«Шешендік өнер» сабағының мақсаты


«Шешендік өнер» таңдау курсының 4-сыныпқа арналған



бет4/53
Дата11.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#77679
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
шешендік өнер
Қоғамның даму кезеңдері және тәрбиенің рөлі
«Шешендік өнер» таңдау курсының 4-сыныпқа арналған

күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Апталық жүктеме 1 сағат, жылдық жүктеме 34 сағат.




Тақырыбы

Сағат саны

Күні

1

Шешендік өнер дегеніміз не?







2

Мақал- мәтелдер







3

Хат жазу да өнер







4

Қанатты сөздер







5

Әдептілік белгісі







6

Сыпайы сөйлеу







7

Ауызекі тілдесу құралы







8

Өлеңді мәнерлеп оқиық







9

Сөйлеу барысында болатын кідіріс (пауза)







10

Шартты белгілер







11

Шартты белгілер







12

Жылы сөз жан жадыратады







13

Жылы сөз жан жадыратады







14

Жұбату- көмектесу







15

Жұбату- көмектесу







16

Жұбату- жебеу







17

Мен қандай тыңдаушымын







18

Мен қандай тыңдаушымын







19

Мен оқырманмын







20

Мәтін типтері







21

Мәтін типтері







22

Мәтіннің көркем тұмтары







23

Азат жол







24

Азат жол







25

Тыйымсалу- сақтандыру







26

Тыйымсалу- сақтандыру







27

Айналамыздағы белгілер







28

Айналамыздағы белгілер







29

Белгі- рәміз және белгі- көшірме







30

Белгі- рәміз және белгі- көшірме







31

Тілдік белгілер







32

Сипаттау мәтіні







33

Пайымдау мәтіні







34

Қайталау









1-сабақ

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында тапсырмалар оқушыларға ұсыну.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ситуациялық сұрақ, топтастыру.
Көрнекілігі: Қызығушылығын арттыратыратын көрнекілік, көңіл - күй фишкасы, оқулық, схема
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту

Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендеріңді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.
(Осы кейіптегі балақайларды бағалау фишкасы ретінде пайдаланамын.)
III. Негізгі бөлім
Өткенді қайталап, еске түсіру.
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдениеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларыңмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тіліңде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Схемамен жұмыс

Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын.)
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Дәптермен жұмыс.
1 - жаттығу.
Сөйлеудің, тыңдаудың, оқудың, жазудың таңбаларын салып көр.

2 - жаттығу.
Суреттерден нені көрдің? Сөйлемді аяқта.

Ділмар.......

Ділмар бар зейінімен........

Ділмар Ақтөске.......

Ділмар оқыған кітабынан........

3 - жаттығу.

Сөйлемді аяқта.
1. Айтылмаған сөз е......................

2. ............ тыңдау керек.

3. Әрдайым жақсы............ алмаймын.

4. Көп ....... керек деп ойлаймын.



Серіту сәті.

«Күн нұрының шапағы» ойынын ойнату.
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып хормен қайталаймыз.
Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатырмын.
4 - жаттығу.
-Шешендік өнерден нені үйренеміз?

-Саған сөйлеу, жазу, тыңдау, оқудың қайсысы қиынға соғады?

-Неге олай деп ойлайсың?

5- жаттығу.

Мақал- мәтелдер мен қанатты сөздерді оқып шық. Сөйлеуге және тыңдауға байланысты айтылған мақал мәтелдерді көк түсті қарындашпен, ал оқуға және жазуға қатыстыларын қызылмен белгіле.



ІV. Қортынды
Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.
1 - топ - сыйластық.
2 топ - кішіпейілділік.
3 топ - инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық...
Рефлексия

2-сабақ

Тақырып: Шешендік өнер дегеніміз не?
Мақсаты: Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұмат беріп, жан – жақты таныту арқылы оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту.
Сабақ түрі: кіріктірілген
Әдіс – тәсіл: баяндау, түсіндіру
Көрнекіліктер: Шешен билердің портреттері мен сөздері
Сабақ барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі
Қоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;
Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын алғызу
IІ. Қызығушылығын ояту

Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар, сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді, ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім! 
III. Негізгі бөлім
Балалар бүгінгі жаңа сабағымды бастамас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріңдер.
Шешендік сөз дегеніміз не?
Шешендік сөз дегеніміз ол – белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Ал енді Төле би бабамыз айтқандай,
- Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір үйдің атасы болма,
Бір елдің данасы бол.
Халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол.
Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.)
Схемамен жұмысы (кітаппен жұмыс)

Шешендік өнердің кестесін қарастырайық. Берілген сұрақтарды ата. Неше сұрақ? Сенің ойыңша, олардың қайсысы ең маңызды? Сұраққа бір жақты ғана жауап беруге бола ма?


2-тапсырма

Шешендік өнердің кестесіндегі сұрақтарды пайдаланып, тілдік қатынасты қалпына келтір.

3- тапсырма

«Телефон сөйлеу әдебі» анкетасын толтыру



  1. Кешкі сағат нешеден кейін қоңырау шалу дұрыс емес деп есептейсің?

  2. Телефонмен сөйлескенде қандай сыпайы сөздер қолдану керек деп ойлайсың?

  3. Қоңырау соғушы өзін қалай ұстауы керек деп ойлайсың?

  4. Жауап беруші қалай жауап беру керек?

  5. Көпшілік орында ұялы телефонмен қалай сөйлесу керек деп ойлайсың?

  6. Телефон тұтқасын қай кезде көтеруге болмайды?

  7. Тамақ ішіп отырып телефонмен сөйлесуге бола ма?

  8. Сен сабақ оқып отырғанда досың телефон соқса, сен оған қалай жауап бересің?

  9. Телефон арқылы сөйлескен қолайлы ма, әлде бетпе- бет кездесіп сөйлескен бе?

  10. Ұялы немесе жай телефондардың қайсысымен ұзақ сөйлесуге болады?

  • Телефонмен сөйлесу ережесін үйрету

ІV. Қортынды

Енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет