Ші бет ші беттің


№1 дәріс ЖАЛПЫ ПАРАЗИТОЛОГИЯ. ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ



бет2/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,49 Mb.
#32522
1   2   3   4   5   6   7

1 дәріс ЖАЛПЫ ПАРАЗИТОЛОГИЯ. ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ


1 Кіріспе

2 Паразитологияның қысқаша даму тарихы және ғалымдардың қосқан үлестері


1 Паразитология – (грек сөзі parasotos – арамтамақ, тоғышар, logos – ғылым) паразиттердің жіктелуін, құрылысын, экологиясын, иесі мен тоғышардың бірімен бірінің қарым-қатынасын, адам, жануар және өсімдіктерде тудыратын ауруларымен оларға қарсы жүргізілетін күрес және дауалау шараларын ұйымдастыратын кешенді биологиялық ғылым.


Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір сүрген организмдерден эволюциялық даму барысында сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда болған.

Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын салалар (пәндер) академик К.И.Скрябиннің анықтамасы бойынша олардың шығу тегіне, тоғышарлық мекеніне, қоздырушының жануарлар әлеміндегі алатын орнына байланысты жіктеледі.



Шығу тегіне қарай: зоопаразитология – жануартектес паразиттерді (гельминттер, кенелер, жәндіктер, біржасушалы қарапайымдар) және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым; фитопаразитология – өсімдіктектес (бактерийлер, бациллалар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар) паразиттерді және олардың тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым болып бөлінеді.

Паразит иелері мен қоздырушылардың биологиялық тұғырығына қарай: медициналық зоопаразитология, адамның паразиттері мен тудыратын ауруларын, ветеринариялық зоопаразитология, жануарлардың паразиттері мен тудыратын ауруларын; агрономиялық зоопаразитология, ауылшаруашылық дақылдарының паразиттері мен тудырған ауруларын; орман зоопаразитологиясы, ағаш тұқымдарының паразиттері мен тудырған ауруларын зерттеумен айналысады.

Қоздырушылар жануарлар патшалығындағы типіне қарай 4 тарауға жіктеледі: гельминтология (HELMINS), арахнология (ARACHNEA), энтомология (ENTOMA) және протозоология (PROTOZOA). Қазіргі уақытта ғылымға 90-ға жуық тоғышарлық күй кешетін организмдер белгілі. Паразит өз иесімен жанасқанда ауру үнемі өрбімейді, өйткені оның дамуына паразит пен иесінің арасындағы қарым-қатынас, малдың жасы мен бейімділігі, қоздырушының саны мен уыттылығына байланысты болады. Белгілі паразиттердің ішінде ең зардаптысы - гельминттер. Бұрынғы КСРО аумағында 25 000 гельминт түрі белгілі.

Паразитология ғылымының мақсаты – жануарларды паразиттерден сауықтыру арқылы адамдардың зооантропоноздармен дерттенуін болдырмау.

2 Паразитологияның қысқаша даму тарихы және ғалымдардың қосқан үлестері. Паразиттік күй кешетін құрттар (аскарида, тения) жөніндегі алғашқы деректер ислам дүниесіне ертеректен (б.э.д. 600 жыл бұрын) белгілі. Гиппократ, Аристотель, Авицена, Рудольфи өздерінің еңбектерінде адамдарда анықталған аскарида, оксиур, тения, шошқада – финна көпіршіктері туралы келтіреді. XVII-XVIII ғасырларда паразитологиялық ғылымға 980 астам паразит түрлері 756 иелерінен табылған. Паразитология саласы XX ғасырдың басында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Гельминтологияның негізін қалаған атақты ғалым, ветеринария мен медицина ғылымдарының докторы, профессор, 10 жақын және шалғай мемлекеттердің Академияларының академигі К.И.Скрябин (1878-1972) әртүрлі жануарлардың гельминттер фаунасын анықтау мақсатында 320 жуық экспедициялар ұйымдастырып, осының нәтижесінде 200 астам құрттардың морфологиясын, биологиясын, иесімен арасындағы қарым-қатынасын зерттеген. Сол кездегі Мәскеу, Новочеркаск қалаларындағы зооветеринарлық институттардың құрамында паразитология кафедрасын ашқан. Әйгілі Е.Н.Павловский медицина ғылымдарының докторы, профессор жалпы паразитология және арахноэнтомология салаларының дамуына айтарлықтай үлесін қосып, 250 экспедиция ұйымдастыруының арқасында адам мен жануарларға қауіпті беймәлім 10 трансимиссивтік ауру ошақтарын ашты. Қарапайымдыларды зерттеумен шұғылдануда В.Л.Якимовтың алатын орны бөлек. Ленинградтағы Ветеринарлық институтта протозоологтардың мектебін ұйымдастырған ғалым. Профессор В.А.Догель – жалпы паразитология мен ихтиопатология саласына айтарлықтай үлес қосты. Елімізде паразитология ғылымының алға басуына гельминтолог-ғалымдар: Боев С.Н., Гвоздев Е.В., Щульц Р.С., Даугалиева Э.Х., Диков Г.И., Кәдіров Н.Т., Егізбаева Х.Е., Рамазанов В.Т., арахноэнтомолог Галузо И.Г., Целищева А.А., Есімбеков Ж.М., протозоологтар Сванбаев С.К., Хван М.В., Сабаншиев М.С., Ысқақов М.М. айтарлықтай ғылыми жаңалықтарымен үлес қосты. Аталмыш ғылым саласының жетістіктеріне жаңадан 200-ден астам паразит түрлерінің ашылуы, адам арасында риштаны, дракункулезді жою, дәрі-дәрімектерді қолданудың тиімді әдістерін ұсынуы, гельминтоздарды жайылымдық дауалау, көпшілік гельминтоздардан мал басын сауықтыру жатқызуға болады. Сондықтан паразитология саласының негізгі көздеген мақсаты жануарларды паразитоздардан сауықтыру арқылы олардың өнімділігін арттыру болып табылады.

ПАРАЗИТОЛОГИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1 Табиғаттағы организмдер арасындағы қарым-қатынас түрлері.

2 Паразитизмнің анықтамасы, оның пайда болуы және табиғатта таралуы.

3 Жануар организмінде паразиттердің мекендеуі.

4 Паразит түрлері: экто- және эндопаразиттер, уақытша, тұрақты, үстемепаразиттер.

5 Паразит иелері (дефинитивтік, аралық, қосымша, резервуарлық, облигаттық, факультативтік).

6 Паразит пен иесінің қарым-қатынас түрлері. Биологиялық тұғырықтың паразиттің құрылысына және биологиясына тигізетін ықпалы.

7 Паразиттің иесінің организміне тигізетін әсері (механикалық, токсикалық, инокуляторлық, трофикалық, аллергиялық).
1 Табиғаттағы организмдер арасындағы қарым-қатынас түрлері. Табиғаттағы барлық тіршілік иелері (жануарлар, өсімдіктер) бір бірімен тығыз қарым-қатынаста болады. Олардың ішінде келесілер маңызды:

1. Индифференттік (немқұрайлы, селбесу) тіршілік ету – екі организмнің бір-біріне тәуелсіз, алайда кеңістіктің ортақтығына қарай тығыз байланыста болуы. Мысалы: теңіз түбіндегі қатар байланыста тіршілік етуші мұртты ұсақ шаяндар, актиниялар, коралл полиптері, теңіз кірпікшелілері, жұлдыздары, лилиялары және т.б. организмдер.

2. Симбиоз (syn - бірге, bios – тіршілік ету) екі организмнің өз тіршілігін сақтап қалу үшін өзара тиімді қарым-қатынаста болуы. Симбиоз екі жақтың біріне немесе екеуіне де тиімді болып ерекшеленеді.

А) Кеңістіктегі байланыс немесе синойкия (sym - бiрге, oikos - үй, мекен) кеңiстiкте мекен ретiнде пайдалану, екі организмнің бірі екіншісіне ешбір зиян келтірмей, тек қана оны мекен ретінде пайдалануы және өзі содан пайда көруі. Мысалы, көпаяқты шаянның балаңқұрты губканың қуысына еніп алып өмір бақи сонда қалады да, соның нәтижесінде өсіп-өнуге мүмкіндік алады.

Б) Комменсализм, немесе қоректік байланыс (тегін қорегін айыру, табу) екі организмнің бірі екіншісінің есесінен қалған азық қалдықтарымен қоректенуі. Мысалы: жабысқақ балықтар акуланың денесіне жабысып алып, кеңістікте еркін орын алмастырады және оның азық қалдықтарын пайдаланып тіршілік етеді.

В) Мутуализм (mutuus) немесе екі жақты симбиоз түрінде екі организм немесе симбионттың өз тіршілігі үшін бір біріне пайда келтіруі. Мысалы: краб (шаян) өзінің қысқыштарымен актинияларды ұстап, солардың көмегімен жауларынан қорғанады, ал актиниялар шаянды (крабты) кеңістікте қозғалу құралы ретінде пайдалануы.

Паразитизм немесе тоғышарлық күнелту – генетикалық тегі бірдей емес организмдердің бірге тіршілік етуінің табиғатта тарихи қалыптасқан және кең таралған түрі. Паразитизм бірге тіршілік етуші организмдердің эволюциялық дамуы сатыларында бірге өтуіне байланысты пайда болған. Паразит иесінсіз тіршілік ете алмайды. Паразитизм екі биологиялық түрдің бірі (паразит) өз тіршілік дәуірінің белгілі бір кезеңінде екіншісінен (иесі) физикалық және физиологиялық тұрғыдан тәуелді болатын экологиялық қарым-қатынасы.

Тоғышарлықтың түрлері (паразитизмнің формалары).



  • Тіршілік ету мерзімінің ұзақтығына қарай бөлінуі:

1) Уақытша паразитизм паразитпен иесінің аса тығыз емес және уақытша ғана жанасуымен сипатталады. Уақытша паразиттер иесін қоректену үшін ғана пайдаланады (соналар, масалар, қандалалар және т.б.) қалған өмірінде иесінен тыс тіршілік етеді. Олар барлығы бірдей дерлік эктопаразиттерге жатады.

2) Стационарлық (тұрақты) паразитизм деп паразиттердің иесінің организмінде ұзақ уақыт, кейде тіпті өмірбақи (ішінде не сыртында) мекендеп, оны қорек алу үшін пайдаланады, бұлардың көбі эндопаразиттерге жатады.



  • Паразиттер даму цикліне қажетті иелер санына қарай да бөлінеді:

а) гомоксенділер (бір иелі) барлық даму сатылары бір ие организмінде өтетін паразиттер (эймерия стиедэ үй қоянында, боофилюс кенесінің тек ірі қара терісіндегі тіршілігі);

б) гетероксенділер (көп иелі) даму циклінің сатылары екі немесе бірнеше түрлі ие организмінде өтетін паразиттер (шошқа таспа құрты ересек сатысында – адамның ішегінде, ал балаңқұрт сатысында – шошқаның бұлшық еттерінде).



  • Паразиттің даму сатысына байланысты:

а) Имаголық паразитизм – жыныстық жетілуі аяқталған, ересек сатысындағы паразиттерге тән, ал балаңқұрттар ерікті тіршілікте болуы ықтимал (гемонхтың имаго сатысы күйіс қайырушы малдардың ұлтабарында тоғышарлық етеді, ал балаңқұрттары қоршаған ортада ерікті тіршілікте болады).

б) Ларвалдық паразитизм – аралық ие организмінде паразиттің балаңқұрт сатысының (личинкасы) тіршілік етуі бұл уақытта осы паразиттің ересек сатыдағы өкілдері қоршаған ортада еркін тіршілікте болады (оқыра бөгелегінің личинкалары ауыл шаруашылық мал организмінде, ал ересек бөгелектер – қоршаған ортада).



  • Ие организміндегі мекендеу орнына байланысты:

в) Эндопаразиттер – иесінің табиғи қуыс-кеңістіктерінде, ішкі мүшелерінде, ұлпалары мен торшаларында мекендейді (гельминт, қарапайымдылар).

г) Эктопаразиттер – уақытша немесе ұдайы иесінің дене үстінде (сыртында) паразиттік тіршілік етеді (қосқанатты насекомдар, биттер және т.б.).

д) Үстемепаразитизм кейде өзі паразиттік тіршіліктегі организмде басқа паразиттер мекендейді. Мұндай құбылыс буынаяқтылар арасында жиі кездеседі. Аскаридалардың бактериялармен, мониезиялардың буностомамен залалдануы да кездеседі.

Прогрессивтік (қажетті) адаптациялар (бейімделулер)

- кейбір эктопаразиттердің дене кескінінің өзгеруі (биттер, қандалалар және т.б.) – иесінің денесіне жақын және тығыз жанасуына, оған сенімдірек бекінуіне, жүні мен шаштары арасында еркін орын ауыстыруына мүмкіндік береді, аяқтарындағы жабысқақ ілгектері де сол мақсат үшін қызмет етеді;

- қансорғыш жәндіктерде жақсы дамыған тескіш–кескіш–сорғыш тұмсық пайда болуы және сілекей бездерінің қанның ұюына кедергі келтіретін антикоагулянт бөлуі.

- паразиттердің дене өлшемдері үлкенірек, себебі олар игеруге оңай және дайын қоректік заттарды пайдаланады. Мысалы: еркін тіршілік етуші нематодтардың ұзындығы 1-10мм аралығында болса, паразиттік нематодтар – аскаридалардың ұзындығы 30-35см жетеді;

- ішек гельминттерінің сыртқы қабығында (тегумент) иесінің қоректік заттарын игеру қабілетінің пайда болуы. Осы гельминттер, сонымен қатар антиферменттер бөліп шығарып, өз денесі иесінің асқазан сөлімен қорыты-луына жол бермейді және интрамолекулярлық тыныс алу арқылы анаэробтық жағдайда өмір сүреді;

- аса жетік қоректену тәсіліне байланысты жылдам өсу қабілеттілігінің пайда болуы. Мысалы: кейбір цестодтар тәулік ішінде 10 см астам өседі;

- қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына паразит төзімділігінің жоғары болуы. Мысалы: делафондияның инвазиялық сатыдағы балаңқұрттары топырақта 6 жыл бойы тіршілігін сақтайды, эктопаразиттер – аргас кенелері қоректенбесе де, бірнеше жыл бойы тірі қалады;

- эндопаразиттерде мығым бекіну мүшелер пайда болуы (сорғыштар, ботриялар, сколексіндегі ілгектер);

- кейбір гельминттердің балаңқұрт сатысында иесінің организмінде өзінің тұрақты тіршілік ететін орнына қарай миграциялық қозғалыс арқылы жету қабілеті пайда болуы (аскаридаттар, диктиокаулидтер және т.б.) және сыртқы ортадағы миграциялық қозғалыс қабілеті пайда болуы (стронгилят-тар балаңқұрттары);

- эктопаразит немесе эндопаразиттің болсын ұрық шашу қабілетінің жоғары болуы;



Регрессивтік (қажетсіз) адаптациялар (бейімделулер)

- эндопаразиттердің көпшілігінде аяқтарының кішірейіп, немесе құрып кетуі (мысалы, қышыма - қотыр қоздырушыларының аяқтары мен аяқ бұлшық еттерінің редукцияға ұшырауы);

- таспа құрттар иесінің ішек қуысында дайын қоректік заттарды денесінің сыртқы қабығы арқылы соруына байланысты асқорыту мүшелерінің мүлдем атрофияға ұшыраған, сөйтіп олар эндоосмостық тәсілмен қорек алады;

- эктопаразиттерді – биттер, мамық–қауырсын жегіштер, жүн, шаш жегіштер ұдайы ие денесінде тіршілік ететіндіктен ұшуды қажет етпейді, сол себептен қанаттарынан айырылған.

Паразиттер жануар организмінде тіршілік етіп қана қоймай, иесіне төмендегі әсерлерді білдіреді: трофикалық (иесінің есебінен қоректену); механикалық (іштегі ұлпаларды жарақаттау, оларға қысым көрсету); токсика-лық (токсиндерімен организмді улау); инокуляторлық (бөгде зардапты микрофлораның енуіне жол беруі) және аллергиялық (токсиндердің әсерінен организмде сезімталдылықтың күшеюі: анафилактикалық естен тану, ісіну, бөрту, қышыну, лимфа түйіндеріндегі, өт жолдарындағы гранулема мен қабынулар, фагоцитоз, эозинофилия).

Бақылау сұрақтары

1 Паразит түрлері және олардың пайда болуы туралы не білесіз.

2 Паразитологияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.

3 Паразитологияның жетістіктерін атаңыз.

4. Табиғатта қандай қарым-қатынас түрлері кездеседі?

5. Паразитизм түрлері, оның пайда болуы мен таралуы.

6. Паразиттердің жануар организміндегі мекендеу орындарын атаңыз.

7. Паразиттердің түрлерін атаңыз?

8. Паразит иелерін атаңыз?

9. Биологиялық тұғырығы паразиттің морфологиясы мен биологиясына қандай әсер тигізеді?

10. Паразит жануар организміне қандай ықпал тигізеді?

ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАР ЖӨНІНДЕГІ ІЛІМ

1 Инвазиялық аурулардың систематикасы мен номенклатурасы.

2 Инвазиялық аурулардың географиялық таралуы. Инвазиялық аурулардың эпизоотологиясы.

3 Паразитоценоз және ассоциативтік аурулар.

4 Е.Н.Павловскийдің трансмиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жөніндегі ілімі.

5 Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны.


1 Систематика  (грекше Sistematos бөлшектерден құралған мағынада) объектілердің, фактілердің, құбылыстардың бөлігі принцип бойынша белгілері мен қасиеттерін анықтап, топтарға жүйелеп бөлумен (жіктеу) шұғылданатын ғылым. Паразиттерді жүйелеп топтарға бөлу олардың шығу тегіне, мекендейтін орнына, көбею жолына, ауру қоздырушының қасиеттеріне негізделеді.

Таксономия − (грекше taxis – қатар, рет, тәртіп; nomos заң, есім) табиғаттағы тірі организмдерді, соның ішінде паразиттерді жүйелеп бөлу принциптері туралы ілім. Паразитологияда міндетті түрде қолданылатын негізгі систематикалық категориялардың немесе таксондардың жалпыға бірдей қабылданған атаулары бар.



  • Патшалық - Rеgnum

  • Тип – Phylum

  • Класс – Classis

  • Тармақ (отряд) - Ordo

  • Тұқымдас (семейство) - Familia

  • Туыс (род) - Genus

  • Түр (вид) – Species

Сонымен бірге, Superclassis - класс үсті, Subclassis - класс асты.

Немесе: Subspecies түр (түр асты, түрше), varietas - вариант, aberratio аберрация, morhpa - морфа, forma – форма атаулары қолданылады.

Паразитарлық аурулардың аталуы туыс атауына ёз немесе оз жалғауларын жалғау арқылы жүргізіледі. Мысалы, Fasciola туыс атауына фасциол+ёз, Moniezia - мониези+оз қосу арқылы іске асырылады.

2 Паразитарлық аурулардың географиялық таралуын ескере қоздырушының жергілікті жердің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне бейімделгендігін көреміз. Сондықтан, кез келген аурудың таралу шекарасын анықтаумен нозогеография ілімі айналысады. Ал, аурулардың пайда болуын, таралуы мен өшуін, әртүрлі жағдайлардағы ағымын, күрес және дауалау шараларының жалпы принциптерін зерделеумен эпизоотология шұғылданады. Эпизоотологиялық тұрғыдан ауруға баға беру үшін екі критерий (ЭИ, ИИ) пайдаланылады.

- экстенсивті инвазивтілігі (ЭИ) – ауырған мал санының жалпы бейім жануарлар санына арақатынасын білдіріп, пайыз түрінде есептелінеді.

- интенсивті инвазивтілігі (ИИ) – зерттелінген жануарларда анықталған паразиттердің сандық көрсеткіші (минимум-максимум).

3 Паразитоценоз және ассоциативтік аурулар

Паразитоценоз – әртүрлі зоологиялық таксондарға жататын (инвазия, бактерия, вирус, саңырауқұлақ тудырған) организмдердің бір уақытта жануар (адам) организмінде (мүшесінде) тоғышарлық күн кешуі.

Осы паразитоценоз мүшелерінің тудырған ауруларын ассоциативтік немесе аралас инвазия деп атайды.

4 Е.Н.Павловскийдің трансимиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жөніндегі ілімі.

Трансмиссивтік аурулар деп қоздырушылары әртүрлі буынаяқты-лардың көмегімен (кенелер, қан сорғыш жәндіктер) берілетін ауруларды атайды.

Облигатты-трансмиссивтік ауруларда – қоздырушылар тек қана арнайы тасымалдаушы буынаяқтылардың көмегімен таралады.

Факультативті-трансмиссивтік аурулар – тасымалдаушылармен және азық, су, тікелей жанасқанда беріледі. Сондықтан, тасымал механикалық және арнайы болуы мүмкін.

Табиғи ошақтылық трансмиссивтік аурулар болғандықтан, табиғатта адамның қатысуынсыз үздіксіз тасымалдаушы буынаяқтылар арқылы ұзақ уақыт (ұрпақтан ұрпаққа) беріліп отырылады.



Жануар (адам) табиғи ошақтылық ауруларға келесі жағдайларда шалдығады:

А) жануар өлексесімен тікелей жанасқанда немесе кәсіпшілік ауру аңдардың (оба, туляремия, лейшманиоз, токсоплазмоз) терісін сыпырғанда, ластанған су, азық, тағам, жайылымда қалған сұйықтықтар (Ку-қызбасы) ішке түскенде.

Б) жабайы аңдардан үй малдары жұқтырып адам олармен жанасқанда.

В) қан сорғыш буынаяқтылар арқылы (орман энцефалит, пироплазмидоздар, спирохетоз, боррелиоз) таралады.

5 Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны келесілерден құралады:


  • малдың жаппай қырылуынан;

  • өнім түрлерінің (ет, сүт, жүн, жұмыртқа) төмендеуі және сапасыздануы;

  • өнімді өндіруге жұмсалатын азықтың артуы;

  • жануарлардың өсу қабілетінің тежелуі, басқа ауруларға бейім болуы.

ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

1 Инвазиялық ауруларға қарсы шараларды жоспарлау және болжамдау

2 Инвазиялық ауруларды дауалаудың негізі

3 Дауалаудың биологиялық тәсілдері

4 Химиопрофилактика

5 Сыртқы ортаны дезинвазиялау

6 Академик К.И.Скрябиннің девастация жөніндегі ілімі

1 Шараларды жоспарлау және болжамдау. Кез келген, соның ішінде инвазиялық ауруларға қарсы ғылыми-негізделген шаралардың кешенін жасау ауруды уақытылы жоюға мүмкіндік береді және жұмсалатын қаражатты үнемдейді. Ветеринариялық шаралардың жоспары көзделген мақсаты мен міндеттеріне қарай перспективті (5-10 жылға) және ағымды (0,5-1 жылға) түрлеріне бөлінеді. Жоспар екі бөлімнен (жалпышаруашылық және арнайы шаралар) тұрады. Жалпышаруашылық бөлімі қожалықтарында ұйымдастыру, шаруашылық шараларын басқаратын шаруа жетекшілеріне жүктеледі. Арнайы шаралар тарауында ауруға (ларға) қарсы жан-жақты қамтылған және тек ветеринариялық маманның қатысуымен орындалатын (балау, дауалау, дезинвазия, дезинсекция, дезинфекция, вакциндеу, ветеринариялық объектілерді салу және т.б.) шаралар қамтылады.

2 Инвазиялық ауруларды дауалаудың негізі нақтылы ауру қоздырушысының даму биологиясын және жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты болады. Шаралар кешені ауруды алдын алуға, мал басын аурудан сауықтыруға бағытталады. Жалпы ветеринариялық-санитариялық, биологиялық және химиялық шаралар дұрыс жүргізілген жағдайда аурудың таралуын тоқтатуға мүмкіндік беріп, ауру ошағын тазартуға жол ашады. Дауалау әртүрлі препараттарды қолдану арқылы іске асырылады. Сондықтан, олардың сыртқы ортаны ластамау жақтары ескеріле пайдаланылады.

3 Биологиялық тәсілдер әдетте кез келген ауру қоздырушысының табиғи жауларын қолдану арқылы іске асырылады. Мысалы, жайылым жағдайында нәжіспен сыртқа түскен гельминт (паразит) жұмыртқалары, личинкалары және т.б. тікелей түскен күн сәулесінен қырылады. Сондықтан осыны пайдалана отыра жайылым кесімдерін әр 5-6 күн сайын ауыстыру, жайылымға көпжылдық өсімдіктер өсіру, жыртқыш саңырауқұлақтарды пайдалану қарастырылса, қан сорғыш жәндіктердің суда дамыған личинкаларын жоюға олармен қоректенетін балықтарды (дөңмаңдай, амур балығы), кенелер малға қадалып қанын сормас үшін олар оянбай малды таулы жайылымдарға ауыстыру шаралары іске асырылады.

4 Қазіргі уақытта гельминтоздарға қарсы көптеген антипаразитарлық препараттар ұсынылған. Оларды қолданар алдында ветеринариялық маман міндетті түрде нұсқауымен танысып, экономикалық тиімділігі, мал организмі мен сыртқы ортаға жағымсыз әсерінің болмауы, аз дозада бірнеше паразитке қарсы ықпалы, қолдану әдісінің жеңілдігі, ұзақ сақталуы сұрақтарына көңіл бөлуі қажет.

5 Химиопрофилактика дегеніміз химиялық препараттардың көмегімен малды аурудан сауықтыру. Сондықтан, бұл жұмыстың бірі түрі – дегельминтизация болып табылады және ол сақтық, лажсыз, преимагиналды және диагностикалық түрлеріне бөлінеді. Дегельминтизация жүргізу барысында оның терапевтикалық тиімділігі көрсеткіші ең маңызды болып саналады және екі критерийдің көмегімен: экстенсэффективтілік (ЭЭ) және интенсэффективтілік (ИЭ) бағаланады. ЭЭ – толығымен гельминтоздан арылған жануар санының дәріленген барлық малдың санынан арақатынасын білдіріп, % түрінде есептелінеді. ИЭ – дегельминтизациядан кейін сыртқа бөлінген паразит санының барлық организмде болған санына арақатынасын білдіріп, % түрінде есептелінеді.

6 Акад.К.И.Скрябин ветеринарлық гельминтологияның жетістіктерін ескере, девастация жөніндегі ілімін ұсынды. Девастация – деп паразиттің барлық даму сатыларына қарсы жан-жақты қамтылған ветеринариялық шараларды кезеңді және жүйелі жүргізу. Девастация тоталды (түбегейлі) және парциалды (бөлшектелген) болып екіге бөлінеді. Тоталды девастация – кейбір паразиттің нақтылы бір территорияда толығымен жойылуы. Парци-алды девастация – нақтылы ауданда, аймақта паразит санының шұғыл төмендеуі.

Бақылау сұрақтары



  1. Инвазиялық аурулардың систематикасы мен номенклатурасы қалай жүргізіледі?

  2. Инвазиялық аурулардың географиялық таралуы және оның эпизоотологиясы дегеніміз не?

  3. Паразитоценоз және ассоциативтік аурулар дегеніміз не?

  4. Е.Н.Павловскийдің трансимиссивтік аурулардың табиғи ошақтылығы жөніндегі ілімін қалай түсінесіз?

  5. Инвазиялық аурулардың экономикалық және әлеуметтік зияны неден құралады?

  6. Жоспарлау, жоспар түрлері, ауруларды болжамдау қалай жүргізіледі?

  7. Инвазиялық ауруларды дауалау негіздерін атаңыз.

  8. Дауалаудың биологиялық тәсілдері дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіз?

  9. Дегельминтизация түрлері. Химиопрофилактика дегеніміз не?

  10. Сыртқы орта объектілерін дезинвазиялау қалай өткізіледі?

  11. Академик К.И.Скрябиннің девастация жөніндегі ілімін қалай түсінесіз?

2 дәріс ЖАЛПЫ ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯ



  1. Гельминттер жөніндегі жалпы түсініктер

  2. Гельминттерді жүйелеудің негізі

  3. Гельминтоздардағы иммунитет

  4. Балау әдістері

1 Гельминттер жөніндегі жалпы түсініктер. Гельминтология – тоғышар құрттар мен олардың адам, жануар және өсімдіктерде тудыратын ауруларын зерттеумен шұғылданатын ғылым саласы. Паразитологияның мақсаты: гельминттердің морфологиясын, физиологиясын, экологиясын және даму биологиясын зерттеу, індеттанулық ерекшеліктерін анықтау, малдың тірі және өлгеннен соң анықтау әдістерін жетілдіру, емдеу және дауалық мақсатта қолданылатын тиімді препараттарды ұсыну.

2 Гельминттерді жүйелеудің негізі. Гельминттер және олардың тудырған аурулары жануарлар патшалығынан болуына байланысты паразитологияның гельминтология тарауында қарастырылады. Сондықтан, гельминттерді екі: жалпақ және жұмыр типке жіктеу қабылданған. Жалпақ құрттар типіне (Plathelmintes) келесі кластар: Monogenea, Trematoda және Cestoda, ал жұмыр құрттарға (Nemathelmintes) Nematoda мен Acanthocephalа класс өкілдері енгізілген. Барлық гельминттердің ішінде 67 түрі (трихинелла, токсокара, эхинококк, альвеококк, тениаринх, тения, дифиллоботрии, фасциола, описторх және т.б.) адамға жұғудан қауіпті. Гельминттер даму ерекшеліктеріне қарай екі топқа: геогельминт (аралық иелерінің қатысуынсыз дамитын) және биогельминт (аралық иелерінің қатысуымен дамитын) бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет