Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


Франциядағы бірініші республика



бет16/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Франциядағы бірініші республика. 1791 ж. 30 қыркүйегінде Құрылтай жиналысы өз жұмысын аяқтады, ал келесі күні , яғни, 1қазан күні Заңшығару корпусы өз жұмысын бастады. Оның құрамы біртекті болмады және Құрылтай жиналысында қалыптасқан саяси ағымдардан тұрды: фельяндар, жирондистер және якобиншілер.

    1. Фельяндар – конституциялық-монархиялық буржуазия мен либералды дворяндардың саяси ағымы. Олар негізінен Париждегі фельян орденінің монастырінде өз жиналыстарын өткізді. Заңшығару корпусінде олар 745 депутаттық мандаттың 260 орнын алды. Оларға қарсы жирондистер мен якобиншілер тұрды.

    2. Жирондистер – провинциялық сауда-өндіріс буржуазиясының өкілдері болды. Олар ірі қалалар мен теңіз порттарындағы өнеркәсіпшілер және саудагерлердің мүдделерін білдірді. Бұл топқа кірген депутаттардың көбісі Жирондэ провинциясының депутаттары болды. Олар мемлекеттің экономикаға араласуын шектегісі келді, департтаменттердің еркіндігін кеңейту үшін күресті. Олар Заңшығару корпусында көпшілікті құрады.

    3. Якобиншілер – ұсақ және орта буржуазия, қолөнершілер мен шаруалардың саяси ағымы. Олар Қасиетті Якоб монастырінің кітапханасында жиналып отырды.

Бұл кезде Франциядағы революциялық жағдайларға үреймен қараған Пруссияның патшасы Фридрих Вильгельм II және Австрияның эрцгерцогі Леопольд II әскери интервенцияға дайындала бастады. Осыны көрген жирондист-министрлер соғысты бірінші болып бастауды ұйғарды, бірақ үйретілмеген француз әскері жеңіліс тапты. Осыны пайдаланған патша Людовиг XVI жирондистік үкіметті таратты. Бұл халық наразылығын тудырды. Неміс әскерлері бұл уақытта Парижге жақындап қалған болатын. 1792 ж. 1 тамызды Париждің өзін-өзі басқару органы – коммуна комиссарларының басшылығымен халық көтерілісі басталды. Патша қамауға алынды.

Бұл көтеріліс революцияның екінші кезеңі – патшаның тақтан тайдырылып, биліктің жирондистердің қолына өтуіне және Франциядағы бірінші республиканың құрылуына алып келді. Фельяндар тарап кетті, ал билік жирондистер құрған жаңа Үкімет – Уақытша атқарушылық кеңеске берілді. Жаңа Конституцияны қабылдайтын Ұлттық конвентке сайлау тағайындалды. Жаңадан құрылған конституциялық комиссия Конвентке сайлаудың тәртібін анықтады. Ол бойынша:



  • Француздарды белсенді және бәсең деп бөлу жойылды;

  • Жас цензі 25 жастан 21 жасқа дейін төмендетілді;

  • Мүліктік ценз жойылды, тұрақты жалақының болуы жеткілікті болды;

  • Жергілікті жерде 1 жылдан астам уақыт тұру қажет болды.

Жалпы сайлау құқығы негізінде сайланған Ұлттық конвент 1792 ж. 21 қыркүйекте монархияны жойып Франциядағы бірінші республиканы құрды. 1791 ж. Конституцияның күші жойылып, жаңа констиуция дайындала бастады. Конвенттің құрамында 784 депутат болды. Оның 165 жирондистер құрады. Олар ешбір саяси ағымға кірмейтін бәсең бөлігі - центристік топтың (500 депутаттай) қоддауымен өзінің үкіметі – Атқарушылық комитетті құрды және билікті қолында шоғырландырды. Конвентте оларға қарсы якобиншілер шықты. Олар радикалды өзгерістерді талап етті. Олардың басшыларының қатарында Робеспьер, Сен-Жюст, Кутондар болды. Мараттың талабы бойынша Конвентте болған ашық дауыс беру арқылы патша Людовик XVI өлім жазасына кесілді. Жаза 1793 ж. 21 қаңтарында орындалды.

Алайда революцияның тағдырына қуіп төнді. Себебі француз әскерлері Австрида жеңіліс тапты және Вандеяда роялистер басқарған революцияға қарсы бүлік басталды. Бүлікшілер Англия мен неміс әскерлерінің каолициясына қослып Солтүстік Францияның бірнеше қаласын басып алды. Жирондистік Конвент өз әлсіздігін көрсетті. Сонымен бірге, олар ұсынған жаңа Конституцияның жобасы халық наразылығын туғызды.

Жирондистердің саяси ықпалының әлсіруін якобиншілер мен париж коммунасы ұтымды пайдаланып кетті. 1793 ж. 2 маусымында Париж коммунасының көтеріліс комитеті басқарған ұлттық гвардия отрядтары жирондистерді биліктен айырып, көбісін жазалады. Билікке якобиншілер келді. Якобин диктатурасы орнады.

Халықтың бұл көтерілісі революцияның үшінші және соңғы кезеңіне негіз салды. Билікке келген якобиншілер асығыстықта дайындап 1793 ж. 24 маусымда жаңа Конституцияны қабылдады. Бұл конституция екі бөліктен тұрды: «Адам және азамат құқықтарының декларация» және Конституциялық акт. Ол ойынша басқарудың республикалық нысаны бекітілді. Конституцияда билікті бөліну қағидасының орнына биліктің біртұтастық қағидасы қолданылды. Заңшығарушы орган болып бір жыл мерзімге сайланатын бірпалаталы Заңшығару корпусы болды. Ол қабылдаған заңдар департаменттердің жалпы жиналыстарында 40 күн ішінле бекітлуі тиіс еді. Яғни, плебиститтік құқықшығармашылық жүйесі қолданылды.

Елді күнделікті басқаруды 24 мүшеден тұратын жоғарғы әкімшілік орган – Атқарушылық кеңес жүзеге асырды. Ол барлық ведомствалардың жұмысын басқарып, үйлестіріп отырды. Бұл органның мүшелері де екі сатылы сайлау арқылы тағайындалды. Алайда жоғарыдағы конституция іске қосылған жоқ. Себебі 83 департаменттің 60 департамент әкімшілігі жирондистерге қарсы шықты. Осы уақытта Францияға қарсы каолицияның күштері өсе түсті. Сол себепті жирондистердің ойынша сыртқы жаулар мен ішкі контреволюция күштерімен күресу үшін мықты революциялық диктатура қажет деп шешті.

1793 ж. күзінде революциялық якобиндік басқару органдарының жүйесі заңи түрде бекітілді. Республиканың жоғарғы органы болып Ұлттық конвент тағайындалды. Оған толық мөлшерде заңшығарушы, атқарушы, сот және бақылау билігі берілді. Конвент комиссарлары әскер мен департаменттерде тазалау жұмыстарын жүргізе бастады. Ол бойынша мыңдаған адамдар жазаланды, қудаланды.

Үкіметтік билік берілді. Ол көптеген маңызды декреттердің жобаларын дайындады, әскери, дипломатиялық, азық-түлік мәселелерін шешіп отырды. Оның маңызы Комитет төрағасы етіп Робеспьер тағайындалғанда артты.

Революциялық диктатура органдарының жүйесінде жазалау органдарының маңызы арта түсті. Ішкі және сыртқы контреволюциямен күресу үшін Қоғамдық қауыпсіздік комитеті құрылды. Ол тікелей Конвентке бағынды және ай сайын есеп беріп тұрды. Ол революцияға қасы іс-әрекеттермен байланысты істерді тергеді. Полиция мен түрме оның қарамағында болды. Қоғамдық қауіпсіздік комитетінен материалдар Революциялық трибуналға жіберілді. Онда бұл істер қысқартлған тәртіп бойынша қаралып үкімдер шығарылды. Бұндай трибуналдар Парижде және тағы бірнеше департаменттерде болды. Олардың шешімдері қайта қаралмады.

1793 ж. қыркүйек айынан бастап Париж бен басқа да ірі қалаларда көтерілісшілермен, спекулянттармен күрес үшін және қалаларды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Революциялық әскер отрядтары құрылды. Олардың командирлері айырқша уәкілеттіктерге ие болды. Мысалы, өлім жазасын қолдану.

Жергілікті басқару революциялық комитеттер арқылы жүзеге асырылды. Олар орталықтану қағидасы негізінде құрылды. Бұл комитеттердің құрамына революцияға берілген тұлғалар ғана сайланды.

Якобиншілер әскерді қайта құрды. Олар жаппай әскери міндет енгізді. Әскердің саны милион адамға жетті. Республикандық генералдар жаңа тактикан қолдана отырып, 1794 ж. Францияның аумағын интервенттерден азат етті. Осы кезде барлық бүлік ошақтары талқандалып, тыныштық орнай бастады. Осыдан кейін буржуазия үшін якобиндік диктатура қажет болмады. Ұлттық Конвент мүшелерінің көбісі Робеспьер басқарған Қоғамдық құтқару комитетінің жұмысына наразылығын білдіре бастады. Шаруалар да азық-түліктерді тәркілеу саясатына қарсы шыға бастады. Нәтижесінде якобиншілердің диктатурасы негізсіз қуғын-сүргін саясатына айналып кетті. Осы кезеңде «халық жауы» түсінігі енгізілді. Осы арқылы якобиншілер өздеріне қарсы шыққан тұлғалардың мүлде ешқандай демократиялық негіздері жоқ сот өндірісі жолымен көзін жойып отырды.

1794 ж. 27 шілдеде Баррас басқарған бүлікшілер Конвент отырысының үстінде Робеспьер мен оның жақтастарын тұтқынға алды, ал ертеңінде олардың барлығы өлтірілді. Якобиншілердің құлауымен және билікке термидоршылардың келуімен Ұлы француз буржуазиялық революциясының соңғы үшінші кезеңі аяқталды.


2- сұрақ:

Революциядан кейінгі Франция өзінің саяси дамуында тұрақсыздықпен сипатталады. Себебі 1789 жылдан 1958 жж. Францияда уақытша ұкіметтерді санамағанда түрлі 14 саяси режим ауысты. Оның себебі саяси мәдениеттің тоз-тоз болуы, француз қоғамының түрлі мүшелерінің әлеуем ттік мәселелерге түрліше қарауында және монархиялық пен республикалық салттардың күреске түсуінде.



Термидорлық республика және 1795 ж. Конституция. 1794 ж. 27 шілдеде(республикандық күнтізбе бойынша 9 термидор) болған төңкеріс нәтижесінде билік басына қаржы аристократиясы мен жаңа буржуазия (спекулянттар, парақорлар, қазынаны ұрлаушылар) келді. Олардың мүдделерін Баррас және Тальен басқарған термидорлықтар қорғады. Билікке келісімен олар көрнекті термидорлықтарды өлтірді, революциялық диктатура мехинизмін жойып, оның институттарын таратты және әлеуметтік заңнаманың күшін жойды. Бірақ термидорлықтардың саясаты роялистерге де, қалың бұқара халыққа да ұнамады. Сол себепті олар өз билігін заңдастыруға мәжбүр болды. Олардың саяси үстемдігі 1795 ж. Конституцияда бекітілді. Ол Конституцияны халық плебисцитте мақұлдады.

Бұл конституция оның алдындағы конституцияға қарағанда ұстамдырақ болды. Ол екі бөліктен тұрды: «Адам мен азаматтың құқықтары және міндеттерінің декларациясы» және Конституциялық акт. «Адам және азаматтың құқықтары мен міндеттерінің декларациясы» адамға тән барлық табиғи құқықтарды сақтады, тек көтеріліске шығу құқығын мойындамады. Ал басқада республикалық мемлекеттің нышандары сақталды. Бірақ бұнжда адам мен азаматтардың міндеттеріне баса назар аударылды.

Заңшығару билігі екі палаталы Заңшығару корпусында болды. Төменгі палата – Бес жүздің кеңесі, жоғарғы палата – Ақсақалдардың кеңесі. Заң бастамашылығы құқығы тек төменгі палатаға берілген, ал жоғарғы палата заң жобаларды бекітеді немесе кері қайтарады.

Атқарушылық билікті Зашығар корпусының екі палатасының отырысында жабық дауыс беру арқылы сайланатын 5 мүшеден тұратын Директорияға берілді. Жыл сайын Директорияның бір мүшесі қайта сайланып отыру керек болды. Директория өз кезегінде басқарушылық функцияларды атқаратын министрлер мен үкімет құрамына кіретін жоғарғы лауазымды тұлғаларды тағайындады. Елде Директорияның режимі орнады. Ол төрт жыл бойы сақталды. Оның өз баюын ғана ойлаған сыбайлас жемқорлыққа жақын саясаткерлерінің іс-әрекеті халықтың наразылығын тудырды. Сонымен бірге, олар саяси бағытын басынан бастап анықтай алмады. Бірде қалың бұқара халыққа сүйенді, енді бірде роялистермен келіссөздер жүргізді, кейде буржуазияны өзіне тартты. Тек жаулап алу соғыстарындағы жеңістер ғана Директорияның күнін ұзартты. Францияның Пруссия мен Испанияның бірқатар аумақтарын қосып алды, Голландия мен Италияны оккупациялады. Бірақ бұл уақытша жеңістер ішкі мәселелерді шеше алмады. Сол себепті директория мықты тәртіпті орнататын әскери диктатураны дайындады. Оны орнататын диктатор ретінде директория жас генерал Напалеон Бонопартты ұсынды.



Наполеон Бонопарттың төңкерісі және Консулдық. Империяның құрылуы. Египетте жорықта жүрген Бонопарт әскерді генерал Клеберге тастап 500 жауынгермен Парижге қайтып келіп, әскери төңкеріс жасады. Директория өз еркімен тарап кетті, ал Заңшығарушы корпус екі күн бойы билікті диктаторға беруден бас тартты. Бірақ жауынгерлердің қысымымен Заңшығару корпусы билікті үш консулға: Наполеонға, аббат Сейенске және Роже Дюкоға беру туралы актіге қол қойды. Бұл триумвираттағы басты рөлді бірінші консул Бонопарт иеленді. Өз билігін заңдастыру үшін 1799 ж. 24 желтоқсанында жаңа конституция қабылданды. Полицияның қадағалауымен осы конституцияны бекіткен халықтық референдум өткізілді. Конституция бойынша формальды түрде республикалық құрылыс сақталды, ал шын мәнінде тұрақтылықтың басты кепілі ретінде әскерге сүйенген жеке билік режимі орнады.

1799 ж. Конституцияның ерекшелігі «Адам және азаматтың құқықтарының декларациясының» болмауы және билікті бөлу қағидасынан бас тартуы. Билік бұл уақытта бір ғана адамның қолында болды.

Заңшығару билігі төрт органға бөлініп берілді: Мемлекеттік кеңес, Трибунат, Заңшығарушы корпус және Қорғаушы сенат. Заңшығару процесі бірнеше сатыда жүзеге асты. Бірінші консул заң жобасын ұсынады, Мемелекеттік кеңес оны түзеп, дұрыстайды, Трибунат оны талқылайды, ал Қорғаушы сенат оны ешбір жарыссөзсыз қабылдайды.

1802 ж. өткізілген плибисцит бойынша Наполеон өмірбойлық бірінші консул деп жарияланды. Осы жылы Бонопартқа патшалық уәкілеттіктер берген жаңа конституция қабылданды. Оның мұрагерін атап кету, Заңшығару корпусын, Трибунатты тарату және халықаралық келісім-шарттарға отыруға құқықтар берілді. Бұл империя құруға деген қадам болды.



Франциядағы бірінші империя. 1804 ж. 18 мамырдағы Сенаттың жарлығымен республика жойылып империя жарияланды. Наполеон Бонапарт Наполеон I деген атпен «француздардың императоры» болып таққа отырды. Ватиканнан арнайы шақырылған Рим папасы Пий VII оны Париж Құдайанасы соборында таққа отырғызды.

Франциядағы мемлекеттік құрылысты республикандық монархия деп анықтауға болады. Осындай гибридтік республика мен монархия элементтерінің қоспасы нәтижесінде орын алды. Бір адамның билігімен шектелетін жоғарғы билік органдарының жүйесі бойынша монархиялық сипат көрінді, алайда соған қарамастан конституция жойылмады және республикалық кезеңнен қалған органдар өз қызметін тоқтатпады. Гибридтік құрылыстардың ерекшелігі жоғарғы билік органдарының жүйесімен анықталмайды, ал сол елде қалыптасқан саяси режиммен анықталады.

Бірінші империя режимі – бонопартизм терминімен аталатын жеке билік режимі болды. Оның бірқатар ерекшеліктері болды. Біріншіден, жеке билік режимі терең саяси және әлеуметтік дағдары жағдайында қалыптасты. Екіншіден, жеке билік режимі әлеуметтік тірекке ие болмады, ол тек жеке билеушінің беделіне сүйенді және әкімшілік-мәжбүрлеу аппаратын қолданды.

Бірініші империяның мемлекеттік механизмі тұтас билік қағидасына негізделді. Императордың қолында толық билік шоғарланды, ол өзін заңдардан жо,ары санағандықтан заңдар мен конституцияға бағынбады. Ол өзінің жеке дара билігі мен қоғамдағы беделін пайдалана отырып орталықтану, азаматтық қызмет және императорға адалдық қағидаларының негізінде мемлекеттік аппарат құрды. Бұл механизмнің басты бөлігі министрліктер болды. Наполеонның билігінің аяғына қарай 12 министрлік болды.

Жергілікті басқару жүйесі де орталықтану қағидасынан бастау алды. Унитарлы Франция департаменттерге бөлінді, олар өз кезегінде дистриктер мен коммуналарға бөлінді. Департаменттер әкімшілік функцияларды префект атқарды, ал дистриктіде – супрефект, коммунада – мэр.

Бірінші империя мемлекеттік механизмінде әскер ерекше орынға ие болды. Ол жеке билік режимінің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Әскер саяси құралға айналды. Әскерді ұстауға бюджеттің қомақты бөлігі жұмсалды. Әскер ұлттық ерікті сипаттан маманданған, жалдамалы және касталық сипатқа ауысты.

Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті тармақталған жазалау аппараты қамтамасыз етті. Қылмыстық полициямен қатар саяси іздеу және шпионаж ведомствалары құрылды. Әскери полиция – жандармдардың корпусы құрылды. Сол кезеңде католиктік шіркеу мемлекеттік механизмнің бөлігі болды.

Бірінші империяның қоғамыдық құрылымы қалыптасқан азаматтық қоғамның болуымен ерекшеленді. Бұл уақытта индустриалды қоғма таптары – буржуазия мен пролетариаттың қалыптасу процесі аяқталды. Қатаң орталықтанған мемлекет қоғамда тұрақтылықты орнатты және капитализмнің дамуына жағдай жасады.

Наполеон Бонапарт жүргізген соғыстар басында нәтижелі болды. Бұл уақытта Наполеон өзіне жарты Европаны бағындырды. Алайда Ресейде жүргізген әскери компаниясының сәтсәздікке ұшырауы оның одақтастарының бірігіп соққы беруіне жағдай жасады. Француз әскерінің Ватерлоо түбінде жеңілуінен кейін Наполеон тақтан бас тартты. Бұл Бірініші империяның құлағандығын көрсетті. Франция тағына заңды әулет - Бурбондар әулеті қайта отырды. Патша болып Людовик XVIII жарияланды. 1814-1848 жж. Бурбондардың билік құру кезеңі Реставрация деп аталды. Алайда реставрация абсолютизмді қалпына келтіре алмады. 1814 ж. 4 шілдеде легитимді монархияның конституциялық негізін бекіткен Құрылтай хартиясы қабылданды.

Бұл кезеңде Францияда Конституциялық монархия құрылысы орнықты. Ол бойынша «мықты патша» «әлсіз парламент» формуласы қолданылды. Хартия бойынша патша мемлекет басшысы деп жарияланды және оған толық атқарушылық билік берілді. Сонымен бірге, оның заң шығарушылық бастама құқығы болды.

Заңшығару билігі патшаның билігін шектеуге бағытталған парламентке берілді. Ол пэрлер палатасынан және депутаттар палатасынан тұрды. Бұл жүйе мемлекеттік механихмнің республикалық негіздерін көрсетті. Алайда елде абсолютизмді қалпына келтіру тенденциялары өсе тұсті.

Бұл тенденциялар Людовик XVIII өлімінен кейін күшейе түсті. Таққа отырған Карл X шіркеу мен республикалық кезеңде шетелдерге қашқан эмигранттық топтарға негізделіп өз билігін нығайта бастады. Ұлттық гвардия таратылды. Біртіндеп эмигрант-дворяндар буржуазияны биліктен ығыстыра бастады. Осы мақсатта княз Полиньяктің роялистік үкіметі 4 төтенше ордонанс қабылдады. Олар бойынша елде конституциялық монархия режимі жойылды. Олар өкілді органдарды таратып, конституциялық бостандықтарды шектеді. Осыған наразы болған халық көтеріліске шықты. 1830 ж. Парижде көтеріліс басталды. Карл X көтерілісшілердің қолында қалған Парижден қашып кетті. Францияда легитимді монарзхия құлады.



Шілде монархиясы (1830-1848 жж.). Шілдеде болған революцияның жемісін француз қоғамының бұл кездегі ең ұйымдасқан және ең қуатты бөлігі ірі қаржы буржаузиясы (банк иелері, биржалық магнаттар, темір кен орындары мен көмір шахталарының иелері) пайдаланып кетті. Қаржы буржуазиясы монарх тағына үміткер ретінде Бурбонжардың кіші тармағының өкілі – Луи-Филлип Орлеанскийді ұсынды. 1830 ж. 30 шілдесінде ол патша тағына отырды. Осы жылы Хартия деп аталатын жаңа конституция қабылданды. Ол бойынша елде конституциялық монархия құрылысы орнатылды. Ол 1814 ж. Хартияға өте ұқсас болды, бірақ кейбір тұстарда либерализациялау орын алды:

  1. Патшаның кейбір ерекше құқықтары алынып тасталды;

  2. Парламентке қосымша уәкілеттіктер берілді;

  3. Католиктік шіркеудің құқықтары шектелді;

  4. Сайлау жүйесі демократияландырылды;

  5. Либералды бостандықтар кеңейтілді;

  6. Мемлекеттік аппаратты реакциондық элементтерден тазарту басталды және ұлттық гвардия қайта құрылды.

3- сұрақ:

Ірі қаржы аристократиясының биліктегі монополиясы орта және ұсақ буржуазияның наразылығын тудырды, оларға саудагерлер мен өнеркәсіпшілер де қосылды. Олар мүліктік цензді төмендету арқылы оларды саяси өмірге араласуға жіберуді талап етті. Сайлау жүйесін реформалау үшін басталған қозғалысты жұмысшы табы мен қолөнершілер қолдады. Алайда жұмысшылар тек саяси бостандықтар үшін ғана күреспеді. Олар капиталистік қанаудан босататын әлеуметтік мемлекет құруды талап етті.

1848 ж. 23 сәуірде сайлау реформасын қолдайтын демонстрацияны патшалық әскерлер қанға бояды. Осыны естіген Париж халқы келесі күні қарулы көтеріліске шықты. Патша Луи-Филипп тақтан бас атртып Англияға қашты. Шілділік монархия құлады. 1848 ж. ақпан көтерілісі қаржы аристократиясының билігін құлатып, рспубликаны орнатты. Көтерілісшілердің талабы бойынша Уақытша үкімет құрылды. Оған буржуазиялық республикашылар, ұсақбуржуазиялы демократтар және социалистер кірді.

1848 ж. 25 сәуір күні Уақытша үкімет Екінші республиканың орнағанын жариялады. Революцияға белсенді араласқан жұмысшылардың қысымымен Уақытша үкімет бірқатар жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды: сөз, баспасөз және жиындар бостандығын қалпына келтірді; 10 сағаттыө жұмыс күнін енгізді; 21 жасқа жеткен және бір жерде тұрақты т.рде 6 ай бойы өмір сүрген ер адамдар үшін жалпыға бірдей сайлау құқығын енгізді. Алайда бұл уәделердің көбі қағаз бетінде ғана қалды. Билікке қол жеткізген буржуазиялық республикандықтар өздерінің одақтастары жұмысшыларды талқандауға шешім қабылдады. Осы мақсатта Уақытша үкімет жаңа декерет шығарды. Оған сәйкес әрбіреуінде 1 мың. Адам бар 24 батальоннан тұратын Ұшқыр гвардия құрылды. Осы әскерлер әскери министр Кавеньяктің бұйрығымен 1848 ж. 22 күні жұмыс, нан, адамды қанауды тоқтату талаптарымен көшеге шыққан Париж халқын қан жоса етті. Ал 4 қараша күні Құрылтай жиналысы Екінші республиканың конституциясын қабылдады. Оның негізгі қағидалары бостандық, теңдік және бауырмалдық болды.

Бұл конституция өзінің популизмі мен деларативтігімен ерекшеленді.Бұл конституцияда «Адам және азаматтың құқықтарының декларациясы» болған жоқ. Бірақ онда адам және азамат құқықтарына қатысты арнайы тарау болды. Бұл құжатта бірінші рет мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидасын енгізуге тырысты.

Конституцияда тұрақтылықты «мықты президент – мықты парламент» формуласы арқылы қамтамасыз етіледі деп көзделген. Ол халық егемендігі қағидасына негізделді.

Заңшығару билігін бірпалаталы Заңшығару жиналысы еншіледі. Ол үш жылға сайланатын 750 депутаттан тұрды. Бұл орган заң шығаратын бірден-бір орган болды. Ол бюджетті бекітті және соғыспен бейбітшілік мәселелерін шешті.

Атқарушылық билік төрт жылға сайланатын республика президентіне берілді. Ол бір мерзімге ғана сайлану құқығын иеленді. Оған зор билік берілді. Оған әскер, полиция, әкімшілік аппарат бағындырылды. Ол министрлерді, отарлардың губернаторларын, әскер мен флоттың қолбасшыларын тағайындады, орындарынан алды.

Алайда 1848 ж. Конституцияның либералды-демократиялық ережелерінің ғұмыры қысқа болды. Екі жылдан кейін сөз бостандығы шектелді, сайлау ценздері арттырылды және жалпыға бірдей тең дауыс беру құқығы жойылды, мектеп шіркеудің бақылауына қойылды.

Екінші империя (1851-1870 жж.). 1848 ж. болған президент сайлауында сөзі бос саясаткер және саяси авантюрист Луи Бонопарт жеңіске жетті. Оның негізгі әлеуметтік тірегі шаруалар болды. Себебі шаруалар Бонопарттарды помещиктерден жерді тартып алып, шаруаларға меншікке берген күшті көрді. Олар Напалеон Бонопарттың өзінің ағасының жолын қуып, шаруалардың мүддесін қорғайды деп үміттенді. Сонымен бірге Луи Бонопартқа қаржы буржуазиясы мен католиктік шіркеу де көмек көрсетті. Президенттікке қол жеткізген ол елде империяны қалпына келтіргісі келді. Алайда оған Заңшығару жиналысының мүшелері қарсы тұрды. Қарудың күшімен президент заңшығару жиналысын таратып жіберді. Жаңа сайлауда монархистердің біріккен партиясы жеңіске жетті. Алайда республикандықтарды жеңген монархистердің (бурбонистер, орлеанистер, бонопардистер) арасында дау-дамай басталды. Осыдан парламентің беделі түсе бастады.

Заң шығару жиналысының ел арасындағы беделсіздігі мен қалың бұқара халықтың наразылығын пайдаланған Луи Бонопарт әскердің көмегімен Парижды басып алды, парлаиментті таратты және өзінің саяси қарсыластарын қамауға алды.

1852 ж. 14 қаңтарда Луи Бонопарттың жеке билігін заңи түрде бекіткен жаңа Конституция күшіне енді. Биоіктің барлық көлемі 10 жылға сайланатын президентке берілді. Ол барлық жоғарғы лауазымды тұлғаларды өзінің қарауымен тағайындады, орындарынан алды. Оған парламент депутаттары ант берді.

Заңшығару билігін Мемлекеттік кеңес, Заңшығару корпусы және Сенат пен Президент біріге отырып жүзеге асырды. Заңи бастамашылық құқығы тек президентке берілді. Президенттің ұсынысына негізделе отырып Мемлекеттік кеңес заң жобаларын дайындады, Заңшығару корпусы оларды толығымен қабылдады немесе толығымен кері қайтарды. Ал Сенат конституциялық бақылау функцияларын атқарды.

1852 ж. 2 желтоқсанда императорлық билікті жарилау және Луи Бонопартқа Наполеон III император титулын ресми беру болды. Елде Екінші империя режимі орнады. Бұл режим мәні бойынша авторитарлы болды. Ол әскер, полиция және бюрократияға сүйенді. Бонопартизм түрлі уақытта түрлі әлеуметтік топтардан қолдау тауып отырды.


  1. Бірінші кезеңде ол сауда-өндіріс буржуазиясының көмегімен автократия нысанында дамыды. Бұл уақытта францияда әскери-бюрократиялық режим орнады. Парламенттік мекемелер саөталды, бірақ олардың мәні төмендеді.

  2. Екінші кезеңде либералды монархияға ауысты. 1870 ж. Либералды конституция қабылданды. Ол парламент құрды және министрлердің оның алдындағы шектелген жауаптылығын орнатты. Соған қарамастан Луи Бонопартты қолдайтын әлеуметтік база тарыла бастады. Наполеон III ең соңғы қадамға барды. 1870 ж. ол Пруссияға соғыс жариялады. 1 қыркүйекте Седан түбінде ол айықпастай талқандалды. Жүзмыңдық әскерімен бірге ол тұтқынға түсті. Осыған наразы болған халық 4 қыркүйек кұні парламентке басып кіріп империяның құлағандығын жариялауға мәжбүрледі.


Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет