Крашенинников Степан Петрович
Крашенинников Степан Петрович
(31. 10. 1711, Москва, — 25. 2. 1755, Санкт-Петербург) — орыс ғалымы, Камчатканы зерттеушi.
Академик (1750). 1724–1732 жылдары Москва славяк-грек-латын академиясында, 1732–1733 жылдары Санкт-Петербург университетiнде оқыды, Екінші Камчатка экспедициясына қатысты (1733–1743). 1733–1736 жылдары Сiбiрге саяхат жасады.
1737–1741 жылдары Камчатка түбегiн зерттедi. Осында жинаған материалдары негiзiнде «Описание камчатского народа» «О завоевании Камчатской землицы» деген алғашқы ғылми еңбектерін жазды. Бұл еңбектерiнде Камчатка түбегiнiң географиясы, экономикасы, халқы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, тiлi жөінде ғылми құнды деректерді келтіредi. Камчаткада Крашенинников есімімен аталатын арал, мүйiс, түбек, тау, көл бар.
Достарыңызбен бөлісу: |