Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет96/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

1- кезең. Проблеманы қою және проблемалық жағдайларды талдау: оқушыдан шешімін күткен проблеманы айқындау; проблеманы шешуге оқушының қызығуы мен талпынысы; проблемалық жағдайды талдау.
Мұғалімнің жалпы проблеманы қоюын эксперимент, эвристикалық сұхбат арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл кезеңд проблемалық жағдайларға талдау жүргізіліп, мұғалім қалдырған киын жәйттен оқушы шығуға әрекет етеді. Талдау үдерісінде белгілі мен белгісіздің ара-қатынасы айқындалып оқушы «нені білу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Сонымен жағдайды талдау нәтижесінде оқшы проблеманы сезініп, көп нәрсені айқындай түседі.
2- кезең. Оқу проблемаларын шешуге төмендегілер кіреді: шешу жоспарын құрастыру, гипотеза және оның негіздері.
Жоспар жасаудың мәні – оқушы өз бойына жинаған тәжірибесі арқылы белгілі мен белгісіздіктің арасындағы байланысты орнатуға әрекет жасайды. Осының негізінде шешімдерді табу барысында олар гипотезаға айналады.
3- кезең. Проблеманы шешуді тексеруге жататындар: бақылау жұмыстарын орындау, қатені жөндеу орында нәтижелерін тексеру және тақырыпты бекіту. Ол практика белгілі мақсатты жолмен тапсырма талаптарын мүлтіксіз орындату, сондай-ақ бақылау жұмыстарын арқылы жүзеге асырылады. Игерілген білімді қолдану шекарасы жалпыны көре білуі меңгеріледі. Бұл жұмыстың нәтижесінде пәнаралық байланыстар орнатылып, оқушының жалпы дүниетаным көзқарасы кеңейді.
Сөйтіп, проблемалық оқыту сабағын бірнеше кезеңге бөлуге болады: эксперименттік көмек арқылы тапсырмаларды орындау эвристикалық сұхбат негізінде мұғалімнің проблеманы коюы; бір немесе бірнеше гипотеза қалыптастыру бойынша мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысы;оқушының қателікті талдай білуі;проблемалық міндеттерді шешу жолындағы оқушылардың өз бетінші жұмыс жасауы, т.т.


Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1 Проблемалық оқытудың мәні неде?
2. Проблемалық оқытудың кезеңдерін ашып көрсетіңіз?
3. Проблемалық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы неде?
4. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері қандай?
5. Проблемалық оқытудың маңыздылығын ашып көрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет