Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар



бет74/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технология дегеніміз не?
2. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның мәнін ашып көрсетіңіңіз?
3. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның тұжырымдалық ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
4. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы электрондық оқулықтың маңызына тоқталыңыз.
5. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үдерісіне ендіру кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
6. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның қандай артықшылықтары бар?


Ұсынылатын әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзі /Егеменді Қазақстан,12 қаңтар, 2006 жыл.
2. Түймебаев Ж.Білім сапасы білікті кадрға тәуелді /Егемен Қазақстан 31 тамыз 2009 ж.
3. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2004,- 46 б.
4. Фирсо С.И., Щеглов С.Г. Электронные учебные издания как средство повышения квалификации учителей // Вестник КазНГУ им.Абая. -2004. -№9. -50-57 с.
5. Караев Ж.А. Дидактические основы компьютерной технологий обучения в школе //Информатика.Физика.Математика. -1993. -№4. -3-7 с.
6. Апатов Н.В.Информационные технологии в школьном образовании. -М.,1990.
7. Даумов Н.Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология жағдайында оқытудың маңызы //Ұлт тағылымы.-2003.№2.-58-63 б.
8. Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л.Н., Әлдібаева Т.Ә. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. -Алматы:Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999.-149 б.
9. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. -М.,1975.


4.10 Компьютерлік оқыту технологиясы

Жаңа ғасырда білім берудің жаңа жүйесінде жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын пәндер технологиялық ғылыми-теориялық негізді оқыту мақсаты алға қойылады. Сондықтан егемен еліміздегі белсенді ізденіс үстіндегі ұстаздар жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда ұлттық негізде білім беретін мектептердің мәні, қызметі, құрылымы мен құрамы, басқару стилі ерекше, өзіндік құндылықтары мен ұстанымдары бар. Сол себепті де тәрбие мен оқыту ұлттық педагогика негізінде қалыптасуы керек. Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты кепілі болып отыр.


Бүгінгі біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің ілгері операциялық негіздеріне асуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет-ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы, әрі басқа пән сабақтарымен байланыстыра білуі керек.
Педагогика ғылымында компьютерлік, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіруде көптеген іргелі зерттеулер жүргізілуде:
- компьютерлік оқытудың нәтижелі құралдарын енгізу Ж.А.Қараев, Е.У.Медеуов, Е.К.Балапанов, Т.О.Балықбаев, Е.Ы.Бидайбеков және т.б. еңбектерінде;
- электронды оқулықтарды, бағдарламаларды жасау Г.Б.Ахметова, С.С.Құнанбаева, Ш.Х.Құрманалина, Г.Қ.Нұрғалиева, Ө.З.Имангожина және т.б. еңбектерінде;
- оқу үдерісі мен ұйымдастыру құрылымына жаңа ақпараттық технологияларды комплекстеуді интеграциялау арқылы енгізу Б.Бөрібаев, М.Б.Есбосынов, Д.М.Жүсібалиева, А.М.Даумов, С.И.Ферхо және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттеледі.
Қазақстандағы білім беру жүйесін ақпараттандыру үдерісінің тұжырымдық ережесі экономиканың жаһандану дәуіріне мемлекетті өркендете алатын сауатты мамандар буынын қалыптастыру арқылы елді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға бағытталған ақпараттық инфрақұрылымды жасауды және жетілдіруді білдіреді.
Білім беру саласында бірыңғай ақпараттандыру саясатын жүргізу және ақпараттық-телекоммуникациялық технологияны кең ауқымды жүзеге асыру үшін «Білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасы жасалады. Ол білім берудің орталықтарының ғылыми-педагогикалық, технологиялық әлеуетін және қоғамның дамуы үшін ақпараттық ресурстарды шоғырландыруға арналған.
Бағдарлама білім беру жүйесінің ішінде де, құрылымды бірліктері арасында да ақпарат алмасудың соны деңгейін қамтамасыз ететін біртұтас ақпараттық кеңістікті Қазақстанның білім беру саласында кезең-кезеңімен қалыптастыруды көздейді.
Ақпараттық технологиялар дәуірі - объективтік мәні бар үдеріс, ол адам мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға жол ашады, ал оларды қолдану адам бойындағы қабілетті дамыту негізінде қоғамның алға басуына үлкен ықпал етеді.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үдерісінде жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Осыған орай оқушыларды оқытудың компьютерлік технологиясына негізделген бұйым құрастыру іс-әрекетіне технология пәні барысында үйретудің маңызы орасан зор. Өйткені компьютерлік технологияны пайдалану оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстың өрістей түсуіне ықпалын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет