Шахмардан есенов



бет21/21
Дата04.11.2016
өлшемі5,66 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ххх

А.Х. Касымжанов,

Член-корреспондент АН Республики

Казахстан

Редкой души человек


«На каждого умного по дураку, все правильно, все справедливо». «Ворон, извините, ворону, глаз, извините, не выклюнет». «Чиркнет ворон на плетне, хорошо ль тебе в петле». Эти и некоторые другие иронические и острые строки фольклора времени, метко определенного Ильей Эренбургом как «оттепель», приходят на память, когда окидываешь взором звездный час Шахмардана Есенова как президента Академии наук республики. «Дураков» было много, «вороны» кружились стаями вокруг Шахмардана, стремясь облить грязью, залезть в душу, оболгать, оклеветать, окольцевать «красной полосой» завистливых глаз. А он возвышался над этой нечистью: внешне, будучи человеком крупным, красивым, обаятельным, и внутренне, щедрой широкой натурой, мудрым умом и большим благородством. Его имя олицетворяло «казахстанскую оттепель», к нему тянулись все сколько-нибудь свободомыслящие умы, среди которых были ученые, поэты, мастеровые люди, молодежь. Его ценили и на высших этажах интеллектуальной и профессиональной элиты за пределами Казахстана. Назовем хотя бы А.Н. Косыгина и М.В.Келдыша. к своему звездному часу Шахмардан Есенов пришел в пору творческого возмужания, как зрелый, умудренный опытом жизни человек. Шахмардана вырастила земля, которая породила намного ранее такого выдающегося и еще не оцененного в полной мере колоритного деятеля, как Мустафа Чокаев. Ко времени избрания президентом Академии за плечами Шахмардана был опыт практика-геолога, выросшего до высот сатпаевской интеллектуальной традиции, были большие научные открытия и активное участие в общественной деятельности. На глазах тех, кому довелось работать вместе с ним, вызревали планы Есенова, связанные, прежде всего с тем, что он во главу угла ставил проблему взращивания основы будущего республики – людей чести и достоинства. Он смотрел далеко вперед, предвидел будущее информационных технологий. По его инициативе был создан первый вычислительный центр в Казахстане. В целом ряде своих блестящих выступлений он ориентировал ученых на интегральный, системный характер научных исследований, не замыкающихся в рамках узкого профессионализма, проникнутых гуманистической направленностью. Шахмардан подготавливал научную общественность к реформам в области организации научного труда, осознавая консерватизм и даже заскорузлость тех форм, в которых оказалась закованной наука в пределах Академии как бюрократизированного учреждения.

Но его планам не суждено сбыться, как выразился академик Щерба, ему «искусственно подрезали крылья». Но эта печальная и трагическая история и не могла развернуться по другому сценарию. Он не мог не пасть жертвой «системы», которая была «закрытой», а он то был предвестником другого общества – «открытого». Напомню хотя бы одну из его смелых акций. В ряду его замыслов существенна была идея полнокровного, объективного воссоздания духовной культуры народов Центральной Азии, их общего наследия и специального вклада в сокровищницу мировой культуры. По его инициативе в 1973 г. В рамках V конференции писателей стран Азии и Африки был проведен «День аль-Фараби», он приложил самые активные усилия по подготовке международной конференции, посвященной 1100-летию со дня рождения аль-фараби. Провести эти акции было не так просто. «Шаг влево, шаг – вправо» это не имело значения, все можно было преподнести как «национализм» или «идеализацию прошлого», как показал опыт жизни Е.Бекмаханова. только благодаря настоичивости Ш.Есенова и поддержки Бабоджана Гафурова конференция удалась и прошла в трех пунктах (Москве, Алма-Ате и Багдаде), став культурным событием мирового масштаба. В 1996 г. По личному указанию Ш.Есенова была создана группа по изучению наследия аль-Фараби. Он обрисовал нам задачу следующим образом: «Надо, чтобы заговорил сам аль-Фараби», а уж затем, опираясь на все, что есть ценного в мировом фарабиеведении взяться за комментирование и толкование. Не обошлось и без курьезов. Выполняя задание Ш.Есенова, мне пришлось убеждать в плодотворности наших планов «Старшего Брата», т.е. ученых Москвы. Один из тогдашних столпов вполне серьезно спрашивал у меня «Нельзя ли показать влияние русской культуры на аль-Фараби?». Ш.Есенов требовал, чтобы мы входили в контакты с зарубежными фарабиеведами, доставали, добывали рукописи, тексты, привлекали к работе всех, кого можно, извне в качестве консультантов, рецензентов, редакторов. О том, какое значение придавал Ш.Есенов философии, мировоззрению свидетельствует целеустремленное инициирование им акций по организации казахстанского номера в московском (значит всесоюзном) журнале «Вопросы философии», украинском «Философской думке», чехословацком «Философски часолие».

Шахмардан Есенов всячески пытался открыть дорогу действительному научному творчеству и, наоборот, закрыть, шлюзы псевдонауки, прикрывающейся мантией академического авторитета. Когда произошла анекдотическая история с всемирно-историческим открытием «илийского камня», представляющего на самом деле имитацию древней надписи как элемента монтажа фильма «Кыз-Жибек», Есенов смог дистанцировать Академию от «поддержки чести мундира». Камень стал пробным, показав, в каком маразме находятся так называемые «бессмертные» академики. Единственное, что может развеселить в этой истории, то, что «знаменитый камень» был перевезен во двор Академии, а затем его сбросили в котлован. Как бы лет эдак через 100-200 какой-нибудь академический муж не сделал бы ошеломляющего археологического открытия, откопав тот злополучный камень!... но анекдот вышел боком президенту. Вылезло наружу, что вся академическая камарилья нутром ненавидит Шахмардана. И она добилась своего. Эпоха была такая, когда по выражению Михаила Исиналиева, «Кунаев был» при «глянце», т.е. попросту сживали с белого света все яркое, светлое. Не могли потерпеть того, что рядом был не функционер, не винтик, не подхалим, а живая человеческая индивидуальность. А Исиналиеву можно поверить, потому тчо он сам был из «тех», что вершили судьбами людей…

Насколько Шахмардан Есенов мыслил глубоко, масштабно можно судить по тому, как он смог своевременно сразу понять значение «иссыкской находки», смысл которой вовсе не в «золоте», а в эстетике и историческом «свидетельстве». Сейчас «золотой человек» вошел во все исторические хрестоматии, но первым открывший двери в них был Шахмардан.

Жизнь, хотя и редко, рождает таких прекрасных, цельных людей, чей разум и добрая улыбка убеждают нас, что есть место в реальности прекрасному и возвышенному, сколь бы цепким не было безобразие и низость. К когорте таких людей по праву принадлежит Шахмардан Есенов. Казахстанская академия в качестве долга чести призвана ввести премии его имени в области физико-химических наук и наук о Земле.

ххх


Шахмарданның көп ортасында жарқырап көрінген бір тұсын геология мамандығының байырғы қызметкері, зейнеткер М.Байлярова еске алады:

«--Бұл 1967 жылдың басында болған оқиға-тын. Тюмен қаласында Бүкілодақтық геологтардың кеңесі өтті. Оған барша он бес Одақтас республикалардың майталман геологтары жиналған болатын. Конференцияда сөз сөйлеушілердің ортасында Шахмардан Есенов жасаған баяндама тыңдаушыларына ерекше әсер қалдырды. Өйткен ол жетістіктерден көрі геологияның болашағына көп барлау жасады, барлауды жетілдіріудің нақты жоладын көрсетті, кейбір министрліктерге батыл-батыл сын айтты. Өзге республикадан келгендер Есеновтің бұл батылдығын «батырлыққа» балап, таң қалып, риза болысты.

Кешке қарай қонақ үйдің ресторанына конференцияға қатысушыларға дастархан жайылды. Бір кезде қапсағай денелі, маңдайы жарқыраған, толқын-толқын қара шатары өзіне әдемі көрік беріп тұрған Шахмардан Есенов те келіп бір столға жайғасты. Негізі ол өте қарапайым болатын, басқалардай төрге ұмтылып, ерекше күтімді, көңілді қажет етпейтін. Сол әдетімен бостау тұрған дастархан басына жайғасқаны сол еді біртіндеп-біртіндеп басқалар оның айналасына жинала берді. Бір кезде қарасам көпшілік Шахмарданды қоршап алыпты, жан-жақтан сұрақ төпеп қойылып жатыр. Сұрақтардың төркіні бәрі геология төңірегінде, бірі барлау барысын сұраса, екіншісі табылған кенді алу мен байытудың жолдарын, бір-бірінен ажыратудың амалын, шет ел тәжірибесін сұрайды. Не керек, ойда жоқта Шахмарданмен болған кездесу дейміз бе, әлде сұхбаттасу дейміз бе, әйтеуір, түн ауа тарғанымыз жақсы есімізде. Тағы да есімде қалғаны сұхбаттың қақ ортасында СССР Геология министірлігінің бөлім бастығы И.И.Малышевтің, Өзбекстан Геологи министрі Х.Т.Тулягеновтың табжылмай отырғаны.

Бір қызығы осындай тосыннан туа қалтын кездесулер мен схбаттасулар, ол—Мәкеуде , Минскіде, Киевте, Ленинградта, Ригада, Тәшкенде... де талай-талай болғанына өз басым талай куә болғаным бар.

Тағы да талай-талай куә болған жағдайым—СССР Геология министрі А.В.Сидоренконың, РСФСР Геология министрі Л.И.Ровниннің, Өзбек Геология министрі Х.Т.Тулягеновтың және Украина, Ресей, Орта Азия мен Закавказияның министрлерінің, Одақтық кәсіподақ басшылары, қарапайым барлаушы геологтардың, не керек жүрген жерінде құрмет пен ілтипатқа үнемі көміліп жүретіндігі. Олардың бәрі де шын мәнінде «Шахмардан Есенов» десе тік тұратын, ішкен астарын жерге қоятын, басын қадір тұтатын. (Әрине, бұл Қонаевтың емес Есеновтің өзінің жинаған бедел мен абыройы еді.—авт. Г.О.)

Қалай ойлайсыз, мұндай асқан абыройға Есенов қалай жетті деп? Ол қарапайым қызметкерлерге үлкен жүректен туған таза көңілді, құрметті көрсете білді. Мысалы келтірейін, содан біздер конференциямыз аяталып, Свердловскіге ұшпақ болып бір топ геологтар аэропортқа келдік. Келсек қолайсыз ауа райына байланысты Свердловскіге ұшатын самолет бірнеше сағаттарға кешігіп жатыр екен. Содан Есенов тез арада автобус ұйымдастырып, геолгтарды отырғызып қаланы, Тюменді арлауға шықтық. Өзі біздің жолбастарымыз болды, қаланың тарихын тура тарихшыдай айтып, патша отбасының соңғы панасы болған Ипатьевскі үйіне алып келіп, көрсетті. Таң қалдым, білері көп екен.

Басқа біреу болса өз шаруасымен кетіп, немесе неше күн осылармен жүрмін ғой, жарар енді, деп дем алуға кетер еді. Жоқ, Есенов болмысы олай болмайтын, ол қашанда да, қандай лауазымы биік қызметтерде жүрсе де қарапайымдылығын жоғалтқан емес. Жазушы А.П.Чехов: «Барлық қарапайымдылық—ұлылық» демеуші ме еді! Академик Шахмардан Есенов те барлық жерде, бар ортада осындай қарапайым, сонысы арқылы біздің жадымызда ұлы болып қалды!».

***


«Бір жылы біздер Қырымда бірге дем алдық,--дейді ..........................,-- Шахаң бала шағасымен, жары Кәмиламен келіп жатыр екен. Ара-кідік әңгімелесіп тұрамыз. Бір күні кешкі астан кейін болатын сол кездің дискотекасында кездесіп қалдық. Демалуға келген адамдар емес пе елдің бәрі көңілді, әсіресе, көңілді музыка әйелдер жағын шаттандырып жібергендей. Шаха да жары Кәмила екеуі вальсті біраз билеп тастады. Бір кезде Шахаң микрофонды сұрап алды да орыстың халық әнін ............... бастап кетті. Қандай әуезді айтады. Улап-шулап, дабырлап тұрған ел бір сәтте –ақ тына қалды. Шахаңның ән салғанын бірінші көрген біздер де мәзбіз. Сосын қазақтың халық әні «Бозторғайды» салды. Әнге аударманың керегі жоқ қой, әр ұлттың өкілі сазды әуенге елітіп-ақ қалды. Ән біткен кездегі қол соғыстарын көрсеңіз ғой, тіптен оған ысқырық қосылған кезде көңіл шіркіннің көк кептері әуелеп-ақ кетіп еді. Арқаланып алған Шахаң орыстың орғып билейтін биін биледі. Мұндайда орыстың келіншекттері қалыс қалушы ма еді, біразы орғып ортаға шықты. Шахаң мықты психолог қой, жиналған жұрттың делебесін қоздырырып алды да: «Ал, жолдастар, ендігі кезекті поэзияға берейік деді де Пушкиннің «Евгени Онегинінен» Татьянаның хатын жатқа айтты. Сызылта оқыды, сезімдерді тербей оқыды. Ал, өлең оқылып біткеннен кейінгі күйді мен жеткізе алмаймын, бағанағы қол соғу қол соғу ма, ашық аспан астын дүркіретіп жіберді. Тіптен аспандағы самаладай жарқырап тұрған жұлдыздарға дейін жымыңдап, олар да жердегі адамдар қызығына қызығатындай. Біздің екі езуіміз екі құлағымызға жеткен. Кеудемізді мақтаныш кернеп барады. «Жарайсың, Шах!» деп, дүрмекке қосылып дүркіреп қоямыз. Ішімнен «Міне қазақ! міне Ер!» деп, жан-жағыма жалт-жалт қараймын. Қасымда тұрған бір келіншек: «қайдан келген азият бұл?» деді. Мен жұлып алғандай «Ол Қазақстаннан, қазақ!» дедім. Менің бұл сөзім мақтанышқа тұнып тұр еді. Сол жолы демалушылардың ортасында ең құрметтіміз де, ең мықтымыз да Шахаң болып, біз ол үшін мақтанып, жақсы бір демалып қайтқанбыз-ды. Мен ол күндерді өмірімде ұмытқан емеспін.

Біз білетін Шахаң осындай еді, жүрген ортасын көңілді, жақсы бір жағдайға бөлеп жүретін. Және ол мұнысын қарапайым, жәй ғана жүріп көрсететін. Өзі де біртуар азамат, дара тұлға еді ғой...».





Ол-- ғалым, қайраткер, азамат
Есенұлы жорабек пен бабабек
Министр төртінші бөлім
Жолдас д.а. қонаевқа
Заңгер х.ш.әлжанов:
Алтыншы бөлім
Сейітов нәсіпқали
Алматы қ. №178
Академик д.кішібеков
Сегізінші бөлім
Геология-минерология ғылымарының докторы э.ю.сейітмұратова:
Ш. есенов, қазақ сср-ы ғ.а. жоғарғы кеңесінің депутаты
Оныншы бөлім түгел сөздің түйіні
Он бірінші бөлім

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу