Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


XIX ғ. аяғы – XX басындағы Англияның мемлекеттік құрылысы



бет14/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

XIX ғ. аяғы – XX басындағы Англияның мемлекеттік құрылысы. Бұл кезеңде саяси жүйеде орын алған өзгерістер ағылшын капитализмінің монополистік сатыға өтуімен байланысты. Өндіріс пен капитал ірі монополиялардың қолында шоғырлана бастады, олар орта және ұсақ компанияларды жұтып отырды. Нәтижесінде кішкене топтың баю және халықтың басым бөлігінің кедейленуі сияқты факторлардың әсерімен таптық күрес күшейе түсті. Осындай тез өзгеріп отыратын экономикалық және әлеуметтік қатынастарды реттеуге парламенттік институттар мен процедуралардың қабілетсіздігі байқалды. Осыған сәйкес Англияның мемлекеттік құрылысында парламент, патша, үкімет және саяси партияларға қатысты өзгерістер болды.

  1. Қоғам өміріндегі мемлекеттің рөлі айтарлықтай артты. Бұрындары мемлекет тек «түнгі күзетші» ретінде тек қоғамдық қатынастардың кейбір салаларын бағдарлап қана отырса, ендігі кезекте мемлекет кейбір салаларды тікелей басқарды, ал кейбіреуін бағыттап отырды. Мемлекеттік функциялардың қатарына жергілікті басқару жүйесін құру, білім беру, газбен, сумен қамтамасыз ету сияқты қызметтер қосылдыү

  2. Мемлекеттік билік қауіптерге тез жауап бере алатын және мәселелерді шапшаң шеше алатын атқарушылық органдардың қолында шоғырлана бастады. Парламенттің рөлі уақытша төмендеді. Ол Министрлер кабинетінің шешімдерін заңи түрде бекітетін орган ғана болып қалды.

Қалыптасқан саяси жағдай 1867 ж., 1884-1885 жж. сайлау реформаларынан кейін өзгерді. Ұсақ және орта буржуазия мен пролетариат парламент шешімдеріне өзінің дауыс беру құқығы арқылы ықпал ету мүмкіндігіне ие болды. Осыны болдырмау үшін нағыз биліктік рычагтар Министрлер кабинетіне берілді. Бұл уақытта ағылшын парламентаризмінің басты қағидасы «үкімет жауаптылығы» мәнін жоғалтты.

Минситрлер кабинетінің биліктік уәкілеттіктерінің кеңеюі келесі бағыттарда орын алды:



  1. Министрлер кабинетінің қауымдар палатасын өзіне бағындыруы. Кабинет қолдамаған билльдер қабылданбады, ал маңызды заң жобалары кабинет отырыстарында пайда болды.

  2. Үкімет парламенттің қатысуынсыз нормативтік құқықтық актілер шығару құқығын иеленді. Бұл актілер кең тараған өкілендірілген заңнама жүйесін құрады.

  3. Қоғам өмірінің маңызды салаларының көбісі парламент қарауына үкімет қарауына берілді. Осы уақытта сыртқы істер, отарларды басқару және қорғаныс мәселелері парламенттік бақылаудан босады.

  4. Бюрократтық аппараттың өсуі және орталықтануы. Бұл уақытта мемлекеттік қызметкерлердің саны 17 мыңнан 281 мыңға дейін өсті.

    1. Миниситрлер кабинетінің қауымдар палатасын өз бақылауына алуы «партиялық үкімет» қағидасына сәйкес мүмкін болды. Ұлыбританияның партиялық жүйесі либералды-демократиялық режимнің өзегіне айналды. Егер қауымдар палатасында партиялық көпшілік болса, онда партиялық үкімет ешқандай бақылаусыз қызмет ету мүмкіндігін алады.

    2. Парламенттік процедуралар айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Олар бірнеше бағытта жүргізілді:

  1. Парламент жұмысының регламентіне өзгерістер енгізілді. Парламенттік талқылау процедурасы шектелді.

  2. Бюджет пен басқа да заң жобаларын талқылауда парламент мүшелерін ешқандай өзгерістер енгізе алмады. Бюджеттің кейбір баптары талқылаусыз қабылдануға тиіс болды.




  1. Жергілікті жердегі билік жер аристократиясынан буржуазияға өте бастады.

  2. Феодализм кезеңінде қалыптасқан сот жүйесінің реформалануы. Бұрындағы болған барлық жоғарғы соттар жойылып оның орнына Жоғарғы сот құрылды және ағылшын құқығының дуализмі жойылды.

1911 ж. Парламенттік реформа. Ағылшын парламентаризмінің доктринасында жоғарғы палата –лордтар палатасы төменгі палата – қауымдар палатасының ессіздігін, разикализмін тежеуші күш ретінде қарастырылады. Өзінің әлеуметтік құрылымы бойынша лордтар палатасы консервативтік идеологияны ұстанатын аристократияның тірегі болды. Қауымдар палатасында консервативтік партия азшылықта қалған уақытта, лордтар палатасы өзінің кері қайтару ветосын қолданып тым либералды заң жобаларын қайтарып тастап отырды. Сонымен бірге, лордтар палатасы тек қауымдар палатасына тиісті қаржылық мәселелерге де араласа бастады. Көп жағдайда либералды кабинетпен біріге отырып қауымдар палатасы қабылдаған заң жобаларын лордтар палатасы қайтарып тастап отырды. Нәтижесінде қоғамда қауымдар палатасы халыққа қарсы қызмет етуде деген ой қалыптасты. Осыған сәйкес 1911 ж. Парламент туралы акт қабылданды.

Парламент туралы акт бойынша:



  1. Қауымдар палатасының төрағасы қаржылық деп таныған кез-келген билль қауымдар палатасы қабылдағаннан кейін тікелей патшаның қол қоюына жіберіледі және заңға айналады;

  2. Ал кез-келген қаржылық емес билльдер парламенттің үш сессиясында қатарынан қабылданып лордтар палатасымен қайтарылып отырса, онда ол бәрібір де заңға айналады;

  3. Парламент қызметінің мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін төмендетілді;

  4. Парламент депутаттары өзінің қызметі үшін жалақы алатын болды.

Британ отаршыл империясын басқару. XIX ғ. басында-ақ Британия ең ірі отаршыл империяға айналды. Ол әлемнің барлық бөліктерінде үлкен аумақтарды басып алды: Европада (Ирландия, Мальта, Гибралтар), Америкада (Канада), Азияда (Үндістан, Цейлон), Австралияда және Оңтүстік Африкада. Бұл уақытта зор отаршыл империяның құрылуы басталды. Британияның отарларының аумағы барлық отарлардың 57%-ын құрады. Бастапқыда отарларды басқару үшін Британияда жанама басқару жүйесі қолданылды. Яғни, метрополиядан тікелей басқару арқылы аумақтардың біршама автономиясы берілді. Ал 1854 ж. Отарлардың министрлігі құрылды. Сонымен бірге отарларды басқару үшін Англия жергілікті жерде де басқару органдарын құра бастады. Британияның барлық отарлары екіге бөлінді:

  1. «Көшіп барған» немесе «Ақ» отарлар. Олардың халқының басым көпшілігін Англиядан немесе Батыс Европаның басқа елдерінен қоныс аударғандар құрады. Оларға Британия біршама ішкі автономия берді.

  2. «Жаулап алынған» немесе «Түсті»» отарлар. Бұл отарлар саяси автономиядан айрылған және тағайындалатын генерал-губернаторлармен басқарылды.

Отарлардың ерекше үшінші түрін Ирландия құрады. Ирландия Англияның алғашқы жаулап алған отары болды. Ол өз тәуелсіздігінен айырылған Біріккен Британ патшалығының бір бөлігі ретінде қарастырылды. Ирландияның Ағылшын парламентінде өзінің өкілдері болды, олар автономия үшін күресті. 1914 ж. Ирландия шектелген автономияға қол жеткізді.

Канада Британияның алғашқы доминионы болды. 1867 ж. британ парламенті Канадағы Конституцияны сыйлады. Канада өзінің саяси құрылымы бойынша конституциялық монархия болды. Мемлекет басшысы Британия монархы саналды, оның өкілі генералөгубернатор болды. Заңшығарушылық билік екі палаталы парламентке берілді. Жоғарғы палата – Сенат, төменгі палата – Қауымдар палатасы. Атқарушылық билік генерал-губернатор мен Министрлер кеңесіне берілді.

1900 ж. Австралия, 1907 ж. Жаңа Зеландия, ал 1909 ж. Оңтүстік Африкалық одақ доминион құқықтарын алды. 1911 ж. доминион мәртебесін Ньюфаундленд алды. Доминиондағы экономикңалық қатынастардың адымдап дамуы олардың саяси дербестігін арттыра түсті. Доминион мәртебесі негізінен Британияның «Ақ» отарларына берілді.

Ал жаулап алынған отарларда Британ империясы басқарудың басқа жүйелерін енгізді. Ол бойынша елді отарлық әкімшілік пен қоса автономияға ие жергілікті өкілдер де басқарды. Сонымен бірге бұл жерлердің экономикалық маңызы оларды басқаруды коммерциялық ұйымдардың да мүддесін көрсетті. Осылайша Үндістанды арнайы отарлық әкімшілікпен бірге Ост-Үндістандық компания басқарды.




5-сұрақ:

Жаңа заман дәуірінде қалыптасқан Англияның құқықтық жүйесі бірқатар ерекше белгілеге ие:



  1. Ағылшын құқығы өзінің нысандары бойынша ескілік сипатқа ие. Оған себеп ағылшын буржуазиялық революциясының аяқталмағандығы. Мәні бойынша буржуазиялық құқық феодалдық қайнар-көздерде бекітілген.

  2. Англияның ұлттық құқығы қалыптасу жолдары бойынша ерекше сипатқа ие. Ағылшын құқығы Рим және континенталды құқықтың ықпалынан бос болды. Ағылшын заңгерлері мен судьялары ұлттық құқықты өздері жасап шығарды.

  3. Ағылшын құқығы кодификацияланбаған, ол соттық прецедент нысанында дамыды.

Ағылшын құқығы «жалпы құқық», «әділдік құқығы» және «статуттық құқық» негізінде қалыптасты. Оның басты қайнар-көзі – сот прецеденті. Сонымен бірге, қайнар-көз болып заңдар, яғни, статуттар таныла бастады.

Мүліктік құқықтық қатынастар. Мүліктік құқықтық қатынастардың субъектісі тек азаматтар мен заңи тұлғалар (жеке және жариялы компаниялар, сауда серіктестіктері) болды. Азаматтардың құқыққабілеттілігі тең болмады.

Жер құқығы айрықша сиптақа ие болды. Жердің жоғарғы иесі патша болып саналды. Ал жеке ұстаушылардың құқықтары жеке меншік иелерінікіне ұқсас болды. Сонымен бірге ағылшын буржуазиялық құқығында траст институты, яғни, сенімді басқару болды. Ол бойынша бір тұлға (сенімді меншік иесі) екінші тұлға (құрылтайшы) берген мүлікті үшінші тұлғалардың (бенефициант) пайдасына басқару.

Бастапқыда міндеттемелік құқықтар заттай құқықтардан еркшеленбеді. Ағылшын құқығында міндеттеме түсінігі жоқ. Алайда сауда құқығының дамуымен бірге міндеттеме және келісім-шарт түсініктері қалыптаса бастады. Ол сот тәжірибесі барысында қалыптасты. Келісім-шарт құқығы аграрлық және өндірістік төңкеріс нәтижесінде дамыды. Жұмыс күшін жалдау, жалға алу, ұызмет көрсету келісім-шарттары пайда болды. Оларда тараптардың тең құқылығы, құқықтар мен міндеттерді толық бекітіу, еріктің еркіндігі, міндеттеме орындалуының мызғымастығы қағидалары бекітілген.

Отбасы құқықтық қатынастары ұзақ уақыт шіркеу құқығының әсерімен дамыды. Азаматтық неке тек 1836 ж. ғана заңи танылды. Бірақ онда шіркеулік нысан сақталды. Отбасы патриархалды болды, ерлі-зайыптылардың жағдайы тең болмады. Ері отбасы басшысы ретінде мүлікті асқарды, мәмілелер жасады, әйелі мен балаларын жазалады. Әйел адам мүліктік қатынастардың субъектісі болмады. Тек 1822 ж. ғана күйеуге шыққан әйелдер өз мүліктерін басқару құқықтарын иеленді. Балалар 21 жасқа дейін әке билігінің қол астында болды. Ал 1908 ж. ата-аналардың балаларға қатыгез қатынасы үшін жауапкершілігі бекітілді. Заңсыз балаларды заңдастыру тек ерекше жағдайларда ғана мүмкін болды. Ажырасу еркіндігі тек 1857 ж. ғана заңдастырылды. Ажырасу негізінен күйеуінің бастамашылығымен жүзеге асырылды. Тек 1923 ж. әйел адамдар ажырасуды талап ете бастады.

Англияның мұрагерлік құқығында өсиеттің бостандығы танылды. Англияда ұзақ уақыт мұрагерліктің екі жолы сақталды. Біреуі жер үшін, екіншісі басқа да қозғалатын заттар үшін. Мұрагерлік тектік иеліктер майорат қағидасы бойынша үлкен ұлға өтті. Ал басқа мүлік мұрагерлер арасында міндетті үлесті ескере отырып бөлінді.

Ағылшын буржуазилық құқығының тағы бір ерекшелігі еңбек және әлеуметтік заңнаманың пайда болуы табылады. Англияда болған өндірістік төңкеріс еңбек жалдамалы еңбек қатынастарын реттеуді қажет етті. Бұл заңнама бастапқыда жұмысшы қозғалыстарымен күрес ретінде дамыды. Мысалы 1799 ж. Каолицияларға қарсы акт қабылданды, ол бойынша жалақына жоғарлатуды мақсат ететін кез-келген одақтарға бірігуге тиым салынды. 1802 ж. балалардың түнгі сменаларына тиым салатын және жұмыс уақытын 12 сағаттан аспайтын етіп бекітетін акт қабылданды, ал 1867-1868 жж. барлық адамдар үшін 10 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. 1871 ж. трейд-юниондардың, яғни, кәсіподақтардың қызметі заңдастырылды.

Англияның қылмыстық құқығы негізінен қорқытушылық және репрессивті сипатта болды. Қылмыстық құқық нормаларында қатаң жазалар көзделді. Олар арқылы үстем тап елде тәртіпті қамтамасыз етуге тырысты. Қылмыстық іс-әрекеттің ортағасырлық құрылымы сақталды:


  1. тризна (опасыздық)

  2. фелония (ауыр қылмыс)

  3. мисдиминор (ұсақ құқықбұзушылық)

220 қылмыс құрамы үшін парламент өлім жазасын тағайындауды бекітті. Судьяның қарауына байланысты өлім жазасыны тек адам өлтіру ғана емес, сонымен бірге, тонау, жануарды өлтіру немесе базарда 1 шилинг тұратын затты ұрлау да кесілді.

XIX ғ. басында қылмыстық құқықтың либерализациялануы басталды. 1819 ж. көптеген қатаң жазалар ауыстырылады. 1857 ж. Англияның теңіздің ар жағындағы отарларына жер аудару жойылды. Ал 1841 жылдан бастап өлім жазасын қолдану шеңберлері тарылта бастады.

Англиядағы сотқұрылымы және сот өндірісі ағылшын буржуазиялық революциясынан кейін айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады. Ортағасырларда қалыптасқан сот жүйесі қызмет етті. Ең төменгі сот инстанциясы бейбітшілік соттары болды. Бейбітшілік судьяларының сессиялары екінші инстанция сотының функцияларын атқарды. Ассизалық соттар үшінші инстанцияны құрады. Қылмыстық істер бойынша Патша тақтасының соты жоғарғы инстанциясы болды, ал азаматтық істер бойынша – жалпы даулар соты. Бұлар Жоғарғы соттың бөлімдері болды.

Процесс айыптаушылық-жарыспалы сипатта болды. Қылмыстық ізге түсу құзыреті прокуратураға берілді. Алдын-ала тергеуді арнайы тұлға – тергеуші жүргізді.


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Англиядағы буржуазиялық революцияның ерекшелігі неде?

2. Парламенттің рөлі қандай болды?

3. Республика болып жарияланудың себебі неде?

Тақырып № 13: Тәуелсіздік үшін соғыс және Америка құрама штаттарының құрылуы.

Жоспар:

  1. Тәуелсіздіук үшін соғыс.АҚШ-ның құрылуы.

  2. Конфедерациялардың құрылуы. АҚШ Конституциясы және Құқықтар туралы билль.

  3. Азаматтық соғыс пен оның салдары.

  4. АҚШ құқығы.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных стран. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Ливанцев Е.К. История буржуазного государства и права. М., 1986г.

  10. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


1-сұрақ:

Англияның Солтүстік Американы отарлауы құрлықтан көшіп барған ағылшындардың 1607 ж. бірінші колония Джеймстаунның негізін қалаудан басталды. Нәтижесінде XVIII ғ. аяғында Англия мен басқа да Европа елдерінен көшіп барғандар құрған 13 колония пайда болды. Оңтүстік ағылшын колонияларында негізінен ірі плантациялық шаруашылық дамыды. Онда мақта, темекі, күріш, индиго өсірілді. 1619 ж. бастап плантацияларда жұмыс істету үшін Африкадан құл негрлер әкеліне басталды. Солтүстік колонияларда мануфактуралық өндіріс, фермерлік шарушылық, кемелерді жасау дамыды.

Колонияларда европалық феодализм мен құлиеленушілік құрылыстар қатар өмір сүрген ертекапиталистік құрылыс қалыптаса бастады. Бұл фактор америка қоғамының қоғамдық құрылымының ерекшелігін анықтады. Американың колониалды қоғамы экономикалық, әлеуметтік, діни және саяси жақтарынан біртекті болмады. Колониалды қоғамның артықшылықтары бар әлеуметтік топқа бай копестер мен дворяндар жатты. Осылардың қатарынан колониалды әкімшілік құрылды. Халықтың басым бөлігін еркін өндірушілер құрады. Оларға шаруа-фермерлер, қолөнершілер, балықшылар, теңізшілер кірді. Қоғамдық топтардың үшнші категориясын басыбайлы малайлар құрады. Олардың бір бөлігі Европадан әкелінді, ал негізгі бөлігі Африкалықтар болды. XVIII ғ. 70 ж. отарлардың халқының саны 3,5 млн. жетті, оның 500 мыңы құлдар болды.

Солтүстік Американың Атлантика жағалауында құрылған колониялардың құқықтық мәртебелері әртүрлі болды. Оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады:



  1. Өзін-өзі басқаратын отарлар (Род-Айленд, Коннектикут). Оларды аумақты патшалық хартиялар негізінде басқаратын компаниялар басқарды. Бұл отарларда заң мен сот алдындағы теңдік, діни бсотандық және қатал жазалардан қорғау қағидалары орнықты. Род-Айлендте ең демократиялық басқару жүйесі қалыптасты. Басқару нысаны бойынша ол республика болды. Губернатор, бірпалаталы парламент және соттар сайланып отырды.

  2. Жеке меншіктегі отарлар, жеке тұлғаға патша сыйға берген отарлар (Пенсильвания, Дэлавер, Мэриленд). Бұл отарларда атқару билігін губернатор жүзеге асырды, ал заңшығару билігін – екіпалаталы сайланбалы жиналыстар.

  3. Тәждік отарлар, яғни, патшалық отарлар (Массачусетс, Нью- Гемпшир, Виргиния, Нью-Джерси, Нью-Иорк, Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Джорджия). Оларды үкіметпен тағайындалатын губернаторлар басқарды. Заңшығару билігін екіпалаталы парламент жүзеге асырды, алайда оның шешімдерін губернатор жою құқығына ие болды.

Осы уақытта қалыптасқан 13 колонияның басқару жүйелерінің және экономикалық шаруашылықтарының әртүрлілігіне қарамастан, олардың арасында тұрақты экономикалық қатынастар орнады. Алайда колониялардағы капиталистік қатынастардың одан әрі дамуына Англияның жүргізіп отырған меркантилистік саясаты кедергі жасады. Англия отарларды өз тауарларын өткізетін нарық және арзан шикізат көзі ретінде қарастырды. Отарлардың сыртқы саудамен шұғылдануына шектеу қойды. Англия үкіметі отарлардағы өндіріс пен сауданың дамуын тежейтін жаңа заңдар қабылдады. Солардың бірі 1773 ж. патша Георг III шығарған шай туралы жарлық болды. Ол бойынша Америкада өндірілген шайды сыртқа шығаруға шек қойылды. Шай бойынша монополияны Ост-Индия компаниясы алды. Отарлардың тұрғындары наразылық ретінде ағылшын тауарларына байкот жариялады. Патша оған жауап ретінде әскердің санын көбейтті. Жағдай күннен-күнге ушығып отырды. Ашық қақтығыс «Бостондқ шай ішуден» басталды. Ол дегеніміз Англиядан келген кемелердегі шайда бір топ теңізшілер үндістердің киімін киіп алып суға тастағаны.

Отарлар мен метрополия мүдделерінің қақтығысы солтүстік америкалық отарлардың өзінің тәуелсіздігі үшін соғысқа айналды. Бұл соғысқа буржуазиялық революцияның белгілері тән. Яғни, осы буржуазиялық революция нәтижесінде еркін әрі тәуелсіз америкалық мемлекет құрылды. Сонымен бірге, бұл америкалық революцияға бірқатар ерекшеліктер тән:



  1. Экономикалық мақсаттарда басталған бұл кірес тәуелсіздік үшін соғысқа айналып кетті. Яғни, революция барысында экономикалық мқсаттар саяси мақсаттарға айналды. Олар буржуазиялық сипатта болды;

  2. Бастапқыда бүл күрес патшаға бейбіт түрде наразылық білдіруден басталып, кейін тәуелсіздік үшін соғыс сипатына ие болды;

  3. Бұл революция феодалистік мемлекетте орын алмағандықтан феодализмге қарсы сипатта болмады;

  4. Бұл революция тек ғана тәуелсіздік әперіп қана қоймай, сонымен бірге, маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асырды.

  5. Бұл революцияны азаматтық соғыс деп та қарастыруға болады, себебі тұрғындардың бір бөлігі патша жағында соғысты;

  6. Барлық прогрессивтік тұстарына қарамастан бұл революция консервативтік сипатын сақтап қалды, себебі оның нәтижесінде құлдық жойылмады.

Американдық революцияның барысын зерттей отырып, оны негізгі екі кезеңге бөліп қарастыруға болатындығын аңғардық:

  1. Бірінші кезеңде (1773-1775 жж.) метрополия мен отарлар арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу ұмтылыстары орын алды. Патшаға қарсы тұру үшін отарлардың бірігуі немесе одақтасуы қажет еді. 1774 ж. 5 қыркүйек жұлдызында Филадельфияда I Континенталды конгресс өз жұмысын бастады. Оның құрамына патшамен келісуге дайын тұлғалар сайланды. Бірақ халықтың қысымымен олар патшаға қарсы бағытталған еі құжат қабылдады: «Отарлардың құқықтары мен қажеттіліктерінің декларациясы» және «Бірінші Континенталды конгресс ассоцияцияларының жоспары». Және де бұл конгресс ағылшын тауарларына байкот жариялау туралы шешім қабылдады.

  2. Американдық революцияның екінші кезеңі – тәуелсіздік үшін соғыс (1775-1781 жж.). Бұл кезең 1775 ж. 19 сәуір айында Конкорд және Ленсингтон түбінде болған шайқастардан кейін басталды. Бұл уақытта революция жақтастары –патриоттардың қатарында бірауыздық болмады. Патриоттардың оң қанаты – бай плантаторлар мен бай көпестер патшамен келісуді ұсынды. Патриоттардың сол қанаты – буржуазия Англиядан қол үзіп, тәуелсіздікті жариялау үшін күресті. Бұл бағытты Т.Джефферсон, С.Адамс, П.Генри басқарды.

Әскери қимылдар басталысымен 1775 ж. 10 мамырда өз жұмысын II Континенталды конгресс бастады. Бұнда отарлардың әскерін біріктіру және қолбасшы етіп бай виргиниялық плантатор Джордж Вашингтонды тағайындау туралы шешім қабылдады. Колониялардың көбісі өздерін тәуелсіз штат-республикалар деп жариялай бастады. Патша колонияларды бүлікке шықты деп жариялады.

II Континенталды конгресс жұмысындағы ең маңыздысы 1776 ж. 4 шілдеде Америка құрама штаттарының тәуелсіздігі туралы декларацияны қабылдауы. Бұл декларация табиғи құқық ережелеріне негізделді. Құжатты Томас Джефферсон басқарған 5 адамнан тұратын арнайы комиссия дайындады. Алайда құжат жобасында болған құлдықты жою және патшаға қатысты айыптар алынап тасталды.

Тәуелсіздік декларациясы АҚШ-тың алғашқы конституциялық сипаттағы құжаты болып табылады. Онда:


      • Англиямен саяси және басқа қатынастардың үзілу себептері толық негізделген;

      • Жаңа тәуелсіз америкалық мемлекетті құрудың саяси-құқықтық философиясы және қағидалары қалыптастырылды.

      • Декларацияда құқықтарға қатысты мәселелер табиғи құқық ережелеріне сәйкес құрылған.

Тәуелсіздік декларациясы қабылданғанмен, ол біртұтас мемлекеттің құрылуын бекіткен жоқ. Себебі онда Одақтың егеменділігі мен әрбір штататтың егемендігі орнықтырылды. Сонымен бірге, ол ұлттық егемендік қағидасын енгізе отырып, халықтың өздерін қанағаттандырмайтын билікке қарсы көтеріліске шығу құқығын таныды.
2-сұрақ:

1781 ж. 1 наурызда АҚШ-ты.ң алғашқы конституциясы – Конфедерация баптары қабылданды. Ол бойынша 13 штаттың мәңгілік одағы – конфедерация құрылды. Әр штат өз егемндігі мен тәуелсіздігін сақтап қалды, әрбіреуінің өз парламенті мен конституциясы болды. Бұл құжат та жаңа біртұтас мемлекеттің құрылуын бекітпеді, бұнда тек 13 штаттың сыртқы саяси мақсаттарға бірлесіп жету үшін құрған одағы бекітілді. Сол себепті оны конституция емес, әріптестік және достық туралы мемлекетаралық келісім-шарт ретінде таниды. Бірінішіден, әрбір штат өз егемендігін сақтап қалды, ал АҚШ-қа қалдық егемендік берілді. Екіншіден, біртұтас азаматтық болған жоқ.

Конфедерацияның жалпы істерін шешу үшін жыл сайын сайланатын бірпалаталы Конгресс құрылды. Онда әрбір штаттың депутаттар санына қарамастан, бір дауысқа ие болды. Конгресстегі жарыссөздер кезіндегі сөз бостандығы, депутаттардың тұлғасына қол сұғылмаушылық қарастырылды. Конфедерация құзыретіне келесі мәселелер жатты:


    • Сыртқы істерге қатысты мәселелерді шешу;

    • Әскерді құру;

    • Пошта;

    • Ақша соғы;

    • Штаттар арасындағы болуы мүмкін қайшылықтарды шешу.

Шын мәнінде конгрестің саяси билігі шектелген болды, себебі оның дербес қаржы қайнар-көздері болмады. Конфедерация бюджеті ерікті жарналардан тұрды, ал конгресс өз еркімен жаңа салықтар енгізе алмады. Жалпы алғанда, Конфедерациялардың құрылуы Англиямен соғсты жеңуге өз септігін тигізді. 1783 ж. Англия АҚШ-тың толық тәуелсіздігін мойындайтын бейбіт келісімге қол қойды. Алайда бұл құжат бекіткен конфедеративті құрылым нысаны орталық биліктің әлсіздігінен соғыстан кейін орын алған экономикалық күйзеліске қарсы тұра алмады, орталық билікке наразы болған топтардың белсенділігі нәтижесінде болуы мүмкін азаматтық соғыстың алдын-ала алмады. Барлық ел бойынша манифестациялар өтті. Д.Шеймстің бастауымен бұрынғы майдангерлердің қатысуымен көтеріліс бұрқ етті. Билеуші таптар үрейге шалдықты. Елдегі пісіп келе жатқан революцияны конфедерацияны реформалау ғана тоқтата алды. Елге меншік иелерінің құқықтарын кепілдендіре алатын орталықтанған билік қажет болды. Мемлекеттің жаңа нысаны болып 1787 ж. Конституцияда бекітілген федеративті мемлекет болды.

1787 ж. мамыр айында Филадельфияда 12 штаттың өкілінен құрылған Конституциялық конвент өз жұмысын бастады. Конвенттің мақсаты – жаңа конституция дайындау. Д. Вашингтонның басшылғымен Конвент төрт айлық жұмыстан кейін Консттуция жобасын Конгресске ұсынды. Конституция жобасы 1787 ж. 17 қыркүйегінде Конгрессте мақұлданды, ал 11 штат конвентерінің мақұлдауынан кейін 1789 ж. 4 наурызында күшіне енді. АҚШ Конституциясы америка халқының ағылшын отарлаушыларын жеңуі мен тәуелсіз егеменді мемлекеттің құрылуын бекіткен құжат болды. АҚШ басқару нысаны президенттік республика болып табылатын федеративті мемлекетке айналды. Оған келесі белгілер тән:



  • Президент мемлекет басшысы және атқарушы билік басшысы болып табылады;

  • Үкімет президентпен құрылады және оның алдында жауапты болады;

  • Президентің парламентті тарату құқығы жоқ.

АҚШ Конституциясының негізгі мәтіні преамбуладан және жеті баптан тұрады. Олардың төрті тарауларға бөлінеді.

Преамбула конституцияны қабылдау мақсаттары көрсетілген декларация ретінде қарастырылады. Конституцияның 1 бабы АҚШ Конгрессіне арналған, 2 бабы – АҚШ президентіне, ал 3 бап АҚШ-тағы сот билігін ұйымдастыруға арналған, 4 бапта федерация мен штаттар арасындағы қатынастарды ретейтін нормалар көрініс тапқан, ал 5,6 баптарда – Конституцияның негізгі қағидалары, 7 бап Конституцияны бекіту тәртібі бекітілген.

Президенттік республика билікті қатаң бөлу қағидасына негізделген және тежемелік тепе-теңдік жүйесімен бекітіледі. Бұл қағида АҚШ констиуциясында тікелей көрініс таппаған, ол жанама түрде рәсімделген.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет