Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Сурет-1. Оқушының шығармашылық жұмысты орындау кезеңдері



бет77/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Сурет-1. Оқушының шығармашылық жұмысты орындау кезеңдері

Шығармашылық жұмыс





КДМ

Қарым-қатынас субъектісі

Қарым-қатынас объектісі





Бірлескен іс-әрекет (ынтымақтастық)





Түпкі мақсат (нәтиже)





Нәтижені сараптау

Электронды оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Электронды оқулықтар - оқытудың автоматтандырылған үдерісі болып табылады. Оқушылар тьютор-мұғалімнің көмегімен немесе өздігінен модульдермен, гипермәтіндермен және тестпен таныса алады. Оқушылар электронды оқулықтарды өздерінің зерттеу жұмысында пайдалану арқылы аз уақытта білімнің белгілі бір саласында әртүрлі мәліметтер ала алады. Электронды оқулық оқушыларды оқытудың жаңа тәсілі ретінде аудио-, бейнемүмкіндік және графикалық мәліметтерден тұрады. Электронды оқулық компьютерлік технология негізінде интерактивтік жүйеде білім алу үдерісіне негізделген. Дәстүрлі оқулықтың ұжымдық және жеке оқу қызметіне және оқытушының белсенді қатысуының әртүрлі формаларына негізделгені баршаға белгілі жайт. Ал электронды оқулық болса ең бірінші оқушының өзіндік оқу қызметі арқылы белгілі бір пәнді зертеуіне бағытталған. Оқыту қызметінің бұл түрі әртүрлі көрнекі дидактикалық мәліметтерді пайдалануға негізделген. Электронды оқулықтың көмегімен оқытудың жекелей, мотивациялық мәселелері жаңаша шешім табады. Электронды оқулықта оқушыға жеке көзқарас ақпарат берудің әртүрлі әдістері арқылы ғана емес, сонымен бірге оқу материалын өтудің жеке әдістері арқылы жүзеге асады.


Электронды оқулық белгілі бір мағынада әр оқушының өзіне тән әртүрлі жағдайларды көрсету, түсіндіру және талдау жасау сияқты оқыту әдістемелерінің неізінде әр оқушының оқуын, өзіне тән жолын табуға көмектеседі. Оқу материалын меңгеру проблемалық мәселелерді қою арқылы (табу, білу, тұсіну, салыстыру, өз көзқарасын білдіру, болашақты болжау және т.б.) шешіледі.
Проблемалық мәселелерді шеше отырып, оқушы қызметінде өзіндік көзқарас қалыптасып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды. Оқушылар толықтай өз бетінше жұмыстар жасап, ізденісте болады. Олар тапсырманың жарым-жартылай ізденіс түрінде мұғалім қойған проблемаларды шешеді, гипермәтін жұмыс жасайды, жинақталған тәжірибелерді ғана пайдалана қоймай, өзінің де ой-пікірін айтады.
Монитордың экранында ашық тұрған құжаттың бір сөзіне немесе сөйлеміне, көк түспен ерекшеленген, тышқанды шерту арқылы екінші құжатқа жылдам жүзеге асыруды гипермәтін деп атаймыз.
«Microsoft Word» редакторының мүмкіндіктері:
- гипермәтіндік дәрістерді теруге болады;
- гипермәтіндерді web-бетке айналдыра алады. HTML форматында сақтап, одан кейін Internet Explorer (сілтеуші) браузерінде қорғалған түрінде аша алады;
- гипермәтінді интернет арқылы ашуға болады;
- Internet Explorer (сілтеуші) браузеріндегі және Word редакторындағы web-панелі арқылы бастапқы немесе соңғы бетіне оңай көшеді.
Қажетті пәннен барлық материалдар жиналғаннан кейін оларды тарауларға және тақырыптарға бөлу керек. Әр тақырып varin web-беттер құрылады. Ол беттерге кейін безендіру жұмыстары жүргізіледі.
Нәтижесінде әр оқушы осы бағдарламаны қосу арқылы сол мәтіндермен таныса алады. Ол өз бетінше керекті гипермәтіндік дәрістерді электрондық тасымалдаушыға көшіріп, өз ыңғайына қарай жұмыс істеуіне болады. Электрондық оқулықтарды негізгі 3 кезеңге бөлуге болады: модуль, гипермәтіндер, тапсырмалар.
Оқушы гипермәтіндік дәірстерден өзіне керекті ақпаратты алу үшін ұсынылған тараулардың қажеттісін таңдайды және сол тарауға кіретін дәрісті таңдайды. Гипермәтіндік дәрістер барлық пайдаланушыларға ыңғайланып жасалады.
Гипермәтіндік дәрістердің ыңғайлылығы - оқушылар тышқанды шерту арқылы бір гипермедиа нысанынан екіншісіне өте алады. Нәтижесінде гиперсілтеме механизмнің навигациясы, яғни ауысуы орындалады. Сонымен қатар ол керекті құжатты дискетке көшіріп алады. Осындай электронды дәрістер оқушының өткен тақырыбын терең меңгеруге көмектеседі.
Электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылықтарын арттыруға негізделеді (талдау, салыстыру, есте сақтау, қайталау, материалды жалпылау, ауызша және жазбаша тілдік іс-әрекет), ойындық іс-әрекет.
Электрондық оқулықты пайдалануда мұғалім төмендегідей жаңа мақсаттарды шешеді:
- теориялық материалды талдау;
- мәтіндегі тірек өздерді ажырату;
- тірек сөздерді есте сақтау қабілеті бойынша жазып көрсету;
- фактілер мен жауаптың берілген нұсқасын салыстыра алу;
- берілген мәтіндегі анықтамалар, сұрақтар мен олардың жауаптары арасындағы өзара сәйкестікті анықтай алу;
- берілген бірнеше жауаптардан дұрыс бір жауапты таба алу;
- әртүрлі көптеген жауаптардан бірнеше дұрыс жауаптарды көрсете алу;
- терминдер мен ұғымдарды қайта жаңғырту;
- мәтінде берілген анықтаманы толықтыру;
- жүйеленген кестені толтыру;
- сызбалар мен суреттерді салу;
- жаңа өтілген модульдың блок-схемасын қайта жаңғырту;
- өзінің жауабын үнтаспабаға(магнитофонға) жазу (жаңғырту);
- өзінің жауабын магнитофоннан тыңдау, оған баға беру (өзін-өзі бағалау);
- мұғалімнің берген ауызша түзетулерін тыңдап, оны өзінің жауабымен салыстыру;
- клавиатураның көмегімен сұрақтарға қысқаша жауап беру;
- сұрақтарға жазбаша кең көлемде жауап беру;
- өзінің берген жауабын дұрыс жауаппен салыстыру;
- суреттегі (картадағы, сызбадағы, диаграммадағы) қажетті бөліктерін бөліп көрсету;
- ұсынылған теориялық негіздемені жүйелеу;
- берілген тақырыпқа гипермәтін құру;
- гипермәтінде тірек белгілерін пайдалану;
- теориялық материалға гипермәтін арқылы қайта оралу;
- мәтіннің гипермәтінін басшылыққа ала отырып тірек гипермәтінін құру;
- әртүрлі типтегі есептерді шығару;
- формулаларды қайта қорытып шығару;
- формуланы қорытудың басқа жолын ұсыну;
- тақырыпқа байланысты әртүрлі сөзжұмбақ, ребус, чайнворд, анаграмма, криптограмма құрастыру, оны шешу;
- тақырыпқа байланысты өлең құрастырып, сурет (пейзаж) салу;
- тақырыпқа байланысты ғылыми жоба дайындау, оны қорғау, көпшілік талқысына салу, тұсаукесерін жасау;
- тақырыпқа байланысты әртүрлі шығармашылық тапсырмалар құру және оны шешу, көпшілік талқысына салу;
- тақырыпты терең меңгеру бойынша мұғалімнің кеңесін, нұсқауын алу, оны орындау, өз білімін жетілдіру.
Оқу-тәрбие үдерісінде электронды оқулықтарды пайдалануда электронды сызбалармен жұмыс істеудің 2 жолы бар: алдын ала әзірленген сызбаларды пайдалану және оқу материалын меңгеру барысында құрастыру. Бірінші жолы оқу мәселесінің мазмұнына толық көңіл бөлуге ықпал етеді. Бұл кезде шығармашылық үдерістің төмендегідей кезеңдері жүзеге асырылады: мәліметтерді іріктеу және ұғыну, нәтиже есебін қорытындылау, оны теориямен, басқа тәжірибелердің мәліметтерімен салыстыру, қорытынды шығару.
Екінші жолы оқу материалын қабылдау барысында оқушылар сызбаны өздері әзірлейді, сызба түріндегі тапсырмалар орындалып, материал жүйеленеді.
Оқушының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруда электрондық оқулықтың дидактикалық мүмкіндіктері төмендегідей:
- модульдер (иерархиялық блок-схемалар) арқылы мақсат, міндеттерін беру;
- аудиовизуалды, бай иллюстративті материалдармен безендірілген гипермәтіннің мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушыларды жаңа білімімен қаруландыру;
- эвристикалық және зерттеу әдістерін пайдаланып, теориядан практикаға көшетін оқу үдерісін басқару;
- білім, дағды, білікті оқушының өз бетінше іздену нәтижесінде алуы;
- оқушылардың өзін-өзі бағалауы, алынған нәтижені диагностикалай алуы;
- оқушылардың білімін компьютерлік бақылау.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда компьютерлік технологияның алатын орны ерекше.
ХХІ ғасыр - ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны толастаған ақпараттар ғасыры. Қазіргі таңда қоғам дамуының аса маңызды сипатының бірі - ақпараттық технологияның халық шаруашылығының барлық саласына, соның ішінде білім берусаласына енуі білім беру ісінде елеулі өзгерістердің болуына әкеп соқты. Жаңа ғасыр толастаған ақпараттық медиа-коммуникациялық және ақпараттық байланыс құралдарын пайдалану ғасыры. Үшінші мыіжылдықта дыбыстық графикалық, видео, мультимедиалық, интерактивтік тақта, гипермәтіндік элементтермен оқытатын қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндігі туды. Оқушының инновациялық іскерлігін қалыптастыруда медиабілімнің, ақпарат және телекоммуникация құралдарының, сонымен қатар жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялардың алатын орны ерекше. Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер мен қазіргі коммуникация құралдарымен тығыз байланысты. Бұл ақпараттық технологияландыру адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда, ғылым мен көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Ақпараттық технология білімді өңдеумен анықталып, қоғамның материалдық және рухани жағдайын өзгертеді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оқытудың интерактивті әдісін қолдана отырып, ПиП 28-1 тобымен бірге өткізген «Жер жаннаты - Қазақстан» атты ашық сабағымыздың барысына тоқтала кетейік.
Сабақтың мақсаты - қазақ елінің тарихын оқыта отырып, егеменді еліміздің болашағы мен бүгінгі күннің жетістіктеріне тоқталу.
Кіріспе сөзде мұғалім ҚР-ның ұлан байтақ, қуатты ел екендігі жер қойнауында да, жер бетінде де тұнып тұрған байлық мол екендігі, жер ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жататынын атап өтті.
«Біздің Қазақстан бай мемлекет» атты бөлімде бізде алтын, мырыш, темір де, күміс, көмір, мақта да, газ, мұнай, бидай яғни бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 108 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездесетіндігі айтылды. Интерактивті тақтаның жетістігін пайдалана отырып, еліміздің байлықтарын көрсету барысында, қай қалада қандай байлық бар екенін осы картаны қолдана отырып, қара алтынның мекені Атырау қаласының мұнай кешені көрсетілді. «Біздің Қазақстан - бай мемлекет» атты сурет беріледі.
Сиқырлы сандар бөлімінде мұғалім Ақмола-Астана аралығына сәйкес келетін жылдарды сөйлете алды. Мысалы, 1830 жылы Ақмола бекінісі салынды, 1832 жылы қала мәртебесін алды, 1939 жылы Ақмола облысы құрылды, 1958 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институты ашылды және т.б. маңызды ұғымдарды осы бөлімнен балалар білді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет