Ө.Айтбайұлының еңбектерінде терминжасамның сөз болып отырған тәсілі жоғарыда аталған терминдермен және мәністік тәсіл, терминдендіру, терминдену деп аталады
Ө.Айтбайұлының еңбектерінде терминжасамның сөз болып отырған тәсілі жоғарыда аталған терминдермен және мәністік тәсіл, терминдендіру, терминдену деп аталады.
Бұл аталғандардың ішінен біз ең соңғы «терминдену» терминіне тоқталдық. Себебі, жоғарыда аталған терминдердің көпшілігі терминге қойылатын талаптарға сай емес немесе терминдік ұғымды дәл бере алмайды. Мәселен, жалпы қолданыстағы сөздің терминге айналуы, жалпы қолданыстағы сөздерге жаңа арнаулы мағына жүктеу, жалпы әдеби тілдегі сөздердің терминденуі, байырғы сөздерді терминологиялық мағынада жұмсау, тілдегі сөздерді терминологиялық мағынада қолдану, халықтық лексиканың терминденуі, сөз мағынасын өзгерту терминдері – біріншіден тым шұбалаңқы, қолдануға қолайсыз, екіншіден, олардың ұғым атауы болудан гөрі сипаттық мәні басым, үшіншіден, ғылыми ұғымның өзіне ғана тән ең маңызды белгілері қамтылмаған.