Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет49/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер

оны  Ескендір  деуші  едім  ғой.  Қайда  екен  азамат?  Тірі  ме 
екен? Тірі болса, қызыл жалау көтеретіндердің бірі сол болар. 
Қос  Александрдан  мен  жақсылықты  көп  көрдім.  Олардың 
жақсылығын  қалай  өтесем  екен  деп  те  ойлаймын.  Қамқа 
кигізбеспін,  күреңді  мінгізбеспін,  бірақ  бір  арман:  осы  жарық 
жалғанда мен сенен немере сүйсем, Тұрар, тағдыр осы тілегімді 
берсе, мен оның атын Ескендір қоярмын деуші едім. Екі досыма – 
қос Александрға менің ескерткішім сол болар деуші едім. Қайдан 
білейін...


Талабым  о  басында-ақ  тайды  жейтін  бөрідей-ақ  едім, 
балам. Мені өлтірмей сақтаған сол талаптың шарпуы шығар. 
Құланның  жайылуы  бір,  жусауы  бөлек,  қыранның  ұшуы  бір, 
алуы бөлек. Ал тағдыр біздің жайылуымызды да, ұшуымызды 
да  бөлектеп  жіберді.  Бірақ  баяғы  бөрілікке  басып,  елге  қарай 
етегім жасқа толып, аяғымды, тac маңдайымды қарсы бұтақ 
тіліп, Тайганың тap соқпағымен оңтүстікті бетке алып, сенің 
елесіңді шырағдан қылып жағып, кеудемді алға сүйрелеп жөней 
бердім. Серіктерім – Александр мен Мамытбек қырғыз болды.
Есіңде ме, Тұрар, мені Алматыдан каторгаға айдап шыққанда 
арбада  бір  қырғыз  отыр  еді  ғой.  Мамытбек  сол.  Бұрынғыдай 
тағы да қанды қақпанға түсер едік, бұл жолы Александр ақыл 
тапты.  Байкал  теңізін  бұрынғыдай  жаяу  айналмай,  біз  сол 
дарияны  қалтылдақ  қайықпен  жүзіп  өтуге  тәуекел  қылдық. 
Қуғыншы бізді Тайганың жолдарынан торитыны ақиқат. Ал біз 
олар назар сала бермейтін теңізді жарып өтуге бел байладық. 
Кеме  болмаса,  қу  қайықпен  бұл  дарияны  кешіп  өту  ақылға 
келмейтін  сұмдық!
Айхай, дүние-ай! Қарасұр қорғасындай сол Байкалдың шексіз 
теңізінде біз бір шөпшек сияқты, байтақ дүниедегі үш шіркей 
сияқты едік қой. Айхай, сонда Александрдың «Баргузин» дейтін 
әуенді  аңыратқаны-ай.  Мамытбектің  «Алатауды»  айтып 
сай-сүйегімді  сырқыратқаны-ай,  әуен  құдіретін  мен  тәуекел 
қайығының  үстінде,  Байкалдың  түпсіз  тұңғиық  зүмірет  суын 
кешкенде сездім, Тұрар. Мен саған аман жетсем, сол орыс пен 
қырғыздың әруақты әуендерін айтып берер ме едім. Бодойбода 
қалған  башқұрт  бауырым  Ділмұхамедтің  «Салауатын»  да 
айтып  берер  едім.
Қайтар едім жолым жоқ,
Сулар буған жолымды
Жұлдыздардан көпір салар ем,
Бұғаулады жазмыш қолымды, –
деген  екен  Балтық  дариясының  аралында  қалған  ер 
Салауат. Менің де жолымды сулар буған еді, менің де қолымды 
тағдыр  бұғаулаған  еді.  Соның  бәріне  қарсы  ақсиып,  аузымды 


сақылдатып, бұғауды үзіп, теңізге үш құлаш қу қайықты салып, 
«а,  Тұрарлап!»  төтесінен  тарттым,  атасына  нәлет!
Теңізде  толқын  тулап,  қайығымызды  аударып  жібере 
жаздағанын,  ашығып  шикі  шабақ  жегенімізді,  теңіздің  бергі 
бетіне  шыққан  соң  жан  баласына  көрінуге  қорқып,  бұқпалап, 
бұта тасалап жүргенімізді – бәрін-бәрін тізе беріп, қайтейін, 
шырағым.  Бұрынғылардың  қиссасындай  шексіз  бір  хикая.
Бодойбодан  қашып  шығуымыз  да  тоғыз  жүз  он  бесінші 
жылдың  жазы  еді,  біз  содан  қазақ  жерінің  шетіне,  Құлынды 
жазығына жеткенде қыс түсті. Барнаул деген жерде Александр 
қоштасып,  Петерборға  қарай  жол  тартты.  Қоштасарда 
құшақтасып  тұрып  айтқаны:
–  Патша  сендерді  каторгаға  айдап,  мұқатқанмен,  бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет