Түбітті аңдарды тасымалдау. Дені сау жануарларды жүк таситын ұшақтарда арнайы рейстермен тасымалдайды. Түбітті аңдарды арнайы торларда тасымалдайды. (9-кестеде көлемдері көрсетілген), ұшаққа белгіленген норма бойынша артылады. Арту жұмыстарын жөнелтуші ұшақтың ұшуына бір сағат қалғанда жүргізеді.
Көліктік торларды ұшақта кем дегенде 5 қатарда орналастырады. Торларды рейкалармен бекітеді. Азық және су беру үшін сым немесе жіппен байлап, өтетін жол қалдырады. Жануарларды тасымалдау үшін жүк жөнелтуші құрал, ветеринарлық қобдиша, ішетін су және бір жануарға 200-400г туралған фарш бір тәулікке жететін құрамында антибиотигі бар балауса еттен дайындалған салқындатылған ет турамасын, ал сазқұндыз үшін сондай мөлшерде фуражды бидай салады. Ұшу барысында барлық желдеткіштер қосылып, газ құбырлы ұшақтардың кабиналарында жануарлар өмірі үшін жағдай жасалынады. Құндыз, түлкі, песец (қара түлкі), бұлғын аңдары үшін кабинадағы ауа температурасы -100С, сазқұндыз -50С, максималды көрсеткіш кем дегенде 100С-тан, қысқа уақытты тұрақ кезінде ұшақ есіктері, жүк кабинасының люктері ашық болуы тиіс. Газ құбырлы және реактивті ұшақтарда герметизирленген кабиналарсыз аңдарды тасымалдауға болмайды. Поршенді ұшақтарда тасымалданатын аңдарды 1-2 жолсерігі қадағалайды, газ құбырлы ұшақтарда 2-3 тасымалдау ережелерімен танысқан, тәжірибеші жолсеріктер тағайындалады. Ұшаққа жүктелген аңдар жөнінде жөнелтуші телеграмма арқылы жүк алушыға хабар береді, сонымен қатар уақытын, ұшқан күні, ұшақ рейсінің нөмерін айтады.
Жүк алушы шаруашылық әкімшілігі тасымалданып әкелінген аңдарда ұшақтан түсіріп, арнайы өңделген жүк автокөліктермен шаруашылыққа жөнелту жұмыстарын жүргізеді.
10-Кесте. Түбітті аңдарды тасымалдауға арналған көліктік торлардың көлемі