Білімді пысықтау мен бағалауға арналған сұрақтар
1. Оқыту үдерісінде ойынның атқаратын қызметін ашып көрсетіңіз.
2. Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктерін атаңыз.
3. Іскерлік ойындардың ерекшеліктері қандай?
4. Іскерлік ойындардың түрлерін атаңыз.
5. Іскерлік ойын өткізудегі мұғалімнің міндетін ашып көрсетіңіз.
6. Іскерлік ойындарды өткізуде қандай тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады?
7. Іскерлік ойындарды өткізу кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
8. Ойын сабағының түрлерін атаңыз.
9. Сабақта ойын технологиясын пайдалануға мысалдар келтіріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Селевко Т.К. Современные образовательные технологии. – М., 2000.
2. Сластенин В.А. Педагогика. Инновационная деятельность. –М., 1997.
3. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – Москва: Просвещение, 1989
4. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. - Усть-Каменогорск, 1982.
5. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поиск. – Алматы, 1995.
6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. - Алматы: Жазушы, 2004.
7. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту. - Алматы, 1998.
8. Монахов В.М., Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық технологиялары. - Алматы; РБК, 1999.
9. Пазылова Г. Іскерлік ойындар - оқу-тәрбие үрдісінде//Қазақстан мектебі. - №11.-2006. – 49-51 б.
10. Тоқбергенов Ә., Сайлыбаев Б. Ұлттық ойындар - тәрбие құралы //Бастауыш мектеп. - 1998. -№8-9. -55-60 б.
11. Бұзаубақова К.Ж. Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары. - Алматы: Жазушы, 2006. – 240 б.
4.17 Тренингтік технология
Тренингтер жеке тұлғаның өзін-өзі тану реттеу тәсілдерін, жаңа білім мен дағдыны меңгеру, интуицияны, креативтілікті, ойлауды, қарым-қатынасты дамыту негіздерін меңгеруге интенсивті жағдай жасайды.
И.В.Вачков (1999ж.), Ю.Н.Емельянов (1985ж.), Г.А.Ковалев (1989 ж.), Х. Миккин (1986 ж.), Л.А. Петровская (1982, 2001 жж.), Н.В. Цзен (1985 ж.) және т.б. психолог ғалымдар тренингті бірден интерактивті әдістерден -рөлдік ойындар, дискуссия, психофизикалық жаттығуларды үйлестіріп жүргізуден бастауды ұсынады.
Ғылыми еңбектерде «Тренинг-жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас саласында компоненттілікті жетілдіруге бағытталган жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.
«Тренинг» сөзі педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңіне қолданылып жатыр.
Тренингтің жай жаттығудан айырмашылығы тренинг біліктілігі жоғары маманның басшылығымен өтетіндігі.
Ғылыми еңбектерде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің әр түрлері бар.
Жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың көп жақты мәселелерін шешуде қолданылатын тренингтердің түрлері көп. Оларды жүйелеудің бірнеше бағыттары белгілі (П.Бэченин, Дж. Рейзел, М.Лакин, М.Либерман, И.Ялом, М.Майлз, Б.Лабин, У.Эдди, К.Хек, К.Рудестам, В.Биндер мен А.Биндер, Б.Римланд, П.Петерсен және т.б.).
Олар бір-бірінен жүйелеу негізі мен критерийлерінің сәйкес келмеуіне байланысты ерекшеленеді.
Белсенді оқыту әдістерін жүйелеу
1) оқытуды ұйымдастыруға;
2) қолданылатын әдістер мен формалар доминанттығына;
3) топтағы нақты қойылатын міндеттерге байланысты болады.
Осыған орай тренингтің бірнеше түрі белгілі болды:
1) тренинг-топ (К.Левин);
2) кездесу-тобы (К.Роджерс);
3) әлеуметтік-психологиялық тренинг (Б.С. Девятко. Л.А. Петровская және т.б.).
4) оқу-жаттығу топтары (Ю. Емельянов);
5) белсенді оқыту тробы (Г.А. Ковалев);
6) видеотренинг (Х.Миккин);
7) тренинг-семинар (Л.М.Митина);
8) кәсіби-технологиялық тренинг (В.А.Кан-Калик, В.В.Кузнецов, А.А.Лентьев );
9) белсенді әлеуметтің -психологиялық оқыту (Т.С.Яценко және т.б. )
10) оқу - педагогикалық тренингтері (Қ.Ж.Бузаубақова және т.б. )
Педагогикалық тренинг - оқыту сапасын арттыруда оқушының білік пен дағдысын қалыптастыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламаммен жүргізілетін әртүрлі жаттығулар жүйесі .
Педагогикалық тренинг оқу-тәрбие үдірісінде ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қолдана бастады.
Оқытудың басқа формаларынан тренингтің айырмашылығы бар:
1) мақсаты шектеулі - алдына шағын мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін ғана жұмыс жасайды;
2) өзіне ілестіру бағыттылығы - кең көлемде білім бермесе де, қандай да бір мәселенің жеке жақтарын терең ашуға тырысады;
3) қолданбалылық сипаттылығы - оқытудың басқа әдістерімен салыстырғанда, алған білімнің өмірге тікелей пайдалануымен ерекшеленеді.
Педагогикалық тренинг негізгі функциясы - іскер қарым - қатынасты орнату:
- арнаулы білім, дағдыны дамыту;
- адам өміріне қажетті ақпараттар беру;
- адамның қазіргі іс-әрекетіне жаңалық енгізу, жаңаша көзқараспен қарау, болашаққа көз тастау және т.б.
- ұжымдағы қарым-қатынасы жақсарту, оны бір-біріне деген сенім тұрғысында құру.
Педагогикалық тренингті көбіне тәрбиелік іс-шараларда қолдануға болады. Тәрбиелік тренингтер әрбір оқушының өзіне жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін білуге, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін – өзі белсендіруге көмектесіп, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға , көпшілік алдында шығып сөйлесуге, өз ойын дәлелдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді, ұжыммен жұмыс істеуді, ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйренеді, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады .
Тәрбиелік педагогикалық тренингтерді дұрыс ұйымдастырғанда оқушының өзін-өзі тәрбиеленуіне үлкен жол ашылады .
Тәрбиелік педагогикалық тренингтерді ұйымдастырғанда тәрбиеші төмендегілерді ескергені жөн:
- Тренингтің негізгі, басты мақсаты не?
- Тренингтің тақырыбы дұрыс таңдалды ма? Тренингтің тақырыбы өзекті ме? Сыныптағы барлық оқушылар үшін таңдалған тақырып қызықты ма?
- Тренингке кімдер, кім болып қатысады?
- Тренингке қандай техникалық құралдар (компьютер, мультимедиалық проектор, бейнетаспа, үнтаспа, интерактивті тақта және т.б.) пайдаланған жөн;
- Тренингтің оқушылардың болашағына пайдасы болды ма?
- Тренингтің тиімділігін қалай анықтаса болады?
Тәрбиелік педагогикалық тренинг тиімді де әселі өтуі үшін тренингтің бағдарламасын жасау қажет.
Тренингтің бағдарламасында 3 компонент болуы шарт:
1. Ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдау. Ұжымды (жекелеген оқушыларды) толғандырып, қызықтырып жүрген көкейкесті мәселені көпшілік талқысына салу.
2. Тренингтің мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдай алу.
3. Тренингтің нәтижесін бағалай алу, диагностикалық сараптама жасау.
Тренингтің бағдарламасының бірінші компоненті-ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдауда ұжымның, жеке оқушының өтініш-сұраныстарын ескерген абзал.
Оқу жылының, тоқсанның басында сыныптан әртүрлі сауалнама алып, олардың ұсынысын-пікірлерін ескерген жөн. Тіпті кей жағдайда тренингтің тақырыбын да оқушылардың өздері таңдаған дұрыс. Себебі өздерін қызықтыратын тақырып төңірегінде ой бөліскенді әрбір оқушы ұнатады және белсенділік танытады.
Мұндай жағдайда тіпті оқушыларға еркіндік беріп, оларға тренингтің бағдарламасын жасауды да ұсынуға болады, тіпті кей жағдайда (жоғары сыныптарда) тренингті өздеріне жүргізуге үсынуға болады.
Тренинг бағдарламасының екінші компоненті-тренинг мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдауда «тренинг әдістері» және «тренинг құралы» деген екі терминді бір-бірінен ажыратып алуымыз керек.
Тренинг әдістері - үлкен белсенділікті қажет етіп, танымдылық қызығушылықты оятатын ойын әдістері. Оларға жататындар:
- сюжеттік, рөлдік ойындар;
- миға шабуыл;
- дөңгелек үстел;
- пікірталас және т.б.
Тренинг құралдары білдіру бағытындағы қарым-қатынастың жалпы әдістері мен ерекшеліктерін сипаттайды. Мамандар тренинг құралдарының 5 негізгі түрін бөліп көрсетеді:
1) ақпараттық;
2) симуляциялық (имитациялық);
3) практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар;
4) топтық-динамикалық жаттығулар;
5) компьютерлік құралдар.
Тренингтің ақпараттық құралын қажетті мағлұматтар берерде қолданған жөн. Мысалы, диафильмдер, слайд, кинофильмдерден үзінді көрсетуге болады, одан соң осы көрсетілген фрагмент төңірегінде пікірталас тудырып, әрбір оқушының жеке пікірін тыңдауға болады.
Тренингтің ақпаратық құралының артықшылығы-аз уақыт ішінде көп мағлұмат бере алады, ал кемшілігі-сыныптағы оқушылардан кері байланысты қамтамасыз ете алмайды.
Симуляциялық құрал тренинг кезінде шешілетін проблеманы, ұйымдастырушылық жағдаятты, оқушының орнын, рөлін көрсетеді. Симуляциялық құралды дұрыс пайдалану тренингтің сәтті өтуіне жағдай жасап, оқушылардың біліктілігі мен дағдысының қалыптасуына жағдай туғызады.
Симуляциялық құралдың артықшылығы:
- тренинг кезіндегі әртүрлі қарым-қатынас (әртүрлі рөлдерге бөлу) оқушының өз өмірінде жеке тұлға болып қалыптасуына себебін тигізеді;
- күнделікті өмірде байқалмай жүрген нәрселерге назар аудару, оны жаңа қырынан тануға көмектеседі;
- әртүрлі жағдаяттар кезінде тиімді әдіс-тәсілдер пайдалануды, шешімді лезде табуға үйретеді;
- кері байланыстың болуы нәтижесінде тренингтің тиімділігін арттыру;
- кейбір жаттығуларды бірнеше рет қайталау барысында оқушыда практикалық дағды қалыптасады;
- түпкі нәтижесіне қарамай, қате пікірлерді де айтып, бұдан былай осы нәрсемен айналысуға болмайтындығын ұқтырады;
- өз ойын еркін айтуға, тіпті қателесуге құқық береді, оқушы өз іс-әрекетін тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алады;
- оқушылардың танымдық қызығушылығын оятып, өмірлік позициясын айқындап, белсенділіктерін арттырады;
- материалды тыңдаушыға жеке элементтерге бөліп, түсінікті беруге үйретеді.
Симуляциялық құралды пайдаланудың және бір қиыншылығы-көтеріп отырған мәселені бүгінгі жағдайға қатысты шешу, материалдық-техникалық базаны ескеру.
Практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар сол тренинг барысында оқушыны өзіне қажетті білік пен дағдыға машықтандырады.
Тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрылымының да көптеген артықшылықтары бар. Олар:
- оқушы өзіне қажетті білік пен дағдыны сол мезетте үйренеді;
- оқушы білім, білік, практикалық тәжірибе алуға белсене қатысады;
- оқушы жұмысты мұғалімнің (тәрбиешінің) басшылығымен орындайды да, көп қателіктер жібермей, тез үйренуге машықтанады;
- оқушының «білсем», «үйренсем» деген белсенділігі ынталандырылып отырады;
- оқушы өзіне қажетті іскерлікті үйреніп қана қоймайды ,сондай-ақ, ол туралы көп мағлұмат алады.
Осыншама көп жетістіктері бола тұра, тренингтің практикалық жұмыстарды орындауға қатысты жаттығулар құрамының төмендегідей кемшіліктері баршылық:
- тәрбиелі іс-әрекеті біреуден көріп, қолымен жасап көріп үйрене алмайсың, оны тек жан дүниеңнен өткізіп барып, түсінуді қажет ететіндігі;
- оқушылардың білік, дағдыны меңгеру денгейлерінің бірдей еместігі.
Топтық - динамикалық жаттығулар ұжымды қалыптастыру, ұжымдық ойлау, іскерлік қарым-қатынастың мәдениетін үйренуге, бірлікте іс-әрекет жасауға, әртүрлі тәрбиелік шиеленістердің алдын алуға көмектеседі.
Топтық - динамикалық жаттығулардың көптүрлілігі оны іскерлік ойындармен салыстырғанда әрі тренингтің әдісі, әрі тренинг құралы ретінде қарауға болады.
Тренингтің топтық- динамикалық жаттығуларының іскерлік ойындардан негізгі айырмашылығы - тренинг барысында, берілген аз уақыт ішінде еркін айтуға, іс - әрекет жүйесін таңдауға тура келеді.
Тренингтің топтық - динамикалық жаттығулар техникасынан артықшылығы төмендегідей:
- Тренингтік жаттығуға қатысушылар санының көптігі (сондықтан топтық деп аталады);
- оқушының шығармашылығың, іскерлік қабілеттерінің ашылуына толықтай мүмкіндік бар;
- тренингтің өтілуіне қарай, жағдаяттың өзгеруіне қарай бейімделуі;
- бұл жерде қарап-тыңдап, сынайтын көрермендер жоқ, сондықтан оқушыға өзін-өзі еркін ұстауға, толық ашылуға мүмкіндік туады .
Дегенмен де тренингтің топтық–динамикалық жаттығулар құрылымының да кемшіліктері бар. Олар:
- тренингке қатысатын ойыншылар саны көп болғандықтан, жағдаяттың лезде өзгеруі тренингтің тақырыбынан ауытқуға әкелуі мүмкін ;
- топтық –динамикалық жаттығуларда уақыт регламенттін сақтау қиындық тудырады;
- топтық-динамикалық жаттығуларда қарым-қатынасты оқыту функциясынан гөрі дайындық функциясын атқарады .
Тренинг бағдарламасының үшінші компоненті-тренингтің тиімді жақтарын, тренингтің жеткен нәтижелерін анықтау.
Тренингтің нәтижелігін анықтау ұжымның, жекеленген оқушының тренинг өткізгенге дейнгі және тренингті өткізгеннен кейінгі іс-әрекетін салыстыру нәтижесінде жүзеге асады. Тренинг нәтижесінің тиімділігін анықтауда бағалау критерийлері ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді:
Бағалаудың ішкі критерийлеріне жататындар :
- Оқушылардың өздері үшін тренинг бағасының пайдасы .
- Тренинг барысында алған білімнің оқушының жеке жетістіктеріне әсері .
Бағалаудың сыртқы критерийлеріне жататындар :
- Оқушылардың тәрбие деңгейлерінің артуы .
- Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жақсаруына әсері.
Тренингтік бағдарламаның тиімділігінің бағалау тренингтен кейінгі және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді .
Тренинг барысында тренингтен кейінгі бағалау - оқушылардың іс-әрекетіне, білік, дағдысының дамуына тренинг қалай әсер ететіндігімен өлшенеді, ал екіншісі - тренингтің әсері оқушыларға ұзақ уақыт өткеннен кейін (мысалы, жарты жыл, бір жыл өткеннен кейін) қалай әсер еткендігімен өлшенеді .
Қазіргі кезеңде тренингтің 3 түрі кеңінен оқу-тәрбие үдерісінде қолданылады. Олар:
- когнитивтік тренингтер;
- қарым- қатынас тренингтері;
- релаксациялық тренингтер.
Тәрбие жұмысында көптеп қолданыста жүрген қарым-қатынас тренингісінің қарастырайық.
Қарым-қатынас тренингі үш технологияны біріктіреді:
- өзара қабылдаушылық;
- өзара т үсінушілік;
- өзара іс-әрекеттілік (1-сурет)
Достарыңызбен бөлісу: |