» деп қоятын анда-санда.

Демалыста балалармен қосылып доп ойнауды жақсы көретін. Денесі зор болса да балалардан қалыспайтын, допты өте шебер ойнайтын. Соған үйренген балалары «Папа, пашли футбол поиграем» деп, қиылып тұратын. Барған жеріміздің тарихымен танысып, оны балаларына баяндап отырғанды да жақсы көретін. Алматыда басымыз бұлай қосыла бермейді ғой, Шахаң жұмыстан кеш келеді, ерте кетеді, кей кездері апталап балалар әкелерін көрмейді. Сондықтан да жыл сайынғы жазғы демалысты бәріміз де күтеміз, жақсы көретінбіз. Өзімізбен өзіміз болып, әңгімелесіп, қыдырып, доп ойнап, суға түсіп, не керек Шахаң бізге «олжа» болып, мәре-сәре күй кешетінбіз. Кейіннен балалар ер жетті, оқуға түсті, басқа қалаға кетті. Содан демалысқа екеуміз ғана баратын болдық. Бұл да өмір заңы шығар, ұясынан балапандарын ұшырған қоңыр қаздай қала бердік, екеуден екеу. Өткен күннің бәрі ыстық болады екен, сағынамын, көп ойыма аламын. Өкінішті-ақ, қайтып келмейді. Сондықтан да балаларыма, келіндеріме: «әр күндеріңді қадірлеңдер!» деп айтып отырамын.»

Таудан құлай аққан асау өзен күркіреп, көбігін көке атып, буырқанып барып етекке жетіп, ентігін басып, жуасып, жайбарақат ағысқа түседі. Бір қарасаң адам өмірі де осыған ұқсас. Шахмарданның өмірі, ұстаздық өмірі жайбарақат, тіршілігінің бір қалыпқа түсіп, сабырлы-салмақты тартқан кезі еді. Өткен өмірін ой елегінен өткізе бастаса –ақ болды жарқын күндері мен басына бұлт айналған тұстары тоқайласа келіп, қатар жарыса шабатыны бар. Әрине, жарқын күндері аз болған жоқ. Әсіресе, Жезқазғанда өткен өмірін, дала кезіп кен іздеген, қос тігіп далада түнеген кездерін, геологияның сырын ұққан жылдарын, одан үй болып, жары Кәмиламен бақытты шақты өткізген күндерін, өмірге тұңғыштары келген сәтті Шахмардан қалған өмірдің ешбір кезеңіне айырбастамас еді. Бүгінгі күндері «біздің ең бақытты күндеріміз Жезқазғанда өтті. Ол күндерім менің ойыма күнде түседі. Батырым менің ойымда, санамда, күнде менімен бірге өмір сүріп келеді» деп, көзіне жас алған тұстрын қайтерсіз.



Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет