Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының халықтың ой-өрісін көтеруге тиізген ықпалы



бет80/126
Дата17.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#73715
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126
Байланысты:
Гос.тарих Айша 18 июнь

65. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының халықтың ой-өрісін көтеруге тиізген ықпалы

Газет қазақ халқының қоғамдық - әлеуметтік ой – пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси – экономикалық мәселелермен қатар оқу – ағарту ісінің жай – күйі, өнер – білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал – қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар жарияланды

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімге үндесу XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы азаматтарды, елді ояту, азаттыққа ұмтылу мақсатына жетеледі. Осы зиялылар арасында ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры қоғамдық өмір өрінде көріне бастады. Сол көш бастаушылардың ең танымалысы  -  Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсынов қазақ зиялыларының арасындағы күрескерлік бағытты ұстанған саяси топтың көрнекті жетекшіл рухы, өзгеше сарын танытқан қаламгер болды. Азаттық пен бостандыққа бастайтын өткір қаруы - әрбір қазақ оқырманына түсінікті өлеңдері мен мән - мағынасы терең көсемсөздік еңбектері.  Бұл күнде Ахмет Байтұрсынов өмірбаянына қатысты біраз материалдар жарық көрді. Олардың көбі өз арқауын М.Дулатовтың «Ахмет Байтұрсынович Байтұрсынов» атты көлемді мақаласынан алған. Сол  мақалада Ахмет   Байтұрсыновтың  1905 жылдардағы қызметі жайлы былай делінген:
«…XX ғасырдың басында Қарқаралыда тұрған кезінде революциялық қозғалысқа қатыса бастайды, алғашқы кезде астыртын қабылдап, ал 1905 жылы 17 қазанда жарияланған манифестен кейін қалың қазақтың көрнекті де белсенді бастаушыларының біріне айналды».
Өз халқының азаттық күресіне жолбасшы болуға бекінген А.Байтұрсынов 1909 жылы шілденің бірі күні Т.Шыңғысовтың көрсетуімен тұтқындалып, Семей түрмесінде бір жыл отырып, екі жылға дейін Қазақстанда тұру құқығынан айырылды. 1910 жылдың 9 наурызынан Ұлы төңкерісіне дейін Орынборды мекендеді. Осы кезеңнен бастап оның ғылыми-ағартушылық, саяси - қайраткерлік, творчестволық еңбегі ерекше күшейе түседі. А.Байтұрсынов өмірінің қиын да қызықты кезеңі басталады. 1909 жылы  Петербург қаласында 1901-1904 жылдары  «Қырық мысал» атты өлеңдер жинағы шықты.
Ол 1913 жылы «Қазақ» газетінің ашылуын ұйымдастырды, оның редакторы ретінде, қызмет атқарды. Аталмыш газетті редакциялап жүргенде бірнеше мәрте әкімшілік жолымен айып тартып, тұтқындалды. «1917 жылдың соңына дейін редактор болып істедім», - деп жазады А.Байтұрсынов өз өмірбаянында. А.Байтұрсынов ұйымдастырған «Қазақ» атты тұңғыш би ресми ұлттық газеттің патша әкімшілігінің көңілінен шыға бермегендігін, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сара жолы, өзіндік көзқарасы бар, саяси бедері айқындалған беделді басылым екенін тарих растайды.
Бұл шындықты Ахаңның замандастары тап басып танып, айтып-ақ кеткен. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 1923 жылдардағы Ахметтің  50 жылдық мерейтойына орай жазылған мақаласында «Қазақ» газетінің қазақ ұлтына, жасаған қызметін Абайдың қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегіне парапар санайды.
1913 жылдың 2-ақпанынан, 1918 жылдың 16-қыркүйегіне дейін шығып тұрған «Қазақ» жаңа дәуірдің шежіресі десе болғандай. Оянған сана үніне айналған газет өз  тұсында ең көп таралған басылым болды. Мұның басты себебі қазақ тарихының қилы - қилы кезеңдерінде замана ағымын саясат аңғарын айнытпай тануында. Танып қана қоймай, ұлтына азаттық жолдың сілемін тауып, сүрлеуін нұсқады 4,б.139.
«Оян, Қазақ» деп аттан салып, бостандық пен азаттықты аңсаған Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов сынды қыран ойлы қазақ зиялыларының күш-жігері, қайраты мен табандылығының арқасында дүниеге келген «Қазақ» ұзақ жылдар бойы ұраншыл айқайдың тоқпағында қалып, тапшыл саясатының тозағына қарылды. Ақ - қараны айыртпас солақай саясат дегеніне жетті. «Халық жауларының» газетін 72 жыл бойы  ел көзінен тысқары, сананы улаған тар қапаста ұстады. Кезінде ұлттың ар - намысына айналған, халқының бағдар айтар жарық жұлдызы бола білген газеттің сонындағы жазығы не еді? Жазығы ұлтымыздың шерлі кезеңінің шежіресіне айналғандығында. Қазақтың кең даласын апай - топай етер қара дауылдың алдын болжағандығында.
Халқы аялап, ардақтаған Ахмет Байтұрсынұлы ғұлама ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші, тюрколог, ақын, аудармашы, қазақ баспасөзінің іргесін қалаған журналист, композитор, қоғам және мемлекет қайраткері болумен қатар, ол ұлтымыздың Бас баспагері болған.  Патша өкіметінің отарлық саясатын бүкпесіз батыл да ашық түрде әшкерлегені үшін қуғын - сүргінге ұшырап, жер аударылған ол 1910 жылдың басынан 1917 жылдың аяғына дейін Орынбор қаласында тұрады. Міне, осы бір шақта ілгеріде айтылғандай ол өзінің «Маса» деп аталатын кітабын, оның  алдында Санкт-Петербургте 1909 жылы «Қырық мысал» атты классикалық жинағын шығарып та үлгерген-ді, ал 1913 жылдың наурызынан бастап дана Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтсақ, ұлтымызды ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газетін шығарып, содан 1917 жылдың қыркүйегіне дейін оның редакторы болады.
Газет шығаруда бірегей бай тәжірибе жинақтаған Ахмет қазақ кітабының тұңғыш Мемлекеттік баспасының шаңырағын өз қолымен көтеріп, тағы да бір игі істің бастаушысы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет