Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


тақырып. Есеп-айырысу, кассалық және комиссиондық қызметтер. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді минимизациялау әдістері



бет16/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

12 тақырып. Есеп-айырысу, кассалық және комиссиондық қызметтер. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді минимизациялау әдістері.
Коммерциялық банктердің баланстан тыс операциялары.

1.Есеп айырысу формалары және есеп айырысы инструменттері. Есеп айырысу операцияларын классификациялау критерийі. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері.


2.Банк пен клиент арасында есеп айырысу операцияларын есеп шоттар бойынша жүргізудің шарты.
3.Коммерциялық банктердің қолма-қол ақшалармен клиенттерге қызме
Банкаралық есеп айырысу (клиринг).
4.Есеп айырысу формалары мен есеп айырысу құралдары. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері. Банк пен клиент арасындағы есеп айырысу операциялары.
5.Есеп айырысу операциялар белгілеріне байланысты жіктелуі.
6.ҚР-дағы есеп-айырысу операцияларын ұйымдастырудың құқықтық және нормативтік негіздері.

Банктер есеп айырысу операцияларымен айналысатын коммерциялық сектор. Есеп айырысудың әдістері мен тәсілдері өте кең, мысалы банк пен клиент арасындағы есеп айырысу операциялары төмендегідей:


Есеп айырысу операциялар есеп айырысу субъектілеріне қарай байланысты жіктеледі:
- банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілері) мен банктер арқылы есеп айырысулар (коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің клиенттермен, банкпен, еңбекақы және басқа да мәселелер бойынша есеп айырысулары)
- жеке сектор – жеке клиенттердің, үй шарушылықтарындағылардың банктер арқылы есеп айрысулары;
- банктік сектор – банктердің банкаралық есеп айырысулар.
Қатысушыларға байланысты банктің есеп оперциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

  • клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;

  • негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар

Есеп айырысу объектілеріне қарай:
- тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;
- бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
- банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.
Банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы "Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы" ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №266 бекітілген "Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" нұсқаулықта көзделген.
Осы нұскаулыкқа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары екі түрде жүзеге асады: қолма-қол ақшалар және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол ақшалармен есеп апырысулар — бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы, нақты ақшалар - банкноталар және монеталар. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердің жиынтыгы. Мысалы кәсіпорындар басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға не қызметкерлерге аударымдарды банктер арқылы жүзеге асырады.
Мұндағы, қолма қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар електрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауы-суы байқалады.
"Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі" туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен №179 Қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет