Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет1 Пікірсайысшының іс-әрекеті



бет98/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Сурет1 Пікірсайысшының іс-әрекеті



Пікірсайысшы



Үздіксіз ізденеді, көп оқиды,
әртүрлі мәлімет жинайды


Көрермен алдына шығу үшін өзін жан-жақты дайындайды



Жаңа әрі тың деректермен
танысады



Іздену барысында дара ой-пікірлерді көңіліне түйеді

Алған мәліметтерді ой елегінен өткізіп, маңызды тұстарына талдау жасайды



Ойын қисынды, жүйелі жеткізуді үйренеді

Ұшқырлыққа,тапқырлыққа,сенімді сөйлеуге машықтанады

Көпшілік алдында қобалжуды жеңіп,өзін еркін ұстауға үйренеді



Кедергілерге ұшырасу барысында шыңдалады ,пікірсайыс барысындағы
қақтығыстарға талдау жасап, өз ойын анықтайды,күрделі мәселелерге қатысты азаматтық позициясын анықтайды

Пікірсайыстың басты ерекшелігі - берілетін мәліметтің ақиқатқа (шындыққа) жанасуы, ойыншылардың бір-біріне деген құрмет.


1. Шыншылдық. Шыншылдық пікірсайыста әрбір ойдың, түйіннің өзегі болып табылады. Жалған дәлелдер, баспа материалдарының 10 жылдан асқан ақпараттары есептелмейді.
2. Бір-біріне құрметпен қарап, пікір таластыру. Пікірталас кезінде бір-біріне сыйластық сақтап, сыпайылық көрсету. Сұрақ - жауап ойын барысында айтылған ойларға қатысты туындау керек.
3. Ойынды төрешілер баға беріліп, талдау жасайды. Өз дәлелін шешендікпен тыңдаушыға жеткізе білген, ұйымдастыру өнерін көрсете білген жүйелі сөйлейтін, қақтығыс пікір айта білген ойыншылар жоғары бағаланады.
Пікірталастың мақсаты да үшінші бейтарап төрешіні сендіру, төрешіге айтылып жатқан мәселені дәлелдеу, өз дәлелін қарсыластарынан жақсырақ және сенімдірек екенін көрсету. Мақсат қарапайым болғанымен, пікірталасының стратегиясы, техникасы осы мақсатты соңына дейін жеткізу күрделі болып табылады.
Пікірсайыс технологиясының оқу үдерісіне енгізілуі оқушының тұлға, адамзат ретінде жетілуіне, білім алуға деген қызығушылығының артуына зор ықпал етеді.
Пікірсайысқа дайындық кезеңінде өз бетінше ізденістің оқыту нәтижесі жаңа білімді беріп қана қоймай, әрқайсысының қосымша ақпаратты табу есебінен өзара оқытуда, олардың бастапқы зерттеу дағдысын игеруде көрініс табады. Дайындық кезеңінің дамытушылық әсері оқушылардың танымдық қызығуында, білуге құмарлығында, ойлаудың зерттеулік әдістерін игеруінде айқын көрінеді. Оның үлкен диагностикалық мәні бар: білімді терең игеру мен жеке тұлғаның шығармашылықпен дамуының нақты және сөзсіз көрсеткіші болып табылатыны, өз бетінше шығармашылық ізденудің оң нәтижесінде.
Пікірсайыс қарама-қайшы көзқарастың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. Әуелі қатысушыларға келісім бойынша ұстанымдар белгіленеді: растау немесе теріске шығару. Сонан соң пікір сайысы белгіленген тәртіп бойынша өтеді. Әр топтың спикерлері (растау немесе теріске шығару) бейтарап төрешісі өздерінің көзқарасының мейлінше дұрыс екендігін сендіруге тырысады. Бұл жерде олар тек сөз сөйлеп қана қоймай, басқа жақтың дәлелдірін таластырып, өз ұстанымдарын қарсыластар көзқарасымен салыстырады. Раунд барысында сөз сөйлеген спикерлерге қарама-қарсы сұрақ-жауап өткізіледі. Қарама – қарсы тұрғыда сұрақ қарсыластар дәйектеріне анықтық енгізу, олардың кейстеріндегі олқылықты анықтау, өз тобын терістеуге дайындау т.б мақсатта қойылады. Пікірсайыс кезеңі ойынды талдау және төрелік шешім қабылдау, яғни жеңімпаз топты анықтаумен аяқталады.
Ойын барысында оқушылар пікірсайыстыру және өз идеяларын топ болып қорғау тетіктерін игереді. Мұғалім бұл жерде оқушылардың өз бетімен оқып-үйренуіне жағдай туғызатын, оқу үдерісін ұйымдастырушы және үйлестіруші рөлінде болады.
Рефлексия кезеңі келесі кезеңдерден тұрады: өткен пікірсайысты сипаттау, қызметті талдау мен салдарды сынау, оқушылардың жеке өзгерістерін белгілеу, оқушыларға оларда анықталған өзгерістерді ескере отырып ұсыныстар жасау.
Рефлексияның дамытушылық әсері – оқушылардың сыни-талдау ойлауының қарқынды қалыптасуында. Оқушылардың өзінің жеке жолдастарының қызметін талдауға жүйелі түрде қатысуы турашылдық, сынаушылық, батылдық, т.б адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді, өз көзқарасын қорғауға талпыну, таласта табандылық таныту - мұның бәрі жеке тұлғаны толыққанды қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Оқушылардың азаматтық ұстанымының қалыптасуының маңызды шарты меңгерілген білімді өмірде қолдана білу болып табылады және пікірсайыс технологиясының соңғы кезеңі – кейінгі әрекет осы шарттың іске асырылуын көздейді. Оқушылардың өздерінің тілегі мен қажетсінуі «кейінгі әрекеті» жүзеге асыруға түрткі болады.
Пікірсайыс технологиясы оқытуды тұлғаға бағыттай отырып, жоғары сынып оқушыларының азаматтық қасиеттерін саналы деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді:
- ішкі мотивацияның негізінде ұйымдастырылған оқыту-танымдық ізденіс қызметіне оқушының өзінің белсенді қосылуы;
- мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін, серіктестік қатынасын ұйымдастыру, оқыту үдерісінде оқушыны педагогтік мақсатқа лайықты тәрбиелік қатынасқа қосу;
- жаңа білімді игеру үдерісінде мұғалім мен оқушы арасында, оқушылар арасында сұхбаттық қатынасты қамтамасыз ету.
Пікірсайыс технологиясы құқықтық мемлекеттің білім беру жүйесінің басты міндетін - демократиялық қоғамның интеллектуалды әлеуетіне білікті, жоғары мәдениетті, оралымды да ақылды, мақсатты, батыл да еркін азаматты даярлауды мақсат етеді. Сондай-ақ, пікірталас үстінде оқушылардың жинақтаған білім қоры, білім саласы да айқындалады. Олар пікірталаста алған білімін танытуға, ойлауға және тақырыпты шығармашылықпен игеріп, баға беруге, сын айтуға үйренеді.
Мәселені талқылау өз кезегінде оның алған білімін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын дамытып, жаңаша ізденуге, жолдастарының, әріптестерінің өзіндік басқаша да көзқарастарын сыйлауға, әдеп, сабыр сақтай білуге тәрбиелейді.
Пікірсайыс өткізу үшін арнайы дидактикалық ережелерді сақтау талап етіледі. Олар: мұғалім мен оқушылардың алда болатын пікірсайыс дайындығы, пікірталас жүргізетін жүргізушіні сайлау, оның пікірталас барысын басқаруы, жүргізушінің соңында одан қорытынды шығарып сөйлеуі т.б. Пікірсайыс жүргізуге көпшіліктен топтық әңгіме жүргізе алатын, қарым-қатынас жасауға қабілетті оқушы сайланады.
Пікірсайысты табысты өткізудің ең маңызды кезеңі оған барлық оқушылардың дайындығы болып табылады: ұсынылған әдебиеттерді оқу және таласты мәселені аздаған топ ішінде талқылау. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда қойылған мәселенің табысты өтуі екіталай.
Сабақта оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру үшін оларға жазбаша жоспар берілуі қажет. Онда талқыланатын мәселенің тақырыбы, ұсынылатын әдебиеттер тізімі қоса беріледі.
Мұндағы ең жауапты кезең - пікірсайыстың өткізілуі. Жүргізушінің міндеті талқыланатын мәселені ұйымдастыру, пікір таластырар ой туғызу, оны дәлелдеуді талап етіп, пікірді негіздеу. Пікірсайыс қаралған мәселеде өзгенің пікірімен санасу, сыйластық, ізгілік, адамгершілік қатынаста өтуі тиіс. Жүргізуші әрқилы сауал қоя отырып, талқылау барысын бағыттап, мәселенің толық қамтылуын қадағалайды. Пікірсайысты жүргізуші жиналған жұрттың ауасын тап басып, оқушылардың әрекетін басқара отырып, оның танымдық жағын белсенді қозғауы тиіс.
Пікірсайыс кезінде жүргізуші бағыт сілтейтін, мәселені нақтылай түсетін сұрақтарды қолданады. Оқушылар жүргізушіге қарсы сауал қоюы да мүмкін. Қарсы сұрақтар әдеппен, тек өз пікірін оздыруға тырыспай, орынды қойылуы шарт.
Сауал тастаудың негізгі мақсаты - оқушыларды ойландыру. Яғни ақпарат беру - дамыту емес, баланы ойланту ғана дамыту болып саналады.
Негізгі қойылатын сұрақтар пікірталасқа дайындық кезінде алдын ала дайындалады.
Пікірсайыс өткізудің құрылымы біркелкі бола бермейді. Кейде төмендегідей құрылым бойынша өткізуге болады.
1. Кіріспе бөлім. Бастапқыда оқытушы не жүргізуші оқушылардың сұрағына жауап беріп, мәселені ортаға салады, оның маңызын дәлелдейді. Алайда ол кіріспе сөзінде қойылған сауалға нақты жауап қайырмай, ең таласты мәселеге назарын аударып, оқушылардың ынтасын оятып, соған бағыттайды.
2. Көтерілген мәселені талқылау. Оқытушы (жүргізуші) сауал бере отырып, мәселеге оқушылардың қызығуын арттырып, олардың пікір алмасуын ұйымдастырады. Оқушылардың нақты дәлел-дәйектемелерді келтіру үшін дереккөздерін, анықтамалық және т.б.құралдарды да пайдалана алады.
3. Жүргізуші оқушылардың сөзін толықтырып, тың деректерді қосады. Онда олардың кейбір қате түсінген жерін ұғындырып, мәселенің қай бағытта жүріп жатқаны көрсетіледі.
4. Қорытынды бөлім. Жүргізуші оқушылардың пікірсайыс үстіндегі негізгі мәселеге назар салуды құнттап, тақырыпты ары қарай тереңдете түсу үшін қосымша әдебиеттер ұсынады. Оқушылардың өз бетінше осы мәселені дамытып, тәжірибені жалғастыру үшін қосымша әдебиеттер оқуы ұйымдастырылады. Қорытынды бөлімде оқытушы сабақтан тыс уақытта да осы жұмысты жалғастыруға кеңес беріп, оқушылардың сұрағына жауап береді.
Дұрыс ұйымдастырылған пікірталаста әдетте сөйлеуге құмартушылар мол болады. Бұл мәселені шешуге келгенде мұғалім оқушылардың жеке жас ерекшелігін, оның дайындық деңгейін, топ арасындағы беделін және басқа да жағдайларды ескеруі қажет. Сонымен бірге тартыстың өткір қойылған сәтін бағамдап, пікірталастың құрылымдық кезеңін ескеруі де маңызды.
Пікірсайыс барысында тыңдаушылардың назарын аудартып, оларды бәсекеге қызықтыру үшін өткір тілді, беделді оқушыға сөз берген жөн. Ал керісінше талас қызып, бәсекелестік күшейе бастағанда пікірсайысты жалғастыру үшін мінезі байсалды оқушыларға берген қолайлы. Талқылауға шығуға ыңғай танытпағандарды да тарта білу керек. Бұйығы, ұялшақ, мінезі ұяң оқушылардың көпшілік алдына шығарып, олардың ұяңдығын жеңуге көмектескен ұтымды.
Пікірсайысты ұйымдастыру мен өткізу барысында мұғалім оқушылардың пікір таластыра білу машығын жетілдіруге назар аударуы, яғни өзгенің айтқан көзқарасын барынша түсінуге, сыйлап-санасуға, өз атына айтылған сынды зейінмен тыңдауға, қаралған мәселенің шын негізін пайымдау, өзінің жеңілгенің мойындап, әдеппен қабылдай білуге баулып, айтар сынды қарапайым тілмен, сенімді түрде жеткізе алуын қадағалауы тиіс.
Кейде пікірсайыс барысында жүргізуші мәселені ұғындыру үшін әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, т.б. әдіс-тәсілдерді қолданады. Оқушы жүргізуші мен жолдастарының айтқанын зейін сала тыңдап, керек жерін жазып алып, конспектілерін толықтырады. Содан кейін жүргізушіге және сөйлеушілерге сұрақтарын қояды.
Пікірсайыс қызықты, тартымды өтуі үшін:
1) тақырыптың өзектілігі;
2) таласты, даулы мәселені дұрыс қоя білуі;
3) қойылған мәселенің оқушылардың шамасына лайықтылығы;
4) оқушылардың арнайы даярлығы (әдебиеттерді оқу, конспекті жазу, ойын ашық айту, т.б.) болуы шарт.
Пікірсайыс кезінде оған қатысушылар әр алуан авторлардың көзқарасын талдау арқылы салыстыра білуге, өзіне баға беруге, сын айтуға, өз көзқарасын білдіруге, және ғалымдардың пікірін нақтылап, логикалық зерттеуге үйренеді. Пікірсайыс арқылы оқушылардың шығармашылық, сөйлеу, тілдік, ойлау қабілеті дамиды, дұрыс болмаса да ойын еркін айтуға дағдыланады және пікір бостандығын сыйлап, өз ойын, пікірін қорғап үйренеді. Пікірсайыс, ең бастысы, оқушыларды шыдамдылыққа, ұстамдыққа тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет