Пол Кюстену. Байланыстардың бір-бірінен өзгешелігі реакция кезінде әр түрлі ішкі факторлардың әсерінен болады, электрон тығыздығы қайта бөлінеді, яғни полкостің пайда болады.
-Байланыстың полюстігі 3-байланыстың полюстігінен әлдеқайда асып түседі. Бұл байланыстардың табиғатына қатысты болады, а-Электрондардың бұлтына кеңістікте сыртқы факторлардың әсері, о-электрондардың бұлтына қарағанда оңай тиеді.
Қосарлану. Егер молекулада қос байланыс және жай байланыс алма-кезек ауысып келетін болса, онда оны қосарлану деп атайды. Егер молекулада бірнеше қос байланыс болса, молекуладағы электрон қабатының құрылысы және қасиеті осы қос байланыстардың орна ласуына тәуелді болады. Кезектесіп ауысып келген қос байланысты молекулалардың қасиеті басқа молекула лардан мейлінше өзгеше болады. Мысалы, бутадиен мо лекуласында әрбір көміртегі атомы ѕрт гибридтенген және әрқайсысында бір р-электроны болады. Егер бутадиендегі барлық атомдар бір жазық та жатыр десек, онда әрбір атомның рэлектрондары өзара бүркесіп, біртұтас қосарланған жүйе құрады. Бұл байланыстарды бір-біріне тәуелсіз бірнеше байланыстар деп қарауға болмайды. Мұндай құрылысты т, т – қосарлану деп атайды, оны қисық стрелкамен белгілейді:
HC = CH - CH=CH.
Химиялық реакцияларда реагенттер 1,2-орындарға ғана емес, 1,4- орындарға да қосылады. Мұндай молекулада орынбасарлар эффектісі едәуір қашықтыққа берілед!, бұл о-байланыстағы электрондардың ығысуынан езгеше екенін көрсетеді.
Асқын қосарлану. Егер қанықпаған топтар сутек бар топпен (мысалы, метил тобы) байланысса, онда қосарлану дың өзгеше түрі байқалады. Оны асқын қосарлану деп атай ды (", п — қосарлану). Мысалы:
Е сн,
н– с – с.
а
Қанықпаған топпен байланысқан радикалдағы сутек атомдары активтенген, ягни с Hбайланыстардың элек1 рон тығыздығы қос байланыс жағына қарай ауысқан. Ас қын қосарланудың органикалық химияда құбылыстарды түсіндіруде маңызы зор.