Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет15/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

2. Көрнекі құралдардың топтары мен түрлері. 
Көрнекі құралдардың негізгі топтары мен түрлеріне сипаттама беру. 
Оқу көрнекі құралдары шартты түрде табиғи және көрнемдік деп бөлінеді. 
Табиғи көрнекі құралдарға тірі және өлі табиғаттың обьектілер жатады, яғни 
адамдардын өндіріс қызметтерімен байланысты болатын пайдалы қазбалар 
мен топырақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың және заттардың үлгілері 
жатады, сонымен бірге бұған қоғамдық тарихи сипаттағы шынайы заттарды 
да жатқызуға болады. Табиғи көрнекі құралдарды пайдалану оқушыларда 
табиғи, өндірістік және тарихи қоғамтанушылық сипаттағы зерттелініп, 
қарастырылатын заттар жөнінде нақты образдың тусініктер қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Мектепте табиғи көрнекі құралдар ретінде көбінесе 
гербарийлер, табиғи және өндірістік улестіру материалдары, коллекциялар, 
қараушы тәрізді қуыршақтар мен препараттар пайдаланылады Гербарийлер 
дегеніміз кептірілген өсімдіктердің жинағы, мұнда өсімдік кіші көлемде болса, 


онда ол тутастай көрсетілуі мүмкін, бірақ көбінесе өсімдіктен жапырақтары, 
гүлдері, сабақтары жекелеген бөліктері көрсетіледі мұнда.
Коллекция дегеніміз жалпы тақырып үшін арнайы біріккен заттардың 
жүйеленген жинағы. Бастауыш мектептерінде пайдалы қазбалардың , 
өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының , жергілікті топырақтардың 
үлгілерінің коллекциялары, сонымен бірге шикізаттың дайын өнімге дейінгі 
әртүрлі тканьдерді өндірудің негізгі сатыларын көрсететін коллекциялар да 
қолданылады 
Үлестіру материалының мазмұны ретінде топырақтардың, пайдалы 
қазбалардың, өнеркәсіп шикізаттарының, дайын өнімдердің улгілері ретінде 
көрініс береді, бірақ бұл демонстрациялық ретінде бір ғана экземплярда емес, 
көлемі кішірейтілген 20-40 экземплярда шығарылады. Бұл улгілер 
оқушыларға онымен тікелей жұмыс жүргізу ушін үлестіріліп, таратылады. 
Өсімдіктер мен жануарлар организмінің препараттары кептірілген құрғақ 
препарат түрінде немесе консервіленген сұйық препарат ретінде шығарылады. 
Мұндай препараттарда ұсақ жануарлардың жекелеген экземплярлары 
біртүтас, мушеленген немесе жабық түрде көрсетілген, құрғақ препараттар 
беті жабық қораптарда, ол суйық препараттар цилиндр немесе басқа бір 
формадағы шыны ыдыстарда сақталынады. Ал қуыршақтар болса жануарлар 
позасын сипаттайтын сыртқы турді, көлемді, тусті береді.
Шынайы заттар болса, адамдарың бұрынғы өмірін, олардың еңбектерін, 
турмысын, мәдиниетін сипаттайды және бұл тарихи-қоғамдық сипаттағы 
статьяларды оқу кезінде демонстрация ушін қолданылады. Шынайы заттар 
тобына археологиялық жолмен табылған заттар яғни ыдыс аяқ қалдықтары, 
еңбек құралдары, қарулар, тиындар, әшекей буйымдар жатады. Бастауыш 
сыныптарына арналған оқу құралдарына көрнемдік көрнекі құралдар жатады. 
Олар жазықтықты және көлемді болып болінеді. Жазықтықты құралдарға 
бейнелер суреттемелер, иллюстрациялық таблицалар жатады, ал көлемді 
құралдарға үлгілер, макеттер, муляждар жатады. Көрнемдік көрнекі құралдар 
образдың және шартты болып бөлінеді. 
Сурет-бастауыш сыныптарында кең қолданылатын негізгі көрнекі оқу 
құралдарының бірі болып табылады. Суреттің рөлі әртурлі сабақтарда әртурлі. 
Сурет ақпараттың қайнар көзі болып, иллюстрация рөлін атқарып, 
оқушылардың тілін дамыту тәсілі ретінде қызмет етеді. Мектептерде 
мектептерге арналған оқу суреттерімен бірге сурет өнеріндегі ұлы 
шеберлердің шығармаларын қайтадан көшіруді де пайдалынады. Оқытушы 
көркем шығарманың эмоциональдың қабылдауға байланыстылығын есте 
ұстап, өнер шығармалары мен суреттерге деген бырыңғай әдістің 
болмайтындығың ескеруі керек. Оқуға арналған суреттер екі турлі форматта 
шығарылады. Олар бүкіл сынып ушін көрсетіге арналған қабырғалық, улкен 
суреттер және улестіріліп беретін шағын көлемді суреттер. Қабырға суреттері 
көбінесе тематикалық сериялармен шығарылса, улестірмелі суреттер жинақ 
бойынша шығарылады. Бастауыш сыныптарында пәндік суреттер кең 
қолданылады, яғни жекелеген заттарды бейнелейтін суреттемелер. Бұлар 
улкен және кіші форматта болады. Образдың көрнекі құралдарға таблицалар 


ішінен иллюстрациялық құралдар жатады, мысалы: жануарлар организмінің 
анотомиялық құрылысын, машиналардың құрылысын көрсететін таблицалар 
сияқты. Иллюстрациялық таблицаларда белгілі бір құбылыстың, процесстін 
дамуының әртурлі сатылары, жекелеген обьектілер арасындағы өзара 
байланыстар сияқты бірнеше жекелеген кескіндемелер көрсетілген. 
Сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда портретті қолданады. Әрбір 
мектепте саяси, мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің сонымен бірге 
суретшілер, композиторлар, ұлттық батырлардың портреттері болуы керек. 
Альбомдар деп сызбалар, суреттерді таңдап көшіру болып табылады. 
Муляждар дегеніміз ешқандай шарттылықты болдырмайтын оригинал 
кескіні, булар сырт пішінге, көлемге, формаға, тур туске нақты дәл кескін 
береді. Бастауыш мектептерінде жеміс жидектер мен көкөністердің дайын 
муляждары болады.
Үлгілер дегеніміз заттарды кішірейген және улкейтілген турде кескіндеу. 
Муляжға 
қарағанда 
улгілерде 
оригинальды 
жеткізудегі 
белгілі 
шарттылықтарды ескеруге жас берілген: яғни кішірейген масштаб, обьектінің 
құрылысының кескінін схематизациялау, боядың шарттылығы. 
Макеттер дегеніміз заттын ушамиемді кескіні, макеттер көбінесе өте зор 
обьектілерді 
өте 
кішірейген 
масштабта 
кескіндейді, 
яғни 
тұтас 
архитектуралық ансамбльдерді, табиғи ландшафттарды кескіндейді. 
Диорамалар 
дегеніміз 
табиғи 
ландшафттарды, 
архитектуралық 
ансамбльдерді, әртурлі сахналарды театр декорацияларының типі бойынша 
орналасқан бірнеше жоспарларда кескіндейді. 
Диорамалар көбінесе жазықтықты болып келеді, бірақ кейде алдынғы 
жоспарға көлемді заттарды қояды. 
Шартты белгілік көрнекі құралдарзаттар мен құбылыстарды схемалы 
турде, шартты белгілермен, абстракцияланған, логикалық негізде өңделген 
турде кескіндей отырып, олардың мәнің ашып көрсетіп беретіндей. Шартты 
көрнекі құралдарға схемалық суреттер, сызбалар, графиктер, диограмалар, 
сонымен бірге жоспар, карта, картосхема, атлас, глобус сияқты 
картографиялық құралдар жатады. Ал белгілік көрнекі құралдарға 
графикалық, текстілік, сандық оқу таблицалары жатады. Оқу таблицалары өз 
бағыттары бойынша танымдық, инструкциялық, машықтандырғыш және 
анықтамалық деп бөлінеді. Таблицалар құрылысы жағынан статикалық және 
динамикалық болып бөлінеді. Динамикалық таблицалар көбінесе төменгі 
сынып оқушыларының назарын аудартады, өйткені бұл таблица оқушылардың 
танымдық қызметін дамытады. 
Оқытудың техникалық құралдарына: экрандыњ көрнекі құралдарды 
көрсетудегі проекциялың аппаратуралар және дыбыстың оқу құралдарын 
тындауға араналған аппаратуралар мен құралдар жатады. Оқытудағы 
техникалық құралдар тобына мектептерде оқу мақсаты ушін пайдаланатын 
теледидарларды, 
видеоаппаратураларды 
және 
радиоаппаратураларды 
жатқызамыз. Сонымен бірге бұл топқа оқу құралы ретінде микроскоп және 
лупа жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет