Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет20/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38























19 – тақырып.

Скот Роберт Фолкон


Ұлыбритания офицеры - Скотт Роберт Фолкон

Скотт (ағылш. Robert Falcon Scott) Роберт Фолкон (6.6. 1868, Девонпорт — 30.3.1912 ж. ш.) — Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын басқарып, “Дискавери” әскери кемесімен Антарктидаға аттанды.



1901 — 04 ж. аралығында Виктория жерін, Росс түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп, Эдуард VІІ түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82Ә17о. е-ке дейін жетті. 1910 ж. 15 маусымда “Терра Нова” кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай аттанды. 1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р.Амундсеннен 33 күннен кейін төрт серігімен бірге Оңтүстік полюске жетті. Қайтар жолда серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі мұздықТынық мұхиттың оңтүстігіндегі арал, Виктория Жеріндегі жаға, т.б. аталады.

1912 жыл, қантардың 18. Скотт саяхатының соңғы суреті. Солдан оңға қарай: Лоуренс Оутс, Генри Боуэрс, Эдгар Эванс, Роберт Скотт, Эдвард Уилсон.



20 – тақырып.

Афанасий Никитин 

 Орта ғасырлардағы саяхаттар жөнінде әнгіме жүргізгенде,орыс көпесі Афнасий Никитиннің Үндістанға жасаған “кезбесі”түседі.Ол алыс жерлерде табаны тиген  алғашқы орыс жиhанкездері мен теңізшілердің қатарында мәртебелі орын алады.Никитин Алдыңғы Азия  елдеріне Марко Полодан 200жыл кейін барды,теңізді Ормуздан Үндістанға дейін жүзіп өтті,одан бұрын еуропалықтар мүлде болмаған Үндістанның ішкі аудандарына барып кайтты.

Каспий маңындағы Кавказдағы Ширван хандығының елшісі Хасан-Бек 1468 жылдың басында Мәскеуге келгенде Никитиннің алыс сапарға аттануына мүмкіншілік туды. Мәскеу мен Тверь көпестері еліне қайтып бара жатқан елшінің керуенімен бірге Каспий мемлекеттері мен Парсы елінде сауда жасау мақсатында еріп барды. Бірнеше кеме болып 30 жуық көпестер жолға шықты. Елші және көпестердің кемелері Астраханға дейін аман – есен жетті. Бірақ Астрахан маңында кемелерге татарлар шабуыл жасап, оларды тонады. Бүкіл керуеннен екі-ақ кеме аман қалды.

Еділ сағасынан олар Дербент қаласына бағытталды. Жолында Хвалын (Каспий) теңізінде қатты дауыл соғып, бір кеме жағаға соғылып қирайды, ал екіншісін жергілікті тайпалар тонап, талқандайды.



Көпестерден тауарларды несиеге алған Никитин туған жеріне құр қолымен қайта алмағандықтан ол Персияға барып, онда екі жылдан астам тұрды.

21 – тақырып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет