Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың маңызы неде?
Көліктегі ветеринариялық бақылау бекеті (КВББ)?
Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеті (ШВББ)?
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың негізгі мәселесі, міндеттері, құқықтары неде?
ҚР АШМ шекара мен көліктегі мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың құрылымы?
6.Шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерінің тізімі және орналасуы.
7. Мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының негізгі міндеттері?
3 Тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ОРНЫ АУЫСТЫРЫЛАТЫН (ТАСЫМАЛДАНАТЫН) ОБЪЕКТІЛЕРДІ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзiрлендi және ҚР Үкіметіметінің 2012.09.05 №1146 Қаулысымен бекітілген.
Шекара арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу мақсатында уәкiлеттi орган шекара және кеден пункттерiнде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiн (бұдан әрi – ВББ) ұйымдастырады, бақылауды және қадағалауды мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады. ВББ-де мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін орындау кезінде ветеринариялық символикасы бар нысанды киім (погонсыз) киеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында орналасқан ветеринарлық бақылау бекеттерін ұйымдастыру
Комитеттің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық инспекциялары, олардың ішінде орын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілеріне ветеринариялықсанитариялық бақылау және қадағалау жүргізетін қажетті құралдармен және жабдықтармен жарақталған шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тура келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттері бар.
Бекеттерді ұйымдастырудың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуының алдын алу. Бекеттер, мiндеттi түрде мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандар өткізiлетiн шекара және кеден пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында жануарлардың ерекше қауiптi аурулары шыққан кезде өткiзу пункттерiнде ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде және тәртiппен көлiк құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады. Бекеттер ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады. Бекеттер белгiленген режимде жұмыс істейдi және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады. Бекеттердiң инспекторлары өз жұмысында ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық келісiмдерiн басшылыққа алады және басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен өзара iс-қимылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күне жалпы 28 ветеринарлық бақылау бекеттері бар, соның ішінде; 2-әуежайда орналасқан бекеттер, 5-темір жолында, 18автокөлік жолдарында орналасқан, одан басқа темір жолда вагондарды өндеу үшін 2-дезинфекциялық жуғыш станциялары бар ("Жана Семей" және "Анар" станциясы). Автокөлік жолында - 2013 жылы - 18 дезинфекциялық жуғыш станциялары ұйымдастырылды, соның ішінде: 5-Қытай Халықаралық Республикасымен (Алматы, Шығыс-Қазақстан облысы), Қырғыз Республикасымен - 9 (Алматы Жамбыл облысы), Ресей Федерациясымен - 4 бекет (Батыс-Қазақстан, Павлодар, Жамбыл Атырау, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстары). Бұл аталмыш автокөліктегі дезинфекциялық жуғыш бекеттердің саны жыл сайын өзгеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |