Өтілген материалды есте сақтау және қайта жаңғырту. Оқушы қолданылған терминдерді, нақты фактілерді, негізгі ұғымдарды, ережелер мен қағидаларды біледі.
1-2 балл
Түсіну
Материалды бір айтылу формасынан басқасына түрлендіру, оқушының материалды түсіндіру. Оқушы осыдан шығатын салдарды болжап, суреттейді.
3-4 балл
Қолдану
Ережелерді, әдістерді, заңдарды, ұғымдарды, қағидаларды, теорияны қолдану. Оқушыны жаңа жағдайларда ұғымдар мен қағидаларды пайдаланады, әдісті немесе әрекетті дұрыс қолдануын көрсетеді.
5-6 балл
Талдау
Біртұтастың белгілерін белгілеу; олардың өзара байланысын айқындау; тұтасты ұйымдастыру қағидаларын түйсіну.Оқушы жасырын болжауды көрсетеді, қисынды ойлаудағы қателері мен кемшіліктерін көрсетеді.
Қандай да бір материалдың мәнін, материалдың жазбаша мәтін түрінде құрылу қиысындылығын бағалап, тақырып бойынша зерттеу жүргізе білу.
11-12 балл
Мақсатты деңгейлер тізбегі ретінде дәл қойылуы мен нәтиженің игеру деңгейлері тізбек ретінде берілуін мақсатқа сәйкес нәтиже алынған жағдаятта үздіксіз бақылауды, керек болған жағдайда түзету енгізу арқылы нәтиже алуды тиімді қадағалауға қол жеткізеді. Осы пайымдауларға сүйене отырып, профессор Ж.А.Қараев, Б.Блум анықтаған білімді меңгеру деңгейлері мен мотивтің, белсенділіктің және білім сапасының арасындағы байланысты төмендегідей ретте ашуға болады:
1. Білу - ақпарат алу, алған білімді стандартты жағдаяттарда қолдану, қайталап айта білу.
2. Түсіну - білімді ішінара өзгерген жағдаяттарда қолдана білу.
3. Қолдану - білімді ішінара ізденіс-зерттеу жүргізуге қолдана білу, өз ісін бағалай және қажетті түзету енгізе білу.
4. Жалпылу - жүйелеу, шығармашылық.
Мақсаттың деңгейлер тізбегі (иерархия) түрінде берілуі -оқу үдерісінде мұғалім назарын басты нәрсеге аударуға, нәтижені дәл бағалауға, оқу үдерісін тиімді басқаруға қол жеткізетіндігін көрсетеді. Оқу үдерісін деңгейлік саралау негізінде ұйымдастыру мазмұнды жекелеп оқытуды қамтамасыз етеді және оқушының маңызды даму деңгейімен қатар дамытудың жақын аймақтарында қамтиды. Мұндай оқыту әр оқушыға төменнен жоғары қарай даму траекториясына ұмтылатын өзінің даму сатысын қамтамысыз етеді. Дәстүрлі әдістеме үшін, әдетте оқытылатын тақырыптың тиімділігі шектеулі болып, білім игерудің дәстүрлі үрдісінің аяқталмаушылығы орын алып келсе, технологияда оқытудың түпкі нәтижесі кепілдендіріледі: ол арнайы жасаған өзіндік тексеру жұмысы - болжау түрінде беріледі. Ескерте кететін бір нәрсе, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің көп жылдар бойы іс-жүзінде қалыптасқан дәстүрлі педагогикалық іс-әрекеттің технологиялық іс-қимылдар мен құрал-жабдықтардың жаңа игерілген инновациялық құралдарының ұштасуы қалыптасып отыр.
Мұнда оқыту мақсатты меңгеру деңгейі бойынша шағын мақсатттарға және деңгейіне сәйкес дидактикалық үдерістерге бөлінген:
Мақсат 4 - Дидактикалық үдеріс 4 ______________, нәтиже 4
Мақсат 3 - Дидактикалық үдеріс 3 ______________, нәтиже 3
Мақсат 2 - Дидактикалық үдеріс 2 ______________, нәтиже 2
Мақсат 1 - Дидактикалық үдеріс 1 ______________, нәтиже 1
Мұндай нәтижелік деңгейлік тапсырм алардың күрделілігіне қарай қатаң бірізділігіне (тану, ұқсастыру, жеке ізденіс, шығармашылық), оқудың ішкі және сыртқы мотивациясының үйлесімді байланысуына, сонымен бірге оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайындағы оқуылардың қызметін бағалаудағы, яғни баға оқушының қателегін жазалау болмай, өздігінен дамуға жағдай жасауға, дем беруге қызмет ететіндігіне кепілдік береді. Деңгейлік ұсақ мақсаттан сәйкесті нәтижелерге «үйіндес болғандықтан» деңгейлік саралау оқыту мақсатының диагностикалық құрылымын керек етеді. Диагностикалық мақсат қою мұғалім өлшей, бағалай алатындай оқушы іс-әрекетін көрінген нәтижелер арқылы анықтауды білдіреді. Бұл технология өлшеуіштері деңгейлік тапсырмалар мазмұнының өзінде баяндалған. Оқушы белгілі меңгеру деңгейінің нәтижесін білгеннен кейін келесі мақсат деңгейін жүзеге асыруға құқығы бар. Берілген технологияда бағалар дұрыстығы әртүрлі деңгейдегі тақырыптық бақылау жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі, оқушының дамуын үздіксіз бақылауды және бір тақырып «екілігін» басқа тақырып «үштігімен» жабуға жібермейді. Бұл жағдайдайда білім сапалылығы, білім әділдігі байқалды. Деңгейлік саралау негізіндегі оқыту технологиясында дидактикалық үдеріс тұтастығы қамтамасыз етіледі.
Деңгейлі тапсырмаларды саралау негізінде оқытуда ойлау үдерісінің айналасында С.Л.Рубинштейн пайымдағандай «біртіндеп тереңдейтін» қозғалыс ұйымдастыруына мүмкіндік береді, сонымен оқытудың мазмұнды даралауын да, жақын арада даму аймағын да қамтамасыз етеді. Мұндай оқыту әрбір оқушыға өзіндік даму динамикасын береді, даму траекториясы төмен деңгейден жоғарысына бағытталған деңгейді көрсетеді. Оқушының оқу материалын меңгеру деңгейлері әрбір шағын мақсат бойынша диагностикадан өтетін болғандықтан білім сапасы мониторингі тұрақты жүйесі тұралы айтуға болады, себебі «оқушының білмегенінен білгеніне жылжуын керек кезінде бақылап түзетуге мүмкіндік беретін үздіксіз тексеру амалдарының жиынтығы» пайда болады .
Оқу үдерісінің логикалық құрылымын оңтайландырудың басты мақсаты - бастапқы логикалық құрылымда оқушының есте сақтау қабілетінің ерекшеліктерін, оның іс-әрекеттік сипатын, тетіктерін барынша ескеретіндей жасау. Оқу үдерісінің логикалық құрылымы жақсарған сайын оқу мазмұнын оқу мазмұнын оқушының игеруі де жақсарады, нәтиже де оң болады.
Оқу үдерісі тиімдігінің тағы да шарты -қателердің алдын -алу және оларды түзету, яғни түзету жұмысы.
Деңгейлі тапсырмаларды құру мен қолдануда төмендегі педагогикалық шарттар орындалуы тиіс:
1-шарт. Оқыту мақсатын нақты қою. Қойылған мақсатқа сәйкес талаптар мазмұнын жүйелеу. Әрбір тапсырмаларды құрғанда әрбір сыныптың, оқушының жеке-дара ерекшеліктерін есепке алу. Оқушының оқуға деген құлшынысын арттыратындай жеңіл тапсырмалар болуы қажет.
1-деңгейлі тапсырмалар жалпы білім беретін орта мектептің білім берудің міндетті мемлекеттің стандартқа сәйкес, ең төменгі білімді қамтуы керек, ал 4-ші деңгейлі тапсырмалар білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартынан тыс күрделі, шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар жүйесін құрауы тиіс. Төртінші деңгейдегі тапсырмалар оқыту материалдарын тереңірек беруге жол ашады, оқушының тұлғалық сапаларының ашылуына мүмкіндік тудырады.
2-шарт. Оқыту жаңа білімді дайын күйінде беруден оқушының ойлау іс-әрекетін қалыптастыратындай танымды іс-ірекеттің белсенді құралына айналатында жаңа күйге ауысуы қажет. Тапсырмаларды құрғанда әр тақырыптың, әр тараудың ерекшеліктерін ескерген жөн. 1-ші және 2-деңгейлі тапсырмалар міндетті түрде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыратын қызғылықты материалдарды қамту тиіс.
3-шарт. Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру қажет.
1-деңгейлі тапсырманы орындағаннан кейін оқушы оңай 2-деңгейлі тапсырманы орындамай-ақ, еш қиындықсыз 3-4-деңгейлі тапсырмаларды орындай алатындай болуы тиіс. Тапсырмаларды орындауда оқушыларға таңдау құқығын берген жөн.
Оқушы қай деңгейдегі тапсырманы орындайтынын, өзі таңдағаны жөн. Сонда оқушының пәнге деген қызығушылығы оянып, «жаңаны білсем» деген құлшынысы арта түседі.
4-шарт. Оқыту біртіндеп мұғалімнің басқаруынан біртіндеп оқушының өзін-өзі басқаруына өтуі қажет.Тапсырмаларды орындау барысында оқушы өзіне қажет материалды іздестіреді, табады, пайдаланады, жүйелейді, қорытындылайды. Оқыту мақсаты төмендегі байланыста құрылады: білу - түсіну - қолдану - қорыту (жүйелеу)
2-кестеде ғалым Ж.У.Кобдикованың зерттеуіне сүйене отырып, оқыту мақсаты мен іс-әрекетін меңгеру деңгейі арасындағы байланыс ашып көрсетілді. Оқушылық деңгейде оқушы білмді алгоритімдік білімді түсініп, ұғынады, эвристикалық деңгейде білімді қорытып, жүйелейді. Жаңа білімді қабылдауға сәйкес келетін оқушының деңгейімен түсінуге сәйкес келетін эвристикалық деңгеймен жаңа білімді жүйелеу мен қорытындылауға сәйкес келетін шығармашылық деңгей іс-әрекеттің продуктивтік деңгейін қамтиды.