Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы



бет15/21
Дата23.11.2016
өлшемі3,5 Mb.
#2414
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Заңшығару билігі екіпалаталы парламент – АҚШ Конгрессіне берілген. Ол төменгі палата - өкілдер палатасы және жоғарғы палата – Сенаттан тұрады. Өкілдер палатасы жиырма бес жатқа жеткен меншік иесі болып табылатын ақ ер адамдардың тікелей дауыс беруі арқылы 2 жыл мерзімге сайланды. Сайлау квотасы бойынша 30 мың адамнан 1 депутат сайланды. Өкілдер палатасының төрағасы палатамен сайланатын спикер болды.

Сенат мүшелері әрбір штаттың заңшығарушылық жиналыстарының депутаттарымен 6 жылға сайланды. Әрбір штаттан 2 сенатор сайланды. Екі жылда Сенат депутаттарының үштен бірі қайта сайланып отыруы тиіс. Сенаттың төрағасы президентпен бірге сайланатын вице-президент болды.



Атқарушылық билік екісатылы сайлау арқылы 4 жыл мерзімге сайланатын АҚШ Президентіне берілді. Оның жасы 35 жастан төмен болмауы тиіс. Бастапқыда әрбір штатта Президентті сайлайтын сайлаушылар сайланады, ал олар өз кезегінде президент сайлауына қатысады. Конституция бойынша президент мемлекет басшысы және атқарушылық билік басшысы болып табылады. Мемлекет басшысы ретінде президент әскер мен флоттың бас қолбасшысы болып табылады, өлім жазасы үкімін орындауды шегіндіруі құқығы, рақымшылық жасау құқығы, өз Кабинетінің кез-келген мүшесін тағайындау және орнынан алу құқығы бар. Атқарушылық билік басшысы ретінде президент федералдық заңдардың толық және бірегей орындалуын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы сот билігі АҚШ Жоғарғы сотының құзырына берілген. Оның мүшелері Сенаттың келісімімен президентпен тағайындалады. Олар өмір бойы бұл лауазымдарын сақтайды. Конституция олардың жалақысын төмендетуге шек қояды.

АҚШ Конституциясы енгізген биліктің бөліну қағидасы және тежемелік тепе-теңдік жүйесі тиімділігін дәлелдеді. Себебі:


  1. Бұл қағидаға сәйкес әрбір билік тармағы басқасының билікті жаулап алу пейілдерін шектеп отыра алды.

  2. Билік тармақтары түрлі қайнар-көздерден бастау алды;

  3. Ешбір билік тармағында басқа билік тармағының уәкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату құқығы жоқ;

  4. Үш биліктің ешбірі АҚШ Конституциясына қарсы заңдар қабылдай алмайды.

АҚШ Конституциясы федералды құқықтың штат құқықтарына қарағанда басымдығын бекіту арқылы федерацияны бекітті. Онда федерация мен штаттардың биліктік құзыреті қатаң анықталған. Штаттарға Федерация құзыретіне жатпайтын айырықша уәкілеттіктер берілді. Штаттарға басқа штаттармен және шетелдермен одаққа тұруға, өз әскері мен флотын иемденуге тиымсалынған. Алайда олардың қарауына қылмыстық, азаматтыз, процессуалды құқықтар берілген. Әрбір штаттың республикалық сипаттағы конституциясы бола алады.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағынан АҚШ Конституциясы қатаң конституциялар қатарына жатады. Оның авторларының ойынша бұл қасиеті қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 1787 жылдан 2004 жылға дейін 27 өзгеріс ғана енгізілді.

АҚШ Конституциясының ең басты кемшілігі - адам құқықтарына арналған тараудың болмауы. 1789 ж. Д.Мэдисонның басшылығымен индивидтің құқықтары мен бостандықтарына қатысты Конституцияға өзгерістер ұсынылды. 1791 ж. 15 желтоқсанына дейін қабылданған алғашқы он өзгеріс «Құқықтар туралы билль» деген атауға ие болды. Бұл билль АҚШ Конституциясының ажырамас бөлігіне айналды. Билльдің басты артықшылығы – оның мемлекеттің жеке тұлғаға қатысты билік ету шегін бекітуінде.

I өзгеріске сәйкес Конгресске сөз, баспасөз, жиындар бостандығын және тұлғаның үкіметке жүгіну құқықтарын шектейтін заңдар қабылдауға тиым салынды. Конгресс барлық жұртқа міндетті дінді бекіте алмады. II өзгеріске сәйкес азамттардың қару-жарақ иелену және алып жүру құқықтары бекітілді. III өзгеріс бойынша бейбіт уақытта солдаттардың жеке үйлерде тұруына тиым салынды. IV өзгеріс жеке тұлғаның, үйінің, қағаздары мен мүлкінің қол сұғылмайтындығын жариялады. V өзгеріс процессуалды кепілдер, сот отырушыларының қағидалары және жеке меншікті қайтарымсыз алуға тиым салу бекітілді. Айыпталушының негізі құқықтары VI өзгерісте көрініс тапты. VII өзгеріске бойынша 20 доллардан қымбат талап-арыздар сот отырушыларының қарауына беріле алды. VIII өзгеріс шектен тыс айыппұл салуға және қинау жазаларын тағайындауға шек қойылды. X өзгеріс азаматтық құқықтарға қатысты болмады, ол штаттардың құқықтарына арналған.

Алайда билльде кең ауқымды азаматтық бостандықтардың бекітілуіне қарамастан, ол әлеуметтік және экономикалық құқықтарды кепілдендірмеді және құлдықты сақтап қалды. Сонымен бірге, халықтың басым бөлігін сайлаудан тыс қалдырған сайлау жүйесі өзгеріссіз қалды. Алайда бұл кемшіліктер «Құқықтар туралы билльдің» маңызын азайта алмайды.
3-сұрақ:

XIX ғ. 20 жылдарына қарай АҚШ құрамында 22 штат болды. Олардың 12 ерікті, ал 10 құлиеленушілік болды. Оңтүстіктің құлиеленушілері мен өнеркәсібі дамыған буржуазиялық Солтүстік арасында қайшылықтар күннен-күнге күшейе түсті. Әсересе бұл қайшылықтар жаңа штаттардың тағдырын шешкен кезде өрши түсті.

Буржуазиялық солтүстік пен құлиеленушілік оңтүстік арасындағы нағыз қақатығыстың орын алуы Миссури штатының тағдырын шешумен байланысты болды. Плантаторлар бұл штатты Конгресте заң қабылдау арқылы құлиеленуші штаттар қатарына өткізуге тырысты, алайда еркін штаттардың депутаттары қатарынан ұйымдасқан қарсылыққа тап болды. Бұл қақтығыс копромиспен аяқталды. Миссури штаты құлиеленуші штат болып, ал жаңа Мэн штаты ерікті штат болып АҚШ-қа қосылды. Алайда бұл копромисс қайшылықты уақытша ғана шегіндірді. Бұл қақтығыс кейін де Калифорния, Нью-Мексика, Юта, Канзас және Небраска штаттарының мәртебесін анықтағанда өрши түсті. Нәтижесінде Миссурийлік компромисс бұзылды. Бұл уақытта құлиеленушілер федералды үкіметте басты лауазымдарға ие болғандықтан, бұл компромисті аттап өтті.

1854 ж. республикандықтар алғаш рет Конгрестің төменгі палатасында көпшілікке ие болды. Алайда бұл кезде Сенатта құлиеленушілер көпшілікке ие болды және федералды үкіметте өз адамдарын ұстап отырды. Нәтижесінде жағдай аса өзгерген жоқ.

Тек 1860 ж. күзінде президенттік сайлауда алғаш рет республикалық партияның өкілі Авраам Линкольн жеңді. Кедей отбасынан шыққан адвокат – Авраам Линкольн құлдықтың қарсыласы болды. Оған деін барлық президенттер оңтүстік штаттардан шыққан болатын. Бұл жеңіске жауап ретінде 13 оңтүстік штаттардың плантаторлары АҚШ-тың құрамынан шығатындығын, яғни, сецессия туралы жариялады. 1860 ж. бірқатар оңтүстік штаттар өз тәуелсіздіктерін жариялады, ал келесі жылы 9 штат бірігіп, Америка штаттарының конфедерациясын құрды. Олар өз президенті мен парламентін сайлады және өз үкіметін тағайындады.

Авраам Линкольннің иноугурациясынан кейін 1861 ж. 12 сәуірінде конфедеранттар төрт жылға созылған азаматтық соғысты бастады. Бастапқыда конфедераттардың әскерлері жоғарғы дайындық пен дарынды қолбасшыларының арқасында бірқатар айтарлықтай жеңістерге жетті. Бұл Линкольннің екі заң қабылдауына итерді.



1862 ж. 20 мамырда күшіне Гомстед-акт енді. Ол бойынша 21 жасқа жеткен әрбір азамат 65 га аспайтын жер учаскесін ақысыз алуға құқық берілді. Бес жылдан кейін жер иесі жер учасксіне қатысты шексіз құқықтар алды. Бұл акт жартысынан артығын фермерлерден тұратын солтүстіктердің әскерінің рухының өсуіне жағдай жасады. Бұл акт оңтүстіктегі құлдыққа тағы бір соққы жасады.

Құлдықты жою туралы декларация 1862 ж. 22 қыркүйегінде қабылданды. Оған сәйкес 1863 ж. 1 қаңтарынан бастап оңтүстік штаттардағы 4 млн. негр бостандық алды. Бұл азаматтық соғыстың барысына зор әсер етті. Нәтижесінде 1865 ж. конфедеранттардың әскері капитуляцияны мойындады. Оңтүстіктің жеңісі баяғыдан шешімін таппаған буржуазиялық революцияның маңызды сұрағы – құлдық туралы мәселені шешті. Бұл мәселе аталмыш декларациядан басқа АҚШ Конституциясына енгізілген өзгерістермен де шектелді. XIII өзгеріс бойынша елдің брлық аумағында құлдық жойылды, ал XIV өзгеріс штаттарға АҚШ азаматтарының артықшылықтары мен жеңілдіктерін шектейтін және штаттардың адамды өмірден, бостандық пен меншіктен тиісті процедурасыз айыруға тиым салды. Алайда бұл нормалар үндістерге тарамады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізі бүлікке және қылмысқа қатысу болып табылды. 1870 ж. 21 жасқа жеткен ер азаматтардың нәсіліне, бас бостандығы мен терісінің белгісі бойынша сайлау құқықтарын шектеуге тиым салатын XV өзгеріс енгізілді.

Азаматтық соғыс аяқталғаннан соң ең басты мінде федерацияны қалпына келтіріп, елдің тұтастығын нығайту болды. Әр штатта түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымдардың болуы АҚШ-тың тұтастай дамуына тежеу болды. Құлдыққа қарсы күрескен солтүстік штаттар жеңіп шыққанымен, оңтүстік штаттарда жағдай көп өзгерген жоқ. Негрлер басы бос болғанымен, ешқандай нақты құқықтарға ие болмады. Сонымен бірге, «қара кодекстер» қабылданды. Олар бойынша негрлер, мулаттар және кедейлердің балалары бұрынғы қожайындардың билігінде қалдырылды. Ресми түрде бұл шара босқындықпен, қаңғыбастықпен күресу үшін енгізілді. Оңтүстік штаттардың ашық саботажы федералды үкіметті «оңтүстікті қайта құру» саясатын қалыптастыруға мәжбүр етті. Оны бекітетін «Қайта құру тураы» акт қабылданды. Бүлікшіл штаттарға әскери құрамалар енгізілді. Олар бес әскери окрушқа бөлінді. Әрбір штаттағы азаматтық соғысты кең уәкілеттіктерге ие генералдар басқарды. Бұл штаттардағы негрлер азматтық және саяси құқықтарды иеленді. Тегін мектептер құрылды, ақысыз көмек көрсетіле бастады.

1872 ж. Оңтүстікте әскери әкімшілік таратыла бастады, ал 1877 ж. федералды әскерлер де оңтүстік штаттардан шығарылды. Бұл жағдай нәсілдік рассизмді қолдайтын күштердің қолын босатты. Нәтижесінде көптеген оңтүстік штаттарда нәсілдік белгілер бойынша бөлек қызмет көрсетуді көздейтін сегрегациялыққ заңдар қабылданды. Мысалы, ақтар мен қаралар үшін бөлек асханаларғ мектептер және вагондар болды. Соған қарамастан бұл актілердің заңдылығын сол кездегі Жоғарғы сот мойындады. Олардың айтуынша тең, бірақ бөлек құқықтар заңға сәйкес болды. Үндістердің жағдайы да нашарлады. Олар өз жерлерінен толығымен айырылып, резервацияларға қамалды.


4-сұрақ:

Америка құрама штаттарының құқықтық жүйесі біртұтас емес, ол түрлі құқықтық салттардың қоспасы ретінде қарастырылады. АҚШ құқықтық жүйесінің дамуында екі кезеңді бөліп қарастыруға болады:



  1. отарлық кезең (бұл кезең алғашқы қоныстанушылар көшіп келгеннен революцияның аяқталуымен бітетін 150 жылға созылған уақыт аралығын қамтиды).

  2. америкалық құқықтың қалыптасу дәуірі (АҚШ Конституциясын қабылдаудан басталады және XX ғ. деін созылады).

Отарлық кезеңде отарлардың құқықтық жүйелері ағылшын құқығының рецепциясы негізінде, яғни, институттарын қабылдау арқылы дамыды. Соған қарамастан, ағылшын прецеденттік құқығын өзіне алған ертекапиталистік американдық қоғам феодалдық сипаттағы күрделі әрі ескірген нормаларды қабылдамады. Ағылшын құқығының американдық вариантының ерекшелігі оның түсініктілігінде және капиталистік шаруашылыққа ыңғайлығында. Сол себепті отарлық құқық үш элементтің қосындысын құрады:

    • ағылшын жалпы құқығы

    • жаңа жерде өмір сүру қажеттіліктерінен қоныс аударушылар қабылдаған жаңа заңдар

    • қоныс аударушылардың имандылық-діни қағидалары

Американдық құқықтың қалыптасудәуірі еркше американдық прецеденттік құқықтың пайда болуымен байланысты. Бұл құқықтық жүйе де соттық прецедентке негізделді. Яғни, АҚШ-та сот билігінің жоғарылығы мойындалды, себебі басқа билік тармақтарымен салыстырғанда сот билігі толық тәуелсіз және құқықтың мәртебелігі қағидасын бұлжытпай ұстанады.

Американдық құқықтық жүйенің ағылшындықтан басты айырмашылығы – бұнда құқықтық жүйенің өзегі ретіндегі конституцияның маңызы өте зор. Яғни, АҚШ заңнаманың рөлі де сот прецедентімен қатар тұрады. Сонымен бірге, тағы бір айырмашылық – федерализм қағидасының бекітілуі. Әрбір штата заңшығару және сот биліктерінде автономияға ие болу арқасынды федералды заңнамаға сәйкес өзіндік құқықтық жүйелерін құрады.



Құқық қайнар-көздері. Оларға келесілер жатады:

  1. статуттық құқық деп аталатын заңнама.

  2. соттармен жасалатын прецеденттік құқық.

  3. әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер.

Статтутық құқықтың негізін АҚШ Конституциясы, федералды заңдар, штаттардың конституциялары мен заңдары құрайды. Прецеденттік құқық Жоғарғы сот, округтық соттар және басқа да соттардың шешімдерінен құралады. Заңнаманың прецеденттік құқық алдында басымдығы бекітілген. Сонымен бірге АҚШ-та әдет-ғұрып құқығы да өзінің өзгерістерге бейімділігі арқасынды айтарлықтай дамыған.

Азаматтық құқық. АҚШ-тағы мүліктік және онымен байланысты мүлктек емес жеке құқықтық қатынастар тнегізінен ағылшын құқығынан алынған құқықтық институттармен(корпоративті құқық, меншік құқығы, келісім-шарт құқығы) реттелді. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу жеке штаттардың құзыретіне жатады. Федералды үкімет трестілерге қарсы және салықтық заңнамалары арқылы жанама түрде ғана ықпал етіп отырды. Азаматтық құқықтық-қатынастардың субъектілері ретінде жеке және заңды тұлғалар танылды.

Жеке тұлғалар ретінде азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қарастырылды. Толық құқықсубъектілікке барлық тұлғалар ие болған жоқ. Негрлер, қытайлар мен монғол тектестерге түрлі сегрегациялық шектеуліктер сақталды. Күйеуіге тиген әйелдердің де құқықсубъектілігі азайтылды.

Заңды тұлғалар ретінде кәсіпкерлік копорациялар қарастырылды. Олар акционерлік қоғамдардың аналогтары болды. Заңды тұлғалардың белгілері тек 1819 ж. Жоғарғы сот шешімінде бекітілді. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты жеке меншік құқығымен қатар сенімді меншік құқығы – траст дами бастады.

Отбасы құқығы. Неке-отбасы қатынастарын реттеу штаттардың құзыретіне берілді. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері, ата-ана мен балалардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрып құқығымен, прецеденттік құқық және имандылық-діни нормалармен ретттелді. Бұл жағдай түрлі штаттардағы осы саладағы заңнаманың өзгешелігіне себеп болды.Пуритандық мораль мен діни нормалар неке және отбасыға қатысты консервативтік көзқарастар қалыптастырды. Бұл некедегі ер мен әйелдің тең құқықты болмауынан көрінеді. Күйуге шыққан әйелдер шектелген құқықсубъектілікке ие болды. Штаттардың заңнамасында азаматтық және шіркеулік некеге отыру тең дәрежеде танылады. Ажырасу еркіндігі танығанымен, көптеген щшектеуліктер енгізілді. Мысалы, сот талқылауы арқасында ажырасу құқығына ие болу немесе ажырасу алдында алты ай бойы бөлек тұру талабы. АҚШ заңнамасы мұрагерліктің екі тәртібін: заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлікті таныды.

Әлеуметтік заңнама. Империализм кезеңінде банктік капиталдің өндірістік капиталмен бірігіп кетуі, бұл капитал иелеріне мемлекет саясаты мен шарушылығын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту және жалақыны көтеру мақсатында кәсіптік одақтарға бірігуге деген ұмтылысын үкімет қатаң тиып тастап отырды. Алайда бұл қозғалыс ізсіз өткен жоқ.

Мемлекеттің кәсіпкер мен жұмысшы арасындағы қатынастарға қатысуға тырысуы үлкен бизнес тарабынан кедергілерге тап болды. Көп жағдайда үкіметтің өзі үлкен бизнестің жағында болды. Жұмысшылар қозғалысы мақсаттарына жете алмады. Тек 1916 ж. ғана Конгресс 8 сағыттық жұмыс күні туралы заң қабылдады.



Қылмыстық құқық. АҚШ-тағы қылмыстық құқықтың дамуына ағылшын жалпы құқығының зор ықпалы болды. Бұл кезеңдегі АҚШ қылмыстық құқығы өзінің күрделігі және қайшылықтылығымен ерекшеленеді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін әрбір штата қылмыс пен жаза институттарын өзінше анықтады. АҚШ Конституциясы федералды юстицияның қарауына тек жалған ақша жасау, ашық теңізде қарақшылық жасау және опасыздықты ғана жатқызылды. Барлық қалған құқықбұзушылықтар штаттардың құзырына берілді. Көптеген штаттарда жалпы құқық доктринасына негізделген қылмыстық кодекстері жасалды. Қылмыс құқығын унификациялауға тырысу федералды қылмыстық құқықтың қалыптасуына алып келді. 1909 ж. 4 наурызында федералды қылмыстық кодекс заңды күшке енді. Ол бойынша ең ауыр қылмыстар үшін жауаптылық көзделді: шпиондық, бүлік, жалған ақша жасау, нашақорлық сату, адамдарды ұрлау және т.б.

Федералды және штаттардың қылмыстық кодекстерінде жалпы бөлім жоқ. Бұл судьяларға нормаларды өзінше түсіндіруге мүмкіндік береді. Диспозициялары үлкен әрі айқын емес. Көптеген штаттардың қылмыстық кодекстерінде «заңда жазылмаған қылмыс жоқ» және «кінәсәздік презумпциясы» қағидалары бекітілмеген. Жазалар негізгі және қосымша болып бөлінеді.



Сот құрылымы және сот өндірісі. 1789 ж. Заң боынша АҚШ сот жүйесі орталықсызданған болды және екі деңгейден тұрды: федералды соттар және штаттардың соттары. Сот жүйесінің дуализмі сот өндірісіне де өз ықпалын тигізді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін сот процесі демократиялық сипатқа келді. Сот отырушыларының институты қалпына келтірілді. Ауыр қылмыстар үшін айыптауды мемлекеттік айыптаушылар – штат прокурорлары жүзеге асыратын болды. Азаматтық және қылмыстық сот өндірістері бөлектенді.

Федерация мен штаттардағы қылмыстық процес үш сатыдан тұрды:



  1. алдын-ала тергеу сатысы – бұл сатының мақсаты істің мән-жайларын анықтау; Штаттарда алдын-ала тергеуді графтықтар мен қалалардың полициясы жүзеге асырды, егер қылмыс федералды заңнамада көрсетілсе, оны федералды полиция органдары тергеді.

  2. айыптауды жариялау және істі сотқа жіберу сатысында прокурордың рөлі артты. Ол істі сотқа беру/бермеу мәселесін шешті.

  3. соттық талқылау сатысынды сотталушыға алты айдан артық бас бостандығынан айыру мерзімі төніп тұрса, ол сот отырушыларына құқығы бар. Сот отырушыларының алқасы 12 адамнан тұрады; сот процесі жарыспалы сипатта өтеді; жюри бірауыздан кінәлілігі туралы немесе керісінше вердикт шығаруы тиіс, ал судья жазаның түрін тағайындайды.


Тақырып бойынша қайталау-пысықтау сұрақтары:

1. АҚШ Тәуелсiздiгi үшiн күрес кiмдерге қарсы жүргiзiлдi?

2. АҚШ штаттардың құқытық мәртебесi қандай болды?

3. “Жаңа курстың” негiзiн қалаушы кiм болды?

4. Ең алғаш кезінде АҚШ неше штаттан тұрды және мәртебесі қандай болды?

5. АҚШ-тың егемендігін Ұлыбритания қай жылы ресми нысанда таныды?


Тақырып № 14: Ұлы француз революциясы. Францияда буржуазиялық мемлекет пен құқықтың орнауы.

Жоспар:

  1. Ұлы француз буржуазиялық революциясы. Конституциялық құрылыстың орнауы.

  2. Напалеон Бонапарттың төңкерісі. Империяның құрылуы.

  3. Франциядағы екінші республика.

  4. Париж коммунасы. Франциядағы үшінші республика режимі.

  5. Францияның буржазиялық құқығы.


Қолдаылған әдебиеттер:

  1. История государства и права зарубежных старн. \ Под. Ред. Крашенинниковой Н.А. и Жидкова О.А. в 2 томах. М., 1999ж.

  2. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. М., 1999ж.

  3. Графический В.В. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  4. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М., 1999г.

  5. Мухаев Р.Т. История государства и права зарубежных стран. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005

  6. Черниловский З.М. Хрестоматия по всеобщая истории государства и права. М.., 1988г.

  7. История государства и права зарубежных стран: Учебно-методическое пособие / Отв. редактор Н.А.Крашенинникова.- М.: Норма, 2006

  8. Кучер В.В. История государства и права зарубежных стран: Словарь-справочник.- Новосибирск: Сибирское соглашение, 2000

  9. Ливанцев Е.К. История буржуазного государства и права. М., 1986г.

  10. Омельченко О.А. Всеобщая история государства и права. Т 1,2 М., 1998г.


1- сұрақ:

1789-1815 жж. кезеңде Европа ғаламдық өзгерістерге ұшырады: феодализмнің орнына оған қарағанда дамуы ілгері құрылыс – капитализм келді, ежелден келе жатқан монархиялық тақтар құлап, олардың орнын республикалар басты, жаңа мемлекеттер құрылды. Осындай әлемдік өзгерістердің бастауы Француз патшалығы болды. Осы бай да мықты мемлекетте 1789-1794 жж. революция орын алды. Бұл революция өзінен кейінгі барлық саяси-экономикалық құбылыстарға өз әсерін тигізді. Сол себепті оны «Ұлы» деп атайды. Ол феодализм және патшалық абсолютизмді құлатып қана қоймай сонымен бірге ғасырлар бойы адамзаттың арманы болып келген «бостандық, теңдік және бауырмалдыққа» негізделген әділ, құқықтық және демократиялық мемлекет құруға тырысты.



Ұлы француз буржуазиялық революциясының себептері мен кезеңдері. Тарихшылардың айтуынша Ұлы француз революциясы әлсіз, кедей елде болған жоқ. Соль кездегі Франция сауда мен өндірістің дамуы бойынша тек Ұлыбританиядан ғана қалды. Халқының саны 25 млн. адамға жетті. Франция Индияда, Африкада, Америкада отарлары бар ірі отарлаушы және теңіздік держава болды. Алайда соған қарамастан бұның артында дәуірі өткен феодалды-абсолютистік режим және жаңа капиталистік құрылыс арасындағы терең қайшылықтар тығылды. Бұл қайшылық артықшылықтары бар сословиелер дворяндар және діни сословиенің «үшінші сословиемен» қақтығысы нысанына ауысты. «Үшінші сословие» бұл уақытта халықтың 96%-ын құрады.

Кезінде Францияның экономикалық және саяси дамуына зор үлес қосқан абсолютизм XVIII ғ. екінші жартысында прогрестің басты тежеуішіне айналды. Францияның экономикалық дамуына феодалды-абсолютистік тәртіп пен сословиелік артықшылықтар кедергі жасады. Бұл артықщылықтарды қамтамасыз ету үшін мемлекет өнеркәсіпшілерге, көпестер мен ірі қолөнершілерге ауыр салықтар салды. Саны көп ішкі кедендер сауданың дамуын тежеді. Мануфактуралық өндірістің дамуы цехтік реттегу тірелді. Ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Себебі шаруалар бұл кезеңде ауыр салықтардан басқа ортағасырлардан қалған сеньор пайдасына көптеген борыштар өтеді. Бұндай ауыр міндеттерден шаруалар ауылдарын тастап сан көп баскесер тонаушылардың топтарына қосылды. Елде ірі көлемде бюджеттік жетіспеушілік орын алды.



Қаржылық дағдарысты сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер күшейте түсті. Англия мен Пруссияға қарсы болған Жеті жылдық соғыста жеңілген Франция өзінің Үндістан, Африка және Америкадағы бай отарларынан айырылды. Ағылшындар Францияның әскери-теңіз флотының барлығын дерлік жойып, француз отыр Канаданы басып алды.

Үстем таптың әлсіздігі мен дәрменсіздігін көрген «үшінші сословие» жай ғана салықтық жеңілдіктерді місе тұтпады, ендігі уақытта олар жаңа саяси және экономикалыө тәртіпті орнатуға тырысты. Қала плебсі мен шаруалардан тұрған қалың бұқара халықпен біріге отырып буржуазия үстем тапқа айналуды мақсат етті.

Үшінші сословиенің саяси талаптары Ұлы француз революциясының идеялық негіздемесіне айналған Ағарту идеологиясында көрініс тапты. Оның орталық ойы ғылым мен адамға даган сенім болды. Яғни, адам тұлғасының құндылығы мен білім әлеуметтік өзгерістерді тездетіп, әділ тәртіпті құрады. Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо сияқты ұлы француз ағартушылары басты діни доктриналарды жоққа шығарды, феодалдық қоғамның адам табиғатына жат екендігін дәлелдеді және биліктің бөлінуін ұсынды.

Жағдайдың ушығып бара жатқанын сезген патша біржарым ғасыр бойы шақырылмаған Бас штаттарды жинауға мәжбүр болды. Жұмысының бірінші күнінен бастап дворяндар мен діни шонжарлардың депутаттары үшінші сословиеден сайланған депутаттардың жаңашылдық ұсыныстарына қарсы тұрды. Үшінші сословие депутаттарының саны артықшылықтары бар екі сословиенің депутаттарының санынан көп еді. Бірақ алғашқы екі сословиені патша қолдады. Сол себепті үшінші сословие депутаттары 1789 ж. 17 маусымда өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялады. Ал осы жылдың 9 шілдесінде Ұлттық жиналыс өзін Құрылтай жиналысы деп жариялады, яғни, өзінің жаңа саяси-құқықтық институттар құратын Конституция дайындау құқығын бекітті.

Патша 20 мың әскер арқылы Құрылтай жиналысын таратуға бұйрық берді. Алайда оны қорғауға қала халқы жаппай бас көтерді. Қаруланған париж халқы 1789 ж. 14 шілде күні француз абсолютизмінің тірегі саналған қамал-түрме – Бастильяны талқандады. Бұл күн француз халқының ұлттық меркесі болып саналады. Елдің барлық аумағында көтеріліске шыққан халық патшалық әкімшілікті құлатып, жергілікті өзін-өзі басқару органдары – муниципалитеттерді құра бастады.

Ұлы француз буржуазилық революциясы мемлекеттік құрыоыстың өзгеруімен сипатталатын үш кезеңнен тұрады:



  1. Францияда абсолюттік монархияны құлату және Конституциялық монархияның орнау кезеңі - (1789 ж. 14 шілде – 1792 ж. 10 тамыз).

  2. Францияда Бірініші республиканы құру кезеңі (Жирондистік республика) - (1792 ж. 10 тамыз – 1793 ж. 2 маусым).

  3. Якобиндік диктатура – (1793 ж. 2 маусым – 1794 ж. 27 шілде (9 термидор) ).

Әрбір кезеңде саяси топтардың құрылымындағы өзгерістер болып отырды. Осының негізінде мемлекеттік құрылыс та өзгеріп отырды.

Революцияның бірінші кезеңінде Құрылтай жиналысының ішіндегі саяси топтардың ішінде конституциялық-монархияның өкілдері - фельяндар үлкен ықпалға ие болды. Олардың құрамына граф Мирабо, маркиз Лафайет, Париж мэрі Байи, аббат Сиейс кірді. Олар ірі буржуазия мен либералды дворяндардың мүдделерін білдірді. Олардың саяси мақсаты Англиядағыдай конституциялық монархия құру болды. Сол себепті бұл кезеңде Құрылтай жиналысының заңнамасы Конституциялық монархиялық құрылыс құруға бағытталды.Сонымен бірге қалың бұқараның қысымымен 1789 ж. «Феодалды құқықтар мен артықшылықтарды жою туралы» декрет қабылданды. Ол бойынша барлық сословиелік артықшылықтар, феодалды құқықтар, шіркеулік десятина жойылды және барлық жұрттың заң алдындағы және салық төлеудегі тең құқылығы жарияланды. Алайда шын мәнінде феодалдық төлемдер: чинш, оброк, барщины және двацитина сатып алынуы тиіс болды.

Саяси құрылыстың нобайын анықтаған алғашқы конституциялық акт – «Адам және азамат құқықтарының декларациясы» 1789 ж. 26 тамызда қабылданды.Оның құрастырушылары ретінде Лафайет, Мирабо және Дюпор саналады, ал оның доктриналды енгізін ағартушылардың ілімі танылады. Декларация кіріспе бөлім мен 17 баптан тұрады. Кіріспе бөлімде адамдардың барлық бақытсыздықтарының себебі білімсіздігі мен қараңғылығы болып табылатындығы және табиғи құқықтардың ұмтылуы екендігі айтылады. Ал 17 бапта жаңа буржуазиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылу негіздері жазылған.


  1. Адамдар тең құқылы әрі бос болып туады және қалады;

  2. Әрбір мемлекеттің мақсаты табиғи және ажырамас құқықтарды қамтамасыз ету;

  3. Егемендіктің қайнар-көзі ұлт болып табылады;

  4. Бостандық дегеніміз - басқаларға зиян келтірмеу кез-келген затты жасау мүмкіндігі;

  5. Заң тек қоғамға зиянды іс-әрекетке ғана тиым сала алады;

  6. Заң жалпы еріктің көрінісі болып табылады, барлық азаматтар тікелей немесе өз өкілдері арқылы оның шығарылуына қатыса алады;

  7. Ешкім заңда көзделген жағдайлардан басқа айыптауға ұшырамайды, ұсталынбайды және қамалмайды;

  8. Заң тұлғаларды қажетті және қатаң жазаларға тарта алады;

  9. Әрбір адам оның кінәсі дәлелденгенше кінәсіз деп танылады;

  1. Ойлары пен пікірлерін еркін білдіру – адамның құнды құқықтарының бірі;

  1. Қоғам әрбір лауазымды тұлғадан оның қарауына берілген сала бойынша есеп беруді талап етуге құқылы;

  2. Құқықтарды қоддану қамтамасыз етілмеген және билік бөлінбеген қоғамда конституция жоқ;

  3. Меншік құқығы қасиетті және қол сұғылмайтын құқық болып табылады.

«Адам және азамат құқықтарының декларациясының» ережелері заңи күшке ие болмады және тікелей әрекет етпеді, олар тек қажетті саяси модельді сипаттайтын хартия болды. Декларация идеологиялық жағынан патшалық абсолютизмге қарсы бағытталды.

Құрылтай жиналысы жұмысының соңғы кезеңі 1791 ж. 3 қыркүйектегі Конституцияның қабылдануы болды. Құрылымы бойынша ол үш бөліктен құралды: Преамбула, «Адам және азамат құқықтары туралы» декларация және конституциялық акт.

Преамбулада табиғи құқық теориясы бойынша буржуазиялық революцияның мақсаттары мен міндеттері, революцияның идеалдары мен екі жылдың нәтижелері бекітілген. Онда сословиелі артықшылықтар мен феодалды құқықтардың жойылғаны және формальды теңдік жарияланды.

Конституцияның үшінші бөлігі – конституциялық актіде жоғарғы билік органдарының құрылу және қызмет ету қағидалары орын тапқан. Басқару нысаны бойынша француз буржуазиялық мемлекеті конституциялық монархия нысанында жарияланды. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру қағидалары ретінде бекітілді: 1). Ұлттық егеменділік қағидасы; 2). өкілді басқару қағидасы; 3). Биліктің бөліну қағидасы; 4). Заңдылық қағидасы.

Билікті бөлу қағидасыа сәйкес заңшығарушылық билік бір палаталы парламент – Заңшығарушылық корпусқа берілді. Заңшығарушылық корпус депутаттары өз округінің сайлаушыларының мүдделерін ғана емес, барлық ұлттың мүддесін білдірді, яғни, оларда еркін мандат болды. Сонымен бірге депутаттарға қол сұғылмаушылық иммунитеті берілді. Депутаттарды жалпы қылмыстар үшін қудалау үшін Қлттық жиналыстың келісімі қажет болды.

1791 ж. Конституцияда бекітілген сайлау жүйесі жалпы және тең дауыс беру құқығын көздемеді. Сайлаушылар белсенді және бәсең деп бөлінді. Белсенді деп 25 жасқа жеткен, сол жерде бір жылдан астам уақыт тұрған, үш жұмыс күніне тең тікелей салық төлейтін, қызметте тұрмаған және ұлттық гвардия тізімдеріне енгізілген француздар саналды. Бәсеңдер сайлауға қатыстырылмады. Сайлау екі деңгейлі болды. Бірінші сайлаушылар сайланады, кейін олар депутаттарды сайлады. 26 млн. халқы бар Францияның тек 4,5 млн. адамы белсенді сайлаушылар болды, тек 40 мыңы ғана депутат болып сайлана алды. Бұл әрине, декларацияны бұзу болып табылды.

Атқарушылық билік Патша мен оның алдында жауапты министрлерге берілді. Патша қарулы күштерді басқарды, басшыларын тағайындады, жоғарғы шенеуліктердің тағайындалуын бекітті, ішкі және сыртқы саясаттағы жалпы басшылықты жүзеге асырды. Алайда ол тек заң шеңберінде ғана қызмет ете алды.

Сот билігін сайланбалы және ауыспайтын судьялар жүзеге асырды. Судьялар тек қылмыс жасаса ғана орнынан алынды. Қылмыстық істерді қарау үшін сот отырушыларының құрамы шақырылды. Сот жүйесін Жоғарғы сот басқарды.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет