2. Жобаны құрастыру
|
Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңестер береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады
|
Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын жүзеге асырады
|
3.Нәтижелерді шығару
|
Мұғалім оқушылар жұмысының нәтижесін шығарады
|
Оқушылар алдымен топтарда, содан соң басқа топтармен бірлесе отырып, қабылданған ережелерді шығарады
|
4.Таныстыру
|
Мұғалім сараптамалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы, сарапшы ретінде жоғары сынып оқушыларын, ата-аналарды, параллель сыныпты басқа да кісілерді шақырады
|
Өздерінің жұмыс нәтижелерін баяндайды
|
5.Өзінің жұмысын талдау, бағалау (рефлексия)
1.Жобалық тапсырманы құрастыру
|
Балалардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасауын бағалайды, балалардың бағасын ескереді
|
Үдеріске, басқалардың бағаларын ескере отырып, өзінің жұмысына талдау жасайды. Топтық рефлексия жүргізген дұрыс
|
Технологияны пайдаланудағы шектеулер:
- Мұғалімнің аталған технологияны пайдалануға деген ықыласының төмен болуы.
- Оқушылардың жобалауға қатысуға ықыласының төмендігі.
- Жоба бойынша жұмыс нәтижелерін бақылаудағы баға көрсеткіштерінің дәл анықталмауы.
Бірінші шектеуге байланысты оқушылардың жобалауға деген қызығушылығын оятатын бірнеше әдістер бар:
1. Жобалау технологиясының мән-мағынасын түсіндіру.
Әртүрлі жобаларды мысалға келтіре отырып, мұндай жұмыстың маңыздылығын, жобаны жасаушылардың жұмысын сипаттауға болады. Мұнда «жоба» ұғымына кеңінен тоқталған жөн.
2. Жобалардың мүмкін 10-15 тақырыбының тізбесіне аннотация беру.
«Ал мен болсам былай істер едім...», «Егер мен мектеп директоры болсам...» деген мүмкін нәтижелерді, күтілетін жобалық шешімді ұсыну.
3.Орындалған жобалардың нұсқауларын ұсыну. Нұсқаларды ұсынған оқушыларға жоба мазмұны мен көлемі, оны жазуға қойылған талаптар, жобаның мықты және әлсіз тұстары, оны бағалау көрсеткіштері туралы айтқан жөн.
Жобалап оқыту технологиясының жүзеге асырылу үлгісі:
Жоба тақырыбы: «Жастар тоғаны» (биология пәні).
Зерттелетін тақырыпқа жақын оқу пәндері: экология, география, экономика, сызу, әдебиет.
Жабдықтар: бейнеаппаратура, фотоаппарат, компьютер.
Жоба мақсаты:
1. Қала тұрғындары үшін «Жастар тоғанының» маңызын анықтау.
2.Тоғанды қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыру.
3. Көтерілген мәселеге қалың жұртшылық назарын аудыру, оны шешуде көмек алу.
Жоба міндеттері:
1. Қажет мәліметтерді түрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып өз бетінше іздеуге оқушыларды үйрету.
2. Әлеуметтік сауалнама жүргізу.
3.Экономикалық талдау жүргізу.
4.Тоғанның және оған жақын аймақтың картасын жасау және оны трансформациялау, өзгерту.
5. Жобаның тақырыбы бойынша экологиялық мәселеге талдау жасау.
6. Оқушыларды ақпараттармен алмасуға, әңгіме желісінен ауытқымауға, өзі тақырыбы бойнынша баяндауға, өз көзқарасын жеткізуге, оны негізді қорғауға үйрету.
7. Жоба тақырыбы бойынша балаларды жеке, жұпта, топта жұмыс істеуге үйрету.
8. Болжау әдісін меңгерту.
9. Қоршаған ортаға, туған өлкеге қамқорлықпен қарау, пікірін қалыптастыру.
10. Тапсырылған іске деген жауапкершілікті дамыту.
11. Өздерінің шығармашылық және іскерлік мүмкіндіктерін талдауға және бағалауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |