Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың гипотезалары



бет37/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтың гипотезалары





Балалар мектепке дейінгі жастан бастап-ақ көптеген жалпы теориялық ұғымдарды түсіне алады. Оларды жеке эмпирикалық көріністері мен әрекет- терін үйренбестен бұрын меңгереді және қабылдайды.

Баланың оқуға (тиісінше дамуға) деген мүмкіндігі үлкен, бірақ оны мектеп толықтай пайдаланбайды.

Оқу материалының мазмұныңда ойлауды дамыту интенсивтентіру мүмкіндіктері қарастырылуы керек, сол себепті дамыта оқытудың өзегіне оқытуды ұйымдастыру әдістері анықталынатын оқу мазмұны.

Бастауыш мектепте оқу материалының теориялық деңгейін арттыру баланың ойлау қабілетінің өсуін ынталандырады.

Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан:


1. Оқыту үдерісінде таңып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үдерісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
3. Оқуының тиімді даму жолдарын ашу олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттілігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші рентінде сезінеді.
4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
5. «Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тізбектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталастар жіне т.б. жеткізеді.
6. Дамыта оқыту үдерісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек (1-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет