лексикалық мағыналы сөз + сөзжасамдық жұрнақ = туынды сөз.
1. -а Жаз/а, жыр/а, айнал/а
Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ. Сөзжасамдық аясы
кең емес.
2. -ай Маң/ -ай, мал/-ай, бау(ы)р/ай Зат есімнен зат есім
тудыратын жұрнақ
3 -ақ жат/ақ, қон/ақ, тұр/ақ
Етістіктен зат есім
тудыратын жұрнақ.
Соңғы жылдары
бұл жұрнақтың
қатысуымен Ұш/ақ
сынды бірлі-жарым
терминдер ғана
жасалды.
4. -ақ Бу(ы)н/ақ, жұр(ы)н/ақ, жи(ы)
н/ақ
Зат есімнен зат есім
тудыратын жұрнақ
-ғыш Қыр/ғыш, сыз/ғыш, сыпыр/
ғыш т.б.
Етістіктен зат есім
тудыратын жұрнақ
-дама Тұжырым/дама,
дама/-деме, -тама/-
теме зат есімнен
зат есім туғызатын
құранды жұрнақ.
Ескерту: Бұл
формант бұйрық
44.рай тұлғалы
етістіктен –ма/-
ме (-ба/-бе, -па/-
пе) арқылы зат
есім тудыратын
жұрнақ ретінде де
қарастырылады.
-дақ Мұз/дақ, тоқыл/дақ, шаң/дақ,
бор/дақ, бой/дақ
-лақ/-лек, -дақ/
-дек, -тақ/-тек зат
есімнен зат есім
жасайтын өнімсіз
жұрнақ. Сөзжасамдық
қызметі -лық, -лы
жұрнақтарымен
сәйкеседі.
Төмендегі аналитикалық тәсілдің жіктелуі мен анықтамалар осы еңбек бойынша беріліп отыр.
Олар:
2. ТЕРМИНЖАСАМНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТӘСІЛІ
Екі я онан да көп түбір сөздер біртұтас дыбыстық құрамға қосылып, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды білдіріп, бір лексикалық единица жасайды. Мысалы, еңбекақы, асқазан, зейнетақы, гүлсерік, бессайыс, елтаңба, әнұран, әуежай, бағдаршам, жеделхат, жанкүйер, желкерме (парашют), қолжазба, қолхат, мұражай, сусабын (шампунь), дәйексөз (цитата), оққағар (телеохранитель) т.б. сөздер осы сөзқосым (словосложение) тәсілімен жасалған. Екі сөздің бірігу нәтижесінде іштей морфемалық, дыбыстық өзгерістерге ұшырап, әбден жымдасып, тұтасып кеткен біріккен сөз түрін кіріккен сөздейді. Мысалы, білезік, қарлығаш, сексен, тоқсан т.б.
Сөздерді қосарлау ақылы сөз жасау қазақ тілінде бұрыннан бар тәсіл. Қос сөздер тілде екі сөздің қосарлануы арқылы және бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Соған сәйкес олар қосарлама қос сөздер және қайталама қос сөздер деп екіге бөлінеді. Бұл тәсіл терминжасамда да едәуір пайдаланылып жүр. Оған осы тәсілмен жасалған төмендегідей терминдер мысал бола алады.
Мәселен, оқ-дәрі (порох), сауда-саттық (торг), тепе-теңдік (паритет), керек-жарақ (принадлежность), келісім-шарт (контракт), қарама-қайшылық (противоречие), құрал-сайман (инвентарь), алым-салық (дань), шағым-талап (рекламация), қару-жарақ (воружение), сана-сезім (сознание), көші-қон (миграция) т.б.
ЗАҢ САЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ТЕРМИНДЕР:
Ақы заңы – Гражданский кодекс
Ақылық жол – Гражданское право
Алыс-беріс – Гражданский оборот
Жөнсіз салақтық – Грубая неосторожность
Дау ескіруі – Исковая давность
Агония – өлім жазасы
Акты – Акт
Азаматтық қалып заңы – Акт гражд. состояния
Акты кенегесі – Актовая книга
Сонымен, терминдену дегеніміз — тілдің жалпы лексикасынан немесе арнаулы лексикасынан терминделуші ұғымға сәйкес келетін сөзді тауып, оны сол ұғым қатысты болатын терминологиялық өріске өткізу арқылы аталған ұғымның атауы ретінде оған терминдік мағына жүктеу процесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Ш. Құрманбайұлы. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік,
библиография. Алматы: «», 2014. ....б. - 952 бет.
2. Ш. Құрманбайұлы. Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері//»Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері» (Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары). – Астана, 2004. 76 бет.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |