Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет9/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

Негізгі әдебиеттер
1.
Берулаев Н.Н. Современная лекция в вузе.-Бийск,1993 
2.
Горощенко 
В.П., 
Степанов 
И.А. 
Методика 
преподавания 
природоведения М., 2001 
3.
Герд А.Я. Избранные педагогические труды (под ред. Б.Е. Райкова). - 
М.,1983. 
4.
Білім туралы заң.-А., 2007 
5.
Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологические образование 
школьников во внекласной работе.-М.,1984. 
6.
Концепция школьного естественнонаучного образования.-М.,1984. 
7.
Крупская Н.К. Пед.сочинение:в томах.-м.,1978-80. 
8.
ЛамашевА.А. Роль педагогического краеведения в профессиональной 
подготовке учителя.-Алма-Ата 1986. 
9.
Окружающая среда и человек (метод. рекомендации).-Алма-Ата,1983. 
10.
Онищук В.А. Урок в современной школе.-М.,1981. 
11.
Програмы общеобразовательной школы. Начальные классы (1-4 
кл.)- Алматы,1997. 
12.
Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподования. 
Практикум. Учеб. Пос. для педучилищ.-Киев,1990. 
13.
Пакулева В.М., Кузнецова В.И. Методика преподавания 
природоведения.-М.,1990. 
14.
Сенько Ю.В. Формирование научного стиля мышления 
учащихся.-М№,1986 
15.
Экологическое образование в школе.-М.,1994. 
16.
Экология и здороиье детей (отв. ред. З.Х.Мажитова).-
Алматы,1996. 
 
Қосымша әдебиеттер: 
1.
Аймағамбетова К.А. Жунусова К.Ж.и др. Методическое руководство к 
учебнику “Познание мира”.-Алматы,1998. 
2.
Аймағамбетова К., Олейник З.. Раздаточный дидактичный материал к 
учебнику ”Познание мира”.-Алматы,1998. 


3.
Аквилева Г. Н. Наблюдения и опыта на уроках природоведения. 
Пособия для учителя нач. кл-в.-М.,1988. 
4.
Жемчужины Казахстана (сост. А.Т. Макашев).-Алматы,1983. 
5.
Жунусова К., Аймағамбетова К., Олейник З. Познание мира. Учебник 
для 1класса общеобразовательной школы.-Алматы,1997. 
6.
Жунусова К.,Аймағамбетова К.,Олейник З. Познание мира. Учебник для 
2класса общеобразовательной школы.-Алматы,1998. 
7.
Ишмухамедова Н.Б. Методика проведения занятий по курсу 
“Ознакомление с окружающим миром” (Учебное пособие для студентов 
факультета ПМНО).-Алматы,1996. 
8.
Клиновская Н.И., Пасечник В.В. Комнатные растения в школе.-М.,1986. 
9.
Сорокоумова Е.А. Уроки экологии в начальной школу. Пособие для 
учителя. –М.,1994. 
10.
Хрестоматия к учебнику “Познание мира” (Составители: З. 
Олейник, К. Аймағамбетова,К.Жунусова).-Алматы,1998 
11.
http://www.image.websib.ru
12.
http://www.student-site.ru/
13.
http://www.osak9.narod.ru
14.
http://www.zankov.ru/
15.
http://www.ucheba.com
16.
http://www.brgu.ru 
17.
http://www.festival.1september.ru 
18.
http://www.homeshop.kz 
19.
http://www.bookmark.kz 


Дәріс № 4 
Тақырып: Жаратылыстануды оқыту әдістемесі оқытуда қолданылатын
технологиялар. Оқытудағы әдістер мен тәсілдер ұғымы. 
Жоспар: 
1. Оқыту үдеріснде әдістер мен тәсілдер ұғымы. 
2. «Жаратылыстануды» оқытудағы ауызша әдістер. 
3.
Оқытудың көрнекілі әдістері. 
4. «Жаратылыстануды» оқытудағы практикалық әдістері. 
1.Оқыту процесінде әдістер мен тәсілдер ұғымы. 
Мектептегі оқыту процесінде оқу пәнінің мазмұнының көлемін орнату мен 
сабақ үшін материалдар таңдар алуда оқытудың әдістерінің маңызы өте зор. 
Әдіс 
дегеніміз грек тілінен аударғанда бір нәрсеге жетудың жолын білдіреді. 
Қызметтіқ басқа түрлеріне қарағанда оқыту әдісінің ең негізі ерекшелігі 
ретінде оқытушының оқыту қызметі мен оқушының оқу қызметін улестіретін 
екі жақты процессті оқыту көрініс береді. Қазіргі заманғы мектептің алдында 
тұрған мәселелерді ескере отырып, оқытудағы әдістер ұғымын мынадай 
негізде анықтап беруге болады. Оқытудың әдістері дегеніміз білімді жоғары 
турде меңгеруге, белгілі бір дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруға, 
оқушылардың танымдың белсендігін, дербестігі мен творчестволық 
мумкіндіктерін дамытуға бағытталған оқытушы мен оқушының бір бірімен 
өзар байланысты қызметінің тәсілдері. Егер де оқушы мен оқытушының оқу 
қызметтерінің тәсілдері бір бірімен өзара байланысты болса және оқу 
процесінің белгілі бір кезеңіндегі оқу, тәрбиелік және дамытушы мәселелерді 
шешуге бағытталған болса, онда белгіленген әдіс алға қойылған маселелерді 
шешеді деп ұйғарамыз.
Оқыту әдістерін жіктеудің әртурлі тәсілдері бар. Олар: 
- білімнің негізгі бастамалары бойынша. 
- ойлаудың логикалық формалары бойынша. 
- таным қызметін ұйымдастыру бойынша. 
- белгілердің жиынтығы боынша. 
Оқушылардың жас ерекшелігі мен «Жаратылыстану» курсындағы 
мазмұнның ерекшелігін есепке алған 1-ші және 4-ші сыныптар үшін арналған 
әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін оқытушының қызметі мен 
оқушының танымдық қызметін оқытатын білімдерің негізгі бастамалары 
бойынша жіктеледі. Білімдердің басты негізіне оқулық пен бағдарламаның 
мазмұнымен анықталатын сөз немесе практикалық қызмет жатады. Білімдерді 
меңгеріп ұйғару оқытушы мен оқушының қызметінің сипатымен тығыз 
байланысты. Егер де білімдерді меңгеріп, жеткізу сөз арқылы, көрсету арқылы 
және практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асырылған жағдайда оқыту 
әдістері ауызша, көрнекілік және практикалық негізге топталады. Оқытудың 


ауызша әдістерін қолдану кезіндегі білімдерің басты негізі ретінде мұғалімнің 
сөзі көрініс береді. Мұғалім пікірлесудің, әнгімелесудің процесі кезінде 
немесе сәйкес ақпаратты тусіндіруде және бұған әртүрлі көрнекі оқу 
қуралдарын пайдалану процесі кезінде белгілі бір білімдердің жүйесін бере 
алады. Ал оқушылар бұларды үйғарып мұкият тыңдап есте сақтау кезінде 
меңгере бастайды. Мұғалімнің оқыту қызметі оқушыларға білімді сөзбен 
жеткізу. Ауызша әдістер көрнекі және практикалық әдістермен тығыз 
байланысты.
Мысалы: демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу кезінде оқытушы 
оқушыларға бул тәжірибеге қалай дайындалғандығы жайында және осы 
тәжірибені қарастырып, бақылау кезінде басты назарды неге аудару керектігі 
жайында әнгімелейді. Практикалық әдістерді қолдану сонымен бірге ауызша 
және көрнекілік әдістермен өзара байланыста болады. Лабораториялық 
практикалық жұмыстарды орындауға дайындық, оларды орындаудың барысы 
мен ондағы нәтижелерді көркемдеу алдын ала жоспарланып қойылады, яғни 
жұмысты қалай орындау жайында, тәжірибе мен байқауды қалай жүргізу 
керектігі жөнінде оқушылармен алдын ала әнгіме жүргізіледі.
Бүкіл практикалық әдістерді қолдану кезінде өздігінен дербес жұмыс істеу 
өте маңызды, өйткені мұндай жұмыстың процесі негізінде оқушылар 
творчестволық сипаттағы әртурлі мәселелерді орындай алады. Мұғалімнің 
сөзі мұндай кезде оқушыларды жұмысты орындатуға дайындық ушін 
нұсқаудың мақсатында қолданылады. Мұғалім обьектілерді сипаттайды, 
оларды қалай қолдану керектігін көрсетеді, алдыңғы сабақтарда орындалған 
практикалық жұмыстардың, «Бақылау күнделіктерінің» үлгілерін және 
тәжірибенің нәтіжелерін көрсетеді. Көрнекі әдістерді қолдану кезінде білімнің 
басты негізі болып демонстрациялық объектілерді бақылап қабылдау, 
тәжірибелер мен бейне көрнекілік оқу құралдарын бақылап, қабылдау 
табылады. Оқушылар білімді қарастырылатын және бақыланатын 
объектілерді қабылдаудың процесінде меңгереді, оқытушы бақылау 
жүргізудің жоспарын анықтап, бақыланып, қабылданған объектілерді ұғыну 
үшін оқушылардың алдына сұрақтар қояды, осының негізінде оқушылардың 
ойлау логикасы дамиды.
Оқушылар бақылау жүргізгеннен соң объектінің белгілерін сипаттап, 
осының негізінде тұжырымдар жасайды. Практикалық әдістерді қолдану 
кезінде бақылау, тәжірибе жүргізудің жолымен, табиғаттың объектілері мен 
әртүрлі аспаптарын оқыту бойынша әртүрлі практикалық жүмыстарды 
орындау арқылы білімдер дербес түрде меңгеріледі. Балалар табиғатты ондағы 
нәрселер мен объектілерді бақылаудан және қабылдаудан бастап зерттей 
бастайды. Мақсатқа бағытталған бақылау тек қана оқытушының басқарушы 
және бағыттаушы рай арқылы ғана жүзеге асырылады, ал бақыланатын 
объектілерді әрі қарай тереңдетін қарастыру оқушының әрі қарайғы белсенді 
танымдың әрекеті процесінде ғана мүмкін болмақ. 
Белгілі бір әдісті қолдану оқу материалының, тәрбие мәселелерінің, және 
оқушылардың жас ерекшеліктерінің маңызына байланысты болады. 
Әдістемелік тәсілдер дегеніміз негізгі әдістің дидактикалық мүмкіндіктерін 


күшейтудің мақсатында қолданылатын белгілі бір әдістердің элементтері. 
Егер де сабақта бары 2-3 әдіс қана қолданса, онда әдістемелік тәсіндердің саны 
тұтас бір жұйені қурауы мүмкін. Әдістемелік тәсілдер әдістердің белгілі бір 
тобына арнайы қолданылады. Мыс: «Дүниетануды» оқытуда ұйымдастыру 
тәсілдері маңызды рольді ойнайды. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, мұғалім оқушылардың сабақта муқият болуын, оқыту ушін обьектіні 
дурыс таңдай білуін, жоспар кұруды, демонстрациялық обьектілердің 
жүйелігін анықтауды, практикалық және өзіндік жұмыс үшін міндеттер мен 
нұсқауларды дайындауға уйымдастыра алуы қажет. Практикалық әдістерді 
қолдану кезінде техникалық әдістемелік тәсілдер практикалық жұмыстың 
нәтижелерін дайындау ушін, таблицалар толтыру, суреттер салу, аспаптар мен 
қурал жабдықтар дайындау ушін қолданылады. 
Логикалық тәсілдер әдістермен өте тығыз байланысты және бұлар 
оқушылардың ой қызметін дамытуға бағытталған. Бұлар үшін ең маңызды 
белгі мәселені немесе танымдық міндеттер қою, ең бастыларын, сонымен 
бірге негізгі табиғатты тану уғымдарын анықтау болып табылады. Білімді 
меңгерудың мұндай жағдайында салыстыру, сәйкестендіру, анықтау және 
тұжырымдау тәсілдері өте маңызды. Оқу процесіндегі барлық әдістемелік 
тәсілдер ұйымдастырушылық роль ойнайды, сондықтан оларды нақты 
танымдық міндеттермен, мақсатқа сәйкес қолдану керек. 
2. «Жаратылстануды» дәстүрлі оқытудағы ауызша әдістер. 
Оқытушының сөзі әрқашан негізгі мәнгі ие және оқу-тәрбиелік жұмыста 
маңызды 
роль 
ойнайды. 
Мұғалімнің 
нәсібі 
маманданған 
тілі 
ұйымдастырушылық, танымдық, тәрбиелік және дамытушы функцияларды 
атқарады. Ауызша әдістерге оқытушының тек қана сөзі мен тілі жатпайды 
сонымен бірге оқушының да тілі мен сөзі жатады, өйткені бұлар бір бірімен 
тыгыз байланысты. Ауызша әдістер белгілі бір процессті немесе суретті 
бейнелеуге қажет кезінде ғана қолданылады. Мұғалім сабаққа даярланар 
кезінде өзіне қажетті материялды таңдап алады және сөз бен тілдің көмегімен 
материялдың мазмұнын оқушыларға қалай жеткізу керек екендігін 
анықтайды, сонымен бірге оқушылардың мұқият тындауын қамтамасыз ететін 
материялдардың қажеттілігіне назар аударады. Ауызша әдістердің теріс және 
оң жақтары бар.
Ауызша әдістерді қолдану кезіндегі ең негізі қиындық ол оқушылардың 
ұйымдасу деңгейі болып табылады 1-4 сынып аралығындағы оқушылардың 
сабаққа қойылатын назары 3-5 минут аралығында ғана белсенді болып, кейін 
ол әлсіреп, олардың назары сабақтан тыс қалып қоюы мүмкін. Сондықтан 
оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамытатын әдістемелік тәсілдерді 
ойластырып және сабаққа сай көрнекі қуралдарды алдын ала дайындап алу 
қажет. 
ПІКІРЛЕСУ- дегеніміз белгілі бір жоспар бойынша нақты оқу тәрбиелік 
мәселелерде жүргізілетін оқытушы мен оқушының диалогы болып табылатын 
оқытудың бір әдісі. Төменгі сынып оқушыларын оқытуда пікірлесу әдісі өте 
кең қолданылады. Пікірлесудегі бағыттаушы және басқарушы роль 
оқытушыға байланысты. Оқушылардың ойлауын және танымдық әрекетін 


дамытуда оқытушы әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып алға қойған 
міндеттерді жүзеге асырады. Ауызша әдістердің ішіндегі ең күрделісі осы 
пікірлесу болып табылады сондықтан оқытушы бұған жан жақты және мұқият 
дайындалуы керек. Пікірлесуді жүргізудегі ең басты шарт ол оқушыларда 
белгілі бір білімнің болуы. Білімдер көбінесе үстіртін және байланыссыз, әр 
жерден алынған болуы мүмкін. Мұндай ақпараттарды жүйеге келтіріп және 
табиғатты тану түсініктерін қалыптастыру ушін ондағы ең негізігілерді 
ажыратып алуымыз керек. Көбінесе пікірлесу алдында оқыталған материалдар 
бойынша жүргізіледі. Мұндай пікірлесудің ең негізі мақсаты білімді 
нығайтып, жуйелеу. Пікірлесу де оқыту әдісі сияқты өз жетіспеушіліктері де 
бар. Оқытушының дұрыс қайтылған сурағы оқушылардың буған бір ғана 
фразамен емес толық жауап беруін талап етеді. Егер де берілген жауап толық 
болмаса, оқушылардың ойлары байланыссыз, жуйесіз, логикаға сай болмай 
шығып, нәтижесінде оларда тұтас пәндік білімдер қалыптаспайды сондықтан 
пікірлесуді белгілі бір педагогикалық талаптарға сай жүргізу керек. 
Пікірлесуге қойылатын ең негізгі талап ол сұрақтарды дұрыс, мүқият 
дайындап алып, қоя білу. Қойылған сұрақтар оқушылардың ойына қозау салу 
керек.
Бастауыш сыныптарындағы оқушылар үшін қойылатын сұрақтар 
қысқаша, айқын және анық болуы керек, сонымен бірге балаларды оқылып 
жатқан материалдың практикалық мазмұндарын салыстыруға, тусіндіруге 
және ашуға уйрету керек. Пікірлесуге қойылатын маңызды педагогикалық 
талаптардың біріне қойылатын сурақтың тәртібін сақтау кіреді сұрақ бүкіл 
сыныпқа қойылады, осыдан кейін мұғалім үзіліс жасап, оқушылардың 
назарын қойылған сураққа аудартып, жауап алу ушін бір оқушыны шығарады. 
Оқытушы көбінесе оқушыдан толық жауап ала алмайды, оны толықтыру ушін 
тағы да басқа оқушыларды шақырады.
Ал егерде қиыншылықтар туып жатса, сурақты қайтадан белгілеп немесе 
оны жеке сұрақтарға бөліп тастау керек. Дидактикалық мақсаттар бойынша, 
пікірлесу алғашқы кіріспе және қорытындылаушы деп екіге бөленеді. 
Алғашқы , кіріспе пікірлесулер оқу жылының басында, тақырыптың бас 
жағында жүргізіледі. Осындай алғашқы кіріспе пікірлесудің процесінде 
оқытушы оқушының жанында сақталған білімдерді қайта жаңғыртуға кірісіп, 
жаңа материалды оқытуды бастайды. Пікірлесудің көмегімен оқушылардың 
басқа сыныптарда немесе алдынғы тақырыптарда меңгерген білімдерін 
актуальдандырады, сонымен бірге алдында жургізілген бақылаулардың 
процесінде дербес турде меңгерген білімдерін нақтыландырып, жүйелейді 
және осының негізінде оқушыларды жаңа материалдарды меңгеруге 
дайындайды.
Қорытындылаушы пікірлеусі курстық, тақырыптық соңында жүргізіледі, 
тіпті сабақтың барысын тужырымдаған кезде жүргізіледі. Қорытынды 
пікірлесуді жургізер кезінде табиғатты тану тусініктерінің негіздерін 
ажыратып алып олардың мазмунын анықтау және оқушылардың бұл 
тусініктерді қалай меңгергендігін көрсету өте маңызды. Сонымен бірге заттар 
мен қубылыстар арасындағы өзара байланыстылықты көрсету өте қажет және 


осының негізінде дербес тужырымдар мен қорытындылар жасауға болады. 
Ойлаудың тәсілдері бойынша, пікірлесуді индуктивті және дедуктивті деп 
бөлеміз. Пікірлесуді индуктивті негізде жүргізу кезінде оқытушы 
оқушылардың алдына жеке бір бірлерімен өзара байланысты сурақтарды 
қояды. Егер де пікірлесудің құрамына фактіге негізделген материал кірген 
жағдайда индуктивті пікірлесу қолданылады. Материалды біртіндеп меңгеру 
жаңа бір білімге ие болуға әкеледі.
Дедуктивті пікірлесу оқушылардың білімінен негізделеді. Дедуктивті 
пікірлесу процесінде бастапқы кезде жалпы анықтамалар беріледі, ал кейін 
осылардан жекелеген анықтамаларды мушелейді. Дедуктивті пікірлесу білімді 
меңгерудің процесін жеделдетуге мумкіндік тудырады, сонымен бірге 
оқушылардың абстрактілі турде ойлауына белсенділік тудырады. Дедуктивті 
пікірлесу көбінесе қорытындылаушы, тұнырымдаушы сабақтарда жургізіледі, 
сонымен бірге фенологиялық бақылаулар мен тәжірибелердің нәтижелерін 
талдау бойынша пән сабақтарында жүргізіледі. Дедуктивті пікірлесуді жүргізу 
кезінде оқушыларды өздерінде бар фактіге негізделген білімдерінің негізінде 
табиғат процесстері мен қубылыстарына салыстырмалы талдау жасауға 
уйрету керек. 
ӘҢГІМЕЛЕУ – дегеніміз оқу ақпараттарын жуйелі турде баяндап беру. 
Әңгімелеп берудің көмегімен оқытушы материалдың негізгі мазмунын 
логикалық түрде ашу жолымен, ондағы басты уғымдарды көрсетумен, және 
салыстыру, обьектілерді демонстрациялау, суреттермен жұмыс істеу сияқты 
әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып оқушыларға белгілі бір білімдерді 
жеткізеді. Әңгіме қолданылады, егер де материал белгісіз болған жағдайда 
ғана. Бұл объектілерді, жұмыс принципін және оспаптардың қурылысын 
бейнелеу болуы мумкін, сонымен бірге табиғаттың дамуы және өзара 
байланыстың сипаты болуы мумкін. Әнгімені бақылауға дайындық кезінде, 
тәжірибе жургізу кезінде, топсаяхат өткізу кезінде қолдануға болады. Әңгіме 
ғылыми негізде болып әртурлі жас ерекщеліктегі балалардың тусінуіне 
қолайлы болуы керек.
Әңгімелеу кезінде оқытушы оқулықтың мазмунына толықтырулар енгізуі 
мумкін. Әңгімелеу процесі кезінде оқытушы статьяның ең негізгі тезистерін 
баяндап қана қоймай, оны жаңа мазмунмен толықтырады. Дидактикалық 
мақсатта әңгімелер алғашқы кіріспе негізде және қорытындылаушы болуы 
мумкін. Алғашқы кіріспе әнгімелер «Дүние тану» тақырыбының 
әрқайсысында дерлік қолданылады. Бірінші сабақта тақырыптың мақсаты мен 
міндеттерін аныктап алғаннан кейін оқытушы оқушыларды материалдың 
негізгі мазмунымен таныстырып, оны оқытудағы жуйелікті бекітеді. Оқу 
материалдарын баяндаудың сипаты бойынша, әңгімені суреттеуші және 
тусіндірмелі деп екі ге бөлеміз.
Суреттеу әңгімелері процесстерді, объектілерді немесе тәсілдерді 
сипаттау кезінде қолданылады, мундай әнгіменің барысында оқушыда өзінің 
қабылдаған нәрселерінің образдық тусініктері қалыптасады. Суреттеу 
әнгімелері суретшілердің суреттерін репродукциялау және иллюстрациялау 
бойынша жургізіледі. Тусіндірмелі әңгімелер обьектінің қурылысының ішкі 


және сыртқы белгілерін ашу мақсатымен ғана емес, сонымен бірге 
табиғаттағы өзара байланыстарды ашу ушін қолданылады. Сондықтан әнгіме 
кезінде жалпы белгілерді көрсету қажет және осының негізінде тірі обьектілер 
арасындағы және қоршаған орта жағдайларындағы себеп салдарлы 
байланыстарды оқушыларға уғындыру қажет, сонымен бірге тужырымдар мен 
қорытындыларды дербес жасауға оқушыларды уйрету керек. Тусіндірмелі 
әңгіменің негізінде оқытушы оқушыларды бақылау жургізуге, қуралдармен 
әртурлі дербес жумысты орындауға уйрету керек. Әңгіме дедуктивті және 
индуктивті болуы мумкін. Қурамында фактіге негізделген материалдары бар 
такырыптар бойынша жургізілген бірінші сабақтарда көбінесе индуктивті 
әңгімелер қолданылады.
Тақырыптың соңында, сонымен бірге қорытындылаушы, ақырғы 
сабақтарда материалды дедуктивті негізде баяндаған жөқ, өйткені балалар тек 
қана фактиге негізделген материалдарға ғана ие емес олар қарапайым турде 
тужырымдар мен қорытындылар жасай алады. Жаңа материалды оқыту 
кезінде әнгіме араласқан турде көрініс беретін сабақтар да болады: яғни 
материалдық бір бөлігі индуктивті турде ал бір бөлігі дедуктивті турде 
баяндалады. Мысалы: өткізілген топсаяхаттардан кеиін оқушылар белгілі бір 
білімдерге ие болады, сондықтан олардың топсаяхатта көрген білгендерін 
дәлелдейтін жекелеген фактилерге әңгіме қурудың қажеті жөқ. Сондықтан, 
топсаяхаттан кейін өткізілетін сабақтарда жаңа материалды дедуктивті 
негізде оқытқан жөн. Дедуктивті әңгіменің мазмунына топсаяхаттың 
материалдарың алдын ала жургізілген практикалық жумыстарды, тірі табиғат 
бурышында орындалған тапсырмаларды енгізуге болады. 
3.Оқытудың көрнекілі әдістері. 
Көрнекі қуралдар оқу процесінде әртурлі дидактикалық мақсатта 
қолданылады, яғни оқыту қуралы ретінде, ауызша әдістердің танымдық 
мумкіндіктерін кушейтудегі әдістемелік тәсілдер ретінде және алда турған 
практикалық жумыстардың міндеттерін уйғарудағы улгі ретінде қолданылады 
оқытудың көрнекілі әдістері оқушылардың обьектілер мен нәрселерді 
қарастыруы, бақылауы және қабылдауы процесі кезінде немесе сезім 
органдарының көмегімен сол объектілер жөнінде белгілі бір ақпараттарға ие 
болған кезде ғана әдістер функциясын атқара алады. 
Материалдар жалпы және жеке белгілерді тауып, салыстыру жолымен 
уғынылады, және осының негізінде белгілі бір білімдер қалыптасады. 
Оқытудың көрнекі әдістері олардың қолдану процесінде жаңа білімдерге ие 
болу мақсатымен көрнекі қуралдарды қолданумен сипатталады. Көрнекілі 
әдістерді қолдану кезінде білімдердің басты негізі ретінде белгілі бір 
дидактикалық мақсатта біріктірілген динамикалық және статикал ық 
образдардың жуйесі қызмет етеді. «Жаратылстану» көптеген сабақтарында 
әртурлі суреттер мен таблицаларды, натуральды обьектілер көрсетіледі, 
сонымен бірге басқа да көрнемдік динамикалық және статикалық көрнекі 
құралдар да көрсетіледі. Көрнекі әдістерді қолдану кезіндегі әрбір жағдайда, 
қабылдау мен уғынудағы белсенділікті дамыту қарастырылады, сондықтан 
оқушылардың алдына нақты танымдың тапсырмалар қойылады. Мұнда қалай 


бақылау керек, нені қарастыру керек, нені көрсете білу керек және нені 
меңгеру керек жайында айтылады. Көрнекі әдістерді қолдану сәтті болуы 
ушін, мына бір шарттар өте қажет, олар белгілі бір обьектінің немесе 
процесстің мақсатқа лайық қарастырылуын және оның басты белгілері мен 
ерекшеліктері ойңын көрсетуге қол жеткіздіру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет