Шығыстану факультеті



Дата15.09.2017
өлшемі146,51 Kb.
#33399
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шығыстану факультеті

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы

«6M020700 - АУДАРМА ІСІ»

Молдахметов Рустем

E-mail: rmoldakhmet@gmail.com
Құран мәтінінің қазақ тіліне аударылу тарихы және оны түсіндіру әдістері.

History of translating the text of Quran into Kazakh language and the methods of interpretation.

История перевода текста священного Корана на казахский язык и методы его объясненин.
Аннотация: Бұл мақалада ең алдымен Құранның қазақ тіліне аударылу тарихы көрсетілген. Қай кезде қандай кісі мұсылмандардың қасиетті кітабының мағынасын ана тілімізге тәржімилегенін біле аласыз. Ал кейбір қазақ тіліне аударылған нұсқалардың Кеңес үкіметі дәуірінде қалай және қай жерде жойылу ұшырағандығы туралы сұрақтарға да осы мақала ішінен жауап табылады. Сонымен қатар, ғылыми мақала өз мазмұнына келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. Құран мәтінін аударудың қандай түрлері бар;

  2. Құранның түсірілуіндегі негізгі екі мақсат;

  3. Араб тілінің лингвистикалық ерекшеліктері;

  4. Құранды түсіну әрі оны интерпретациялау әдістері;

  5. Құран тілі – классикалық араб тілінің өте көркем әрі әдеби тілінің шыңы;

  6. Құран тілін түсіндіру үшін Пайғамбар тағы қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланған;

  7. Семантикалық әдіс дегеніміз не.

Жоғарыда көрсетілген жеті сұрақ бұл мақаланың тақырыбын толықтай ашады. Мақаланың негізгі мақсаты – Құранның қазақ тіліне аударылу мен оны түсіндіру жолдарын айқындау және барынша жеңіл түрде оқырман назарына ұсыну.

Түйін сөздер: Құран, араб тілі, интерпретациялау, қазақ тіліне аударма, семантика, мәтін.

Annotation: In this article, first of all the history of the translation of the Qur’an into the Kazakh language is presented. Here you can find out when and by whom the holy book was interpreted into our native language. In this article you can also find an answer to when and how the Soviet Union eradicated some scripts that had been translated into the Kazakh language. Furthermore, in this research other aspects are discussed such as below listed:

1. Types of translation of the Holy Quran;

2. The two main objectives of the Qur'an;

3. The linguistic features of the Arabic language;

4. The approaches to understand and interpret the Quran;

5. The language of the Qur'an is a pinnacle of the classical Arabic language;

6. The methods that the Prophet tried to convey the language of the Qur'an;

7. What is the method of semantics.

 The above mentioned seven research subjects thoroughly expound the topic of this article. The main purpose of this article is to convey to the readers in a comprehensible way how to translate and interpret the Quran in Kazakh.

Key words: Quran, arabic language, interpretation, translation into Kazakh, semantics and text.
Аннотация

В этой статье в первую очередь показывается история перевода Корана на казахский язык. Здесь вы можете узнать когда и кем был толкован священная книга на наш родной язык. В этой статья вы также можете найти ответ когда и как советском союзе были уничтожены указание на казахском языке. Также в научной статье рассматривается:

1.Какие виды есть перевода священного Корана;

2.Две основные цели Корана;

3.Лингвистические особенности арабского языка;

4.Способы понять и интерпретировать Коран;

5.Язык Корана это прекрасная вершина классического арабского языка;

6.Какие способы применял Пророк чтобы донести язык Корана;

7.Что такое метод Семнтики.

Вышеуказанные 7 тем полностью раскрывает эту статью. Главной целью является – как перевести и понять Корана на казахском а также, легким способом донести до читателей.



Ключевые слова: Коран, арабский язык, интерпретация, перевод на казахский, семантика и текст.

Құранның жинақталу тарихына қысқаша тоқталсақ, алты жүз отыз екінші жылы Халифа Абу Бакр сүрелерді ретке келтіріп, бір жерге жинақтады. 644 пен 656 жылдар аралығында халифа болған Осман Аффан ұлы Құранды толық жинақтап , оның бірнеше нұсқасын Баср, Куфа, Мекке, Дамаск секілді үлкен қалаларға жіберген болатын.

Құранның толығымен қазақ тіліне қашан аударылғанын анықтау оңай шаруа емес , өйткені қолымызда дәлел бола алатын нақты тарихи дерек жоқ. Халифа Алтайдың мағыналық аудармасының алғы сөзінде Қазақ Совет Энциклопедиясынан мынадай деректер келтірілген: “Мұса Бегейұлы 1912 жылы Құранды қазақ тіліне аударды, бірақ ол жарыққа шықпай қолжазба күйінде қалды”.

Аталған еңбектің татар тілінде жазылып, қазіргі уақытта Уфа қаласында сақтаулы екендігін дәлелдей отырып Х. Алтай өз еңбегін қазақ тіліндегі тұңғыш аударма деп есептейді: Ал міне тұңғыш рет “Құран Шәриф. Қазақша мағына және түсінігі “ деген атпен осы қысқаша еңбек жарық көріп отыр.

Н.Өсерұлы өзінің «Құран және оның қысқаша мағынасы» деген еңбегінің 5 бөлімінің соңындағы арнау сөзінде Құранды алғаш тәржімалағаны жөнінде айтады. “Алла Тағала нәсіп етіп, Қасиетті Құранды өздеріңізге тәржімалап , алғаш рет жеткізуді бұйырыпты .

Әуелі Алла Тағала қолдап , қиын да тылсым терең, мұхит мәнді Құранды 1988 жылы аяқтадым”,-деп жазады аудармашы. Н.Өсерұлы Құранды қазақ тіліне аударуға жиырма жылдай уақытының кеткенін де жасырмайды. Еңбектің алғашқы томдары жарық көрер кезде Истаев Ж.М. аудармашының қасында болып, аудармаға өз үлесін қосқан .

У.Қыдырханұлы өзінің “Құран Кәрім. Қазақша мағына және түсінігі” атты еңбегінде : “1989 жылы Түркияда Х. Алтайдың 1990 жылы Пекинде сол Ақыт қажының ұлы Ғазизддің аудармасы жарық көрді”

Осы жерде Ақытұлы Ғазизбен бірге М.Ақытұлының да аудармаға өз үлесін қосқанын атап өту керек , өйткені Пекиндегі “Ұлттар баспасынан “жарық көрген еңбекте екі аудармашының да есімдері қатар жазылған.

1991 жылы “азушы” баспасынан қазақшасы 578 бет , арабшасы 585 бет болып Құран Кәрімнің Р. Нысанбайұлы, У.Қыдырханұлы жасаған қазақша аудармасы жарыққа шықты .

Енді , баспа бетін көрмеген Құран аудармаларына тоқталар болсақ “олардың кейбірі өртеніп кеткен , екіншілері қолжазба күйінде қалған” деген мәліметтерге кездесеміз.

“20 ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанда өмір сүрген ақын Ақыт қажы Үлімжіұлының ғұлама діндар Әбдірахман қажы Бай-Юсуф ұлының аудармалары 1940 жылдары өздерімен бірге өлімге үкім етіліп , өртеліп кетіпті “, - деп жазады У.Қыдырханұлы.

Құранның қазақ тіліне ертеректе аударылғаны жайлы “Шырағың мәңгі сөнбейді”деген кітаптан да табуға болады. Сол жылдары күйеу баласы Әбдірейім қазақ қажыларымен ілесіп Меккеге барып , атасы Абдірахманның тілегі бойынша Құран Кәрімнің түрік тіліндегі екі томдығын әкеліп береді (Бұл Құранды арабшадан түрік тіліне аударған Нұралы Баян деген кісі ) . Әбдірахман Құран Кәрімді 1937 жылдан бастап түрік тілінен қазақшаға аударуды қолға алып, төрт томдық етіп сегіз жылда бітіреді. Керей еліндегі сыйласы , жазуы көркем Сұлтанмахмұт Харифулинге көшіртіп шығады да ерте күнде Стамбул, Меккеде бірге болған сабақтасы Алтайдағы Сейітқазы мұғалімнен Қобықтағы Ахмет Бадихұттың көруіне береді. Олар бұл аударманың ақаусыз болғанын көптеген терминдердің баламасын дұрыс тауып аударғанын мойындап , қате жоқ деп тапқан деген деректерді таптық.


Енді Құранның яғни діни мәтіндердің аудару мен оған қойылатын талаптарға тоқталып өтейік. Діни мәтіндерді араб тілінен орыс тіліне аударған Иман Валерия Прохорова өзінің аудармасын «Құранның мағыналық аудармасы» деп атады. Ол сөзінің бірінде: «Мен бұл аудармада аяттардың ұйқасқан түрде аударылғанын қаладым. Сол кезде ғана бұл еңбек Құранның негізгі түпнұсқасына аз да болса жақындаған болар еді»,-деген. Бұдан шығаратын қорытынды, діни мәтіндердің мағыналық аудармасы мен интерпретациялық мағынасы екеуі бір сөз. Интерпретациялық мағынасына мәтіннің мазмұны мен оған айтылған пікірлер жиынтығы кіреді.

Діни мәтіндердің басқа тілге аударылуы

Тілде тәржіме:

Сөзді немесе сөйлемді түпнұсқадағы мағынасын баяндамай, бір тілден екінші бір тілге аудару;

Түпнұсқадағы ойды, мағынаны басқа бір тілмен жеткізу сияқты екі мағынада қолданылады.

«Тажу әл-арус» сөздігінде «Тәржумән сөзін басқа бір сөзбен түсіндіруші» деп келсе, әл-Жауһари: «Бір тілден екінші тілге аударушы», - дейді.

Осылайша Құран мәтінін аударудың екі түрі болады:


  1. Сөзбе-сөз аударма

  2. Мағыналық аударма

Сөзбе-сөз аударма. Тұпнұсқадағы барлық сөздердің сөздіктегі мағынасын тікелей беру және сөйлемдегі сөздердің реті мен тәртібін сақтай отырып, бір тілден екінші тілге аудару.

Мағыналық аударма. Түпнұсқадағы сөздердің мағынасын, сөйлемдегі сөздердің реттілік тәртібін сақтамай-ақ, басқа бір тілге неғұрлым анық әрі көркем жеткізу.

Құранды сөзбе-сөз аудару. Құранды сөзбе-сөз аудару деп – Құран аяттарындағы әрбір сөздің орналасу тәртібін өзгертпей, ондағы шариғат үкімдері мен риторикалық ерекшеліктерін сақтай отырып, жеке-жеке сөздің мағынасын тікелей аударуды атаймыз. Бірақ, аудараманың бұл тәсілін Құран Кәрім мәтіндерін аударуда қолдану мүмкін емес.

Себебі, Құран мына екі негізгі мақсат үшін түсірілген:



  1. Құран аяттары мұғжизалығымен, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Аллаһ тағаладан келген уахиді жеткізудегі шыншылдығын дәлелдейді. Өйткені, адамзат баласы мен жындар біріксе де Құран сүресі сияқыт сүре келтіре алмады және келтіре алмайды да.

  2. Адамзатты тура жолға бастап, дүние мен ақыретте ізгілікке жетелейді.

Құранды мағынамен аудару

Мағыналық аудармада барысында аудармашы ойды, сөзді, мәтінді бір тілден екінші тілген неғұрлым анық әрі көркем түрде жеткізуді көздейді. Сондықтан да түпнұсқа мен аударама арасында алуан түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Мысалға, сөз реті, сөйлем түрлері өзгеше бола береді. Яғни, аудармашы түпнұсқадағы сөйлемнің мағынасын дұрыс түсініп, сол мағынаны аударып отырған белігілі бір тілдегі көркемдеуші сөздермен жеткізеді. Сөзбе-сөз аударма мен мағыналық аударманың бірден-бір айырмашылығы осы. Түсінікіт болу үшін мына мысалға назар аударайық. Егер Аллаһ тағаланың:

" وَلا تجعَل یَدَکَ مَغلولة ً الی عُنقِکَ وَلا تبسُطها کُلّ البَسط ِ فتقعُدَ مَلوما ً مَحسُورا ً " (Исра 29 аят)

Аятын сөзбе-сөз аударатын болсақ, «Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа» деген мағына береді. Аятты қай тілге аударсақ та Құранның айытқысы келген мағынасын мүлдем бере алмайтыны анық. Ал, мағыналық аударма жасайтын болсақ, Аллаһ тағаланың метафоралық теңеу арқылы сараңдық пен ысырпашылдықтан тыйғандығын түсінеміз. Яғни мағыналық аударма тәсілін қолданған кезде ғана аяттың мағынасы айқындалады. Сондықтан, Құрандағы мәтіннің мағыналық аудармамен аударылуы ешкімге қарсылық білдірмейді. Өйткені, Құранның бұл аудармасын Құранның басқа тілдердегі тәпсірі десек те болады.


Құран мәтіні аса көркем тілмен баяндалғаны белгілі. Сондықтан оның мағынасын түсіну, араб тіліндегі түсіндіру жолдары мен тәсілдеріне, сөздердің түпкі мағыналарына үңілу арқылы болмақ [1,б291]. Құран мәтінінің тек сыртқы мағынасын ұстану жаңсақ түсінікке жол ашуы мүмкін. Мұның мысалын ораза кезіндегі сәресі уақыты жайында айтылған, Құрандағы: «...ақ жіп қара жіптен ажыратылғанға дейін жеп-ішіңдер...» («Бақара» сүресі, 187), – деген аят түскенде, Ади ибн Хатимнің аятты сол қалпында (тура мағынасында) түсініп, қара жіп пен ақ жіпті алып, соған түні бойы қарап, ажырата алмағандығынан көреміз. Сонда Аллаһ елшісі бұл сөздің теңеу екендігін, «қара жіп» деп түнді, «ақ жіп» деп күндізді меңзеп тұрғандығын білдірген [2,б1916].
Тілдік тұрғыда мұғжизалығымен тіл майталмандарын тамсандырған Құран мәтінінде осы сияқты аяттар аз кездеспейді. Бұндай тілдік ерекшеліктер аз сөзбен көп мағыналарды жеткізе білген пайғамбардың сөздерінде де келген.

Сондықтан Құран мен хадис мәтінін түсініп дұрыс түсіндіруде, бірінші кезекте араб тіл білімін білу талап етіледі.


Сахабалар уақытында Құран аяттарын түсіндіруде Құран мен хадис мәтіндеріне жҽне сахабалардың жеке көзқарастары мен ижтиһадтарына жүгінілді. Ал, өз ыждағаттылығына сүйенген сахабаларға арабтардың әдет ғұрыптарын, кітап иелерінің жағдайын білумен қатар, араб тілін жҽне оның ерекшеліктерін білу негізгі көмекші құрал болды. Кейінгі буын өкілдері сахабалардан жеткен деректерге сүйенді. Ал Құран мәтіндерін түсіндіруде өз ойы мен көзқарасына иек артқан тәпсіршілерге, ғалымдар Құран, хадис, құқық ілімдерімен қатар, араб лингвистикасына қатысты бірқатар ғылым салаларын білуді шарт санады.

Олар:


Бірінші: Араб тілі. Тәпсірші араб тілін жетік білуі керек. Тіл білмеген адам араб тілінде түскен кітапты түсіндіре алмасы хақ.

Екінші: Араб тіл синтаксисі.

Үшінші: Араб тілінің морфологиясы. Сөздердің құрылымдарын біліп, дыбыстық формаларын анықтау – дұрыс мағынаға қол жеткізуге жетелейтіні

сөзсіз. Имам аз-Замахшари: «Тәпсірдегі ауытқулардың бірі: «يوم ندعو كل اناس بامامهم» аятындағы « إِمَام » сөзі – « ام » сөзінің көпше түрі деп білу. Бұл – морфологиялық сауатсыздықтан туындаған үлкен қателік. Өйткені « أمّ » сөзінің көпше түрі « أمّهات », – деген.



Төртінші: Этимология. Мағыналары әртүрлі түбірден туындаған бір сөздің, шығу төркінін анықтау арқылы, негізгі мағынасын түсіну.

Бесінші, алтыншы, жетінші: Бәләға ілімдері. Олар: Мағани ілімі (риторика), Баян ілімі (стилистика), Бадиғ ілімі (поэтика). Яғни, араб тілінің шешендік өнері мен әдеби көркемдігін білу. Сонда тәпсірші Жаратушының Сөзі мен жаратылғандардың сөзі арасындағы парықты қажетті деңгейде ажырата біледі. Риторика арқылы – сөздердің құрылымдарынан туындаған мағыналардың ерекшеліктері ұғынылса, стилистика арқылы – семантикалық айқындық пен астарлылық, поэтикамен сөз көркемдігі білінеді [3, б.772].
Құранды түсіну әрі оны интерпретациялау әдістерінің ішінде объективті әрі дұрыс критерийлерге сүйенетін семантикалық әдіс бар [4,б31]. Бұл әдіс туралы түрік ғалымы И.Якыт: «...Семантикалық әдіс Құранның өз әдісі әрі оны ең дұрыс түрде түсінуге жетелейтін әдіс» [5,б19], – деген.
Семантика – сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді [6, б. 346-347]. Сондай-ақ, семантика тек тіл білімінде ғана емес, философияның, гносеологияның, әдебиеттанудың және т.б. тілдік жүйе арқылы таным процесін зерделейтін барлық ғылым салаларына ортақ зерттеу нысаны бола алады.

Семантикалық әдіс мәтін құрылымындағы тілдік қабаттарды, яғни сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдерді тарихи, этимологиялық, лексика семантикалық тұрғыда талдау мен сөздердің мәнмәтіндегі қолданыс аясын анықтау арқылы жүзеге асады. Бұл әдістің Құран мәтінін дұрыс түсіндіруде басшылыққа алатын өзіндік ұстанымдары бар:


1. Сөздің этимологиялық төркіні мен түрленімдеріне талдау жүргізіледі.

2. Мәтін бірліктерін семантикалық талдау. Жекелеген сөздің лексика семантикасына зерттеу жасалады. Сөздің лексикалық мағыналарын анықтау барысында: «Лисану әл-Араб», «Тәжу әл-Арус» жҽне «Муфрадату әл-Құран», «Ғарайбу әл-Құран» секілді жалпы түсіндірмелі сөздіктер мен Құран сөздерін баяндаған арнайы сөздіктерге жүгініледі.

3. Сөздің семантикалық даму барысын зерделеу. Тарихи деректердегі сөз мағыналарының даму жүйесін саралау жҽне оның мағыналық құрылымындағы семантикалық ерекшеліктерді, иірімдерді аңғару әрі семантикалық заңдылықтар бойынша дәлелдеу күрделі ғылыми зерттеуді қажет етеді.

4. Сөздің мәнмәтіндегі қолданысына қарай мағынасын анықтау. Бір сөз Құран Кәрімнің әр жерінде бірнеше рет кездесіп, түрлі мағынада қолданылуы

мүмкін. Құран мәтініндегі бір сөздің мағынасын білген адам, сол сөздің мағынасын басқа аяттарда кездескен сол сөздің мағынасына қайта телуі көп жағдайда қате түсінікке алып барады.

5. Контекстуалды семантикалық талдау. Мәнмәтін тұтастығы маңызды болғандықтан, мәтіндегі негізгі ой жүйесі контекстік деңгейде талқыланады.


Құран тілі – классикалық араб тілінің өте көркем әрі әдеби тілінің шыңы. Ондағы әрбір сөз тек өзіне тиесілі, ең лайықты орнында тұр және соның себебінен, оның астарындағы мағына толық ашылады да барлық мәтін толық үйлесімділікке жетеді. Сондықтан аят мағынасын түсінуде оның әріптері, сөздері мен сөйлемдерінің арасындағы үйлесімділігі мен мағынасы толық ескерілуі тиіс. Яғни, мәтін сөздерінің өзара байланысы мен аяттар арасындағы іліктестікке мән берілгенде ғана мәтіннің нақты мақсаты анықталады. Кез келген тілдік бірлік мағынасы лебізде жасалып, өзінің басты контекстік мәнін анықтайды әрі әралуан түрленіп, мағыналық құрылымының әр түрлі реңін ашады. Құран сөздерінің құдіреті де оның контекстегі қолданысында.
Құран аяттарын түсіндіруде пайғамбар сөзден басқа әдіс-тәсілдерді де пайдаланғандығын, оның кей жағдайларда үнсіздік танытып немесе бейвербалды амалдар арқылы түсіндіргенінен көруге болады. Яғни, сөйлеу барысындағы сөйлем мен мәтін пресуппозициясы, ондағы негізгі ойды түсінуге септігін тигізеді. Алайда, жазба мәтіннің бір ерекшелігі – онда бейвербалды амалдар болмайды. Сондықтан жазылған мәтіндерді түсінуде олқылықтар көбейеді. Оны оқырманның өзі толықтыру үшін жорамал жасауына тура келеді. Сол секілді, белгілі бір қоғамда сөздің тура мағынасы да метафоралық мағынасы да қолданылып, бірақ екі сөз бір-біріне қарама-қайшы келген жағдайда, кейбір ғалымдар екі мағынаның тең екендігін, бірақ, біреуіне басымдық адресанттың ниетіне қарай берілетіндігін айтқан. Сол секілді астарлы сөзбен (киная) келген үкімнің де ниетке байланысты орын алатындығы белгілі.

Құран мәтіні және оның құрылымдық-семантикалық бүтіндігі, ауқымды мазмұн мен мол ақпарат беруі – оны терең зерделеуді қажет етеді. Мәтін мазмұнын жүйелі зерделеу үшін, оның семантикалық кеңістігін барлаудың мәні ерекше, өйткені, көркем мәтіннің мазмұны ауқымды, ашық, кейде нақты деректермен, нақты мағынамен эмплицитті мән таңбаланса, кейде ауыспалы мағынамен, астарлы сипатталып, имплицитті мән таңбаланады. Мәтін теориясында «семантикалық кеңістік» терім сөзі мәтіннің мазмұндық ерекшелігі мен ішкі мәнін анықтауда қолданылады. «Мәтіннің семантикалық кеңістігі» мәтіннің өзі мен тілдік бірліктер арқылы таңбаланатын автордың интенциясы, мақсаты және реципиенттің қабылдауы, түсінуі, талдауы арқылы анықталады.



Әдебиеттер


  1. Hallaf A. İslam Hukuk Felsefesi. / çev. Hüseyin Atay. – Ankara: Ankara

Üniversitesi İlahiyat Fakültesi Yayınları, 1972. – 391 s.

  1. صحيح البخاري. لمحمد إسماعيل بن البخاري. – بيروت: دار الكتاب العلمية 2013 م – 1456 ص

  2. الإتقان في علوم القران. لجلال الدين السيوطي – القاهرة : دار الحديث. 2005 م – 1152 ص

  3. Soysaldi M.H. Kur’an’i doğru anlamada semantik metodun önemi //

Kur’an ve dil – dilbilim ve hermenötik-Sempozyumu. – Van: Yüzüncü yil

üniversitesi. İlahiyat fakültesi, 2001. – S. 31.



  1. Yakıt İ. «Doğru Bir Kur’an Tercümesinde Semantik Metodun Önemi». – Isparta: S.D.Ü. İlahiyat Fakültesi Dergisi, 1994. – S. 19.

  2. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010. – 548 б.

  3. Құрманбаев Қайрат «Құран ілімдеріне кіріспе» Нұр-Мүбарак баспасы Алматы 2013.

References


  1. Hallaf A. Islam Hukuk Felsefesi. / çev. Huseyin Atay. – Ankara: Ankara Universitesi Ilahiyat Fakultesi Yayinlari, 1972. – 391 s.

  2. Sahih al Buhari li Muhammad Ismail bin al Buhari. Beirut: Daru al kitab al ilmia 2013 m – 1456 s

  3. Al Itkan fi ulumil Koran li Jalaluddin as Suyuti. Al Kahira: Darul hadis 2005 m – 1152 s

  4. Soysaldi M.H. Kurani dogru anlamada semantik metodun onemi // Kuran ve dil – dilbilim ve hermenotik-Sempozyumu. – Van: Yuzuncu yil universitesi. Ilahiyat fakultesi, 2001. – S. 31.

  5. Yakıt I. «Dogru Bir Kuran Tercumesinde Semantik Metodun Onemi». – Isparta: S.D.U. Ilahiyat Fakultesi Dergisi, 1994. – S. 19.

  6. Kaliev G. Til bilimi terminderinin tusindirme sozdigi. – Pavlodar: S.Toraigyrov atyndagy Pavlodar memlekettik universiteti, 2010. – 548 b.

  7. Kurmanbaev Kairat Kuran ilimderine kirispe. Nur-Mubarak baspasy, Almaty 2013


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет