Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары



бет2/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Мемлекет неліктен пайда болды?

2. Құқық неліктен пайда болды?

3. Мемлекет пен құқықтың арасындағы байланыс неден тұрады?

2 тақырып: Ежелгі Шығыс мемлекеті мен құқығының орнауы мен дамуы. Ежелгі Египеттің мемлекеті мен құқығы


Жоспар:

1 Ежелгі Шығыс мемлекеті мен құқығының орнауы мен дамуының ерекшелігі.

2 Ежелгі Египет мемлекеті.

3 Ежелгі Египеттің құқығы.


Қолданылған әдебиеттер:

1 История государства и права зарубежных стран. \Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999 г.

2 Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г..

3 Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

4 Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

5 Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005 г.

6 Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М., 1988 г.

7 История государства и права зарубежных стран - учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006 г.

8 Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран - словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000 г.

9 Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998 г.


1-сұрақ:

Адамзат тарихында мемлекет пен құқықтың пайда болуы ұзақ уақытқа созылған, күрделі, кешенді процес болды. Б.э.д. IV-I мыңжылдықтарда Таяу Шығыста, кейін Солтүстік Үндістан, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азияда алғашқы мемлекеттер құрылды. Олардың құрылуы мен дамуының кезеңдері:



  1. Номдық мемлекеттер кезеңі, яғни, рулық, тайпалық қатынастардан енді босап жатқан қауымдардың әкімшілік-шаруашылық бірлестіктері – номдардың құрылу кезеңі. Номдарға мемлекеттің кейбір белгілері тән болғанымен, оларды жеке мемлекеттер деп айта алмаймыз;

  2. Мемлекеттік орталықтану кезеңі, яғни, орталық басқару органдарының, сот жүйесінің, әскердің, қаржы органдарының пайда болуына байланысты біртұтас орталықтанған мемлекеттердің құрылу кезеңі. Аталмыш кезеңде аумақ, халық, мемлекеттік аппарат және салық жүйесі сияқты мемлекеттің міндетті белгілері қалыптасты. Сонымен бірге, мемлекетке дейінгі кезеңде негізгі қоғамдық реттеуші болған әлеуметтік нормалардың негізінде құқық пайда бола бастады;

  3. Империя-мемлекеттердің кезеңі, яғни, үлкен аумақты қамтитын, билігі бір адамның қолында шоғырланған империялардың пайда болу кезеңі. Осы кезеңде қауымдардың билігі әлсіреп, олар орталық билікке қатысты тәуелсіздігінен айрылды. Қауымдық бөліністің орнын аумақтық бөлініс жүйесі басты.

Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне келесі белгілер тән:

  1. Ежелгі Шығыс мемлекеттері негізінен ірі өзендердің алқаптарында пайда болды. Мысалы Вавилон Тигр және Ефрат өзендерінің арасында, Египет Ніл өзенінің жағасында, Үндістан Ганг және Инд өзендерінің арасында, Қытай – Хуанхэ және Яньзы өзендерінің. Аталмыш құбылыстың себебі еңбек қарулары нашар дамығандығы жағдайында халық негізінен аң мен балыққа және қорекке келетін өсімдіктерге бай өзен маңдарын мекендеген;

  2. Мемлекеттің ұйымдастырушы-шаруашылық функциясы басты болды. Өзен алқаптарында шаруашылық, яғни, егіншілік жүргізу көп еңбек ресурстарын қажет ететін жұмыстарды (каналдар қазу, қала бекіністерін салу) жүзеге асыруды қажет етті. Сол себепті бұндай жұмыстарды ұйымдастыру тек мемлекетке ғана жүктелді. Ол өзінің мәжбүрлеу күшінің арқасында аталмыш жұмыстарға халықтың көп бөлігін жұмылдырды;

  3. Жер негізінен мемлекеттік меншікте болды. Жерге және басқа да экономикалық маңызды құралдарға қатысты мемлекеттік меншік басымдыққа ие болды. Себебі мемлекетке жүктелген функциялар көп жер және еңбек ресурстарын қажет етті;

  4. Ежелгі Шығыс мемлекеттері құлиеленушілік сипатта болды. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде әскери жорықтарда қолға түскен немесе басқа жодармен бас бостандығынан айырылған құлдардың еңбегі кең қолданылды;

  5. Құлдардың басым көпшілігі мемлекеттік меншікте болды, яғни, мемлекет ең ірі құл иеленуші болды. Оған себеп мемлекет атқаратын шаруашылық және экономикалық функциялардың арзан әрі көп еңбек ресурстарын талап етуі;

  6. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің ел басшыларының билігі Құдайдан берілгендігіне негізделді және шексіз сипатқа ие болды. Билікті жүзеге асырудың бұл нысаны «Шығыстық деспотия» деп аталды. Мемлекетте билік бір ғана адамның қолында болды, ол Құдайдың жердегі өкілі, баласы ретінде қарастырылды.

Ежелгі Шығыс құқығына пайда болу қайнар-көздеріне байланысты келесі белгілер тән:

  1. Құқықтың негізгі қайнар-көзі әдет-ғұрып болды, яғни, халықтың өмірінде күнделікті көп реттік қолданудың нәтижесінде ережеге айналған әдет-ғұрыптардың мемлекеттік мойындауға және қамтамасыз етуге ие болып құқыққа айналды;

  2. Билік басындағылар ауызша тараған әдет-ғұрып құқығының негізінде жазбаша құқық қалыптастырды. Яғни, ел басындағылар әдет-ғұрып нормаларын жүйелеп жазбаша нұсқаларын жасады. Мысалы, Вавилондағы Хаммурапи заңдары, Үндістандағы Ману заңдары;

  3. Құқық діни нормалардан бастау алды және жинақтар түрінде қалыптасты. Яғни, діни сипаттағы нормалар уақыт өте мемлекет қолдауымен міндеттілікке айналды. Мысалы Үндістандағы брахмандар жасап шығарған дхармашастарлар.


2-сұрақ:

Египетте мемлекеттің пайда болуы б.э.д. 5 мыңжылдықта рулық құрылымның ыдырап, құлдықтың пайда болуына байланысты орын алған процес. Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы және дамуының тарихы келесі дәуірлерге бөлінеді:



  1. Ертедегі патшалық (б.э.д. 3110 - б.э.д. 2800) кезеңінде Египетте алғашқы мемлекет құрылып, Менес патша бірінші патшалардың әулетінің негізін салды. Онтүстік Египеттік номдардың одағы Солтүстік Египеттің номдарының одағы арасында болған соғыстың нәтижесінде оңтүстікілер жеңіп ортақ мемлекет құрылды. Ең бірінші астанасы Тинис қаласы болды. Мемлекет пайда болғанға дейін Египет бір-біріне тәуелсіз өз аумағы, басқару аппараты бар 40 номнан тұрды. Осы кезеңнің аяғында Номтинис патшаның басқаруымен Египет аумағында мемлекеттің орталықтануы басталды. Астана Мемфис қаласына көшірілді;

  2. Ежелгі патшалық (б.э.д. 2800 – б.э.д. 2550) кезеңінде мемлекеттің бірігуі аяқталды, темір өндіріле бастады және пирамидалар салынды;

  3. Бірінші өтпелі кезең (б.э.д. 2160 – б.эд. 2134) кезеңінде Египет мемлекетінде құлдырау басталды, елді Гикосостар басып алды;

  4. Орталық патшалық (б.э.д. 2050 – б.э.д. 1700) кезеңінде билікті қолына алған гикосостар астананы Фива қаласына көшірді;

  5. Екінші өтпелі кезең (б.э.д. 1700 – б.э.д. 1530) Египетте экономикалық-саяси дағдарыс орын алды;

  6. Жаңа патшалық (б.э.д. 2575 – б.э.д. 1087). Билікке келген I Яхмостың Басқаруы кезінде Египет ірі, әрі күшті империяға айналды. Аталмыш кезеңнің аяғында Етипет мемлекетінде құлдырау басталды. Алғашында оны парсылар бағындырды, кейін Александр Македонскийдің империясының құрамына кірді, ал б.э.д. 30 жылдары Рим империясының отарына айналды.



Египеттің мемлекеттік құрылысы

Ежелгі Египетте басқа да Ерте Шығыс мемлекеттеріндегідей басқару нысаны Шығыстық деспотия сипатында болды. Билік толығымен перғауынның қолында болды. Ол мемлекет басшысы болумен қатар Күн құдайының баласы, жердегі жаршысы деп саналды. Сонымен бірге, ол сот әділдігін жүзеге асырды. Яғни, перғауында жоғарғы әкімшілік, соттық, әскери және діни билік болды.

Уәзір мемлекетте перғауыннан кейінгі екінші адам болды. Ол перғауын атынан мемлекетті басқарды, сотты жүзеге асырды және әскери қолбасшылықты жүзеге асырды.

Перғауынның үлкен бюрократиялық аппараты болды. Оған орталық басқару ведомствалары, жергілікті жердегі номдарды басқаратын номархтар және перғауын сарайындағы арнайы шенеуліктер кірді. Қоғамдық жұмыстарды басқаратын, әскери және салық жинаумен айналысатын үш ведомство болды. Мемлекеттік аппараттағы лауазымдардың көбісін перғауын туысқандары иеленді.

Әскерді басқаратын ведомство Қызыл үй деп аталды. Бастапқы кезде әскер жорық уақытына ғана жиналатын халық жасақтарынан тұрды, кейін тұрақты маманданған әскер құрылды. Египет мемлекетінің соңғы кезеңінде әскер жалдамалы шетелдік отрядтардан құралды. Әскерден полиция бөлініп шықты.

Номдардағы сот өндірісін отыз судьядан тұратын кенбеттер жүзеге асырды. Астанада сотты перғауын немесе оның атынан уәзір жүргізді.


Египеттің қоғамдық құрылысы

Ежелгі египет қоғамы алатын орнына қарай негізгі үш топтан құралды:




  1. Жоғарғы топ. Бұл топқа перғауын, абыздар, шенеуліктер және әскербасылар жатты. Сонымен бірге Египет қоғамының жоғарғы сатысына ру ақсүйектерінен шыққан аристократия және жазбашылар да жатты.

  2. Орта топ. Бұл топты негізінен басы бос шаруалар мен қолөнершілерден тұрды. Нақтылап айтатын болсақ, бұл топ келесі кішігірім топтарға бөлінеді:

  1. Басы бос шаруалар. Олардың өзі мемлекеттік жерде және рента төлеп тұратын және шенеуліктер мен жауынгерлердің жерінде тұратын шаруаларға бөлінді.

  2. Негізінен мемлекеттік кен орындарында жұмыс жасайтын қолөнершілер.

  1. Төменгі топ. Әлеуметтік сатының ең төменгі тобына құлдар жатты. Құлдар өзінің иелеріне байланысты үш топқа бөлінді:

  1. Мемлекеттік құлдар. Олар негізінен қоғамдық жұмыстарды басқаратын ведомствоның иелігінде болды;

  2. Храмдардағы құлдар. Олар храмдарда және оларға тиесілі жерлерде жұмыс істеді;

  3. Жеке меншік құлдар. Олардың саны аз болды.

Жалпы алғанда Ежелгі Египет мемлекетінің құлиеленушілік сипаты әлсіз болды. Құлдардың өз отбасы, жеке мүлкі болды. Егер құлға қаталдық, қатыгездік көрсетілсе, ол храмға барып пана сұрау құқығы және қожайынына наразылық білдіру құқығы болған. Ондай жағдайда бұл құл храмның қарауына өткен. Сонымен бірге, қылмыс жасаған құлды иесі емес, арнайы мемлекеттік органдар жазалаған.
3-сұрақ:

Ежелгі Египетте қалыптасқан құқықтық жүенің бірнеше ерекшеліктері болды:



  1. Ежелгі Египет құқығының негізгі қайнар-көзі әдіт-ғұрыптар болды. Мемлекет дамуының алғашқы кезеңінде қоғамдық қатынастарды реттеушінің рөлін салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар орнады. Мемлекеттік мәжбүрлеуге ие болған олар міндетті нормаларға айналды;

  2. Ежелгі Египет құқығы дінмен тығыз байланыста болды, себебі құқықты құдай орнатады деп саналды. Египеттіктер әлемдегі тәртіпті және адамдардың мінез-құлқын Күн Құдайы Ра орнатады деп ойлады. Құдайдың ойын оның ұлы перғауын ғана біледі және ол ғана түсінетіндігі насихатталды;

  3. Мемлекет дамыған сайын құқық қайнар-көздерінің ішінде перғауынның заңшығарушылық қызметі басымдыққа ие бола бастады. Түрлі облыста түрлі сипатқа ие болған әдет-ғұрып құқығының нормаларын перғауындар жүйелендірді. Мысалы алғашқы заңдар жинағын алғашқы перғауын Менес құрастырған. Ол қылмыстық құқықтық сипатқа ие болды. Оның мұрагерлері Сасихисус перғауын дінгі қатысты заңды, ал Бокхорис перғауын қаржы және сауда кодексін құрастырды және Амасис перғауын жергілікті басқаруды реттейтін заңдар жинағын шығарды;

  4. Египет құқығы дамудың төмен деңгейінде болды, себебі онда нормалардың өзара қарсылығы, қоғамдық қатынастарды реттеудегі ақаулықтар және құқықтың салаларға бөлінбеуі сияқты белгілері болды;

  5. Ежелгі Египет құқығы таптық сипатта болды, себебі ол түрлі қатал қорқытулар мен жазалар арқылы экономикалық үстем таптың жағдайы мен мүлкін қорғауға тырысты.

Мүліктік құқық. Қауымдық қатынастардың мықтылығынан жеке меншіктік және мәмілелік құқықтық қатынастар әлсіз дамыды. Мүлік екі топқа бөлінді:

  1. Қозғалатын мүлік (құлдар, мал, еңбек құралдары)

  2. Қозғалмайтын мүлік (жер, ғимараттар).

Ежелгі Египетте қозғалмалы мүлік мәмілелердің басты объектісі болды, ал қозғалмайтын мүлік, оның ішінде жер мемлекет дамуының соңғы кезеңінде ғана азаматтық айналымға кеңінен ене бастады. Жалпы барлық жердің басты иесі перғауын болды, ал шын мәнінде жер оны пайдаланатын қауымдардың меншігінде болды. Сонымен бірге храмдардың меншігінде де жердің үлкен бөлігі меншікте болды.

Міндеттемелік құқық. Міндеттемелер екі жолмен пайда болды. Бірінші жағдайда келісім-шарттардан туындайтын міндеттемелер. Екіншіден деликтілерден, яғни, құқықбұзушылықтардын туындайтын міндеттемелер. Келісім-шарттардың жарамдылығына көп көңіл бөлінді. Қозғалмайтын мүлікке қатысты келісім-шарттар жазбаша нысанда, екі тараптардың келісімімен, куәгерлердің қол қоюымен жасалды және сатып алушының жариялы түрде өз меншік құқығына кіруімен аяқталды. Келісім-шарттардың қарызға алу, жалға алу, сақтау және серіктестік сияқты түрлері болды.

Неке-отбасы құқығы ер мен әйелдің тең құқылығына негізделді. Некеге тұру алдын-ала әйелі мен күйеуі құқықтары мен міндеттерін белгілеп алатын келісім-шарт жасау деп саналды. Әйелдердің мәртебесі өте жоғары болды. Әйелдер ажырасуға, мұрагер болу, сотта талапкер және жауапкер болу құқығына ие болды. Әрине, Ежелгі Египетте моногамия болғанымен перғауын мен шонжарларға жеңілдік жасалды. Әдетте, перғауында бірінші әйелі египеттік болуы тиіс еді, сонымен бірге оған бірнеше әйел және күң иелену құқығы берілді. Бірінші әйелі өзінің туған қарындасы немесе апасы болуы тиіс еді.

Мұрагерлік құқығы. Мұрагерлік заң бойынша немесе өсиет бойынша жүзеге асырылды. Заң бойынша мұрагарлікке сәйкес барлық мүлік майорат қағидасына сай үлкен ұлға өтеді. Алайда басқа балаларға мүлікті қалдыру үшін жазабаша нысандалған шенеулікпен тіркелген өсиет қажет. Балалары болмаған жағдайда мүлік әйеліне өтті.

Қылмыстық құқық. Ежелгі Египет құқығында қлмыстық құқық едәуір дамыған сала болды. Оның мәні қатал жаза арқылы қайталап қылмыс жасаудан сақтау болып табылады. Барлық қылмыстар қол сұғу объектілеріне байланысты келесі топтарға бөлінді:

  1. Мемлекеттік қылмыстар: опасыздық, төңкеріс, мемлекетік құпияны жариялау;

  2. Діни қылмыстар: сиқырлық, мысық және үкі сияқты қасиетті аңдарды өлтіру;

  3. Тұлғаға қарсы қылмыстар: адам өлтіру, зақым келтіру;

  4. Мүліктік қылмыстар: ұрлық, алдап өлшеу;

  5. Ар-намысқа және абыройға қарсы қылмыстар: зорлау, көзіне шөп салу.

Ең кең тараған жаза түрі өлім жазасы болды. Ол мемлекеттік және діни қылмыстардың көбісі үшін тағайындалды. Оның түрлеріне асу, басын шабу, крестіге қағу, өртеу жатты. Өлім жазасына қылмыскерлер ғана емес, оның туысқандары да кесілді. Ауырлығы төмен қылмыстар үшін денеге зақым келтіру жазасына, таяқтармен сабау жазасына, түрмеге қамалу, ақшалай айып және құлдыққа сату жазаларына кесілді. Кей жағдайларда толиондар қолданылды:

  1. Кінәлінің зақым келтірген органына зақым келтірілді

  2. Кінәлі қылмыс жасаған органына зиян келтірілді.

Сот процесі. Азаматтық және қылмыстық процес бірдей жүзеге асырылды және айыптаушылық сипатқа ие болды. Процесс жәбірленушінің арызы бойынша басталды. Тараптар сот отырысына шақырылды, онда олар бір-біріне қарама-қарсы тұрды және өз сөздерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін айғақтар келтірді. Осыдан кейін уәзір шешім шығарды.
Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне келесі белгілер неге тән?

2. Египеттің қоғамдық құрылысы.

3. Ежелгі Египетте қалыптасқан құқықтық жүйенің ерекшеліктерін ата

3 тақырып Ежелгі Вавилонның мемлекеті мен құқығы



Жоспар:

1 Мемлекеттіліктің пайда болуы. Месопатамия мемлекетінің пайда болуы.

2 Мемлекеттің жоғарғы органдары: фараон, уәзір,орталық мекемелер.

3 Мемлекеттік құрылыс.

4 Хаммурапи заңдары.
Қолданылған әдебиеттер:

1 История государства и права зарубежных стран. \Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999 г.

2 Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г..

3 Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

4 Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999 г.

5 Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005 г.

6 Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М., 1988 г.

7 История государства и права зарубежных стран - учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006 г.

8 Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран - словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000 г.

9 Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998 г.


1-сұрақ:

Сулы әрі өрісі де мол Месопотамияға б.э.д. 4 мыңжылдықта аңшылық және балық аулаумен айналысқан тайпалар қоныс тебе бастады. Осы аумақтағы ең алғаш пайда болған мемлекет Ефрат өзенінің төменгі ағысында құрылған Ежелгі Шумер мемлекеті болды. Оның атауы шумер халқынан бастау алады. Бұл мемлекет ұзақ даму кезеңінен өтті және өркендеуінің шарықтау шағында Тигр мен Ефрат өзендері аралығындағы Аккад мемлекетін жаулап алды. Нәтижесінде Шуммер-Аккад мемлекеті құрылды. Ол өз дәуірінің мықты мемлекеттерінің бірі болды. Алайда б.э.д 2003 жылы ішкі тартыстан әлсіреген Шуммер-Аккад мемлекеті аморей және эфталит тайпаларының тегеурінімен құлады.

Біртұтас мемлекеттің ыдырауы саяси бытыраңқылыққа және көптеген қала-мемлекеттердің өзара күресіне әкелді. Біртіндеп бұл күресте Вавилон қаласы (Баб-Илу, яғни, Құдайдың қақпасы) күш ала бастады. Оған себеп Вавилонның Месопотамияда орнаған ирригациялық жүйенің ең оңтайлы тұсында орналасуы.

Ежелгі Вавилон мемлекеті тарихын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады:



  1. Ескі Вавилон патшалығының кезеңі. Бұл кезеңдегі Вавилонның өркендеуі вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапидің билігімен байланыстырылады (б.э.д. 1792-б.э.д. 1750 жж.). Ол өзенаралығының басым бөлігін қамтитын ортақ мемлекет құрды. Оның билігінің кезеңінде ирригациялық жүйе одан әрі дамытылды. Ақша-тауар, сауда және қолөнердің дамуы әлеуметтік бөлінісі айқын қоғамдық құрылыс орнады. Ол Хаммурапидің заңдар жинағында бекітілді. Алайда сол заманда аталмыш аумақтағы саяси гегемонға айналған Ассирия мемлекетінің тегеурінімен Вавилон мемлекеті өмірін тоқтатты.

  2. Жаңа Вавилон патшалығының кезеңі (б.э.д.605-б.э.д.539 жж.). Вавилонның бұл кезеңде көтерілуі Ассирия патшалығының құлдыруымен байланыстырады. Лсы кезеңнің аяғында Вавилон мемлекеті парсылардан жеңіліп Ахеменидтер державасының құрамына кірді.


2 сұрақ

Қоғамдық құрылым. Ежелгі Вавилон халқы екі негізгі топқа бөлінді:

  1. Еріктілер. Оларды авилум деп атады.

  2. Құлдар. Оларды вардум деп атады.

Вавилонның ерікті халқының өзі әлеуметтік жағынан біртекті болмады, оған ірі жер иелері, сауда агенттері – тамкарлар және патша жасақшылары сияқты құл иеленушілер мен шаруалар және қолөнершілер сияқты ұсақ өндірушілерден тұрды.

Сонымен бірге, ерікті халық құқықтар мен міндеттердің мөлшеріне сәйкес екі топқа бөлінді:



  1. Тең құқылы азаматтар. Олардың мүлкі, жер учаскесі болды және олардың мемлекетке қатысты құқықтары мен міндеттері бекітілген болды.

  2. Тең құқылы емес мушкенумдер. Олар ерікті болғанымен, олар патшаға қатысты экономикалық тәуелді болды және патша шаруашылығында жұмыс істеді. Сонымен бірге, олардың жеке мүлкі және құлдары болды. Кейбір ғалымдар оларды еркіндікке жіберілген құлдар деп санаса, енді біреулер оларды вавилондықтар басып алған қалалар мен мемлекеттердің тұрғындары деп санады.

Вавилон қоғамының төменгі табын вардум деп аталған құлдар құрады. Олар ерікті халықтан сыртқы түрі бойынша да айырмашылығы болды. Олардың кеудесінде арнайы жазуы бар тақташалар, ерекше шашты жатқызу, денесіндегі күйдірілген белгі және құлақтары тесілген болды. Құлдықтың қайнар-көздері:

  1. Соғыстар;

  2. Тайпаның ішіндегі таптарға бөлінудің нәтижесіндегі бір бөлігінің қанауға ұшырауы;

  3. Балаларын құлдыққа сатуға ие болған әкелердің билігі;

  4. Қылмыс үшін құлға айналдыру;

  5. Құлдан туу;

  6. Қарыздар үшін өзін-өзі құлдыққа сату.

Хаммурапи заңдары құлдарды қожайынның меншігіндегі мүлік ретінде қарастырды. Құлдардың мемлекеттік, жеке меншіктік, храмдық және мушкенумдердің құлдары сияқты түрлері болды. Соған қарамастан Вавилондағы құлдық классикалық сипатта болмады. Себебі құлдар шектелген болса да, құқықтарды иеленді және мүлікті болуыға құқылы болды.
3 сұрақ:

Мемлекеттік құрылысы. Вавилон орталықтанған Шығыстық деспотиялық мемлекет болды. Мемлекетті патша басқарды. Ол заңшығару, атқару, сот және діни билігін иеленді.

Мемлекетті басқару кең тармақталған бюрократиялық аппарат арқылы жүзеге асырды. Басқару жүйесі сарайлық болды, себебі патша сарайын басқаратын лауазымды тұлғалар сонымен қатар жоғары мемлекеттік лауазымдарды иеленді.

Мемлекеттік механизмнің ортасында Нубанда тұрды. Ол патшаның оң қолы болды. Ол қаржылық-салықтық, сот, әскери және қоғамдық жұмыстардың ведомстваларының жұмысын басқарды.

Сот әділдігін алғашқы кезеңде храм соттары, қауым соттары және қалалардағы квартал соттары жүзеге асырды. Кейін олардың функцияларын патша соты алмастырды.

Патшаның тұрақты әскері болды. Ол ауыр қаруланған және жеңіл қаруланған отрядтардан құралды. Жауынгарлар өз қызметі үшін бау-бақшасы, үйі бар жер учаскесін және малды меншікке алды.

Ел аумағы патша шенеуліктері – шакканаккумдармен басқарылатын облыстарға бөлінді. Олар салық жинауды, тәртіпті қамтамасыз етуді және жасақ жинауды басқарды. Қауымдарды патша тағайындаған рабианумдар басқарды.


4 сұрақ:

Хаммурапи заңдары.

Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдар жинағы Ежелгі Шығыс құқығының ең ірі құқық кодификациясы болып табылады. Заң жинағының мәтіні қара базальттік стеллада қашалған. Жоғарғы жағында Вавилондықтардың Күн Құдайы Шамаштың алдында тізе бүгіп тұрған Хаммурапи патшаның суреті салынған.

Хаммурапи заңдары үш бөліктен тұрады:


  1. Кіріспе. Бұнда Хаммурапи патша билігімен аталмыш заңдардың Құдайдан берілгендігі және қасиеттілігі жазылған.

  2. Негізігі бөлім. Бұл бөлім қоғамдық қатынастардың түрлі салаларын реттейтін 282 баптан тұрады.

  3. Қорытынды. Бұнда заңның мақсаты мен міндеттері, оны орындаудың маңыздылығы жазылған, сонымен бірге, Хаммурапи патшаның өзінен кейін ел билейтіндерге қалдырған өсиеті қашалған.

Хаммурапи патшаның заңдар жинағы келесі қайнар-көздерге негізделді:

  1. Әдет-ғұрып құқығы;

  2. Сот практикасы;

  3. Хаммурапиге дейінгі заңнама. Мысалы Ур-Наму патшаның заңдары және Билалама патшаның заңдар жинағы;

  4. Діни нормалар;

  5. Хаммурапидің жарлықтары.

Мүліктік құқық. Мүліктік қатынастарда орталық орынды меншік институты алды. Мал, құлдар сияқты қозғалмалы мүлікке қатысты жеке меншік бекітілген, ал жер үшін жеке меншік болған жоқ. Себебі жерді Құдайдың силығы деп санаған, сол себепті ол тек қауымның ұжымдық меншігінде болды.

Міндеттемелік құқық. Ежелгі Вавилонда қарыз алу, айырбастау, Сату-сатып алу, сақтау, тасымалдау және серіктестік келісім-шарттары кең қолданылды.

Келісім-шарттың жарамдылық талаптары:


  1. жазбаша нысан;

  2. куәгерлердің болуы;

  3. ант беру;

  4. сатушының меншік құқығының болуы;

  5. меншіктің азаматтық айналымда болуы.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет