Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Дәл осы кезеңде ол қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі бойынша ғылыми ізденістерін жүргізіп, ұлттық жазу реформасын дайындап қана қоймай, қазақ тілі



бет77/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

Дәл осы кезеңде ол қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі бойынша ғылыми ізденістерін жүргізіп, ұлттық жазу реформасын дайындап қана қоймай, қазақ тілі

А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.



Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы. Ол «Тіл – құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Баяншы» іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік бұл құралдар әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.

Шығармашылық жолын Ахмет Байтұрсынұлы мысал жазудан бастады. Оның өлеңдері қазақ халқының мүддесі мен үмітінен сыр шертіп, білім мен мәдениетті насихаттады. «Қырық мысал» (1909), «Маса» (1911) шығармаларында қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.



1913 жылы Байтұрсынұлы Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, қалың қазақ зиялыларының қолдауымен Орынборда тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. Оның бас редакторлығындағы газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге мәселелерін қозғады. 1918 жылдың күзіне дейін шығарылғанның өзінде «Қазақ» газеті ұлттық қоғамдық-саяси және ғылыми-әдеби басылымдардың негізгі газетіне айналды.

1917 жылғы төңкерістен кейін, «Алаш» партиясының мүшесі А.Байтұрсынұлы Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары ретінде сайланды. 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.

1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. Оның атымен аталған Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Кезінде қазақ халқын сауатсыздықтан арылтқан «Жаңа Емле» төте жазуын бүгінде Қытай, Ауғанстан, Иран елдерінде тұратын қандастарымыз әлі де пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет