Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет100/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

«Ғажайыптар алаңы» - ойын сабағының ерекше түрі. «Ғажайыптар алаңы» сабағы көбінесе пысықтау- қайталау сабақтарында пайдалану қолайлы. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылықтары өте жоғары, өйткені, жеңімпаз оқушыны шағын «сыйлықтар» күтіп тұрады (қолдан оқушылардың өздері жасаған бұйымдары, суреттері, макеттері).
«Жұлдызды сағат» сабағы- қайталау- пысықтау сабағында әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін ойын сабағының көптен бір түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір тақырыпқа араналады, мысалы: «Ғарыш әлемі», «Қазақтың ұлы ғұламалары» және т.б тақырыптарда жүргізіледі.
Ойыншылардың саны алғашында 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы (жұлдызы) аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызды сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді.
«Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды, өйткені «Жұлдызды сағат» өтетін сабақтың тақырыбы оқушыларға алдын ала тараудың басында 10-15 күн бұрын белгілі болады да, оқушылар берілген тақырыптар бойынша жан-жақты өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтырады.
«Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды өз бетінше ізденуге жетелейді.
Театр сабағы - сабақтағы өтілген материалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл типінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті–балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.
Концерт сабағы - ән-күй, тіл сабақтарына жақсы келеді. Концет сабағы сабақта оқушылардың ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, ол әндердің шығу тарихын білуге бағытталады.
Тренинг сабақ - белгілі бір тақырыпта өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі - тренингке қатысып отырға оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек.
Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады.
Саяхат сабағы - белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ. Саяхат сабағы «Ертегілер еліне», «Математика патшалығына», «Ғарыш әлеміне» және т.б. болып кете береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет