ІІІ.Сергіту сәті.
ІV.Дәптермен жұмыс
44
3.Сыпайы және дөрекі бас тартуға қатысты бірнеше мысалдар келтір.
Мысық, күшік, тауық және тышқан төртеуі сиқыршыға кез болды. Төртеуі сиқыршыға төрт түрлі өтініш айтты: Сиқыршы, сиқыршы! Маған көп нәрсенің керегі жоқ. Қамбада
қаптар көп болса, қап толы бидай болса. Сол қамбаға емін-еркін кіріп-шығатын кішкентай ғана есігім болса, шіркін!
Сиқыршы, сиқыршы! Маған жылы ұя керек! Майлы жілік керек! Сосын...сен ұдайы менің тілегімді орындайтын бол.
Сиқыршы-ау, сиқыршы! Сенің қолыңнан бәрі келеді ғой. Жеңсік асым аузыма өзі келіп түсетін болсыншы.
Сиқыршы, сиқыршы! Үй иесінің қолы ашық болсын, бізге көп-көптен тары шашып тұрсын!
*Қай өтініштің иесі кім екенін суреттен тап. Жанына
жаз.______________________________________________________________
_________________
5.Сиқыршы төртеуінің де өтінішін орындаудан бас тартты. Бас тарту себебін былайша жеткізді:
«Қанағат қарын тойғызады» дейді, сен тым қанағатсыз екенсің. Ренжіме, мен сенің тілегіңді орындай алмаймын.
Жалқаулық жарға жығатынын ұмытпа. Жалқауларды жаным сүймейді, айып етпе.
Еңбекпен тапқан астың дәмі бөлек болады. Үй иесіне иек арта бермей, өзің де еңбектенсең қайтеді? Сонда ғана мен саған көмектесуім мүмкін.
Зиянкестік жасау жақсы нәрсе емес. Сондықтан, мен сенің өтінішіңді орындай алмаймын. Ренжіме.
*Бұл жауаптардың қайсысы кімге арналған? Жаз:
________________________________
________________________________
________________________________
________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |