Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы


-сұрақ: 1848 ж. революция және оның саяси нәтижелері. 1849 ж. Конституция



бет18/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

2-сұрақ: 1848 ж. революция және оның саяси нәтижелері. 1849 ж. Конституция.

1848 ж. Францияда орын алған революцияның нәтижесінде монархияның құлауы, Герман елдерін жайлаған экономикалық дағдарыс және 1847 ж. астықтың шықпауы революциялық қозғалыстың басталуына түртпе болды. 1848 ж. наурызында Германияның көптеген қалаларында шаруалардың помещиктерге қарсы бас көтерулері мен демонстрациялары басталды. Көптеген монархтар бірқатар жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды.

1848 ж. герман буржуазиялық революциясының басты мәселесі Германияны біріктіру болды. Либералды буржуазия Германияны одаққа кіретін мықты мемлекет (Австрия немесе Пруссия) төңірегіне біріктіріп, конституциялық монархия орнатуды қсынды. Жұмысшылар мен ұсақ буржуазия Германияны астынан біріктіріп, федералистік басқарудағы республика құруды ұсынды.

Либералды буржуазияның ұсынысымен 1848 ж. жалпыгермандық парламент шақырылды. Ол жалпыгермандық Ұлттық жиналысқа сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.депутаттық мандаттардың үштен екісі Австрия мен Пруссияға берілді, үштен бір бөлік басқа германдық мемлекеттерге берілді. 1848 жылдың 18 мамырында Майнадағы Франкфуртта Ұлттық жиналыс өз жұмысын бастады. Депутаттардың саяси құрылымы әртекті болды. Монархистер (60 адам) бірігуге қарсы болды және революцияға дейінгі тәртіпті қалпына келтіруге шақырды. Республикандықтар (150 адам) демократиялық республика үшін күресті.Алайда парламентте көпшілікке ие болған либералды буржуазия мен буржуазиялы зиялылар (270 адам) дворяндармен келісе отырып Конституциялық монархия орнатуға тырысты. 1849 ж. Ұлттық жиналыс Конституция қабылдады.

Жаңа конституцияға сәйкес федерация нысанындағы имперяны жариялады. Оның құрамына кіретін мемлекеттер өз егемендігін, үкіметі мен заңдарын сақтап қалды, бірақ федаралды заңдардың жергілікті заңдар алдындағы басымдығы қағидасы қатаң бекітілді. Сонымен бірге жергілікті сепаратизмді жоятын механизмдер енгізілді.


    • Сыртқы саясатты жүргізу ерекше құқығы федерацияға берілді;

    • Ортақ экономикалық кеңістіктің конституциялық негіздері бекітілді, яғни, кедендік баждар жойылды;

    • Ортақ азаматтық және ортақ құқықтық кеңістік орнатылды;

Басқару нысаны бойынша Коснтиуциялық монархия бекітілді. Империя басында монарх – Австрия немесе Пруссияның патшаларының бірі тұрды. Император мемлекет және атқару билігінің басшысы болды. Император өз билігін тағайындалатын министрлері және оның алдында жауапты парламент арқылы жүзеге асырды. Заңшығару билігі екі палатадан тұратын парламент – Рейхстагқа берілді. Жоғарғы палата – мемлекеттердің палатасы, төменгі палата – халықтық палата.

Алайда буржуазиялық революцияның Германияда жеңіліс табуы нәтижесінде 1849 ж. Конституция күшіне енбеді. Германия орталықтанған біртұтас мемлекетке айналмады. Австрия мен Пруссияның билік үшін күресі жалғаса берді.


3-сұрақ:

Герман инпериясының құрылуы және 1871 ж. Конституция..

XIX ғ. ортасына қарай Австрияның беделі айтарлықтай түсті. 1848 ж. Венгрияда революция орын алды. Оны Ресей патшасының әскерімен ғана жаныштауға мүмкін болды. Сонымен бірге чехтардың, венгрлердің, поляктардың, хорваттар мен италияндықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары монархияның іргесін шайқалтты. Австрияның Герман одағындағы басымдыққа деген үміті 1866 ж. Пруссиядан жеңілісінен кейін ғайып болды.

Нәтижесінде жағдайды сақтап қалу үшін Австрияның патшалық әулеті Венгряның помещиктерімен келісімге баруға мәжбүр болды. 1867 ж. Австро‑Венгрялық монархияның құрылғандығы жарияланды. Осы жылдың елтоқсанында екі орталықты монархиялық нысандағы федеративті Австро-Венгрия империясының құрылғандығын бекітетін конституция қабылданды.

Бұл уақытта Пруссияның саяси ықпалы арта түсті. Бұл негізінен жаңа үкімет басшысы помещиктердің көсемі князь Отто Эдуард Леопольд фон Бисмарктың реформаларына байланысты болды. Бисмарк саясатының мәні авторитарлы билікке негізделген мықты держава құру болды. Ол Германияны пруссияның мықты әскерінің күшімен біріктіруді ұсынды. Оның саясатын ірі юнкерлер мен кулактар қолдады.

Пруссияның бірқатар әскери жеңістерінен кейін оның Герман мемлекеттерінің арасындағы саяси басымдығы 1867 ж. күшіне енген Солтүстік-Герман одағының Констиуциясында бекітілді. Яғни, Герман одағы жойылып, құрамына 22 мемлекет кірген Солтүстік-Герман одағы құрылды.

1867 ж. Коснтитуцияға сәйкес Солтүстік-Герман одағының басында Президент тұрды. Ол әрқашан Прусс королі болуға тиіс. Оның қолында барлық атқарушылық билік шоғырланды. Одақтық үкімет монарх алдында жауапты болды. Билік шын мәнінде канцлердің қолында болды. Заңшығару билігі екі палаталы парламентке берілді: Жоғарғы палата – Одақтық кеңес 43 уәкілетті өкілдерден тұрды. Олардың 17 Пруссияның өкілдері болды. Төменгі палата – Рейхстаг жалпы және тікелей дауыс беру арқылы 3 жылға сайланатын 297 депутаттан тұрды.

Алайда Солтүстік-Герман одағының құрамына оңтүстік Герман мемлекеттері қалып қойды. Олардың жалпыгермандық интеграцияға қосылуына Франция кедергі жасады. Сол себепті 1870 ж. Пруссия Франциямен соғыс бастады және 1871 ж. жеңіп, оларды құрамына қосып алды және Франциядан Эльзас пен Лотарингияны тартып алды. 1871 ж. Версаль сарайында орталығы Пруссия болып табылатын Австриядан басқа барлық герман мемлекеттері кірген Герман империясының құрылғандығы жарияланды. Прусс королі император атағын қабылдап алды.

1871 ж. Біріккен Герман империясын бекітетін жаңа Конституция қабылданды. Оған сәйкес Герман империясы келесім негізіндегі федерация, яғни, одақтық мемлекет болды. Оның құрамына 22 монархия (4 патшалық, 11 ұлы герцогтік және 5 княздік) және 3 еркін қала мен империялық провинция – Эльзас-Лотарингия кірді.

1871 ж. Империялық конституция белгілі-бір толықтырулар енгізілген 1867 ж. Солтүстік-Герман Коснтитуциясының көшірмесі болды. Ол ассиметриялы федерация нысанындағы империяны жариялады. Бұл мемлекетте Пруссия басымдыққа ие болды.

Конституцияға сәйкес Герман империясының мемлекеттік құрылысы дуалистік нысандағы конституциялық монархия болды. Ол монарх пен канцлер биліктерінің шексіздігі және парламенттің әлсіздігімен ерекшеленді.

Жалпы алғанда, 1871 ж. Конституция мемлекеттің жаңа типін – буржуазиялы монархияны бекітті. Ондағы саяси билік прусстық генералитет пен юнкерлерге берілді.
4-сұрақ:

Германияның құқығы

Германияның буржуазиялық құқығының қалыптасу ерекшеліктері. «Герман ұлтының қасиетті Рим империясының» құқығы XVIII-XIX ғғ. шегінде әлі де көптеген құқықтық жүйелерге бөлшектенген күйінде қалды. Империя құрамына кіретін мемлекеттердің партикулярлы, яғни, жергілікті құқықтық жүйелері болды. Олар түрлі қатынастарды түрліше реттеді. Құқықтық партикуляризмнің себебін саяси бытыраңқылықта іздеу қажет болды. Жергілікті құқықтармен қатар империялық заңнама мен римдік пандектілік құқықтан құралған жалпы құқық қызмет етті. Ол партикулярлы құқықтағы ақаулықтарды толықтырып отырды.

Германияда буржуазиялық құқықтың қалыптасуы бірқатар факторларға тәуелді болды:



  1. Германияның біртұтас елге айналуынан;

  2. Рим құқығының империяның түрлі аумағында түрлі деңгейде рецепциялануынан;

  3. Елдің аймақтарының экономикалық дамуының әртүрлі болуы;

Алайда Германияның буржуазиялық құқықтың қалыптасу процесіне барлығынан бұрын елдің бытыраңқылығы қатты әсер етті. Нәтижесінде Рейн одағына кірген елдердің аумағында рим құқығының рецепциясы негізінде жасалған 1804 ж. Наполеонның Азаматтық кодексі әрекет етті. Бұл уақытта Пруссияда рим құқығының қағидаларын мойындамаған 1794 ж. Прустық зем уложениесі әрекет етті.

Ортақ азаматтық заңнама жасауға барлық одақ құрамындағы барлық билеушілер қарсы болды. Бұл егеменділікті сақтау желеуімен сылтаулатылды. Алайда капиталистік айналым буржуазиялық негіздегі ортақ құқықтық кеңістікті қажет етті. Осылайша, Германияның бірігуімен қатар ортақ азаматтық құқық қалыптаса бастады.

Алайда ортақ герман мемлекетінің құрылуы ортақ заңнаманың құрылуына бірден әкелген жоқ. Бұл процесс ширек ғасырға созылып кетті. 1896 ж. Азаматтық кодекстің жобасы дайындалып бекітілді, тек 1900 ж. заңи күшіне енді. Себебі империя құрамына кіретін бірнеше мемлекетке ішкі заңнамаларын ретке келтіріп алуға уақыт берілді. Аталмыш процедура жаңа 1897 ж. Сауда кодексіне де қолданылды. Орталықтанған мемлекеттің құрылуымен ортақ 1871 ж. Қылмыстық кодекс және 1877 ж. Қылмысытық іс жүргізу кодекстері де қабылданды.

Германияның азаматтық құқығы. Мүліктік және олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды 1900 ж. Герман азаматтық уложениесі реттеді. Оған бірқатар ерекшеліктер тән:


    • Оның құрылымы пандектілі, яғни, барлығын мүмкіндігінше қамтуды көздейтін жүйе бойынша құрылған;

    • Кодекстегі нормалар мен институттардың сипаттамалы нысанда берілуі, бұнда нақты және жалпы анықтамалар жоқ, көбінесе сілтемелі нормалар басым;

    • Түсініктемелердің нақты еместігі, құқықтық емес имандылық сипатындағы нормаларға сілтеме жасауы.

Құрылымы бойынша Уложение 5 кітаптан тұрды. Бірінші кітап құқықтың жалпы сұрақтарына арналған. Онда барлық тараулардың негізгі азаматтық-құқықтық институттарын анықталған. Екінші кітап толығымен міндеттемелерге арналған. Үшінші кітапта заттай құқық нормаарға жинақталған. Төртінші кітап неке-отбасы қатынастарын реттейтін нормиалардың жиынтығы болып табылады. Бесінші кітап мұрагерлік қатынастарды реттейді.

Герман азаматтық құқығына сәйкес субъектілер болып жеке және заңды тұлғалар табылды. Алайда азаматтардың құқықтық теңдігі қағидасы толық қамтылмаған. Ер адам тек 21 жаста ғана кәмелет жасқа толған деп танылды, әйелдердің әрекетқабілеттілігін шектейтін нормалар көп болды.

Герман азаматтық уложениесі заңды тұлғалардың екі түрін мойындады:


  1. ферейндер – шаруашылық немесе шаруашылықтық емес мақсаттарда құрылған жеке тұлғалардың бірлестігі.

  2. мекемелер – белгілі-бір мақсаттарға жету үшін белгілі мүліктердің бірігуі болып табылатын жеке тұлғалардың одағы.

Заттай құқықтар. Заттай құқықтардың объектісі болып қозғалатын және қозғалмайтын заттар жатты. Қозғалатын заттарға жер және онымен тығыз байланыстағы заттардан басқа барлық заттар жатқызылды. Алғаш рет бағалы қағаздар қозғалмалы заттар қатарына жатқызылды. Қозғалатын және қозғалмайтын заттар түрлі құқықтық режимдерде болды. Қозғалмалы затқа қатысты меншік құқығында ешқандай шектеуліктер жоқ, жер учаскесіне қатысты меншік құқығында келесідей шектеуліктер орын алған:

    • Жер учаскесінің меншік иесінің учаскенің қазбасына және ауа кеңістігіне құқықтары «меншік иесінің мүдделерінің шегімен» шектеледі.

    • Жер учаскесінің иесінің құқықтары басқа жер учаскелерінің шаруашылық қолдану мүдделерінде шектеледі.

Міндеттемелік құқық. Заңшығарушы міндеттеменің анықтамасы бермеген. Алайда уложение мағынасынан оның келесідей түсінігін айыруға болады: міндеттеме – екі тарапты байланыстыратын құқықтық қатынас. Міндеттемелер келісімнен немесе деликтіден пайда болған. Келісім-шарт жарамдылығының талаптары:

  • Тараптардың көрнекті келісімі;

  • Келесімге келуші тараптардың әрекетқабілеттілгі;

  • Келісім-шарт мазмұнының заң талаптарына сәйкес болуы;

  • Келісім-шарттың «мейірімді ерік» немесе азаматтық айналым әдет-ғұрыптарына талаптарына сәйкес болуы;

Бұл талаптардың орындалмуы кез-келген келісім-шарттың жарамсыздығына алып келеді. Уложениеде 20-дан астам келісім-шартың түрі көрсетілген.

Неке және отбасы. Уложениеде некенің жарамдылық талаптары бекітілген:

  1. некелік кәмелет жасақа жетуі (ер адам -21, әйел -16);

  2. некеге тұрушылардың келісімі;

  3. некеге тұрушылардың жақын туыстықта болмауы;

  4. басқа некеде тұрмауы;

  5. зинақорлық жасау себебінен ажырасқан адамдарға некеге қайта тұруға тиым салынған.

Ажырасу негіздері ерлі-зайыптыларға бірдей болды. Олар: зинақорлық, бірінің екіншісінің өмріне қол сұғуы, «абыройсыз іс-әрекет» немесе басқа да имандылыққа жат қылық жасау.

Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары неке келісім-шартымен реттелді. «Енгізілген мүлік режимі» басым болды. Яғни, біріктірілген мүлікті басқару құқығы ер адамға берілді.



Мұрагерлік құқық. Мүлікті мұрагерлікпен қалдыру екі жолмен: заң бойынша және өсиет арқылы жүзеге асырылды. Уложениеде «өсиет еркіндігі» қағидасы дамытылды. Алайда өсиет тек заңды мұрагерлер мүддесімен ғана шектелді.

Германияның сауда құқығы. Германияның бүгінгі күнге дейін әрекет етіп келе жатқан Сауда кодексі 1897 ж. қабылданған болатын. Кодекс төрт кітаптан тұрады. Біріншісі сауда кәсіпорындарын, фирмаларын ұйымдастыру және маклер туралы нормалардан тұрады. Екінші кітапта сауда серіктестіктеріне, акционарлік қоғамдарға, командиттік серіктестіктерге, жариясыз серіктестіктерге арналған. Үшінші кітапта коммерсанттар жасатйн сауда мәмілелерінің нормалары жинақталған. Тқртінші кітап теңіз саудасымен теңіс сақтандыруына арналған.

Қылмыстық құқық. Біріккен Германияның Қылмыстық кодексі 1871 жылдың мамыр айында қабылданды. Оның ресми атауы – 1871 ж. Қылмысытық уложение. Ол құрылымы жағынан үш бөліктен тұрды:



  1. Бірінші бөлімде қылмысытарды, жаман қылықтар мен полицейлік құқықбұзушылықтарды жіктеу қағидалары және шетелдерде қылмыс жасаған жағдайындағы герман азаматтарының жауаптылығы туралы мәселелер жиналған.

  2. Екінші бөлім қылмысытық жаза тағайындау, қылмыс сатылары, қылмысқа бірге қатысу мәселелеріне алналған.

  3. Үшінші бөлігі қылмыстардың жеке түрлері мен олар үшін тағайындалатын жазаларды бекітетін нормалардан тұрады.

Ең ауыр жазалаор мемлекетке қарсы қылмысы жасағандарға қолданылды. Сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар да ауыр жазаланды. Соынемен бірге дінге, отбасыға, тұлғаға қарсы қылмыстар және экономикалық қылмыстар ажыратылды.

Сот құрылысы және процесс. Германида азаматтық және қылмыстық процестер бөлінген болды. Азаматтық сот өндірісін үкіметпен тағайындалатын және ауыстырылмайтын кәсіпқой судьялар жүзеге асырды. Процесс жарыспалы сипатта болды. Қылмысытық сот өндірісі екі сатыдан тұрды. Тергеуші судья жүзеге асыратын алдын-ала тергеу және сот отырушылары қатысатын сот талқылауы. Адвокаттың қатысуы барлық сатыларда рұқсат етілді.

Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1.Германдық одақ қай жылы құрылды және оның құрамына қанша

мемлекеттер кірді?

2. Фашистік партияның билік басына келуге қандай себептер болды?

3. Гитлер қандай заңнамаларды шығарды?

4. Фашистер қандай саяси террорлық әрекеттерін жасады?

Тақырып №16 Ресейдегі феодалды мемлекет пен құқық.


  1. Ресейдегі феодалды мемлекет пен құқықтың пайда болу кезеңі.

  2. Ресейдегі феодалды бытыраңқылық кезеңі.

  3. Орталықтанған Орыс мемлекетінің құрылу кезеңіндегі Ресей.

  4. Ресейдегі сословиелі-өкілді және абсолютті монархия кезеңі.

  5. Ресейдің феодалды құқығы.


Қолдаылған әдебиеттер:

    1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

    2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

    3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

    4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

    5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005


1-сұрақ:

Шығыс славян тайпаларындағы мемлекеттіліктің пайда болу мәселесі көптеген уақыт тарих ғылымында даулы болып келді. Жалпы алғанда Ежелгі Русь мемлекетінің пайда болуы поляндар, ильмендік славяндар, древляндар, дреговичтер, кривичтер, половтықтар, северяндар, родимитичтер және вятичтер сияқты славян тайпаларының одақтарынан бастау алады. Бұл тайпалық бірлестіктер түрлі себептерге сәйкес IX-X ғасырларда біріге бастады. Нәтижесінде алғашқы орыс мемлекеті – Киев Русі қалыптасты. Алайда оның пайда болуына қатысты екі пікір бар.



Бірінші пікірге сәйкес шығыс славян тайпаларының даму деңгейі өте төмен болды және олардағы мемлекеттіліктің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық себептерге емес, сыртқы факторға байланысты делінеді. Бұл ғылыми пікірді ұстанушы ғалымдар алғашқы орыс мемлекетін шығыс славян тайпаларымен көрші тұрған варягтардың үш князі: Рюрик, Синеус және Трувер құрды деген ой айтады. Рюрик Новгородта, Трувор Изборскіде, ал Синеус Белоозескіде таққа отырды делінеді. Бұл жайттар «Повесть временных лет» атты ежелгі шежіре жинағында көрініс тапқан. Осы құжатты негізге ала отырып кезінде алғашқы орыс мемлекетінің құрылуын көрсететін Нормандық теория қалыптасты.

Шындығына келгенде, мемлекеттілікті бір немесе екі-үш адам құра алмайды. Ол үшін қоғамда пісіліп жетілген әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлар қажет. Ал нормандық теория Ресей ғылым академиясында бастапқыда көптеп қызмет еткен бірқатар неміс ғалымдарымен жасалған екен. Және бұл теория сол кезеңде Ресейде билік құрған таза неміс немесе жартылай неміс монархтардың қолдауын тапты. Алайда сол кезеңнің өзінде енді жетіліп келе жатқан көрнекті орыс ғалымдары бұл теорияны жоққа шығаратындай ойлар ұсына бастаған. Бұл антинормандық топ орыс мемлекеттілігінің жаңа тарихын ұсынды.

Шын мәнінде шығыс славяндарының мемлекеті қауымдық қоғамның ыдырап, оның орнында ертетаптық қоғамның қалыптасуымен байланысты. Қауымдық еңбектің қажеттігі азайып, жеке шаруашылықтардың пайда болуы еңбек құралдары мен еңбек өніміне қатысты жеке меншіктің пайда болуына әкеліп соқты. Ал ол дегеніміз мүдделері қарама-қарсы болатын таптардың құрылуы. Сол кезең үшін басты байлық жерді иемденіп алған феодалдар табы мен олардың қанауына түскен шаруалар табының қарама-қайшылықтары мемлекет пайда болуының негізгі себебі. Сонымен бірге, күшейген сыртқы қауіп те бөлек-бөлек тайпа одақтарын бірігуге итермеледі. Ғылымдағы бұл пікірдің негізін Ұлы орыс ғалымы М.В. Ломоносов салды.

Алғашқы Орыс мемлекеті Киев Русі құлиеленушілік сатына секіріп өткен ертефеодалды монархия болды. Бұл оның бірінші ерекшелігі. Ал екінші ерекшелігі Ресей феодалды мемлекетінің Батыс Европа елдерінікімен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болуы. Ресейдегі феодалды мемлекеттің даму кезеңдері:



  1. Феодалды мемлекет пен құқықтың қалыптасу кезеңі (IX-XII ғғ.). Бұл кзеңде Ресейде феодалдық қатынастар орнықты және негізгі екі тап пайда болды. Жерлерді басып алған княздер, боярлар, княздік дружина, шіркеу қызметкерлері феодалдар табын құрады, ал жерсіз қалған қоғам бөлігі қанаудағы шаруалар табын құрады. Осының нәтижесінде сюзеренитет-вассалитет қатынастары дамып, ондық басқару жүйесін сарай-вотчиналық жүйе ығыстырып шығарды. Феодал вотчинасына жеке усадьбасы мен крепостной шаруалар кіре бастады.

  2. Феодалдық бытыраңқылық кезеңі (XII-XIV ғғ.). Бұл уақыт аралығында Киев Русі мемлекеті ыдырап, оның орнында бір-бірінен тәуелсіз 250 ұсақ мемлекет пайда болды. Олардың ішінде республикалық басқару жүйесіндегі Псков және Новгородтық боярлардың аристократиялық республикалары да болды. Бұл кезеңнің орта шенінде бытыраңқы орыс княздіктері татар-моңғол шапқыншылығына тап болады. Нәтижесінде ұзақ уақытқа созылған татар-моңғолдарға бағыныштылық орнайды.

  3. Орталықтанған орыс мемлекетінің құрылу кезеңі (XIV ғ. аяғы – XVIғ.). Бұл уақытта ұтымды географиялық және саяси факторларды пайдаланған Москва княздігі орыс княздіктерін маңайына жинай бастады. Нәтижесінде мықты орталықтанған орыс мемлекеті құрылды.

  4. Сословиелі-өкілді монархия кезеңі (XVI-XVII ғғ.). Аталмыш кезеңде орыс қоғамында сословиелердің бірігуі орын алды. Нәтижесінде олардың өкілдерінен тұратын сословиелі-өкілді орган – Зем соборы құрылды. Ол патшаның маңызды шешімдерін бекіту және салық орнатуға рұқсат беру функцияларына ие болды.

  5. Абсолютті монархия кезеңі (XVIII-XX ғғ.). Ресейдегі абсолютті монархияның орнауы Петр I реформаларымен байланысты. Ол бойынша Зем соборының шақырылуы тоқтатылды, Бояр Думасы таратылды және шіркеудің мемлекетке тәуелділігі бекітілді. Ресей империяға айналып, монарх билігі шексіз сипатқа ие болды. Абсолюттік монархияның орнап, феодалдардың билігінің азаюы капиталистік қатынастардың бой алуына жол ашты.

Шығыс славян тайпалары көршілік қауым болып өмір сүрген ірі тайпа одақтары болды. Оларға поляндар, ильмендік славяндар, древляндар, дреговичтер, кривичтер, половтықтар, северяндар, родимитичтер және вятичтерді жатқызуға болады. Олардың негізгі кәсібі жер өңдеу болды.

I мыңжылдықтың бірінші жартысында шығыс славяндары мекендеген аумақтың оңтүстік бөліктерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы орын алды. Ал VI ғ. бастап бұл процес барлық шығыс-славян тайпаларын қамтыды. Жер жыртудың жаңа темір құралдарынаң пайда болуы және малды жекпе күш ретінде қолдана бастаумен байланысты жер өңдеудің жақсаруы еңбек өнімділігін арттырды. Ұжымдық еңбек етуге деген қажеттілік жойылып, әрбір шаруашылық жеке дара әрекет ете бастады.

Жер өңдеу қаруларына, шаруашылыққа және еңбек өніміне қатысты жеке меншік пайда болды және жер учаскілерін жеке пайдалану мен иемдену құқықтары қалыптасты. Рулық қауым аумақтық көршілік қауыммен алмастырылады.

Қолөнер дамып, сауда да үлкен маңызға ие бола бастады. Еңбек бөлінісі және оның өнімділігінің артуы бөтен еңбек күшін пайдалануға мүмкіндік туғызды. Ауылдық қауымды әлеуметтік жіктелу процесі басталды. Ру-тайпалық көсемдер, олардың жасақтары мен жақындары қауымдық жерлерді басып алып, онда тұрған шаруаларды басыбайлыққа бекітті. Сонымен бірге, әскери олжа мен тұтқындардан шыққан құлдар баюдың тағы бір қайнар-көзі болды.

Осылайша, I мыңжылдықтың екінші жартысындағы шығыс-славяндық қоғамға келесі белгілер тән:


  • Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы;

  • Таптық қоғамның қалыптасуы;

  • Рулық билік органдарының үстем таптың билік органдарына айналуы;

  • Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.

Шығыс славяндарда мемлекеттің пайда болуы бірінші кезекте ішкі әлеуметтік-экономикалық процестерге байланысты болды. Бірақ сонымен бірге сыртқы қауіп, соғыс жүргізу қажеттігі, қарсылықтарды шешу сияқты факторлар да өз әсерін тигізді.

Ежелгі орыс мемлекеті құлиеленушілік сатына секіріп өткен ертефеодалды монархия болды. Оның себебі бастапқыда құл еңбегі өз шығынын ақтамады, кейін оның қажеттігі болмай қалды. Еңбек құралдары дамымаған кезде ортаорыс ойпатындағы шаруашылық жүргізудің қиындығы құл еңбегіне қатысты шығындардың ақталмайтындығын көрсетті, ал кейін еңбек құралдары дамып, жер өңдеуге жылқыны падалана бастау құл еңбегінің тиімсіздігін көрсетті. Себебі еңбек өнімділігіне қатысты қызығушылығы жоқ құлдарды еңбекке тарту тиімсіз, ал жылқы беру қауіпті еді. Сондықтан да құл еңбегі славяндарда кең таралмады.

Ірі Ежелгіорыс мемлекетінің қалыптасуы IX ғ. бірінші жартысында басталды. Осы кезеңде басқа княздерге қарағанда байлығы да мол, әскери қуаты да зор Киев князі басқа славян жерлерін өзіне бағындара бастады. IX ғ. екінші жартысында Киев князінің қол астына Новгород княздігі өтті. Кейінірек барлық шығыс-славян княздіктері Киев князінің қол астына бірікті. Бұл мемлекет Ярослав Мудрыйдың кезінде дамуының шарықтау шегіне жетті. Ал оның өлімінен кейін мемлекет орнында Галицко-Валынское, Владимиро-Суздальское княздіктеріне және Новгород пен Псков боярлық республикаларына ыдырап кетті.

Осы уақыттағы қоғамдық құрылыс өзінің күрделігімен сипатталды. Ұлы князь, жергілікті княздар және боярлар ірі феодалдар табын құрады. Сонымен бірге Киев 989 жылы христиандық дінді қабылдады. Сол себепті шіркеудің қызметкерлері де феодалдар табына өтті. Княздік жасақтың мүшелері ұсақ феодалдарды құрады.

Шаруалар табы да біртекті болмады, ол үш негізгі топтан тұрды:


  1. Каталог: files -> book
    files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
    files -> Расул гамзатов
    files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
    files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
    files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
    book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
    book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет