Жүйке ұлпасы – жүйке жасушаларынан (нейрондардан және нейроглиялардан (грекше «neuron» – жүйке, «glіa» – желім) түзілген. Жүйке ұлпасының негізгі массасы нейроглия жасушаларынан тұрады. Олар қоректік, қорғаныштық және т. б. қызметтер атқарады. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден (бір ядросы бар жуандау жері) бір ұзын және көптеген қысқа өсінділерден құралған (6-сурет). Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жасушаның ұзын (аксон) өсіндісі тармақталмаған, қысқа өсінділері (дендриттер) тармақталған, жүйке жасушасын нейрон (грекше «neuron» – жүйке) деп атайды. Ұзын өсіндісі – аксон (грекше «axon» – өсінді) жасуша денесінен жүйке импульстерін (хабар, белгі) өткізеді. Қысқа өсіндісі – дендриттер (грекше «dendron» – ағаш) ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді: дендриттер → дене → аксон. Бір нейронда дендрит бірнешеу болады, ал аксон біреу. Нейроглия жүйке жүйесінің қосымша жасушалары. Олар нейрондардағы зат алмасуға қатысады.
Жүйке жүйесі барлық мүшелердің жұмысын басқарып реттейді. Мүшелердің қызметінің жүйке жүйесі арқылы реттелуін рефлекстік реттелу дейді. Жүйке жүйесіндегі нейрондар мен жүйке талшықтарының арасында қозу синапстар (грекше «synapsіs» – қосылу, байланыс) арқылы өтеді. Бұл кезде бір нейронның аксоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады.
Жүйке ұлпасының негізгі қызметі:қозғыштығы және қозу өткізгіштігі. Сыртқы ортадағы түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын қозу орталық жүйке жүйесіне беріледі.
1. Дендриттер
2. Ядро
3. Денесі
4. Аксон
5. Синапс
6-сурет. Нейронның құрылысы және оның ұлпалармен байланысы а) бұлшықет ұлпасы;
ә) эпителий ұлпасы;
б) жүйке жасушасы;
бағдаршамен → қозудың өту бағыты көрсетілген
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді. Ұзын өсіндісі тармақталмаған. Сонымен жүйкенің бір жасушасында көп дендриттер мен бір ғана аксон болады. Сыртынан жасуша қабықшасымен қапталып жүйке талшықтарын түзеді. Жүйке жасушасын нейрон дейді. Нейронның бойымен қозу тек бір бағыт бойынша өтеді.Қозу дендриттер арқылы нейронның денесіне беріледі , одан денесі арқылы аксонға өтеді . Қозу бағытының сызбанұсқасы - дендриттер ->дене ->аксон . Жүйке жасушаларының айналасын қоршап тұрған қосымша жасушалары болады , оны ( нейроглия ) , (гр."neuron"- жүйке , "glia"- желім ) дейді . Нейроглия нейронды қоршап , қоректік , қорғаныштық , тірек қызметін атқарады және нейрондардағы зат алмасуға қатысады . Кейде нейроглияны нейроның "серік жасушалары " деп те атайды .
Бүйрек биологиясы және биохимиясы