Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі Амангелді негізгі орта мектебі Тақырыбы: Құрастырған: 5-сынып жетекшісі Гумарова А. А



бет2/21
Дата27.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#155203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ата-аналармен жұмыс жоспары

Мазмұны
Кіріспе
Отбасы-өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды институты. Біз дамудың қай жағын алсақ та, ең тиімді шешуші рөлді отбасы ойнайды. Отбасы мен білім беру мекемесінің ынтымақтастығы қоршаған ортаның тәрбиелік атмосферасын айтарлықтай байытады.
Ата – аналар жиналысының ең тиімдісі мұғалім мен ата – ана әрекеттесуінің туындаған формасы. Осындай формадағы ата – аналар жиналысында мұғалім көптеген мәселелерді шеше алады. Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Ата – анамен жұмыстың өзектілігі:
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата - аналармен ынтымақтастық мектептің бірлескен әрекетінде екені рас. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы – отбасы. Демек, баланың алғашқы тәрбиешісі - ата - аналар. Мектептің отбасымен бірлесіп оқу - тәрбие үрдісінің табысты болуы үшін тәрбие саласына жаңа факторлардың маңызды кешенін туғызу –бүгінгі күннің талабы.
Сондықтан, жинақта жаңа технологияларды негізге ала отырып, ата - анамен жұмыстың қазіргі заман
талабына сай өзекті мәселелері қарастырылады.
Ата – анамен жұмыс жасаудағы мақсатым:

  • Ата –аналар мен балалрды бірлескен іс- әрекетке тарту;

  • Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік әлеуетін арттыру;

  • Мұғалім, ата –ана, бала деген үштіктің өзара әрекеттесуін жақсарту;

  • Кейбір балалардың отбасындағы тәрбиені түзету;

  • Тәрбие беруде психологиялық – педагогикалық көмек көрсету:



Ата –анамен жұмыс жасаудағы міндетім:



  • Ата – аналармен тұрақты байланыс орнату;

  • Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету;

  • Ата – аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;

Бүгінгі таңда біздің қоғам ХХІ ғасырда қандай болатыны өте маңызды. Қазіргі заманғы басым міндеттердің бірі білім мен тәрбие. Білімді де тәрбиені де қоса меңгертудегі шешуші негізгі рөлді атқаратын, баланың жан – жақты дамуына жағдай жасайтын бұл – мектеп пен ата-ана.


«Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасы, мектеп, бүкіл елдің халықтың міндеті» -деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткен.
Өз тәжірибемде ата-аналар жиналысын сәтті өткізу жұмыстарын жақсартудың жолдарын қарастыру болды. . Әр жұмыстың сапалы өтуіне ыңғайлы тәсіл іздеуді және сындарлы оқытудың теориясын тәжірибемен ұштастыруда іс-әрекеттің өзгеше көріністері мен тұстарын түрлендіріп отыруды жоспарладым. Жалпы сынып ата – аналар жиналысының басты мақсаты – сыныптағы ата – аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.Сондықтанда сыныптағы ата-аналар жиналысын тиімді өткізудің маңызы зор. Сол себептен ата-аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұғындыру мақсатында жиналыстарды тиімді, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Ата-ана жиналысын коучинг, тренинг, дөңгелек үстел, кофе – брейк т.б.жұмыс түрлерін ұйымдастыруды көздедім.
Құрметті мұғалім! Бұл жинақ сіздің ұстаздық тәжірибеңізге бағыт беретін қарапайым ғана бастама болсын! Еңбектену мен үздіксіз ізденудің арқасында жас ұрпаққа өнеге болар ұлағатты ұстаз деген мәртебеміз өсе берсін. Сәттілік серігіңіз болсын.

Ата –аналармен жұмыс жоспары









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет