«Шешендік өнер» сабағының мақсаты



бет6/53
Дата11.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#77679
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
шешендік өнер

III. Негізгі бөлім
«Сөз көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал – мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал – мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Мақал мен мәтел қосарланып айтылғанмен, бір – бірінен айырмашылығы бар.



Мақал – ой тиянақты болады, алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Мақалдарда бір – біріне қарама – қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ойды айқындай түсу тәсілі басым, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады және көбіне екі бөлімнен тұрады.

Мәтел – ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылап, болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем не сөз тіркесі түрінде келетін фразеологиялық бірлік.

Енді балалар, түсінген – түсінбегенімізді білу үшін мына тапсырмаға назар аударалық.

Мақал мен мәтелдерді ажыратыңдар.

Опасызда Отан жоқ. (мәтел)

Ел құлағы – елу. (мәтел)

Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.(мақал)

Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім. .(мақал)

Күш атасын танымас. (мәтел)

Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра. (мақал)

Туған жерге туың тік. (мәтел)

Еңбегіне қарай құрмет, жасына қарай ізет.(мақал)

Мақал – мәтелдердің тақырыптары сан алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды.

Тақырыптары:

1.Отан, туған жер

2. Білім, ғылым, оқу

3. Отбасы, ата-ана, бала

4. Ерлік, батылдық

5. Денсаулық және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет