Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет104/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

4.19 Ұжымдық оқыту технологиясы

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.


Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетілгендей, білім беру саласында елеулі өзгерістер жүріп жатыр.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды сипаты қазіргі кезеңдегі оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізілуде. Солардың бірі – Дьяченконың ұжымдық оқыту технологиясы.
Ұжымдық оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Ұжымдық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының белсенділігі түрінде, ұжым мүшелерінің әрекеттестік, ынтымақтастық бірлігінде, олардың өзара қарым-қатынас сипатында, танып білу үрдісінде.
Ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың құрылымы:
І. Кіріспе бөлім.
1.1 Ұжымдық жұмыстың мақсатын, міндеттерін анықтау: әрбір оқушының ұжымдық міндеттері анықталады;
1.2 Жұмыс мазмұны бойынша оқушылар инструктаж (түсіндірме-негіздеме) алады.
ІІ. Ұжымдық жұмыс кезеңі.
2.1 Ұжымдық жұмысты жоспарлау, тапсырма мазмұнымен таныстыру;
2.2 Жұмысты орындау.
ІІІ. Қорытынды кезең.
3.1. Жасалынған жұмысқа баға және өзін-өзі бағалау;
3.2. Ұжымдық жұмыстың нәтижесін қорытындылау (1-кесте).
Оқыту циклінің инварианттық негіздер жүйесінің 3 деңгейлік құрылымында көбінде репродуктивті әдіс пайдаланылады. Сұраққа жауап беру құқын топ жетекшісі анықтайды. Егер алдыңғы оқушы жауабында қателер жіберсе, жауап толық болмаса, онда келесі оқушы жауапты толықтырады, жіберілген қателіктерді түзетеді. Егер топтың басқа жауабы болмаса, онда оқулықтарды, оқу, дидактикалық, көмекші құралдарды пайдалана алады. Оқушылардың барлық жауабы (формулалар, сызбалар, суреттер, есептердің шығару жолы) бір ғана параққа түсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет