Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет7/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

Полянский 
Иван 
Иванович 
(1872-1930)
атақты 
әдістемеші, 
жаратылыстанушы, төменгі сынып оқушылар үшін арналған “О трех царствах 
природы” (1904) деп аталатын табиғаттану оқылығының авторы. 1917 жылы 
“Методика начального естествознания” жазды, мүнда И.И.Полянский 
жаратылыстану әдістемесі табиғат жөніндегі ғылымнан және бұған тән 
ғылыми зерттеулердің әдістерінен сонымен бірге педагогика мен 
дидактиканың мәліметтерінен негізделеді деп тұжырымдады. Сондықтан 
табиғат жөніндегі ғылымен байланыстылық жаратылыстану әдістемесіне 
ғылымның мазмұнын оқу пәніне дурыстап қайта өңдеуге, және оның ғылыми 
негізі мен жүйелігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал бұл әдістеменің 
педагогика мен дидактикамен байланысы пән мазмұнын бастауыш 
сыныптарының оқушыларының даму деңгейіне сәйкестеуге мүмкіндік 
тудырады. Мұндай екі түрлі негіздегі байланыс білім беру әдістерін 
оқушылардың табиғатты оқу кезінде дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді. 
“Бастауыш жаратылыстану әдістемесінде” И.И. Полянский білімді 
меңгеру кезіндегі оқушылардың танымдық қызметінің ролі жөнінде, оқу 
тапсырмаларының әртүрлі формалары мен олардың бір бірімен өзара 
байланысы жөніндегі және оқыту процесіндегі сабақтардың, ұй 
тапсырмаларының, сыныптан тыс тапсырмалардың ролі жөніндегі әдістемелік 
мәселелерді көтерді. 
20 ғасырдың алғашқы екі он жылдығында, революциялық кезеңге дейінгі 
дәуірде бастауыш мектептеріндегі жаратылыстану біліміне оқыту А. Я. 
Гердтің ұсынған жуйесі бойынша жүзеге асырылды. Жаратылыстану білімін 
оқыту кезінде өлі және тірі табиғаттағы өзара байланыстарды анықтап 
көрсетуге, табиғат жөнінде білімді қалыптастыруға басты назар аударылды. 
Ауызша әдістерден басқа жұмыс практикасында басты орынды бақылау мен 
тәжірибе алды сондықтан, бұл кезеңде бастауыш мектеп бастауыш 
жаратылыстану дәрісінде зор оңды тәжірибені жинақтап берді, ал бұл 
табиғаттану оқыту әдістемесінің теориясын байыта түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет