Шемонаиха ауданында 2013 жылға арналған Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпарат



Дата31.01.2018
өлшемі40,94 Kb.
#36354
Шемонаиха ауданында 2013 жылға арналған Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпарат
Ауданда 2011-2015 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша аймақтық бағдарлама және аудандық іс-шаралардың жоспары әзірленіп, кезең - кезеңмен орындалуда.

Аймақта дене тәрбиесі бойынша оқу сабақтарын өткізу үшін, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға және өткізуге арналған 92 спорттық ғимараттар бар, оның ішінде: 3 стадион, 23 спорт залдары, спорттық кешен, жеңіл атлетика манежі, 3 шаңғы базасы, 5 атқыштар тирі, 43 спорт алаңдары, 33 футбол және шағын футбол алаңдары, 7 хоккей қорабтары бар.

Ауданда 11084 адамды қамтумен, 46 дене шынықтыру ұжымы жұмыс атқарады, ауданның жалпы халқы санының 24% құрайды.

Шемонаиха қаласында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған «Қызығушылық клубы» бар. Клуб өкілдері шахмат, жеңіл атлетика бойынша облыстық жарыстарға қатысады.

Жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің сапалық құрамы: 37 дене шынықтыру мұғалімінің – 29 жоғары дене шынықтыру білімі бар.

Ауданда «Шемонаиха аймағы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» ММ өз жұмысын жалғастыруда, ауданның тұрғылықты пункттерінде 7 спорт түрі бойынша 6 филиалы бар: волейбол, акробатика, дзю-до, жеңіл атлетика, футбол, шаңғы жарыстары, еркін күрес; жаттығушылар саны –395, жаттықтырушылар саны - 16. Барлық жаттықтырушылар – оқытушылардың жоғары білімдері бар.



2012 жылы дене шынықтыру және спорт бөлімі желісі бойынша материалдық-техникалық базаны нығайтуға және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге аудандық бюджет қаражатынан 3 шығын бағдарламасы бойынша 11431 мың теңге бөлінді.

2012 жылы дене шынықтыру және спорт бөлімі желісі бойынша аудандық бюджет қаражатына сатып алынды: 23 доп таяқ, 72 жұп коньки, 30 жұп шаңғы, 22 хоккей формасы жиынтығы, тоғыз құмалақ, көкпарға арналған форма, әртүрлі спорт түрлеріне арналған спорт формалары жаңартылды.

2013 жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге аудандық бюджет қаражатынан 3 шығын бағдарламасы бойынша 11341 мың теңге бөлінді.

Ауданда спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесі негізінде дене шынықтыру және спорт бөлімі БЖСМ, білім беру бөлімі және басқа да әлеуметтік сала бөлімдерімен бірлесе, 2012 жылы 27400 адамды қамтумен, 110 спорттық іс шара дайындалып өткізілді. Барлық жарыстардың жеңімпаздары мақтау мадақтамалары және сыйлықтармен атап өтілді.

2013 жылғы кезеңде 10250 адамды қамтумен, 141 спорттық іс- шара өткізілді. Жыл ағымында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының Спартакиадасы өткізіледі. 2013 жылы спартакиада шеңберінде мына түрлері өткізілді: шаңғы жарыстары, үстел теннисі, хоккей, тоғыз-құмалак, қазақша-күрес, президенттік жазғы бірнеше түрден жарыс, шағын футбол, волейбол, шахмат.

Ауданның мемлекеттік қызметшілер құрама командасы жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің Облыстық Спартакиадасына қатысады. В. Касьяненко және жерлес - жазушы А.Ивановқа, батыр В.Зубконың естелігіне арналған ерлер командалары арасында волейбол бойынша турнирлер және шаруа қожалықтары басшылары жүлдесіне арналған атты спорт түрлері бойынша жарыстар дәстүрлі өткізіледі.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі мына жұмыс түрлерін жүргізеді, Республикалық спорт акциялары, мемлекеттік, ұлттық және халықтық мерекелер - «Денсаулық фестивалі», «Ұлт денсаулығы», «Олимпиада күні», «Спорт күні».

2012 жылы Шемонаиха қаласының теміржолшылар кентінде жасанды жабынмен шағын футбол алаңы салынды.

2013 жылы тірек ауылдар бағдарламасы бойынша (Верх-Уба а/о, Выдриха а/о, Вавилон а/о) жасанды жабынмен 3 шағын-футбол алаңы, Шемонаиха қаласында 2 шағын-футбол алаңы, Волчанка а/о екі футбол алаңы пайдалануға берілді, ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санын көп қамтуға мүмкіндік береді, маскүнемдікпен, темекі шегумен және балалар құқық бұзушылығымен күрес жұмысын жақсартады, салауатты өмір салтын насихаттауды жоғарлатады.

Қазақстан футболының 100 жылдығын өткізу акциясы аясында 1000 футбол доптары сатып алынды, тақырыптарға сәйкес баннерлер дайындалды.

Шемонаиха қаласында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда.

Шемонаиха ауданы әкімінің жүлдесіне арналған ұлттық спорт ойындары жыл сайын өткізіледі. 2013 жылы жарысқа 200 жуық адам қатысты.

Аудан спортшылары ағымдағы 2013 жылдың мамыр-маусым айларында аймақтық жарыс өткізу аясында ШҚО әкімі жүлдесіне арналған XVII Ұлттық спорт ойындары бағдарламасына, Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған әртүрлі спорт түрінен жарысқа қатысты.
Шемонаиха ауданы командасы 23-28 маусым аралығында Семей қаласында ШҚО әкімі жүлдесіне арналған XVII Ұлттық спорт ойындарына қатысты.

10 тамызда Усть-Таловка кентіндегі спорт кешенінің футбол алаңында Шемонаиха ауданы футбол ардагерлерінің кездесуі өтті. Осы кездесуге Ресей қалалары: Барнаулдан, Москвадан, Магаданнан, сондай-ақ Павлодар, Шемонаиха қалаларынан, Первомайский, Усь-Таловка кенттерінен футбол-ардагерлері келді, Шемонаиха ауданының «Метеор» командасының бірінші жатықтырушысы Николай Иванович Евдокимов кездесуге қатысты.

Усть-Таловка кентіндегі спорт кешенінде спортпен айналысатындардың басым көпшілігі – мектеп жасындағы балалар, жастар, МХК жұмысшылары және қызметкерлері, күнделікті өткізу қабілеті 500 адам. Ауданда 3 жасөспірімдер клубы жұмыс істейді: «Смена», «Олимп» (хоккей, футбол, үстел ойындары), «Самсон» (атлетикалық гимнастика).

Әртүрлі спорт түрінен облыстық деңгейдегі жарыстарға 600 жуық спортшылар қатысты.



Шемонаиха ауданындағы барлық спорт ғимараттары ақысыз негізде жұмыс істейді.

Шемонаиха ауданы

дене шынықтыру және спорт

бөлімінің басшысы А.Кириченко



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет