Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі



бет38/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі






Дәстүрлі педагогика



Дамытушы педагогика

Мәні

Білім, ептілік, дағдыны меңгерту

Баланың өзін-өзі субъект ретінде өзгертуі

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны игерту

Әрбір оқушыға оқып тану үдері- сінің өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет-қабілеттерін дамыту

Дамытудың негізгі факторы

Білім, ептілік, дағдының дәрежелері

Маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысы- ның тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үдерісі

Мұғалімнің рөлі

Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихаттаушы

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңесші

Педагогтың негізгі талабы

Мен сияқты істе

Ойлап істе

Педагог қызметі

Білім беру

Адамды «өсіруші»

Әрекеттестік стилі

Авторитарлы

Демократиялы

Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі

Монологты (мұғалім жағынан)

Диалогты

Оқытудың басым әдісі

Мәліметтілік

Ізденісті – зертеушілік

Сабақты ұйымдастыру түрі (формасы)

Фронталды, топтық

Жекеше, топтық

Мазмұнының негізі

Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселерді шешудің дайын әдістері

Дамыту үдерісіндегі оқушылар- дың игеретін іс-әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, бақылау, бағалау

Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік-зерттеушілік әрекеті, табылған шешімді дәлелдеу, шешімді тексеру

Әрекеттестік түрі

Басқарушы мен бағынушы

Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық

Әрекеттестіктегі қызметтер

Мұғалім-жетектеуші оқушы-орындаушы

Қызметтер бөлінбейді, бірлескен ізденіс

Оқушының өзіндік жұмысының уақыты

Өте аз

Салыстырмалы

Оқушы позициясы

Қызығу аз, пассивті

Қызығу бар, активті, ынталы, шабытты

Оқуға деген мотив

Эпизодты түрде туындайды

Әрқашан және мақсатты туындайды

Сабақтағы жанға жайлы сәттер

Кей кезде пайда болады

Әрдайым және мақсатқа бағытталған

Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық уақытта дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйретеді.


Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.
Сонымен, жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
- оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
- оқыту үдерісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
- оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
- оқу материалын игеру және іс-әрекеті жете ұғынуға талпындыру;
- белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
- көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
- оқыту барысында әртүрлі шапшаңдықпен және әртүрлі көлемді (стандартқа сәйкес) оқу материалдарын игерудің мүмкіншілігін арттыру;
- дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
- жаттығу сабақтарын сапалы ұймдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, және т.б. дамыту жаттығулары).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
- мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың кұш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
- оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы (өзара сыйлау, түсінісу, әрекеттестік ұстанымы);
- оқыту үдерісінде репродуктивті және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктері, уақытша жағдайы, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
- оқыту деңгейінің анықталған бірізділігі болуы (оқыту жолдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т.б.);
- оқу материалдарының бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану, әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т.б.);
- оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандырушы көздеген әртүрлі әдіс-тәсілдердің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б,);
- Оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы, бір не бірнеше жыл белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша бір не бірнеше сабаққа қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
- балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактылы, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
- үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үдерісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
- оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
- оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
- оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.
Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.
Балама мектеп идеяларын дәстүрі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан (жас өспірімге мәдени-тарихи тәжірибені жеткізіп, оны қоғамдағы еңбекке дайындау) тұлғалық бағытталған мақсатқа (оқушы тұлғасының дамуына жәрдемдесу) ауысуында.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни демократиялық әлеуеті жете дамыған мұғалім қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет