Шеберлік-сынып мұғалімнің аты-жөні



бет1/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#24299
  1   2   3   4   5   6

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП


Мұғалімнің аты-жөні: Джилкибаева Гулжан Хасановна

Жұмыс өтілі: 14 жыл

Санаты: бірінші

Жұмыс орны: Алматы облысы Талдықорған қаласы

14 орта мектеп-гимназиясы



Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі.

Байланыс телефоны: 87784411284 , what’s app 87025393256. E-mail: gulzhan.7.77@mail.ru
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:

ТАҚЫРЫП: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру.

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

Мектеп ұжымына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Білім сапасы артады, мұғалімдер орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарына 7 модульді жоспарларына ықпалдастыра алады. Қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясына салуды үйренеді, оқушылардың ынталануына , критерийалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізеді

МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Мектеп ұжымы.

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Қызығушылықты ояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) , мәтінмен жұмыс, постер қорғау, кері байланыс түрлерімен таныстыру.


  • ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым,аудио және видио материалдар

  • ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар үлгісі, « кері байланыс» түрлері.

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП МАЗМҰНЫ :

Жұмыс кезеңі:

Кіріспе бөлім

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар


Ой қозғау.

«Дейін-кейін» кестесі



Бірлескен талдау.

Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар дегенді қалай түсінесіздер.

Мақсат:

Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып белсенділігін арттыру,топтық жұмысқа жұмылдыру.

Міндеттер:

Қатысушылар топқа бөлініп,бір-біріне жылы лебіздерін жолдап,ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Әдістер:

әңгіме; диалог топпен жұмыс.


Ұйымдастыру кезеңі Қатысушыларды шеңберге турғызып бір-біріне комплимен айтады. Ынтымақтастық орнайды.

Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.Түрлі түсті стикерлерді тарату арқылы топқа бөлу.



5мин.


Стикер түстеріне қарай топқа бөліну.

Мағынаны ашу

Мақсат: Мұғалімдерге орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құруға үйрету. Қолданылатын стратегиялармен таныстыру.

Әдістер:

Сұрақ-жауап



«Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» « 7 модуль» жайлы не білесіздер? Деген сұрақты «дейін» кестесіне толтырды.

1.Таныстырылым. « Орта мерзімді жоспар» үлгі бойынша кесте түрлері, мақсаты, маңызы,мәні

-қадағалау;

-интерпретация;

-қорытынды.

2.Таныстырылым: Блум таксономиясы презентациясы.

3. Таныстырылым: «Қысқа мерзімді жоспар» үлгісі, мақсаты, маңыздылығы.

4. Таныстырылым: Сабақта қолданылатын стратегиялар, талқылау тәсілдерінің жинағымен таныстыру.


Таныстырылымды көре отырып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар туралы түсінік қалыптасады.



20

мин



Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспармен танысады

Топтық жұмыс

Постер қорғау.




Практикалық тапсырмалар арқылы орта мерзімді жоспарды құруға үйрету.


Мұғалімдер бірлестік болып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрып үйренеді.

20 мин

Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар

Сергіту сәті

«Вокзал» биі

Би ырғағын қайталайды

2 мин

Видеозапись

«Дейін-кейін» кестесі

Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанын толтыруды сұраймын.


«Дейін-кейін» кестесін толтырады

10 мин

Кері байланыс түрлері .


Ассоцияция тәсілін талдау

Екі мұғалімнің сабақ бойы алған әсерін тыңдау.

2 мұғалім сөйлейді

5мин

Сұрақтар қатары.

Кері байланыс


«Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс жазады

3 мин




«Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарға 7 модульді ықпалдастыру» тақырыбында өткен коучингіге



РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕП.

Талдықорған қаласының № 14 орта мектеп – гимназиясында 87 мұғалім дәріс береді. Ұжым – шығармашылықпен айналысатын , жаңашылдыққа бейімді, ізденімпаз, ұйымшыл. «Оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер» тақырыбында өткен коучингте алынған кері байланыста біраз мұғалімдердің «Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлауды үйретсеңіздер», «7 модульді ықпалдастырып сабақ жоспарларын құруды үйренгім келеді» сияқты жазбаларды басшылыққа ала отырып «Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру» тақырыбында коучинг жоспарладық. Әдеттегідей тақырыпты басшылыққа ала отырып үйрету сабағы деп ұжымға хабарладық. Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «комплимент» тренингісімен бастадық. Келген мұғалімдерді шеңбер бойымен тұрғызып бір-біріне комплимент айтты. Жағымды атмосфера орын алғанын мұғалімдердің «жақсы боп қалдық», «5 жасқа жасарып кеттік» деген сөздерінен байқадым. Келесі стикерлер арқылы

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

Қазақ тілі, Математика Бастауыш Орыс тілі

География, Информатика Эстетикалық цикл Ағылшын тілі

История Физика



Биология пәндері бойынша бірге топтастырып отыруға тырыстық, себебі орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды құруға ыңғайлы болу үшін. Топқа бөлініп отырғанан кейін топ ережесін құрып алды. Топ спикерін, тайм-кипперді сайлап алды. Әдеттегідей коучингті диалогқа түсуден бастадым. «Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» « 7 модуль» жайлы не білесіздер? Қолдарына «дейін-кейін» кестесін таратып бердім. Сұраққа берілетін жауапты «дейін» бағанына толтыруды өтіндім. Әр топ қатысушысы топтарында жеке орындап, одан топта талқылап «дейін» бағанына жазғандарын оқып берді. Жауаптары шашыраңқы болды.

Сөз кезегін әріптесім Аппасова Еркежан Жиенбайқызына бердім. Еркежан Жиенбайқызы «Орта мерзімді жоспар» жайлы таныстырылым көрсетті. Мақсатына, маңыздылығына тоқталды. Үлгі бойынша кесте түрінде көрсетілген орта мерзімді жоспар жайлы түсінік берді. Коучингіге қатысушы әріптестер бірден күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын алып орта мерзімді жоспарды құруға қызығушылық танытты. Орта мерзімді жоспар үлгілерін топтарға үлестіріп бірден бір жоспарды құруға тапсырма бердік. Әрине бұл бастапқы жоспарда жоспарланбаған сол себепті, коучинг үстінде жоспардан тыс әрекеттер орын алды. Құрған орта мерзімді қорғап берді. Қорғау барысында жалпы түсінгендерін байқадым. Дегенменде 7 модульді ықпалдастыруды, қолданатын талқылау құралдары туралы мағлұматтар аз болғандықтан біраз қиындықтар туындады. Себебі әріптестерімнің «ДЖИГСО, Аквариумдағы балық, Ыстық орындық» деген не? Деген сұрақтарына жауап беру үшін келесі сөзді өз кезегіме алып



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет