Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте 1. Ұжымдық оқыту технологиясының кезеңдері



бет105/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Кесте 1. Ұжымдық оқыту технологиясының кезеңдері

  1. Кіріске-мотивациялық кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.1 Проблемдық жағдаят туғызу: тақырыптың өзектілігін түсіндіру;
1.2 Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдыларын анықтау;
1.3 Жаңа мақсатқа жету жоспарымен таныстыру. Жоспарды талқылауда, түзетулер енгізуде оқушылар белсене қатысып, алынатын тірек білімдерін ұштай түседі.
1.4 Оқушылардың жеке алынған үй тапсырмаларын орындау ретімен таныстыру, әдістемелік нұсқаулар беру.

1.1 Оқушылар істелінетін жұмыстар жоспарын талқылауға атсалысады:


- түсініксіз ұғымдарды нақтылайды;
- ұсыныстар жасайды.

ІІ. Танымдық – операциялық кезең
2.1 Оқушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

- Ғылым негіздерін адамзат баласының қоғамдық-тарихи практикалық еңбегінің жемісі ретінде түсіндіру, ғылымның өмірмен тікелей байланысын ашу;
- Оқушылардың жеке басының білім деңгейі мен қабілеттерін ескере отырып, теорияның органика- лық байланысын олардың жеке практикаларымен байланыстыру;
- Оқылатын материалдың органикалық жүйелігін сақтау (бүгінгі өтілетін материалдың кешегі өткен және ертеңгі өтілетін материалдармен байланысын сақтау);
- Оқушыларға қажетті ақпараттарды беруде олар- дың зейінін шашыратып алмау үшін, дидактикалық бірліктерді ірілендіріп, материалдарды жеке мазмұндық блоктарға бөліп қарастырады;
- Дидактикалық оқу көрнекіліктері мен техникалық құралдарды тиімді пайдалану.

- Теориядан алған білімдерін практикамен байланыстыра білу;
- Оқушылар өздерінің білім деңгейлеріне сәйкес, теорияның органикалық байланысын өмірмен байланыстыра алуы;
- Өткен материалды үнемі пысықтап отыру.

2.2 Оқу біліктілігін меңгеру

- Оқу іс-әрекетінің ұжымдық сипатта болуын қамтамасыз ету: сабақта әрбір оқушының жеке орны мен уақытша атқаратын рөлдері болуы шарт;
- Оқушылар өздерінің іс-әрекеттері барысында білім негіздерін меңгеретіндей оқу үдерісін ұйымдастыру;
- Оқушылардың іс-әрекеттері мұғалімге емес, оқушылар ұжымына бағытталуы керек;
- Алдыңғы өтілген материалды қайталау, жүйелеу;
- Оқу әрекеті әрбір оқушының қабілет деңгейіне қарай құрылады;
- Оқу үдерісін құрарда және өткізу барысында мұғалім әрдайым оқушылардың жеке қабілеттеріне, ерекшеліктеріне сүйенеді.

- Оқушы өзіне қажетті рөлдерді орындап шығуы;

- Қажетті білімді тек өзінің іс-әрекеті негізінде меңгеруі;


- Оқушылардың ұжымда жұмыс істеу қабілетінің болуы;
- Оқушының өзінің қабілетіне қарай тапсырма алып орындайды;

- Оқушы өз білімін өзі бағалайды және жолдастарының да білімін мұғалімнің көмегінсіз бағалай алады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет